ЖылдардаҒы ҚазаҚ Әдебиеті 3 страница

ПРОЗА

Проза жанры, ондағы көркемдік ізденістер отызыншы жылдарда тереңдей түсті.

Жазушылардың осы орайдағы ізденістерінің іздері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Дәулетбаев, С.Шәріпов, Е.Бекенов, Қ.Тайшықов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және басқалардың отызыншы жылдарда дүниеге келген прозалық шығармаларынан дәуір суреті түрлі көркемдік деңгейде көрінді.

Бұл кезеңде С.Сейфуллин «Айша» повесін қайта жазды. Қалың малға беруге біржола бекініп отырған әкесі мен шешесіне Садырбек деген жерлес жігітті қайтадан жұмсап отырып, Айша: «Тағы да барып айт, мен Боранбайдың баласына баруға ақыретте де ырза емеспін! Маған оның байлығының керегі жоқ! Қатыны өлген, үйінде жетім балалары жылаған, күшіген сияқты үңірейген, сақалы күректей қара шұбарға қатын бола алмаймын! Егерде мұндай адамға мені малға сататын болса, ... онан соң өле-өлгенше ешқайсысының бетін көрмеймін! Ұмытпай, осы айтқандарымның бәрін айт»1,- дейді.

Кеудесін кернеген қарсылығын жоғарыдағыдай өжет, өткір сөздермен ашық айтып, өзінің қайсар мінезін тұпа-тура танытқан қазақ қызы Айшаның бейнесі - әдебиеттің үлкен табысы. Оның осындай өзгеше образ екені, прозаға С.Сейфуллин қосқан тың тұлға екені анық. Күйеусымақтан және оны қошеметтеушілерден өз айласын асырып, азаттық жолына біржолата аттанған Айша жасық емес, өжет, қайсар. Айшаның бұған дейін Боранбайдың баласына әйел болуға көнген сияқтануы, сөйтіп, жүр-жүрлеп жұртты жолға өзі бастап шығуы - оның анау күйеусымақты сөндіру үшін істеген тәсілі екені айқын білінеді.

Сондай-ақ, Айшаның қараңғы түнді жамылып, азаттық сапарына жалғыз аттануы да - қазақ қыздары басында бұрын бола қоймаған тосын жәйт. Рас, ұнатпаған кісісіне қалай да бармау үшін, қалыңмалға сатылғанына үзілді-кесілді қарсылығын ашықтан-ашық білдіру үшін ескі әдет-ғұрыптың баска да шірік салтына шырмалмау үшін тәуекелге бел байлап, түнделетіп туған ауылынан қашқан қазақ қыздары Айшаға дейін де болған. Ғайша (С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы), Қамар (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы), Шұға (Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесіндегі) есімді қыздар солай еткен, тәуекелге бел буған. Бірақ, оларға Қожаш, Ахмет, Әбдірахман сияқты сүйген жігіттері сүйемел болады, шама-шарықтарынша көмектеседі, қол ұшын береді. Айшада ондай көмекші жоқ. Оның Бименде байдың үйінен ебін тауып шығып. Боранбайдың баласы (яғни күйеуі) түнеген ауылдан алыстай түсуіне септігін тигізген ауылдастары - құбаша жігіт пен жалпақ бет қара жігіт өздерін өкшелеген қуғыншылар-дын, қаһарын қайтармақ болып, аттарының басын тежеп жүріп, одан (Айшадан) біржола көз жазып қалады. Сондықтан тағдыр тауқыметін Айшаның жалғыздан-жалғыз көтеруіне тура келеді. Қараңғы түнде қашқан қызға табиғат та жылы шырай бермейді, қайта түнерген үстіне түнеріп, үрейлендіреді. Айша адасады, қасқырлар қамауына душар болады. Бірақ осалдық етпейді. Ақырында таң ата күллі даланы, бүкіл айналаны ұйқысынан оқыс оятқан дабыл (гудок) үні Айшаны қамаған қасқырлардан қүтқарады. Сол зор үн шыққан адыр жаққа жалма-жан желе-жорта жөнелген қыз бірталайдан соң жаңа дүниенің төбесінен түскендей болады: бұрын атын есітіп жүрген Нілді зауытын түңғыш рет өз көзімен кереді.

