Ызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы 2014, 2015 жылдардың және 2016 жылдың 1- тоқсанындағы суицидтік жағдайға талдау.

Облыста орын алған аяқталған суицидтің жас ерекшеліктер бойынша бөлінісі төмендегі № 1 суретте ұсынылады.

Сурет 1

Ызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы 2014, 2015 жылдардың және 2016 жылдың 1- тоқсанындағы суицидтік жағдайға талдау. - student2.ru

Жалпы алғанда кәмілетке толмағандар арасында суицидтік әрекетті жасау тәсілдері әртүрлі болып отыр. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, аяқталған суицидтің жасалу тәсілдері мынадай: 2014 жылы улану -1, асылу-5; 2015 жылы улану -1, асылу-7; 2016 жылдың 1- тоқсанында асылу-1.

Бүгінде облыс көлемінде суицидтік әрекеттің алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп отырғаны белгілі. Осы орайда, суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің тәуекел тобын анықтау жұмысы жүйелілігін біршама тапты. 2015 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысында ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қоры) кәмелетке толмағандар арасындағы суицидті превенциялау бойынша бағдарламасы енгізілді.

Есептік кезеңдегі анықталған тәуекел тобы төмендегідей:

- ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша анықталғаны- 974, оның ішінде жалпы тәжірибелі дәрігерге қаралғаны- 643;

- БМСК бойынша анықталғаны – 331.

Аяқталған суицидтік әрекетті зерделеп, талдау нәтижесінде бұл жасөспірімдердің тәуекел топқа алынбағандығы анықталды. Бұл мәселе де тәуекел топты анықтаудағы кейбір кемшілік тұстардың бар екендігінің айғағы болып табылады.

Бүгінде қаладан ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша тәуекел топқа алынғаны 210 жасөспірім, БМСК бойынша анықталғаны- 123, ал, ауданнан ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша -433, БМСК бойынша анықталғаны -208 болып отыр. Осы ретте, аяқталған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті қалада тұратын жасөспірімдерге қарағанда аудандарда (66 %) жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Суицидтік әрекетке бару себептерін анықтау жұмыстары бізге тәуекел топқа алып келуіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл ретте кәмілетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан екендігі байқалды. Аудан және қала бойынша тәуекел топқа алынған жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайын төмендегі кестеде ұсынамыз.

Сурет 2

Ызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы 2014, 2015 жылдардың және 2016 жылдың 1- тоқсанындағы суицидтік жағдайға талдау. - student2.ru

Жоғарыдан байқап отырғанымыздай, қалаға қарағанда аудандардағы тәуекел топтағы балалардың әлеуметтік жағдайы төмен болып отыр. Осы орайда, суицидтік әрекетке әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдер бейім келетіндігі байқалды.

Жоғарыда айтылған мәселеге қатысты әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүйеленбегендігі анықталып отыр. Сондықтан кәмілетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүйеге келтіру қажеттілігі алға шығады.

Отбасы жасөспірімнің әлеуметтік рөлдерді игеретін алғашқы әлеуметтену институты болып табылады. Отбасылық қарым-қатынаста туындайтын қиындықтар жасөспірімнің өмірлік позициясын бұрмалап, келеңсіз әрекетке итермелейді. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар (ажырасу, өгей әке мен ана) және ондағы хал-ахуалдың қалыпты болмауы жасөспіріммен жүргізілгенпсихологиялық-педагогикалық, медициналық коррекциялық жұмыстардың нәтижелілігін төмендетеді. Сондықтан ең басты міндеттердің бірі- отбасы институтын нығайту болып табылады.

Зерделеу жұмыстарының барысында тәуекел топқа алынған жасөспірімдердің суицидке бейімділік деңгейлері де қала және аудан бойынша анықталды.Бұл мәліметті біз төмендегі №3 суретте көрсетеміз.

Сурет 3

Ызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы 2014, 2015 жылдардың және 2016 жылдың 1- тоқсанындағы суицидтік жағдайға талдау. - student2.ru

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік дерті болып отырған суицид мәселесін жан-жақты зерттеп, оның алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту үшін ең алдымен мамандардың дайындығы өзекті болып табылады. Осы орайда, облыс бойынша суицид мәселелерімен жұмыс атқаратын мамандарға талдау жұмыстары жүргізілді. Суицид мәселесімен айналысатын мамандарды талдау мынадай: 2014 жылы МСАК жанындағы психологтар саны -31, 112 әлеуметтік қызметкер; 2015 жылы 45 психолог, 152 әлеуметтік қызметкер; 2016 жылдың 1-тоқсанында 59 психолог, яғни осы реттее 28 маманға өсу байқалады, бұл 48 %, 154 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Мұнан байқайтынымыз есептік 3 жылда мамандарды тарту жағдайының өсуі көрініс береді. Дегенмен, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу үшін тек денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары ғана емес, сонымен қатар, ішкі істер бөлімі, әкімшілік, БАҚ, ҮЕҰ және т.б. тығыз өзара әрекеттестік жұмыстарын күшейту қажеттілігі алға шығады.

ЖТД қарауынан бас тартқандар – 291, ЖТД дәрігерлерімен 974 оқушы қаралған, оның ішінде 718 оқушы дәрігерлік-психологиялық кеңес алды, ал 256-сы МСАК жағдайында амбулаториялық емдеуден өтті. Барлығына психокоррекциялық жұмыс жүргізілді. 62 оқушы психиатр-дәрігерден кеңес алды, оның ішінде екі бала "Бейімдеудің бұзылуы. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасау" диагнозымен ОПНА ауруханаға жатқызылды. ЖТД-ге – 40 оқушы келмеген.

Облыстық жастар денсаулық орталығының жанында "Қызу желі" жұмыс істейді (8 800 080 22 26). 2014 жылдың екінші жарты жылдығы кезеңінен 2016 жылдың 4 айы аралығындағы қоңыраулар саны 5,6 есеге көбейді (2014 ж. 6 айы-115, 2015 ж. – 429, 2016 ж. 3 айы - 643).

2014 жылдың 6 айындағы қоңыраулар саны қала бойынша 76,5 %, аудандардан -23,4 %.

2014 жылдың 6 айындағы қоңыраулар саны қала бойынша 76,5 %, аудандардан -23,4 %.

2015 жылы қала бойынша 89,7 %, аудандардан -10,2 % болса, ағымдағы жылдың 4 айында бұл көрсеткіштер қала бойынша 93,7 %, аудандардан - 6,5 %. Қала бойынша қоңыраулар санының артып, ал аудандар бойынша кеміп жатқандығы байқалады.

Жедел желіге келіп түскен өтініштердің құрылымы бойынша алдыңғы орынды тұлғааралық мәселелер, отбасы мәселелері, даулы жағдайлар алады.

Жас ерекшелігі құрылымы бойынша ең көбі 10 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден түскен, ол 40 %-ды құрайды.

Наши рекомендации