Сіңірген қайраткері

Ықтық сауаттылық – құқықтық мәдениеттің алғы шарты

Азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың Қазақстан білім қоғамы жо­лында» атты интерактивті дәрісін оқу жылы басында барлық жастар, сту­денттер, ұстаздар қауымы зор ықыласпен тыңдады. Бұл дәріс тыңдаушылардың барлығына да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімді ұялатты, жастардың бо­ла­шағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің негізі — білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, Ел Президенті жастарға, алдағы уақытта олардың атқаратын міндет­терін де саралап берді.

Арықбай АҒЫБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

Профессоры, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері

Қазақстанның өсіп-өркен­деуінің кілті жастарда. Ел да­муы­ның жаңа кезеңі мен тә­уел­сіздігіміздің үшінші он жыл­­дығында білімді, тәрбиелі, өне­гелі жастарды қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі екендігін де Ел­басы баса айтты. Президент дәрісінде елімізде құқықтық бі­лімді, құқықтық сана мен тәр­биені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру қажеттілігі баса ай­тылды.

Өйткені Қазақстан Респуб­ли­касы — демократиялық за­йыр­­лы, әлеуметтік, құқықтық мем­лекет.

Құқықтық мемлекеттің не­гіз­­гі атқаратын қызметі қоғам­­дық өмірдің барлық сала­ла­­рын заң, әділетті құқық нор­ма­сы­мен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшы­лық­қа ала отырып, адам, қоғам, мем­лекет мүддесіне адал қыз­мет атқару болып та­бы­­­лады. Өйткені, құқық­тық норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үй­­лес­тірушісі, заңдылық пен де­­мократияның даму негізі. Осы­ған орай Президент дәрі­сінде Қазақстанның өркен­деуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдың­ғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауат­ты­лықты, тәрбиені, сананы же­тіл­діру қажеттілігіне басты на­зар аударылғаны баршаға аян. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, мін­деттерін білуі тиіс, әрбір аза­мат құқық нормаларын, заң­дылық талаптарын берік ұста­нуы керек. Сонда ғана мем­ле­кетіміз саяси, экономи­калық, әлеу­меттік тұрғыдан дамып, тәр­тіп нығаяды.

Құқықтық сана, құқықтық мә­дениет және құқықтық тәр­бие әрбір азаматтың қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз – тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық нор­­ма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.

Бұдан құқықтық сананың не­гізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құ­қық­тық психология қолданыс­тағы құқық нормаларын же­тіл­діруге, жаңа құқықтық норма­ларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәти­жесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қа­жет­тілігін білдіреді.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­­­ғаттандыратын құқықтық нор­­­­­ма­­ларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса – құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқық­тық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нор­маларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.

Құқықтық тәрбие – қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет не­­ғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе – құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқық­тық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Тәртіп — барлық жетістік­тер­дің қайнар көзі, негізі Пре­­зидент дәрісіндегі осы ай­тыл­ған идеяларды жүзеге асы­ру үшін не істеуіміз керек де­ген сұ­рақ тұындайды. Ол үшін – от­ба­сында, балабақшада, орта мектепте, жоғары оқу орын­дарында құқықтық тәрбие, бі­лім беруді заман талабына сай же­тілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиім­ді жақтарын ұрпақтар сана­сы­на сіңіріп, оларды заңды құр­меттеуге, әділеттілікке, тура­шыл­дық жолға түсетіндей етіп тәр­биелеуі қажет.

Балабақшаларда – еліміз­дің Ата Заңы Конститу­ция­да көр­сетілген – адамның, аза­мат­­тың басты құндылықта­ры – құқықтары мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктер­дің мазмұнын мемлекеттің, мем­лекетіміздің рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылы­сының негізгі ұғымдарын тү­сіндіру қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пә­нін қайта сапалы түрде да­йын­дап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіз­деп шығару керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дә­ріс беретін пән мұғалімінің ар­нау­лы заң білімі болуына та­лап қойған жөн. Өйткені, білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгір­лігіне тікелей байланысты.

Жоғары оқу орындарында қазіргі кезде «Мемлекет және құқық негіздері» пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. Мемлекет және құ­қық негіздері пәні барлық жо­ғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондай-ақ, Президенттің «Жал­пыға ортақ ең­бек қоғамына қарай 20 қадам­ды» атты ма­қа­ласында да құқық не­гіздері оқу­лығын даярлау, жо­ғары білімді оқу орындарын бі­тірген жас­тардың құқықтық бі­лімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқу­лық дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Құ­қық­тық білімді жетілдіру са­ла­сында бұқаралық ақпарат құ­ралдарының маңызы да ерек­ше. Осыған орай, құқықтық са­уаттылықты насихаттайтын ар­наулы телехабар арнасы да қажет. Бұқаралық ақпарат са­ласында құқықтық насихат, тәр­бие беру мен жұмыс істейтін жур­налистердің құ­қық­тық білі­мі болғаны жөн. Университеттерде журналист кадрларын даяр­лай­тын фа­культеттерде құқық­тық журна­лис­тика деген ма­­ман­дық ашып, болашақ жур­на­лис­терге заң мамандығы бойынша қосымша пәндерді оқытуды енгізіп, са­уат­ты, білімді журналист-заң­гер­лерді дайындауды жү­зе­­ге асырған дұрыс болар еді, өр­ке­ни­ет­ті елдердің журналис­терінің құ­қықтық сауаттылығы осындай талаптарға не­гіз­дел­ген.

Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру кең байтақ Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары және арнау­­лы оқу орындарында заңгер ма­­мандырын даяр­лау жарысқа түс­­кендей көбе­йіп кетті. Көп­­­те­­ген оқу орын­да­рында бо­ла­шақ заңгер­лер­ге са­палы білім беретін ұс­таз­дар же­тіс­пейді, заң оқу ор­ын­дарында оқитын студент­тер мем­­ле­кет­тік тілдегі оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндір­ме­леріне зәру, көптеген заң ма­мандарын даярлайтын оқу мекемелерінің ұстаздары, бас­шылары мемлекеттік тілде дә­ріс бере алмаса да, басшы­лық жасай отырып, мемле­кет­тік тіл­дегі оқулықтар мен бағ­дар­ла­малардың дайын­далуына нем­­құ­райлы қарауда. Міне, ос­ын­дай кемшіліктер болған рет­те құқықтық білім деңгейінің өз дәрежесінде көтерілуі қиын шаруа. Сапасыз даярланған заң­герлердің көбі қазіргі кезде жұмыссыз қалып отырғаны да осыдан. Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған жа­ңаша бағдарлама қажет сияқты.

Қазіргі кезде мемлекет аграр­лық секторды, ауыл-ша­руа­шылығын мемлекеттік рет­теу­ге өте маңыз беріп отыр. Бұл дегеніміз – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін, ауыл ша­­руашылығында жер на­рығын, ауыл­шаруашылық кә­сіп­кер­лі­гін, тауар өндірушілерінің құқық­тары мен міндеттерін, мүдде­лерін, ауыл-шаруашылық өнді­рі­сінің басымдылығын қам­­та­­масыз етуге бағытталған мем­лекет тарапынан жүзеге асы­рылып жатқан, жоспарлы, мақ­сатты, тұрақты іс-шаралар болып табылады. Бұл игі ша­раларды жүзеге асыру үшін Қазақстанда әр жыл сайын мол қаражат бөлінуде. Аграрлық қатынастарды реттеудің эконо­ми­калық тетігі құқықтық не­гізде қамтамасыз етілген. Осы­ған орай, қазіргі кезде жас­тарды “дипломмен – ауылға” деп ынталандырып, жұмысқа жі­беріп жатырмыз. Бұл өте дұ­рыс, себебі ауылдың дамуы – Қазақстанның дамуының алғы шарты. Ауылға барып жұмыс істейтін жастар арасында, сон­дай-ақ, ауыл тұрғындарына да заң көмегін, құқықтық білім беруді жетілдіру жағын да ой­лас­тырған жөн. Қазір ауыл тұр­ғындары нотариалдық қыз­мет, адвокаттық көмек, заң ке­ңесін алу үшін алыс аудан орталықтарына, қалаларға бару­ға мәжбүр. Осыған орай ауылда заң көмегін жолға қою үшін әрбір ауылдық әкімдіктен заңгер маманы қызметтік шта­тын ашып, оларға тұр­ғын­дармен заң саласында қыз­мет­тік жұмыс атқару міндетін жүктеген дұрыс болар еді. Мұн­дай қызмет ха­лыққа да, мемлекеттке де тиім­ді бола­ры сөзсіз. Ауылға заңгер­лік көмек көрсететін, бі­лім­ді заңгерлер Қазақстанда жетер­лік. Өйткені, Қазақстанда 100-ден астам жоғары, арнау­лы оқу орындарында заңгер мамандар даярлануда. Жал­пы мем­лекетіміздің дамуы, өр­кен­деуі, дүниежүзі мемлекет­терінің алдыңғы қатарында болуы үшін құқықтық білімді, тәрбиені жүзеге асыруды биік деңгейге қоятын уақыт келді. Ол үшін мемлекеттік тілде заң оқулықтарын, түсіндір­ме­лерін, заң білімін беретін бағ­дарламаларды қайта қарап, құ­қықтық тәрбиеге басты назар аударылуы қажет.

Жалпы, заман талабына сай келетін құқықтық сауатты­лық­­­ты, құқықтық білім мен құ­қықтық сана-сезім мемлеке­ті­міздің өркендеуінің құқықтық мемлекетті орнықтырудың алғы шарты екендігін әрбір азамат білуі тиіс

Наши рекомендации