Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі. Дәрістер –қарастырылмаған

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАН

ФАНТОМДЫ КУРСЫ БОЙЫНША

СИЛЛАБУС

Оқу сағаттың көлемі –90 сағат.

Дәрістер –қарастырылмаған

Тәжірибиелік сабақтар–60 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) –30 сағат

Курс -2

Семестр –3-4

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2016

Силлабусты құрастырғандар: к.м.н., доцент Сагатбаева А.Д.

ҚазҰМУ- нің терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

№ хаттама «____» ____________ 2016 ж

Кафедра жетекшісі

м.ғ,д., профессор_____________________Баяхметова А.А.

1. Жалпы мәлімет:

1.1 ЖО-орнының аталуы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Кафедра - терапиялық стоматологияның

1.3 Пән, пәннің коды – терапиялық стоматологияның фантомды курсы

1.4 Мамандық - 5В130200 «Стоматология»

1.5 Оқу сағатының көлемі – 90 сағат

1.6 Оқу курсы мен семестр– 2 курс, 3-4 семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі Қай тілде сабақ берді Каб. Электронды адрес
1. Баяхметова Алия Алдашевна Зав.каф., профессор Медицина ғылымының докторы Орыс [email protected]
2. Зазулевская Лидия Яковлевна Профессор   Медицина ғылымының докторы Орыс [email protected]
3. Жолдыбаев Серик Сабитович Доцент Медицина ғылымының докторы Орыс, қазақ [email protected]
4. Сапаева Назкен Газизовна Доцент Медицина ғылымының кандидаты Орыс, қазақ [email protected]
5. Баскакова Ирина Валентиновна Доцент   Кандидат медиц-инских наук Орыс [email protected]
6. Сагатбаева Анар Джамбуловна Доцент Кандидат медицинских наук Орыс, қазақ [email protected]
7. Абдикаримов Сериккали Жолдасбекович доцент Кандидат медицинских наук Орыс, қазақ [email protected]
8. Смагулова Ельмира Ниязовна Доцент Кандидат медицинских наук Орыс [email protected]
9. Садыкова Гульнар Мухиденовна Ассистент Кандидат медицинских наук Орыс, қазақ [email protected]
10. Сухочева Татьяна Михайловна Ассистент Медицина ғылымының кандидаты Орыс [email protected]
11. Кумарбаева Айгуль Тлектесовна Ассистент Медицина ғылымының кандидаты Орыс [email protected]
12. Мангытаева Батима Бекдаировна Ассистент - Қазақ [email protected]
13. Уразбаева Бахыт Мырзашевна Ассистент - Қазақ [email protected]
14. Долгих Валерия Робертовна Ассистент - Орыс [email protected]
15. Багутдинова Бахыт Абдимуталиповна Ассистент - Орыс, қазақ [email protected]
16. Бакбаев Бебитжан Байрахманович Ассистент   Орыс, қазақ [email protected]
17. Нурлыбаев Алибек Айдарбекович Ассистент   Қазақ [email protected]

1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ.,Толе би көш, 92; ҚазҰМУ, №3-ші оқу корпусы 3 этаж.

Телефон: 292-50-25 (вн. 7293)

1.9 Пәннің саясатыоқу процессініңбірізділік және мақсатты іске асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы медициналық жоғарғы оқу орнындағы оқудың жалпы қағидаларына сай.

1.Дәрістерге,тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде үнемі қатысуы керек

2.Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (тәжірибелік сабақты конспектілеу, теориялық материалды даярлау, ситуациялық есептер мен тестілерді шешу, тәжірибелік жұмысжұмыстарды фантомды блоктарда орындау, альбомда тапсырмаларды орындау, науқастарды емдеуде, кансультацияда қатысу, науқастарды қабылдау)

3.Тест түріндегі тапсырмаларды, ситуациялық есептерді тапсыру,берілген бөлім бойынша СӨЖ -тақырыптарын дәл уақытында қорғау.

4. Аралық бақылауды белгіленген сабақтарда тапсыру.

5. Студенттің істеген барлық жұмысы туралы жеке дара альбомы, жұмыс дәптері, фантомды блогы, стоматолгиялық ұштығы және борлар комплектісі болуы керек.

6.Студент сабаққа кесте бойынша, кешікпей келуі керек.

7. Таза, үтіктелген калпак, ақ халатпен хирургиялық костюм, ауыстырып киетін аяқ киімі болуы және шаштары жиналып тырнақтары алынған болуы қажет.

8. ПОҚ мен студенттердің арасындағы силасатық қатынас.

9. Каф. меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатыса отырып топтардағы конфликті жағдайларды ашық талқылау.

10. Оқу бөлімінің кестесі бойынша – емтихан.

Айыптық санкциялар:

1) Жіберілген дәріске (себепсіз) – рейтингтен 1 балл алынады.

