Емі және сараптамасы

Эпилепсия еміндегі аса маңызды принциптерге мыналар жатады. Ем мүмкіндігінше ауру үдеуінің және мида қайтымсыз органикалық өзгерiстердің пайда болуының алдын-алу үшін ерте басталуы қажет. Емдi үздiксiз және ұзақ жүргiзу керек, өйткені тырысуға қарсы дәрiлiк заттарды қабылдау тоқтатылғанда немесе тәулiктiк дозасы күрт төмендетілгенде тырысулық дайындық жоғарылайды және пароксизмдер жиілеуі, ұстамалар сериясының және эпилептикалық күй дамуына дейінгі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін. Ем кешенді, дертті үрдістің әртүрлі патогенетикалық звеноларына бағытталған болуы қажет. Терапия аса индивидуальды, әртүрлi симптомдарға, әр науқастағы ұстамалар жиiлiгiне, емдiк препараттарды көтеруiне байланысты жүргізілуі керек. Әртүрлi қосымша патогендi факторлардың пайда болуы мен әсерiнiң алдын-алу терапияның басты принципі болып табылады.

Эпилепсияны емдеуде әртүрлi тәсiлдер қолданылады, оларды кешенді қолданған дұрыс. Олардың iшiнде ең маңыздысы дәрiлiк терапия, диетоперапия, психотерапия, еңбек терапиясы болып табылады. Тырысулық дайындық жоғарылауын ескертетiн және науқас өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті ситуациялардың пайда болуын мүмкін емес ететін өмір жағдайын қамтамасыз ету қажет.

Дәрiлiк терапия антипароксизмальды заттарды тағайындаудан тұрады. Көптеген эпилепсияға қарсы препараттарды үлкен тырысулық ұстамалар кезінде және оның эквиваленттерінде қолданылатын, және кіші ұстамалар және олардың эквиваленттерінде қолданылатын препараттар деп дифференцациялауға болады.

Үлкен тырысулық ұстама емінің ең ертеден келе жатқан түрі фенобарбиталмен (люминал) емдеу болып табылады. Бұл препарат жеке тағайындалады (тәулiгiне 0,1-ден 0,3-0,4г дейiн) немесе басқа препараттармен қосып беруге болады (кофеин, бром және т.б.).

Үлкен тырысулық ұстамалармен науқастарды емдеуге гексамидин (тәулiгiне 1,5-1,75г дейiн), бензонал (тәулiгiне 1г дейiн), дифенин (тәулiгiне 0,7-0,8г дейiн), финлепсин (тәулiгiне 1г дейiн) препараттары кеңiнен қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі препараттардың комбинациясын қолданады.

Эпилепсиялық ұстамалар эквиваленттерінің терапиясы үшін триметин (тәулігіне 1,2 г дейін), этосуксимид (тәулiгiне 2г дейiн) және тағы басқа дәрiлiк заттар қолданылады.

Эпилепсиямен науқастардың ұзақ, үздіксіз терапиясы кезінде дегидратациялық терапия (әсiресе В тобының витаминдері), витаминотерапия тағайындалады. Науқастың қабылдайтын сұйықтық мөлшері тәулiгiне 1,5-2 литрге дейін шектеледі, ас тұзын қабылдау шектеледі, ащы, өткір тағамдар қабылдауға тиым салынады (бұрыш, қыша және т.б.). Сүт өсiмдiк диетасын тағайындау қажет.

Эпилепсиямен науқастардың психотерапиясы оларды өмiрге бейімдеуге, ауру дамуының тоқтауына және симптоматикасының регрессіне ықпал ететін барлық жағдайды жасауға бағытталған. Эпилепсияның әрқилы болып келетін клиникалық көрiнiсiндегі невроз және психопатия тәрiздi бұзылыстарды ескере отырып тұрақты рациональды психотерапия жүргізу жақсы нәтиже береді. Тынығу орта климаттық белдiкте ұсынылады.