Айшаға енді «зауытқа паналаған жанға даланың касқырлары мен адамның қасқырлары бата алмайтын» (118-бет) сияқтанады. Шынында да солай. Нілді зауытында жұмыс істейтін ағасы Сапарғали мен оның жакын жолдасы Сәдуақас Айшаны өз қамқорлықтарына алады. Нілді өндіріс орнынан өзіне лайық жұмысқа түсіп, Айша бақытын еңбектен табады.

Жазушы Айшаның Қазан төңкерісінен кейінгі осындай тағдырын суреттеп, жалпы қазақ әйелдерінің жаңа өмірдегі хал-жайын көркем бейне арқылы танытады. Айшаның әлеуметтік белсенділікке бейімділігінің себебін, тек оның мінезіне тән қайсарлық, табандылық тәрізді ерекше сипат, белгілерден ғана емес, ол өзгешеліктерді туғызған сол тұстағы қоғамдық жағдайлардан екенін білдіреді. 30-жылдардың орта шенінде бұрын жазылған повесіне С.Сейфуллин қайта оралып, оны толықтырып, өңдеп жаңа шығарма тудырды.

С.Сейфуллиннің келесі «Жемістер» повесі - Қазақ республикасының 15 жылдығына арнап жазылып, сол мереке құрметіндегі конкурста жүлде алған шығарма. Мұнда ол 20-жылдардағы өмір шындығын нақтылы адам бейнесі арқылы, жана заманда жаңаша тәрбиелене бастаған адам тағдыры арқылы көрсетуді көздеген.

Орталық Қазақстанда кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысып жүргенде ақтардың талай тағылықтары мен жауыздықтарына куә болған, тіпті атаман Анненковтың азап вагонының да, азап емес-ау, тұпа-тура ажал вагонының да қиямет-қайымын өз басынан өткізген төңкеріскер ақын бұл шығармасында «жалпы халықтың ақтарға тілектес емес, қызылдарға тілектес екенін айқын көрген соң ақтардың кейбір қосыны өздерінше әртүрлі тәсіл, әртүрлі кулық» істегенін суреттейді. Ақ командирдің: «Тулар мең белгілер алмастырылсын!» - деген бұйрығынан кейін-ақ: «Ақтың қосыны лезде өздерінің иықтарындағы погондарын жұлып-жұлып тастады. Оның орнына қызыл шүберектер байланды. Өздерінің туларын жығып, олардың орнына қызыл тулар көтерілді. Сөйтіп күн еңкейген кезде, бұл қосын Танабайдың ауылына келді» (397-бет).

Жай келген жоқ, зорлық-зомбылық, қорлық, тал түсте талан-таражға салушылық сияқты лаң әкелді. Жанталасқан олар: «ауылға келе сала әр үйге бөлініп, киім-кешектерді ала бастады. Жақсы ат қарап, жылқы табынын іздеп, ауылдың қатын-баласын қыспаққа алды. Әр үйден киім, азық-түлік алғанда қарсылық қылған, не тез тауып бермеген адам болса, сабап, ұрып жәбірлей бастады» (397-6.).

Сондай жәбір-жапаны Танабай байдың үйіндегі қу кедей, повесте айтылғандай малай (398-бетте) Боранбек те көреді.

Келесі кезекте жендеттер Ыбырай ұстаның қызы Ғайниға шүйіледі. Түстері суық, көзқарастары бұзық тағы бір-екі солдат Ыбырай ұстаның үйіне ызғарлана кіріп, іле-шала Ғайниға ұмтылады. Қызын қорғамақ болған - «әкесі мен шешесін кеуделерінен нұқып итермелеп, үйдің бұрышына жаныштай тықты... Ғайниды Танабайдың үйіне қарай» (399-бет) сүйрелей жөнеледі.

