Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу

Биологиялық статистика – биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Статистика деген латынша «stato», ал қазақша «жағдай» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде ғалымдардың көбісі статистикаға мынадай түсінік береді: «Статистика – жеке қоғамдық ғылыми бағыт, ол қоғамдық құбылыстардың сандық және сапалық өзгерістерінің өзара байланысын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Статистиканың негізгі міндеті – зерттелетін көріністердің өзгерістеріне алып келетін себептерді анықтау. Ал оны анықтау үшін зерттелетін көріністердің бақылау саны жеткілікті және көп санды болуы тиіс. Статистиканың салалары өте көп. Мысалы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық статистикасы, т.б. өндірістерге байланысты бөлімдер. Ал медициналық (санитарлық) статистика дегеніміз гигиена және денсаулық сақтау мәселелерін зерттеуде қолданады. Медициналық статистиканың 3 бөлімі бар:

1) денсаулық статистикасы;

2) денсаулықты сақтауды басқару статистикасы;

3) клиникалық және эксперименталдық зерттеулер статистикасы.

Денсаулық статистикасының негізгі тармақтарына:

- демография статистикасы;

- аурушаңдық және мүгедектіктің статистикасы;

- өсу және даму статистикасы жатады.

Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді:

- емдеу-алдын алу мекемелерінің статистикасы;

- санитарлық және эпидемияға қарсы күресетін мекемелер статистикасы;

- әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелердің статистикасы;

- балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы;

- медицина қызметкерлерінің статистикасы жатады.

Дәрігерлер және медицина саласының ғылыми қызметкерлері халыққа емдеу жәрдемін жақсартуға, аурудың алдын алу жұмыстарын атқаруға қажетті мәліметтер алу үшін статистикалық зерттеулер жүргізуге мәжбүр болады. Сондықтан дәрігерлер статистикалық зерттеу жүргізу, статистикалық мәліметтерді дұрыс пайдалану, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын талдау әдістерін білу қажет.

Статистикалық зерттеулер 5 кезеңге бөлінеді:

1. Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;

2. Мәліметтер жинау;

3. Мәліметтерді өңдеу және топтастыру;

4. Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;

5. Зерттеудің нәтижелерін іс жүзінде енгізу.

Статистикалық зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау – зерттеудің негізгі мақсаты мен қойылған міндеттерді анықтаудан басталады. Ал жоспарда мақсатқа жету үшін қандай міндеттер, жұмыстар атқарылуы керек екені белгіленеді. Біріншіден, зерттеу немесе бақылау объектісі анықталады. Мысалы, халық денсаулығына әсер ететін жағдайларды білу үшін бүкіл республика халқын зерттеу объектісі деп аламыз. Мұны жалпы статистикалық жиынтық дейді. Ал, статистикалық жиынтық дегеніміз белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы. Статистикалық жиынтықтың 2 түрі бар: 1) жалпы; 2) іріктілген немесе таңдамалы.

Бақылау санының мөлшерін білу үшін арнайы есеп жүргізудің 2 жолы бар:

1) Егер зерттеудің нәтижесі орта мөлшермен көрсетілетін болса, онда таңдамалы жиынтықтың көлемі мынадай формуламен анықталады:

Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу - student2.ru (1)

мұндағы n – бақылау саны; t – сенімділік коэффициенті (егер қатесіз болжамды P=95% деп алса, t=2-ге, егерде қатесіз болжам P=99%-ға тең десек, онда t=3-ке деп алынады); Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу - student2.ru - орта квадраттық ауытқу, ол осындай зерттеулердің қорытындысы шығарылған деректерден алынады немесе аз санды бақылауды жүргізу барысында есептеп шығарады. Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу - student2.ru - ең жоғары дәрежеде жіберілетін қателік, ол 5%-дан аспау тиіс.

2) Егер зерттеудің нәтижесі салыстырмалы мөлшермен көрсетілетін болса, онда таңдамалы жиынтықтың көлемі мына формуламен есептеледі:

Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу - student2.ru (2)

Бұл жерде Р – пайызбен берілген көрсеткіштер, q=100%-P болғанда шығады.

Статистикалық жиынтық бақылау бірліктерінен тұрады, оларды арнайы әдіспен қалыптастырады. Әрбір бақылау бірлігінің бірнеше сипаттамасы болады, алайда тіркеуге тек зерттеудің мақсатына жетуге қажетті белгілері ғана алынады. Тіркелінетін белгілерді 2-ге бөледі:

1) сапалық немесе атрибутивтік белгілер жазбаша түрде белгіленеді. Оған адамның жынысы, қызметі, аурудың аты мен белгілері, емдеу нәтижесі, тұратын жері, т.б. жатады;

2) сандық белгілерді цифрлармен көрсетеді. Оған адамның бойының ұзындығы – см, жасы – жылмен, салмағы – кг, емделу ұзақтығы – күнімен есептеу және т.б. жатады.

Әрбір сандық белгілер мөлшерін «варианта» дейді де «V» әріпімен белгілейді. Зерттеулер жүргізілгенде дәрігер зерттелінетін құбылысқа әр түрлі белгілердің әсерін анықтауы қажет. Сондықтан да белгілерді факторлық және нәтижелікдеп бөледі. Факторлық белгілерге басқа белгілердің нәтижесіне әсер ететін белгілер жатады. Мысалы, баланың жасына сәйкес бойы өседі (жасы – факторлық, ал бойы – нәтижелік белгі).

Статистикалық кестелердің 3 түрі бар:

1. Жай статистикалық кесте – бір статистикалық бастауыштан тұрады, барлық мәліметтер бір белгімен алынады.

1-кесте.

Емдеу-алдын алу мекемелерінде тіркелген аурулардың саны (1998 жыл)

Аурудың түрі Науқастардың саны
Ісіктер Қан айналымы жүйесінің ауруы Тыныс ағзаларының аурулары Ас қорыту ағзаларының ауруы Барлығы 220 823 808 728 2 024 143 891 122 3 944 816

2. Топтастырылған статистикалық кесте – бір статистикалық бастауыштан және бірнеше бір-бірімен байланыссыз статистикалық баяндауыштан құралады.

2-кесте.

Наши рекомендации