Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1,2,6

№13 Тақырып. Аударма алды мәтін талдаудың қиындықтары

Мақсаты: Мәтін талдауда кездесетін қиындықтар. Мәтін түрлері бойынша мәтін талдау, жанрлық, түрлік ерекшелігін ескеру. Ғалымдардың мәтін талдау кестелеріне сараптама жасау.

Кілт сөздер: аударма, талдау, мәтін , таза аударма, жобалап аудару.

Жоспар:

1. Жобалап аудару туралы түсінік

2. Таза аудармамен жүмыс

Тілдік белгі тек қана семантика (көрсетілгенге қатынасы) мен синтактикаға (басқа белгілерге қатынасы) ғана емес,сонымен қатар прагматикаға да ие.Тілдік белгілері адамдарға әр түрлі әсер етуі мүмкін (жағымды,жағымсыз,бейтарап).Әр мәтін,әр пікір оқырманға, тыңдаушыға прагматикалық әсер етеді.Мұндай ықпалдың сипатын 3 фактор арқылы анықтайды.

Біріншіден, бұл пікірдің мазмұны.Сізге жақын адамдарыңыздың бірінің өлімі туралы хабар естігендегі сіздің көңіл күйіңіз 100000 теңге ұтып алдыңыз деген хабарды естігендегі көңіл күйіңізден басқа екені айдан анық..

Екіншіден,хабарды қабылдау тыныс белгілердің қойылуына байланысты.Бір хабар әр түрлі түрде жазылуы мүмкін.К.Чуковский «Рыжая девка,чего ты трясешься?» және «златокудрая дева, почему ты трепещешь?» деген сөйлемдердегі айырмашылыққа көп көңіл бөлген.Айтушы адам өзінің не айтқысы келгеніне байланысты тілдік құралдарды таңдайды.

Үшіншіден,пікірдің прагматикалық әсері қабылдаушы адамға да байланысты.Бір адамның өлімі туралы хабарды жақын туыстары,жай таныстары және мүлдем танымайтын адамдар бірдей қабылдамайды.Бұдан шығатын қорытынды:прагматикалық әсер мазмұны мен жеткізу формасына байланысты кейбір қабылдаушыға жартылай немесе мүлдем әсер етпейді.

Әр пікір(высказывание) қандай да бір коммуникативтік әсер алу мақсатында жасалады,сондықтан да прагматикалық потенциал пікірдің мазмұнының маңызды бөлігін құрайды.Бұдан шығатын қорытынды:аудармадағы мәтінде де прагматика маңызды рөл атқарады.Сондықтан да аудармашыға аударманың мақсатына қарамастан қабылдаушыға жеткілікті түрде аударманы жеткізу.Атап кететін тағы бір жайт,түпнұсқа мен аударманың прагматикасы әр түрлі болуы мүмкін және аударманың прагматмкалық барабарлығы(адекватность) түпнұсқадағы прагматикадай бірдей болуы міндетті түрде емес.Неміс аудармашысы А.Нойтберт прагматикаға байланысты прагматикалық қатынастың 4 типін ажыратуды ұсынады.Мұндай градация түпнұсқаның сипатына байланысты.Аударманы оқитын адамдарға бірдей прагматикалық қызығушылық тудыратын прагматикалық бағыттылық көп жағдайларда ғылыми-техникалық әдебиетте толық жеткізіледі.Арнайы аудармаға(информациондық және басқа мағлұматтар,шет тілді аудиторияға ) арналған түпнұсқаның прагматикалық потенциялы сәтті сақталады.Басқа адамдарға айтар ойы бар алғашқы қабылдаушыға арналған көркем әдебиет аудармасында прагматикалық барабарлық сәл де болса сақталады. Аударманың қабылдаушысына ешқандай қатысы жоқ,(заңнамалық құжаттар,қоғамдық-политикалық және экономикалық мерзімді басылымдар,әр түрлі хабарландырулар,т.б.) сол тілдің оқырмандарына бағытталған түпнұсқа прагматикалық барабарлықта жеткізілуі мүмкін емес.

Дипломатиялық дискурсты кешенді зерттеу, осы зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес, қазіргі ғылымда қолданылып қабылданған және дискурсты зерттеудің жоғарыда келтіріліп талданған тәсілдерін, бір жағынан, дипломатиялық дискурстің аз зерттелген дискурс түрі ретінде ерекшелігін анықтау, ал басқа жағынан, дипломатиялық дискурстің талдауын алдағы уақытта аударма және коммуникация тұрғысынан негізін салу.

Дипломатиялық дискурс ұғымының мазмұнын анықтау үшін , ең алдымен оның құрылымдық белгілерін және өзіндік ерекшеліктерін айқындап, «дипломатия» ұғымына анықтама беріп және дипломатиялық дискурс тұрғысанан талдауымыз қажет.

«Дипломатия» ұғымына ғалымдар әртүрлі түсіндірме берген. В.И. Даль өз сөздігінде дипломатияға «наука о взаимных сношениях государей и государств вообще» деп анықтама береді, ал С.И. Ожегов «деятельность правительства по осуществилению внешней, международной политики государства» деп дипломатия сөзіне анықтама береді.

Наши рекомендации