Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау.

Психологиялық коррекция - психолог маманының қызметінің ең маңызды және жауапты бағыты. Ол адамның ішкі әлемі мінездемесіне ықпал жасайды. Сонымен қатар адамның іс-әрекеті мен танымдық процестердің күйзелісін және нақты жағдайдың жауабын шешеді. Ол психолог қызметіндеге психикалық дамудың ерекшеліктерін түзету, оның шығу себептерін зерттейді

Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері мыналар:

Диагностика мен коррекцияның бірігу принципі. Бұл принцип коррекциялық жұмыстың екі бағытын қалыптастырады. Бірінші кезең комплекстік диагностиканы қарастырады, яғни коррекцияның даму жұмысының мақсаты мен міндетін демек бастапқы кезеңін қарастырады. Екінші кезең клиенттің түзету жұмыстарды өзгертеді, яғни мінез-құлық іскерлігі, эмоционалдық жағдайын қарастырады.

Нормативтік даму принципі: Бұл принциптің басты негізінде психологтың жас ерекшеліктері жатыр. Баланың даму деңгейін бағалауда сәйкестік нормасы ескеріледі, баланың іскерлік деңгейінің дамуы.

Түзету принципі төменнен жоғарыға қарай. Бұл принцип дайындықты қажет етеді. Яғни бұл психикалық қабілеті бір адамдарға, яғни берілген мінез-құлық модельдерін үйрену және оны дамыту.

Түзету принципі жоғарыдан төменге қарай. Түзету жұмысының бастысы жақындағы даму зонасын құрастыру бала үшін, яғни бұл болашақта психологиялық жаңа білімдерді меңгерту болып табылады.

Психологиялық іскерліктің жүйелік дамуы принципі. Бұл принципте түзету жұмысының профилактикалық және дамытушылық тапсырмаларды қарастырады. Яғни дамудағы бұзылумен күрес. Демек жүйелілік принципі анықтау кезінде себеп-салдарды құру және симптомдар мен оның бебебінің арасындағы байланысты анықтау. Отандық психологияда түзету мақсатын құрудың үш басты бағытын бөліп көрсетті.

1. Белсендіруәлеуметтік жағдайдың дамуы.

2. Баланың іскерлік даму түрлері.

3. Жаңа білімдердің жас ерекшелік психологиялық құоылымы.

Коррекциялық бағдарламалардың түрлері.

Коррекциялық әсер етудің бірнеше үлгілері бар: жалпы, типтік, индивидуалды.

Коррекцияның жалпы үлгісі-бұл жеке тұлғаның жас ерекшелік дамудың оптималды шарттар жүйесі. Ол қоғамдық қатынастар, адамдар, қоғамдағы өзгерістерді т.б. туралы білімдер жүйесін тереңдету.

Коррекцияның типтік үлгісі–практикалық әрекеттерді ұйымдастыруға негізделген.Әртүрлі әрекеттерді бөлшектеп қалыптастыру көзделеді.

Коррекцияның дербес тұлға үлгісі–Клиенттің кәсіби білімі, қызығушылығы, үйренуге деген қабілеттілігі т.б. индивидуалды ерекшелігі қарастырылады. Бағдарлама қалыптасқан негізде, алынған білімді жаңа әрекетке пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Стандартталған және еркін коррекциялық бағдарламалар да қазіргі кезеңде пайдаланылуда. Стандартталған бағдарламада –бағдарлама мүшелеріне нақты талаптар метілектер, қажетті материалдар мен коррекцияның кезеңдері анық белгіленген. Еркін бағдарламада – коррекцияның бағыты, мақсат, міндеті мен езеңдерін психолог өзі құрастырады.

Клиентке жүйелі түрде әсер ету психокоррекциялық кешен арқылы жүзеге асады. Ол бірнеше блокьардан тұрады. Әрбір блок белгілі бір мақсат, міндетке жауап береді де оны орындаудың әдіс-тәсілдері болады.

Психокоррекциялық кешен негізгі төрт блоктан тұрады.

Диагностикалық блоктың мақсаты:жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру, жеке тұлғаның даму ерекшелігін диагностикалау;

Бағдарланушы блоктың мақсаты:Бірлескен әрекетке деген қатынасты орнату, қобалжуды жою, клиенттің өзіне-өзінің сенімділігін жоғарлату, психологпен қарым-қатынас жасауға деген даярлығы, өзінің өмірін өзгертуге деген құлшынысы.

Коррекциялық блок мақсаты:клиенттің дамудағы үйлесімділігі, дамудың жағымсыз фазасынан жағымды фазасына көшу, әрекеттердің әдістерінн анықтау, қоршаған орта мен өзінің арасындағы қарым-қатынас бірлігі.

Коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау болгының мақсаты:реакция динамикасы мен психологиялық мазмұның өлщеу, позитивті тәртіп реакциясы мен алаңдаудың пайд болуы, позитивті өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығы.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары:

Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды ескеру керек:

-коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру;

-коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау;

-коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың таңдап алу;

- клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас) анықтап алу;

-коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу;

-барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын анықтап алу;

- күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет, екі жұмада 1 рет т.с.с.);

-коррекциялық сабақтың ұзақтығын ( 10 -15минут коррекциялық бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде);

-коррекциялық бағдарламаны құрастыру және коррекциялық сабақтардың мазмұның анықтау;

-жұмыс барысында басқа да адамдардың әрекетін жоспарлау;

-коррекциялық бағдарламаны орындау;

-қажетті материалдар мен жабдықтарды әзірлеу.

Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау:

А. даму қиындығын шешу;

Б.коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндетін анықтау. Коррекцияның нәтижелілігін бағалау бағалаушыға байланысты әртүрлі болады.

Клиент үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігі оның эмоционалды қанағаттануы мен өзінің ішкі жағымды сезімдері мен өзгерістерінің жағымды болуымен сипатталады. Психолог үшін,коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігінің негізгі критерииі оның қойған мақсатқа жетуімен сипатталады. Клиенттің қоршаған адамдары үшін,бағдарламаның нәтижелілігін өздерінің психолог көмегіне бетбұрған мотивтердің қанағаттану деңгейін анықтап, қанағаттануы мен клиенттің мәселелерін шешуінде.

Коррекциялық жұмыстардың нәтижелілігін талдау барысында коррекциялық іс-шаралардың интенсивтілігінің де маңызы зор екендігі анықталды. Коррекциялық сабақтар жұмасына 1 рет 1-1,5 сағат мөлшерінде жүргізілуі керек. Коррекциялық бағдарламаның интенсивтілігі оның мазмұнының әртүрлілігі мен клиенттің өзінің белсенділігіне байланысты. Коррекциялық жұмыстарға коррекциялық әсердің лонгидтілігі де әсер етеді. Коррекциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін де клиентпен қарым-қатынастың болғандығы тиімді. Коррекциялық жұмыс аяқталғаннан кейін де 1-2 ай көлемінде бақылаудың болғандығы тиімді болады. Дамудағы ауытқушылық ерте анықталса, соғұрлым коррекциялық жұмыс тиімді болады.

Дәріс

Наши рекомендации