2) Сабақтың теориялық бөлігіне 15 минуттан көп кешігіп келсе – теориялық рейтингінен 1 балл алынады.

3) Сабақтың теориляқ бөлімінде болмаса – 0 балл (теориялық білімдер үшін).

4) Сабақтың практикалық бөлімінде болмаса (тапсырманы орындамаса) – 0 балл (орындалмаған тапсырма үшін).

5) СӨЖ ді уақытында тапсырмаған әр күні үшін 1 баллдан алынып отырады

Бағдарлама.

2.1Кіріспе.

Фантомды курс терапиялық стоматологияның клиника алды бөлімінің стоматологиялық профилдегі маманды даярлауда алдыңғы орын алады

2.2 Пәннің мақсаты:

Терапиялық профильді стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық жабдықтар және аспаптар, тістердің анатомо-топографиялық құрылысы, тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері және қағидалары, құрамдары, қасиеттері, пломбылық материалдарды таңдап және дайындау технологиясы үшін студенттерде кәзіргі білімдерді қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаттары:

  • дәрігер-стоматологты дайындағанда фантомды (клиникаға кіріспе) курстың мағынасы үшін түсінік құрыстыру;
  • терапиялық профильды стоматологиялық көмегін ұйымдастыру негіздері, терапиялық стоматология кабинетті құралдандыру және жабдықтау, стоматологиялық жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік, стоматологиялық кабинеттің медициналық қызметшілердің міндеттері үшін түсінік беру;
  • тістердің әр түрлі анатомиялық топтардың құрамын және қызметтерін оқу;
  • тістердің тісжегі, тісжегінің жүйесі,
  • тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері , қағидалары және техникасы туралы түсінік;
  • пломбылық материалдардың түрлерін, құрамдарын, қасиеттерін, қолдану корсеткіштерін және қарсы көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін оқып білу.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

Келесі білімдерін қалыптастыру:

1. Дәрігер-стоматологты даярлау және келесі терапиялық стоматологияны оқу үшін фантомді (клиникаға кіріспе) курстың ролін

2. Терапиялық профильды стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негіздерін.

3. Терапиялық стоматологиялық кабинеттің ұйымдастырылуымен жабдықтануын.

4. Стоматологиялық жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті.

5. Емдеу стоматологиялық кабинеттің дәрігерінің, медбикенің (стоматологтың ассистентінің), санитаркасының, міндеттерін.

6. Стоматологиялық аспаптарды сақтау, күту және залалсыздандыру ережелерін.

7. Тістерді тексеру, емдеу және пломбылау үшін стоматологиялық аспаптарын.

8. Тістердің қатты тіндерінің; ұлпаның және периодонттың гистологиялық құрылымын.

9. Тістердің құрамының анатомиялық ерекшелерін (төменгі және жоғарғы жақтың курек, сүйір, кіші азу және үлкен азу тістердің).

10. Тіс қуысының құрылымының топографиялық ерекшеліктерін (төменгі және жоғарғы жақтың курек, сүйір, кіші азу және үлкен азу тістердің).

11. Тістердің айырмашылығымен орналасу орнына байланысты белгілері.

12. Тістердің тісжегі туралы түсінігін.

13. Блэк бойынша тісжегі қуыстарының жүйесін.

14. Класс бойы тісжегі қуыстарды егеп тазалау қағидаларын, кезеңдерін және техникасын.

15. Тістердің қатты тіндерінің сезімтал аймақтарын

16. Егеп тазалау барысында ауру сезімін басу үшін қажетті жағдайлар жасау

17. Пломбалық материалдардың түрлерін

18. Уақытша пломбылық материалдардың құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін.

19. Емдік төсемдердің (құрамында кальций бар, эвгенол бар, аралас) құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, қою әдістерін.

20. Шыныиономерлік, цинкфосфатты және силикофосфатты цементтердің құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін.

21. Композиттык пломбылық материалдардың адгезивті жүйесінің құрамын, қасиеттерін, қызметін және қолдану көрсеткіштерін.

22. Өздігінен қатаятын композиттік материалдармен тісжегі қуыстарын пломбылау кезеңдерін

23. Сәулемен қатаятын композиттік материалдармен тісжегі қуыстарын пломбылау кезеңдерін

24. Түйісу орнының маңызы және қалпына келтіру әдістерін.

25. Пломбыларды өңдеудің маңызын; әдістерін.

26. Тіс сауыттарын салмалар, штифттер арқылы қалпына келтіру әдістері

Келесі операциональды дағдыларын қалыптастыру:

1. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

2. Стоматологиялық қондырғымен (установка), ұштықпен қолдану.

3. Тістерді тексеру, емдеу, пломбылау үшін аспаптарды таңдау және қолдану.

4. Тістердің қай топқа, қай жаққа жататын белгілерін анықтау.

