Бейімделу мәселелері туралы шағын дәрістер.
Міне, сіздің балаңыз мектепке бірінші рет кіретін күні жақындады. Сізді мына сұрақтар мазалайды: сіздің балаңыз дайын ба, қалай оқиды, оған қалай көмектесуге болады …
Мектепте бірінші жыл оқу бала үшін өмірдегі ең қиын кезеңдердің бірі, ата-аналар үшін өзінше бір сынақ мерзімі.
Біріншіден, баланың өміріне араласуды қажет ететін кезең.
1-ші сыныпта баланың мектепке, оқуға деген көз қарасы қалыптасады. Сол себептен, ата-аналар бала өсы кезеңнен аман есен өту үшін күн сайын баланың психологиялық және физиологиялық жағдайын ескеріп, білуі қажет.
Мектеп бірінші күннен бастап баланың алдына зияткерлік және дене күшін жинауды талап етеді. Балалар үшін оқу үрдісінің көп жағынан қиындықтар туады. Балаға сабақ бойы бір қалыпта отыру, көңілін басқаға аудармай мұғалімнің ойын бақылауға, өзі істегісі келген нәрсені істемей, одан талап еткенді істеуге қиын болады, өз эмоциялары мен ойларын ауызша айталмауға және өзін-өзі үстауға қиынға түседі. Балалар соңымен қатар ересектермен қарым-қатынастағы жаңа ережелерді тез қабылдай алмайды, мектептегі басқа ересек адамдармен қатынаста өздерін қашықтықта ұстайды.
Сол себептен, мектептегі оқуға бейімделуге, жаңа талаптарға сәйкес келу үшін балаға уақыт қажет.
Алдымен, өзіңіздің мектептегі өміріңізді есіңізге түсіріңіз. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «иә» деп жауап бергіңіз келсе қолыңызды көтеріңіз
1.Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін?
2.Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?
3.Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?
4.Кімге ән сабағы ұнайтын?
5.Кімде октябренок белгісі болды?
6.Кімге сыныпта кезекші болу ұнайтын?
7.Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?
8.Кімнің жазуы түзу болды?
9.Кім бір ретте дәптерлерін, оқулықтарын және күнделігін үйге тастап кеткен жоқ?
10.Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?
11.Кім бірінші сыныпқа келгенде оқу білді?
12.Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын?
13.Кімге мектепте сыртқы бейнесі бойынша ескертулер жасаған жоқ?
14.Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?
15.Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?
16.Кім мектепте бағаларын өзі жасап қойды?
17.Кім көрші отырған баланың дәптеріне көз салды?
18.Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?
19.Кім мектепте «В» сыныбында оқыды?
20.Кімнің мектеп формасы қоңыр түсті болды?
Барлықтарыңыз бір жағдайдамыз. Біз сіздер балаларыңызбен бірге мектепке бара жатырсыз деп санаймыз. Мен сіздермен байланыс орнатуға тырыстым. Балалардың ең алғашқы міндеті, мектепте құрбыларымен қарым-қатынасты реттеу.Бірінші сынып оқушысының сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу – баланың мектептегі оқуы сәтті болу шарты. Бала мектепте құрбыларымен жаман қарым-қатынаста болса, мазасыз, тез шаршайтын, сыныптастарымен жаман қарым қатынаста болады, мектепке, мұғалімге жағымсыз көз қарасы қалыптасады.
Мектептегі оқуғаәлеуметтік немесе тұлғалықдайын болу – баланың қарым-қатынастағы жаңа түріне, өзіне және қоршаған әлемге жаңа қарым-қатынасқа, мектептегі оқу жағдайына дайын болу.
Балалар бір себептермен жүйелі оқуға дайын емес, мұнан былай мектепке бейімделуде, оқу бағдарламасын меңгеруге қиындықтарға тап болады.
Мектепке дайындық жетістіктерге жету қажеттілігі, талаптану деңгейі, өзін–өзі бақылауды дамыту, өзін-өзі бағалау жататын әлеуметтік дайындықпен ғана анықталмайды.
Мектепке дайындық – бұл бала денсаулығына зиян келтірмейтін мектеп бағдарламасын сәтті меңгеру үшін қажетті баланың әлеуметтік, психологиялық, дене деңгейінің дамуы.
