Тақырып. Дамыта оқыту теоряларының негіздері.

Талданатын мәселелер:

1. Дамыта оқыту идеясының пайда болуы және оның бала дамуына әсерін зерттеушілердің

2. көзқарастарына талдау жасау.

3. Тұлғаның негізгі іс-әрекеттеріне сипаттама. . Оқыту мен оқу іс-әрекетінің бір-бірімен тығыз байланысы. Олардың баланың ақыл-ойының дамуына әсері.

4. Ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығы туралы Абайдың көзқарастары (Он жетінші қара сөзіне талдау)

Мақсаты:Студенттерді өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту, рефлексия жасай алуға дағдыландыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығы туралы Абайдың көзқарастары (Он жетінші қара сөзіне талдау)

2. Төменде берілген кестеден дамыта оқыту қағидалары мен авторлары туралы мәліметтермен таныса аласыздар. Алайда сіздер кестенің оң жағында берілген теорияларды оқып танысып, талдау жасағаннан кейін кестенің сол жағына сәйкесінше авторын тауып қоюыңыз керек.

Р/с Жылдары Авторы Ой тұжырымдары
ХХғ. 30-жж   қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті. Ол: «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше, оны жетелейді» деген болатын.
    зерттеулері дамыта оқыту қағидасының психологиялық негізін қалады.
    дәстүлі оқытуға қарама-қарсы жүйені қарастырып, жалпыдан -жекеге, дерексізден - нақтылыға, жүйеліден - даралыққа бағытталған жаңа окыту жүйесін ұсынды.
    зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалады.
    зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
    «даму» ұғымын педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой кызметі де соншалықты кең, ауқымды, демек, даму деңгейі де жоғары болады.
    Бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу кабілетін жатқызады
    оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді
    оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.
  1959-60 жж     ақыл-ой кызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. мектеп оқушыларын карқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды.
    ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
ХVІІ ғ   дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
    баланың ақыл-ойын, барлық қасиет-кабілеттерін дамыту идеясымен өзектелінген бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
    Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді», - деген болатын.
    өз дидактикалық еңбегінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып, дамыту мәселелеріне ерекше токталып, арнайы әдістеме жасаған.
  1930 жж басы   дәстүрлі оқыту бала дамуына тек бағдарлаушы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылы өткізілген зерттеулер бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді.
    «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған
    ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін
    психиканың функциясын зерттеген
    іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған

Жауаптары:

Авторы
Л.С.Выготский
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов
В.В.Давыдов
Л.В.Занков, , В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин
Л.С.Рубинштейн,Е.Н.Кабанова-Меллер
И.Я.Лернер
П.П.Блонский
Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская
Н.Д.Левитов
Л.В.Занков
В.В.Давыдов
Я.А.Коменский
И.Г.Песталоцци
неміс педагогы А.Дистерверг
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский
Л.С.Выготский
Ж.Пиаже
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн
Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.ЛюблинскаяН.А.Менчинская
А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин

Әдебиеттер:

1. Зимняя И. А. Педагогикалық психология Алматы 2005

2. Арзымбетова Ш. Ж. Дамыта оқытудың психологиялық - педагогикалық еңбектерінде зерттелу жағдайы // Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании. - 2012. - №1. - С. 98-103.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2000

4. Қосым. М. М. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың құрылымы мен кезеңдері // Педагогикалық кеңес. - 2012. - №1. - С. 11-14.

5. Смаилова З Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғанвң дамуына әсері «Бастауыш мектеп »2004

6. Даупаева К. Дамыта оқытудың дидактикалық принцптері «Бастауыш мектеп» № 2004

7. Буранбаева Л. С. Жаңа буын оқу кітабындағы дамыта оқыту қағидалары «Бастауыш мектеп» №9 2005

Наши рекомендации