Ал, Нияз мұның бәрін - бөріктеріне, омырауларына, мылтықтарына қызыл шүберек байлаған әлде жапсырған «большевиктер», «қызылдар» солдаттарының ауылға келе сала қараша-алаша үйдегілердің төбесіне әңгір таяқ ойната бастағанын басқа бір үйдің жабығынан қадала қарап, көріп тұрған-ды. Ол енді «қызылдардың» бұдан былайғы басынушылығына шыдай алмайды. Ең әуелі сүйген қызы Ғайниды әрі өзі көмекшісі болып, ұсталық кәсіпті үйреніп жүрген Ыбырай ұстазының үлбіреген қызы Ғайниды анау адам кейіпті жыртқыштардан жедел азат ету үшін ол «дәл командирлер тұрған Танабайдың үйінің тұсына келді» (400-бет). Бұны байқамаған әлгі есірік солдаттар қайсар қызды Танабай байдың үйіне қалай да кіргізіп, есік алдында тұрған әміршілеріне - командирлеріне сыййламақ болғанмен Ғайни бұрынғыдан да бетер қасарысып-қарсыласып, бөтен табалдырықты аттамай, белінен қапсыра құшақтап үйдің төрінен бір-ақ шығармақ арам пиғылды айуандармен одан әрі алысып-жұлысып тұрғанды. Танабайдың үйі ал-дындағы анау «тамашаны» бұдан әрі қызықтауға дәті-шыдамы жетпеген Нияз «қызылдар» командиріне туралап кезеген мылтығының шүріппесін басып қалды. Оқ командирді емес, оның қасындағы орынбасарын орып түсіріп, шепке сылқ еткізді. Нияз екінші рет атқанда, әлгінде ғана Ғайниды үйге кіргізбек боп аласұрған солдаттардың бірі жер жастанды.

Осыдан кейін-ақ «қызылдар» жағынан да шұғыл жауап беріледі: мылтықтардың шаңқылдаған, гүрсілдеген үндері өзен жағасын жаңғырықтырады. Енді, әрине, Нияздың қашуына тура келеді. Ол ит тұмсығы батпайтын қалың талдарды тасалай қашқан күйінде өзен сыртындағы тауға қарай бет түзейді. Осы бетіңде шын мәніндегі нағыз қызылдар отрядынан қоркып қашып, таудың сай-саласын, орман-тоғайын паналап жүрген Танабайбайдың тобына ілескен бір топ кісілерге кездеседі, ашығын айтқанда, кәнігі бандылардың өзіне жолығады. Нияз ойланбастан олардың қатарына қосылады. Содан соң «қызылдарда» (бөріктеріне қызыл шүберек жапсырғандардың нағыз қызылдар емес, жалған қызылдар, яғни ақтар екенінен әлі бейхабар күйде жүріп) кеткен кегін қайтаруға кіріседі: көп ұзамай-ақ анау жалған қызылдарды, яғни ақтарды қуып келе жатқан нағыз қызылдар отрядының командирі Қырымұлын атады. Білмеген у ішеді дегендей-ақ, азамат соғысы кезінде нағыз қызылдар отрядымен қатар, кейде жалған кызылдар, яғни бөріктеріне, омырауларына... уақытша қызыл шүберектер жапсырған ақтардың да болғандығын білмегендіктен, Қырымұлына мылтық кезейді. Осылайша өз халін ол одан әрі ауырлатады.

Әйтсе де, оған ештен кеш жақсының кері келеді: нағыз бандылар құрамында жүріп, әрқилы заңсыздықтарға қатысып, бірсыпыра, қылмыс жасаған соң ол кешеңдеу болса да, айналасындағы адамдардың іс-әрекеттеріне де және олардың өздеріне де сын көзбен қарай бастайды.