5. Блэк бойы және атипиялық тісжегі қуыстарды фантомді блоктарда егеп тазалау.

6. Емдік және аралық төсемдерді, уақытша пломбыларды фантомді блокта дайындау және қою.

7. Шыныиономерлік цементтерден турақты пломбыны фантомды блокта дайындау және қою, пломбаны өңдеу.

8. Өздігімен қатаятын композиттерден турақты пломбаны фантомды блокта дайындау және қою, пломбыны өңдеу

9. Сәулемен қатаятын композиттерден тұрақты пломбаны дайындау және фантомды блокта қою, пломбыны өңдеу

10. Әр түрлі пломбылық материалдармен фантомді блокта түйісу орнын қалпына келтіру

13. Фантомды блокта тіс сауытының ақауын калпачоктарды қолдана отырып қалпына келтіру.

14. Уақытша және тұрақты пломбыларды фантомды блоктан алу.

Коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:

1. біріншілік контактіні қалыптастыру үшін ұзаққа созылатын қарым –қатынасты қалыптастыру;

2. науқаспен вербальді және вербальды емес коммуникация арқылы тиімді психоэмоциональді контактіні қалыптастыру;

3. қолдау көрсету және бірге өзара әрекет етуге дайындық;

4. сенімділік туындата сөйлесу

5. өз әрекетін түсіндіру;

6. өз позициясының пайдасына аргументі іздеу;

7. партнердің эмоциоанльды жағдайын түсіну үшін өзінің эмпатиялық мүмкіншіліктерін қолдану;

8. сенімділігін арттыру әдістерін қалыптастыру;

9. коммуникация процессінде интонацияны сақтау;

10. топтық пікір-таласты жүргізу;

11.қарқынды режімінде жұмыс істеу шеберлік;

12.дауды басқару;

13.дұрыс шешім қабылдау;

14.туындаған мәселені біріге отырып шешу;

15.командада жұмыс істеу барысында қарым қатынас модельдерінің негізгісін

қолдану

16.іскерлік қатынас

Келесі құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру:

1. нормативті құқықтық документтермен дәрігер стоматолог терапевттің, орта және кіші медициналық персоналдың стоматология бөлімінде жұмыс істей отыра қатаң регламентті ұстану;

2. Құқықтар, лауазымды міндеттер және оларды қамтамасыз ететін гарантиясы;

3. Жеке, алқа (коллегиальный), коллективтік, бригадты, әкімшілікті және әлеуметтік мәселерді шешу жолдарын таңдау.

Өз білімін жетілдіру және даму дағыдыларын қалыптастыру:

-әдебиеттермен, Internet көзімен, мәліметтердің электронды базаларымен, компьютерлі оқыту бағдарламамен жұмыс істеу.

2.5 Реквизитке дейінгі:"Фантомный курс" элективін үшін , биологиямен генетиканы, анатомияны, гистологияны, қалыпты физиология

2.5 Реквизиттен кейінгі: терапиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: фантомды курстың мазмұны, стоматологиялық кабинеттің жабдықтары мен жарықтануы, стоматологиялық құрлымдармен жұмыс істегендегі техникалық қауіпсіздік. Дәрігердің, медбикенің, стоматологтың ассистентінің, емдеу стоматологиялық кабинетінің санитаркасының міндеттері. Стоматологиялық аспаптарды сақтау, күту және залалсыздандыру ережелерін.Тістерді тексеру, емдеу және пломбылау үшін стоматологиялық аспаптарын. Тістердің жалпы анатомиясы. Тістердің құрлыстарының анатомиялық ерекшелерін (төменгі және жоғарғы жақтың курек, сүйір, кіші азу және үлкен азу тістердің).Тіс қуысының құрылымының топографиялық ерекшеліктерін (төменгі және жоғарғы жақтың курек, сүйір, кіші азу және үлкен азу тістердің).Тістердің ерекшелік белгілері мен қай жаққа жататындық белгісі.тісжегі туралы түсінік. Блэк бойынша тісжегі қуыстарының жіктелуі. Класс бойы тісжегі қуыстарды егеп тазалау қағидаларын, кезеңдерін және техникасын. Пломбылық материалдардың түрлерін. Уақытша пломбылық материалдардың құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін. Емдік төсемдердің (құрамында кальций бар, эвгенол бар, аралас) құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, қою әдістері. Шыныиономерлік, цинкфосфатты және силикофосфатты цементтердің құрамын, қасиеттерін, көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістері. Композиттык пломбылық материалдардың құрамын, қасиеттерін, қызметін және қолдану көрсеткіштері. Өзі қатаятың композиттермен тісжегі қуыстарды пломбылау кезеңдері. Түйісу орнының мағынасы және қалпына келтіру әдістері. Пломбыларды өңдеудің маңызы, әдістері.

Наши рекомендации