Статистикалық мәліметтер
Суицид және аутоагрессивті тәртіп мәселесі қазіргі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі. Статистика бойынша жер шарында 600 мың адам жыл сайын өзіне –өзі қол жұмсайды. Соңғы онжылдықта жастардың арасындағы өзін-өзі өлтіру 3 есеге өсті. Суицидтің негізгі себептері: ата-анасымен және өзімен жасты баларлармен қақтығыс, жауапсыз махаббат, болашақтың алдында қорқыныш сезімі, жалғыздық. Жыл сайын әрбір он екінші жасөспірім 15-19 жас аралығында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Ресейде жастар арасындағы суицид көрсеткіші 100 мыңның 20 % құрайды, бұл әлемдік көрсеткіштен орташа есеппен 2,7 есе жоғары.
Қазақстан суицидтер санынан алғашқы орында. Әлемде орташа алынған мәліметтер бойынша 9-шы орында. Жылына жержүзінде миллионға жуық адам өз- өзіне қол жұмсаса, оның сегіз мыңы – қазақстандықтар және олардың көпшілігі еңбекке қабілетті жаста.
Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән.
Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады.
Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды.
Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» (7/30-б) десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері»
әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
2. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях,
А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
3. С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
4. Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)
5. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)
6. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)
7. Елбасының халыққа жолдауы. (55 бет)
8. «Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салу мәселесі». Мектептегі психология
журналы №4 (28), 2010. (13 бет)
9. «Ауытқуш мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы
№3, 2006. (29 бет)
10. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)
11. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999. ( 23 стр)
12. Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000.
(45 стр.)