Соған орай, шығармада Нияздың бандылармен бұрынғыдай үзеңгі қағыстыра жүріп, қайсыбір қазақ кедейлерінің ауылдары мен орыс шаруаларының хуторларын талапайлағаны бейнеленбейді. Қайта, оның «бірнеше күн ылғи елсіз жапан даламен, елсіз құлазыған жондармен жүріп, ақырында Қазақстанның қиырсыз, кең шөлейт даласының ортасындағы Қарсақпай зауытына» (433-бет) келгенін көрсетеді; Нияздың осы зауытқа жұмысқа орналасып, техника тілін, тетігін үйреніп, машинист мамандығын игеруге кіріскеніне көпшілік назарын аударады. Сөйтіп, оның бандылар тобынан біржола кетіп, өзге өмір соқпағына түскеніне, өндірістегі еңбек адамдарының ортасына оралғанына бізді куәгер етеді.

Алайда, біз бұған куәгер бола тұрып, оның осы таңдауының көркемдік дәлелі, мотивировкасы жетісіңкіремейтінін де байкаймыз. Анау жолы бандыларға қалай кездейсоқ ұшырасса, мына жолы Қарсақпай зауытына да ол солай кездейсоқ келген сияқтанады. Себебі, осында жеткенге дейін (және одан кейін де), оның едәуір уақыт бірге болған, тіпті пікірлес болған бандылардан неге оқыс кеткені, қайда, баратыны бізге беймәлім күйінде қалады. Шығармада Нияз өміріндегі сол бетбұрыстың себебін таратыңқырап, тереңдетіңкіреп толғағанда, нақтылай түскенде, шығарманың нанымдылығы күшейетін еді.

Оған мүмкіндік те бартұғын. Бірнеше күн шөлейт даламен шөліркеп әрі атсоқты боп келе жатқанда, «жол қысқарсын» деген желеумен болса да, жазушы оның (Нияздың, әрине) бандыларға кездейсоқ қосылған соң, мәселенің байыбына бармастан бірқатар заңсыздықтар жасағанына, тіпті ауыр қылмыстар істеуге (яғни адамдарды атуға) дейін құлдилағанына кейінгі күндері өзін-өзі кінәлі санай бастағандығын және сол өңшең бұзық азғындармен бірге қарапайым халықты зәбірлей беруге ар-ожданы да қарсы келе бастағанын бейнелеуіне болатын еді. Содан соң Нияздың анау сұмырайлардан іргесін аулаққа салуды мақұл көріп, азаттықты аңсап жүргенін, ақырында, міне, сондай оң сапарға шыққанын Нияздың оңаша ой (монологы) түрінде, ішкі драмалық тартысқа толы толғанысы түрінде одан әрі суреттеуіне де әбден болатын еді. Егер бұл мүмкіндік жүзеге асқанда, повестің бас қаһарманының бандылар ортасынан суырылып шығып, туған өлкесінің басқа бір өңіріне жеделірек жетіп, бұрынғыдан өзгеше өмір сүріп, адал еңбек етуді таңдауының себебі де тиянақтырақ танылатұғынды.

Дегенмен, аталған мүмкіндікті пайдаланбағаны үшін жазушыны кінәлау да қиын. Өйткені, ол Нияздың бандылардан кетіп, Қарсақпайға жеткенге дейін қандай-қандай шытырман тартысқа, қарама-қайшылыққа толы толғанысты бастан кешіргенін әлдеқанда жақсы білген де шығар. Бірақ, сол білгенін көркемсөз өнерінің қүдіретімен суреттей салатын, өрнектей қоятын уақыт емес еді ол кез. Отызыншы жылдардың басынан бастап-ақ қаламгерлер өз шығармаларын өмір шындығына сәйкестеп емес, ең әуелі сол кездегі идеологиялық диктаттың өктем талабына лайықтап жазуға мәжбүр болды. Ал ол кездің бұйрығы жазушылардың алдына социалдық құрылыстың күнделікті қам-қарекеттері төңірегіне жұртшылықты ұйымдастыру мен партияға көмектесу міндетін қойды1. Бұл міндет үрдісінен шығу үшін олар әдебиеттің әлемге мәшһүр жалпы адамзаттық асылдарды және жеке ұлттар мен ұлыстар өміріндегі көкейкесті қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді суреттеуге өте-мөте мүдделілігі сияқты өзіндік түсінігін былай қоя тұрып, бәрінен бұрын социалдық жаңа тұрмыс орнатпақшы боп жүрген адамдар (бейне бір уақыттар байланысы, ұрпақтар үндестігі жоқтай, дүние тек осы адамдардан басталғандай) тағдырьш жеде-ғабыл жылдам көрсетуге, онда да шуақты жағынан, күнгей бетінен көрсетуге тиісті болды, демек, өмір шындығын біржақты бейнелеуге даңғыл жол ашылды.

