Дәрігерлік еңбек сараптамасы.

Трансмуральдық емес, айқын асқынулары жоқ МИ-де еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 60-80 күн құрайды, асқынулар қосылса, немесе МИ гипертония ауруымен қоса кездессе, онда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі 90-100 күн құрайды.

Асқынусыз трансмуральды МИ-інде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен 105-160 күн құрайды, инфарктың осы варианты асқынған болса, немесе ол гипертония ауруымен қоса кездессе, онда еңбекке жарамсыздық мерзімі 120-150 күнге дейін көбейеді.

Прогноз:

Прогноз әр уақытта қауіптіжәне ол ауырлық класына тәуелді болып келеді. Ауру болжамы некроздың тереңдігі мен ауданына, МИ даму ерекшеліктеріне (қайталамалы, қайталаған инфаркт т.б.), асқынудың түріне, науқас адамның жасына, қосымша ауруларға, мезгілінде және тиісті жасалған ем мен реабилитацияға тәуелді болады.

Профилактикасы.

МИ екінші ретті алдын алу шараларына жатады: 1) негізгі қауіпті факторларды түзеу (шылым шегуді доғару, АГ емдеу, гиполипидемиялық дәрілерді қолдану т.б.); 2) антиагреганттарды қабылдау (аспирин, дипиридамол); 3) трансмуральды инфарктіден (Q – инфарктіден) кейін іштей симптоматикалық белсенділігі жоқ бета-блокаторларды (метопролол, пропранолол), Q – тісшесі жоқ МИ – верапамил мен дилтиаземді қабылдау.

10.Созылмалы ревматикалық ауру.Этиопатогенезі.Митральдық қақпақшаның жеткіліксіздігі. Гемодинамикасы.Митральдық қақпақшаның жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісі. Митральдық қақпақшаның жеткіліксіздігінің диагностикасы және емі.Диспансеризациясы. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Алдын-алу. Болжамы.

Жедел ревматизм қызбасы (ЖРҚ)– бұрыннан бейімділігі бар адамдарда, ең алдымен балалар мен жасөспірімдерде А тобының b-гемолитикалық стрептокогі тудырған тонзиллиттің (баспаның) немесе фарингиттің дәнекер тінінің жайылмалы қабынуы түріндегі инфекциядан кейінгі асқынуы.

Этиологиясы:А тобының b-гемолитикалық стрептококк.

Патогенез:Иммундыққабыну мен иммундыпатологиялықпроцесстератқарады. Еңбелсендіәсерді стрептококк антигені мен стрептококқақарсыантиденелеркөрсетеді.

Митральды қақпақша жетіспеушілігі:Гемодинамика. Митральдық қақпақ жармаларының толық қабыспауының нәтижесінде систола кезінде қанның белгілі бір бөлігі сол жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге оралады (митральдық регургитция). Мұның өзі сол жақ жүрекшенің қалыпты күймен салыстырғанда қанмен толуын көбейтеді. Бұған жауап ретінде сол жақ жүрекшенің тоногендік дилатациясы мен гипертрофиясы дамиды. Сол жақ жүрекшенің қанмен толуының көбеюі сол жақ қарыншаға келетін қан көлемін көбейтеді, мұның нәтижесінде сол жақ қарыншаның дилатациясы мен гипертрофиясы дамиды. Сол жақ қарыншаға көрсетілетін кедергі көп болмайтындықтан сол жақ қарыншаның дилатациясы оның гипертрофиясынан басымдау болады.

Клиникасы: шағымы: ентігу, жүрек соғу, тез шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі.