Физиологиялық бейімделу. Жаңа талаптармен жағдайларға үйрене келе бала ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:
1.Алғашқы 2 – 3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады.
2.Келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады.
3.Бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.
Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық бейімделудің қиындығын, көптеген ата – аналар мен мұғалімдер дұрыс бағаламауға бейім тұрады. Сонымен қатар, дәрігерлердің бақылауы бойынша 1 – тоқсанның соңында оқушылардың арықтауы, қан қысымының төмендеуі, ал басқаларында керісінше байқалады. Осы қиындықтардың туындауы балалардың үйдегі еркелігіне әкеп соғады.
Бұның барлығын баланы өз міндеттерінен жалтару және жалқаулықта сөкпей тұрып еске түсірген артық болмайды.
Денсаулықтары нашар балалар ерекше назарды қажет етеді. Біріншіден, мүмкіншілігінше психологиялық жүктемені төмендеткен дұрыс. Бұл үшін тәуліктің екінші бөлігін үйде өткізгені дұрыс және 2 сағаттық ұйқы бабалар үшін жақсы болады. Екіншіден, денсаулығы нашар балалар үшін күн сайын таза ауада серуендеу қажет және түнгі ұйқы ұзақтығы 11 сағат болуы тиісті. Балаға психолгиялық демеу қажет екенін естен шығармаған дұрыс. Бала мектептегі қиындықтарға қарамастан үйдегілер оны бұрынғыдай жақсы көретінін және құрметтейтінін сезінуі тиісті.
Әлеуметтік – психологиялық бейімделу. 6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді.
Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.
Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды. Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады. Сәтсіздіктер (оқуда, қарым-қатынаста) балада өзін басқалардан кем деген сезім қалыптасады. Бұл 6-7 жасар балада өзін-өзі бағалауға жағымсыз әсерін тигізеді. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу туралы айтқанда, бала ұжымына бейімделуге тоқталып кету қажет.
Қиыншылық бала бақшаға бармаған және отбасында жалғыз балаларда туындайды. Құрбыларымен қарым-қатынас болмаған балалар сыныптастары мен мұғалімдерден отбасындағы қатынасты күтеді. Сол себептен, бала мұғалімнің барлық балаларға назарды бірдей аударып, балаға ерекше назар аудармаған жағдай оқушыны күйзеліске әкеледі, ал сыныптастары бұл балаларды көшбасшы ретінде қабылдауға асықпайды, олардың айтқанына көнбейді.
Құрбыларымен түрлі қарым-қатынас тәжірибесі жоқ балалардың мектепке барғылары келмей, оларды барлығы ренжітеді, ешкім тындамайды және мұғалімдер жақсы көрмейді деген шағымдар естіген ата-ана таң қалмаңыз.
Балалардың шағымдарына тәнік пікір білдіруді үйрену қажет. Балаға оны түсінетіңізді көрсетіңіз, жаныңыз ашитыңызды білдіріңіз, бірақ ешкімді кінәләмаңыз. Бала тынышталғаннан кейін, болған жағдайдың жағдайын, себептерін талдап, болашақта өзін қалай ұстау керек екенін талдаңыз. Кейін жағдайды қалай дұрыстау керек екенін талдап, сыныптастардың көңілін тауып, достармен танысу қажет. Туындаған қиындықтарды жеңуге баланы қолдау қажет, мектепке апарып, баланың мүмкіндігіне сену қажет.
Жоғарғы бейімделу деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік ортанын жағымды факторлары(Г.М.Чуткина бойынша)
1.Толық отбасы. 77,6%
2.Әкенің жоғарғы білім деңгейі 88%
3.Ананың жоғарғы білім деңгейі 83%
4.Отбасында дұрыс тәрбие әдістері 95%
5.Отбасында жанжалдар мен араққұмарлықтың жоқ болуы 93%
6.0 сыныпта мұғалімнің жақсы көз қарасы 63%
7.1 сыныпта мұғалімнің жақсы көз қарасы 60%
8.Мектепте оқуға функционалдық дайындығы 87%
9.Мектепке дейінгі топтағы баланың жайлы мәртебесі 86%
10.Ересек адамдармен қарым-қатынастағы қанағаттанушылық 74%
11.Топта өзінің жағдайын тәнік түсінуі 98%
Біздің жағдайға сәйкес «Бауырсақ»