Мұндай жағдайда әлеуметтік ортадағы, немесе кейіпкердің жан дүниесіндегі әр алуан шытырман шиеленістерді драмалық тартыстарды суреттеу мәселесі жазушы қиялының шенберінен өзінен-өзі шығып қалады. Сонан барып бірыңғай жеңіеке толы шығармалар дүниеге келеді. Әлем әдебиетінің бай тәжірибесі еске алынбайды. Тартыс жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамзалық, жетістік пен кемшілік араларында табиғи түрде етуге тиіс екені белгілі. Шығармадан ширыққан тартыс танылып тұру үшін, онда бейнеленетін өмір оқиғаларының күнгейлі, жаксылықты, жетістікті жақтарымен қатар, көлеңкелі, кеселді, кемшілікті жақтары да бүкпесіз көрсетілуі керек. Бірақ, өмір шындығын бұлай бейнелеуге, өкінішісі сол, отызыншы жылдары басынан-ақ өктемдігі өрши түскен идеологиялық диктат мүмкіндік бермеді. Ол идеология ақын-жазушылардан «социалдық қүрылыстың күнделікті міндеттерінің маңына көпшілікті үйымдастырып, партияға жәрдем етуді»2 (мұны сол уақыттың әсіре қызыл идеологы Ж.Сәдуақасов Қазақстан өлкелік партия.комитетінің пленумында 1932 жылы қаңтар айында айтқан) талап еткен. Сондай шақта, онда да социалдық құрылыстың ай сайынғы, жыл сайынғы емес-ау, күн сайынғы міндеттерін көпшіліктің қандай табыспен, жетістікпен, жеңіспен жүзеге асырып жатқанын дабырайта, ұрандата-үлғайта дәріптеу, яғни өмірдегі ақиқатты біржақты баяндау әдебиеттің төл ісі тәрізді (шынында, бұл кәдімгі ортақол баспасөз өнімінің сыбағасы, сұрқай да жағымпаз журналистиканың шаруасы емес пе?!) насихатталып тұрған тұста, қандай шығарма туралы сөз болмақ! Ал, тартыссыз шығармада қаһарманның мінезі тиісті дәрежеде ашылмайды, бірақ бейне ойдағыдай шықпайды.

Әдебиеттің табиғатына жат құбылысқа, мәселен, өрескел идеологиялық өктемдікке жол берілсе, онда көркем шығарманың бүкіл болмыс-бітіміне елеулі нұқсан келеді. Ондай кемшілікке Қарсақпай зауытына жұмысқа орналасқаннан кейінгі Нияздың өмірі өзек болған беттерден бастап «Жемістер» повесі де ұшыраған. Ең өкініштісі - повестің сөз болып отырған бөлігінен былай қарай көркем шығармаға емес, сол кездегі ортақол очерк үлгісіне ұқсап кетуі.

Қарсақпай зауытына жұмысқа орналасқаннан кейін көп ұзамай-ақ, Нияз, әміршіл-әкімшіл тәртіптің тұтқасын ұстап отырғандардың талабына сәйкес, Мәскеудегі рабфакқа екі жүмысшы жігіттің біреуі боп кете барады. Рабфакты мақтау қағазбен бітіргендерден тау-кен инетитутына студенттер алынады екен, солардың бірі болып Нияз тағы да жоғарғы оқу орнына қабылдана калады.