Диагностика:

Анамнезінде:фарингит, тонзилит, іріңді отит;

Перкуссияда: жүрек шектерінің солға және жоғарыға кеңуі;

Аускультацияда:Жүрек ұшында І тонның әлсіреуі немесе жойылып кетуі; өкпе артериясындағы гипертензияға байланысты өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті және оның жарықшақтануы; жүрек ұшында ІІІ тонның пайда болуы;

Қосымша зерттеу әдістері:

ЖҚА: ЭТЖ жоғарлауы; СРБ анықталуы; гиперфиброгенемия; S және O- стрептолизин титрінің өсуі;

ЭКГ:сол жақ жүрекшенің, сол жақ қарыншаның және оң жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері анықталады.

ЭхоКГ: І топ белгілеріне алдыңғы және артқы жармалардың қозғалысында дискорданттылық болу, алдыңғы жарма қозғалысының жылдамдығының артуы (қалыпты күймен салыс-тырғанда), алдыңғы жарманың фиброз белгілері (кейде кальциноз да болады) жатады.

Сол жақ жүрекше мөлшерінің және сол жақ қарыншаның диастолалық мөлшерлерінің өсуі, қарыншааралық перденің жиырылу амплитудасының ұлғаюы.

Емі: Антибактериальды терапия, стероиды емес қабынуға қарсы препараттар, бициллинотерапия, хирургиялық ем;

Диспансеризация: Ревматолог бақылауында болады. Жылына 2 рет (күз және көктем мезгілінде) рецедивке қарсы ем жүргізіледі.

Дәрігерлік еңбек сараптамасы:ревматизм қызбасының активтігіне (активті процесс кезінде науқас адам еңбектен босатылады), қан айналысы жетіспеушілігінің дәрежесіне қарай шешіледі. Қан айналысы жетіспеушілігінің ауыр түрінде науқас адамға МӘСК жолдама береді.

Профилактика:Біріншілік: инфекция ошағының санациясы. Екіншілік: күз және көктем мезгіліндегі бициллинотерапия.

Болжамы:Ревматизмдік қызбаны ерте анықтаса және жүрек ақауына мерзімінде коррекция жасалса болжамы жағымды.

11.Жүректің ишемия ауруы (ЖИА)– коронарлы артериялардағы патологиялық процесстер нәтижесінде миокардқа қан жеткізілуінің азаюына немесе толық тоқтауына байланысты жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануы.

Тұрақты (стабильды) күш түсу стенокардиясы-миокардтың оттегіге қажеттілігі мен коронарлы артериялардың оттегі жеткізілуі арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды.

Түскен күш деңгейіне қарай функциональдық кластарға (ФК) бөлуге мүмкіндік береді (Канаданың жүрек-тамыр қоғамы, 1976 ж;).

ФК белгілері

I Науқас адам әдетте түсетін күшті жақсы көтереді. Стенокардия ұстамасы шамадан тыс күш түскенде байқалады. Стандартталған велоэргометриялық сынамаға төзімділік (толеранттылық) жоғары: меңгерілген күш қуаты (W) 750 кгм/мин. (125 Вт) төмен емес. Оттегіне қажеттілікті көрсететін қос көбейтінді (ҚК) 278 кем емес. (ҚК = ЖЖЖ х АҚҚ сист./100).
II Дене қызметінің (түсетін күштің) аздап шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамасы тегіс жермен 500 м артық жүргенде немесе бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде пайда болады. Стенокардия ұстамасының пайда болу ықтималдығы салқын ауада, желге қарсы жүргенде, эмоцияның көтеріңкі кезінде немесе ұйқыдан оянғанның алғашқы сағаттарында арта түседі. W = 450-600 кгм/мин. (75-100 Вт); ҚК = 216-277.
III Әдеттегі дене қызметінің анағұрлым шектелуі. Стенокардия ұстамасы қалыпты жылдамдықпен тегіс жермен 100-500 м жүргенде, бір қабат биіктікке көтерілгенде пайда болады. W = 300 кгм/мин; ҚК = 157-215.
IV Стенокардия денеге шамалы күш түскенде, тегіс жермен жүргенде 100 м аз қашықтықта пайда болады. Стенокардия ұстамасы тыныш күйде де болады.

Наши рекомендации