Эпилептикалық күйді тоқтату. Эпилепсиялық статус дегенiмiз тырысулық ұстамалар бiрiнен соң бiрi жалғасып, олардың аралығында науқас санасы қалпына келмей коматозды күйде қалу жағдайы. Бұл адам өмiрi үшiн қауiптi, жиі өкпе, ми iсiнуі және науқас өлiміне алып келетін тыныс алу, жүрек-қантамыр қызметінің бұзылысы бақыланады. Сондықтан эпилепсиялық статуспен науқастың емі, ереже бойынша, реанимациялық бөлiмшеде жүргізіледі және ұстамаларды тоқтатуға және ағзаның өмiрлiк маңызды мүшелерінің функцияларын сүйемелдеуге бағытталған.

Үлкен тырысулық ұстаманы тоқтату үшiн тәулігіне 30 мг дейiн седуксен (бұлшық етке және көк тамырға), 2-4 мл-ге дейiн хлоралгидрат ерiтiндiсi (клизма түрінде) қолданылады. Бас iшiлiк қысымды төмендету үшiн жұлындық пункция жасап, 20-30 мл жұлын сұйықтығы алынады. Кей жағдайда басқарылып отыратын наркоз қолданылады. Ми iсiнуін қайтару үшiн дегидратациялық ем жүргiзiледi (лазикс, новурит, магний сульфаты).

Науқастың дерті мен жеке тұлғасының ерекшелiктерін, мамандығын ескере отырып еңбекке орналастыру аса маңызды болып табылады. Транспортта, қозғалғыш механизмдермен жұмыс, жоғары ауа температурасында, суда, отта және өкпенiң жоғары вентиляциясы бар жерлерде еңбек етуге тиым салынады.

Еңбектік, әскери сараптама ауру фактын және оның көріністерін анықтауға негiзделген. Ұстамалардың жиiлігіне, олардың сипатына, және де деменцияның айқындылық дәрежесіне байланысты науқастар еңбекке жарамды болып танылып, ал кейде сырттан күтім мен бақылауды қажет етуі мүмкін.

Тарау

КЕМАҚЫЛДЫҚ (олигофрения)

Олигофрения– (грек тiлiнен oligos – аз, phren –ақыл, аз ақылдық) клиникасында салыстырмалы түрде тұрақты интеллектуальды дамудың артта қалуымен көрінетін, әлеуметтік-еңбектік адаптацияның үлкен қиыншылықтарына алып келетін мидың экзогендiк зақымдануы, метаболизм бұзылыстары, туа пайда болған кемiстiктер, және де хромосомдық аномалияларға байланысты патологиялық жағдайлар.

«Олигофрен» терминi алғаш Э.Крепелин енгiзген.

Этиологиялық факторларына байланысты олигофренияларды үш топқа бөлемiз.

Бiрiншi топ - табиғаты) эндогендi олигофрениялар (ата-аналарының генеративтi жасушалардың толымсыздығымен байланысты), тұқым қуалаушылыққа байланысты (Даун ауруы, олигофренияның энзимопатиялық түрi, нағыз микрофацефалия және т.б.).

Екiншi топ – ұрыққа, құрсақтағы балаға әртүрлі зияндылықтардың әсерiнен пайда болған олигофрения (вирусты аурулар және интоксикациялар, сонымен қатар анасының алкоголизмi, токсоплазмоз), эмбриогенездiң ерте сатысында пайда болатын бас миы дамуындағы кемтарлықтармен және т.б.байланысты олигофрения

Үшiншi топ – асфиксиямен және босану кезіндегі жарақаттармен, ерте бас-ми ерте жарақаттарымен және нейроинфекциялармен байланысты олигофрениялар.

Қазіргі уақытта зат алмасудың тұқым қуалайтын дефектiне мысалыс, фенилкетонурияға көп көңiл бөлінуде.

Осы кезеңде олигофрения мәселелері әртүрлi бағытта қарқынды зерттелуде. Олигофренияның генетикалық аспекттері зерттелуде, алынған мәлiметтер нәтижесiнде этиологиясы мен патогенезiн анықтауға, және генетикалық аппаратқа әсер ету арқылы ақыл-ойдың жеткіліксіздігі дамуының алдын алуға мүмкiндiк туады.

Наши рекомендации