Ал, тау-кен институтын бітіріп, инженер-геолог болып туған өлкесіне оралған Нияздың алтын кенін ыждағатпен іздестіруімен катар, өндірістегі зиянкестерді де әшкерелеуге қатысуы, сөйтіп, социализм құрылысы өрістеген сайын тап тартысы да күшейе түседі деген «көсем» қағидасына лайық өз бағытын білдіруі қажет болады. Сондықтан ол Қарсақпай зауытында өткен митингіле сөз сұрап алады да, қыза сөйлеп: «Қазақстанның ескі басшылығыиың асыра сілтеушілік қателіктерін ана тұрғандардай зиянкестер пайдаланбақ болды. Пайдаланып та жүрді»,- дейді Нияз. «Ана тұрғандардай» деп қолымен көрсеткендері: «Семенов, Ахметов, Отар еді» (457-бет). Бұлардық үшеуін де Нияз митингіде сөз сөйлеген күннің кешінде ГПУ қызметкерлері алып кетеді.

Сонымен, Нияз 80 беттей повестін соңғы 25 беттей бөлігінде өзіне жүктелген өзғеше міндетті мүлтіксіз атқарып жүрген күйде көрінеді. Ал бұдан оның характерінің табиғи түрде толысуы да, іштей түлеп жетілуі де, сөйтіп, шығарманың бас қаһарманы ретінде біржола қалыптасуы да танылмайды. Бірақ повестің мазмүны сол кездегі саяси талапқа толық жауап беретіндігінде сөз жоқ.

С.Сейфуллин бұл кезеңдерде «Айша», «Сол жылдарда» (1935) повестерімен катар, «Біздің тұрмыс» (1932-1934 жж.) атты аяқталмаған романын жазды. Осы романда біраз көніл аударарлық жайттар бар. Ол - сол тұстарда каламгерлердің батылы бармаған жоғарғы қызметтегілерді сынау. Романның басты кейіпкері Аян Өлкелік партия комитетінің «көсемдеріне» жолығуға барады. «Аян крайкомға, Голощекинге жолықпак болып барып еді. «Сыпатаевтармен сөйлес», - деп Голощекин Аянмен сөйлеспейді. Голощекиннің бөлмесінен шығып келе жатып Аян ішінен: «Жүні түскен қияли қарт бура!»,- дейді. Сыпатаевтың бөлмесінің алдына келіп Аян ойланыңқырап тұрды: «Мұнымен не сөйлесем? ...Азсаң, тозсаң түзу жолға салады. Ақыл береді, қуат береді дерлік крайкомның басшысы Голощекин анау - бізбен сөйлесуді де керек деп таппады! Одан не қайыр, былтыр Шет ауданында партияның жолынан тысқары істер істеліп жатқанын айтып, орта шаруаларды бай деп жатқанын, малдың санын артық жазып алғандарын айтып жазған хатыма ешнәрсе істемеді, бұдан не қайыр?,- деді ішінен»1.

Осыдан кейін Сыпатаевтың кабинетіне кіріп, бір-бірімен аз-кем сөйлескен сәтте оның алдындағы телефон шылдыр ете қалды. Сыпатаевтың телефон тұтқасын алып, әлгі білімді шыраймен: «Да, да! - деген үні: «Тағы кім еқен бұл мазаны алған! Сөйле де, үніңді өшірші!» деген мағына бергендей көрінді Аянға. Аян ішінен: «Бұл үн төреліктің бір нәзік түрі ғой»1,- дейді.

Сол кездегі Қазақстанды билеушілерге барғанда Аянның көргені, ешкімге ашық айта алмай көңіліне түйгені, яғни төреліктің нәзік түрі деп өзін-өзі алдарқатқаны - мәселенің бергі жағы. Ал, оның арғы жағында төреліктің батпағына белшесінен батып, қарапайым халық өкілдерінің мұң-мүқтажына көңіл бөлуді, сөздеріне құлақ асуды әлдеқашан тоқтатқан дүлей диктатор Голощекин мен күнбағысша (айғабақша) қүбылған арамза партократ Сыпатаев тұр. Оның сондай екіжүзді залым екені - алғашқыда ақын Аянмен білімді пішінмен байсалды түрде сөйлесе бастаған сабырлы Сыпатаевтың, әлдекіммен телефон арқылы әңгімелесу үстінде нілдей бұзылып, оқыс өзгеріп, анау кісіге: «сөйле де, үніңді өшірші!» деп, әмір еткендей күйге кенеттен көшкен әкім Сыпатаевқа әп-сәтте айнала қойғандығынан айқын аңғарылады. Оның лезде бұлайша құбыла білгендігінен және бір жәйт белгі береді. Атап айтқанда, Қазақстанды билеушілер тобындағы әміршілдік-әкімшілдік ахуал бұрынғыдан да бетер асқынып, тоталитарлық тәртіптің темір құрсауы тарыла түсетін болса, жоғарыдағы Сыпатаевтың да сол төтенше жағдаймен жарыса, тіпті одан оза қимылдап, бұрынғыдан да басқа Сыпатаевқа, қандай тағылықтан болса да тайынбайтын партократ-бюрократ Сыпатаевқа тепе-тез айналатындығы да байқалады.

Сыпатаевтардың сондайларға апыл-ғұпыл айналып, белгілі бір кезеңде қорқау қасқырларша кимылдағанына тарих куә. Себебі, сондайлар кешегі отыз жеті-отыз сегізінші жылдары тек ақын Аян емес-ау, одан өзғе де талайтума таланттың түбіне жеткен. Сондайлар Сталиннің, Голощекиннің жергілікті жердегі жендеттеріне жеп-жедел айналған. Сондайлар «Біздің тұрмыс» тәрізді отызыншы жылдардың (тек 30-жылдардың ғана емес, одан бергі уақыттың да) өте өткір проблемасын, мәселен, әкімшіл-әміршіл жүйенің зұлмат зардабын қилы қырынан суреттеп, сол тұстағы тоталитарлық тәртіптің Голощекин, Сыпатаев сияқты «көсемдерін» кейінгі заман ұрпақтары: «дәл өзі» деп дереу танитындай түрде бейнелейтін шығармаларын аяқтатпаған.

Ол заман С.Сейфуллиннен басқа да бірталай ақын-жазушылардың шығармаларын аяқтатпады, олардың көңіліндегі көрікті ойларын сөз өнерінің құдіретімен өрнектеуіне мүмкіндік бермеді. Солардың арасында I.Жансүгіров те бартұғын. Әдебиетіміздегі осы бір ірі тұлға да, ең кемі екі кітап күйінде жоспарланылған кең құлашты, қыруар проблемалы үлкен романның бірінші кітабын ғана бітірді. Қазақ әдебиетінің көркемдік объектісіне айналмаған бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс тұсындағы қала тұрғындарының тұрмысы, 1916 жылғы маусым жарлығынан кейін соғыстың қара жұмысына жіберілген қазақтардың майдандағы ауыр жағдайы сияқты күрделі оқиғалар романда алғаш рет көрсетілген. Автор өзінің ой-мақсатын романның әр тарауында біртіндеп көркемдік кейіпке келтіріп, нақтылы жүйеге түсірген. Бірінші тарау негізінен алғанда Сатан (Сатыбалды) деген жігіттің Шалматай байдың үйінде жалшылықта жүрген кездегі тірлігін, хал-ахуалын бейнелеуге бағышталған. Ал, екінші тарау Сатанмен тағдырлас Мәмбет пен Мардан есімді жарлы-жақыбай жастардың басқа бір бай-болыстарда жалшылықта жүргенде бастарынан кешкен қорлығын, кісі есігіндегі өрескел халді суреттеуге арналған. Және аталған жігіттердің уақыт озған сайын тек бойы ғана емес, ең әуелі ойы мен айналасындағы дүниеге көзқарастары да, мінез-қүлықтарының кейбір қырлары да қалыптаса бастағаны шығармада реалистік тұрғыда көрініс тапқан. Әсіресе, әуеліде аңғалдау, өзгелердің сөзіне сенгіштеу Мәмбеттің, кейін «табандасқан жерде тартысқа белді, Кавказдың қара ала қанжарындай»1 өткір, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын өжет жігіт болғанын айқын аңғартқан.

Наши рекомендации