АлаштыҢ алҒашҚы ҚҰрбанына 7 страница

Қожа-молда алдына барып сабақ алу, намаз, құран оқып құдайға жалбарыну да Қартқожаны кедейліктен, зорлықтан құтқара алмайды. Ендігі оның арманы - орысша оқу болады. Жүсіпбектін халықты ағарту ісін бірінші орынға қойып, орысша оқу арқылы мал табу, күн көрісті жеңілдету қажеттігін ұстанғаны осыдан көрінеді. Ол ауылда тап бар, әділетсіздік күшті, өз бетіңше білім алып ізденбесең, одан сені құдай да құтқара алмайды дейді. Қартқожа білген ескіше дін оқуын, оның молдалығын суреттей отырып жазушы: «Осының бәрі қанша көп білім болса да, көп еңбекпен табылса да, не әкесін, не өзін қорлық-зорлықтан арашалауға бір тиындай да пайдасы болмады. Қартқожа талай қынжылғанда бар ынтасымен намазды бажайыңа келтіріп оқып, құдайға жалбарынып көрді. Одан қала берсе, пайғамбардан, шадиярдан, әулие, машайықтардан да медет тілеп көрді. Олардың бәрінің құлағы керең болды білем, бірі де дұғасын естіген жоқ, бірі де медетінен қарайласқан жоқ. Қайдан қарайласады, өздері де әлдеқашан топырақ болып, жоғалып кеткен», - деп жазады (28-6). Бұл жолдардан Жүсіпбектің дін атаулыға, оның схолостикалық біліміне деген көзқарасы таыылады. Ол діни жалған ұғым-түсініктерді жоққа шығарады, астарлы тілмен шенейді. Әділдікті жақтамаған құдайды «құлағы керең болды білем» деп кекету немесе «өздері дс әлдеқашан топырақ болып жоғалып кеткен» деп аруақтарды әжуалау осыны аңғартады. Мұның ар жағында «өзі мықты болса, неге топырақ боп жоғалып кетеді?» деген сұрау да тұр. Бұдан кедейлік пен жоқшылықты құдайдан көріп, күйзелген кезде оны сыбап алатын қазақтың мінез-құлқы да танылады.

Қартқожаның орысша оқуға құмартатыны да осыдан. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысына, сезім күйіне үңіле отырып, оның өзі көрген орысша оқыған жастар жайлы ойларын суреттейді. Ол Әбділда періуатчиктің (переводчик-аудармашы-тілмаш. С.Қ.) орысшалап-орысшалап стражникті «жеңіп» кеткеніне сүйсінеді. Уфа медресесі шәкіртімен, Жүніспен кездесу де оның оқуға құмарлығын арттырды. Бәріне де ол қызығады, солардай болуды армандайды. Бірақ, жоқшылық, тұрмыс тауқыметі оны уысынан шығармайды, ол аңсаған оқуына кете алмайды.

Қартқожаның шындықты, әділдікті тануы жолында 1916 жыл оқиғаларының маңызы бар. Әуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. Өйткені, жасын өсіріп жазып, болыс оны майданның қара жұмысына алуға жазып қояды. Осы бір көтерілісшілермен бірге болған күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Бұрын ауыл маңынан үзамаған бала көп ішінде жүріп, халықтың әрқилы тобын олардың мінез-қүлқын, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған әділетсіздігін, зорлығын кәреді. Соған қарсы батыл қол көтерген Дәрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біле алаштыҢ алҒашҚы ҚҰрбанына 7 страница - student2.ru ді. «Дүниеде болыстан жауыз жан жоқ... Дәрмен біліп жүр екен. Өлтірер ме еді», - деген ой Қартқожа басына сонда келеді.

Бірақ құр ызаланғаны, кектенгені болмаса, Қартқожа ондай кек алу жолына шыға алмайды. Көтеріліс басылып, өзі солдатқа алынып кете барады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін жаза тартып, бар малынан айырылып, сорлы әке қала береді.

Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан - солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген ортада жаңа өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себепші болған Андрейді ол өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан қулауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз, білімсіз өмір сүру мүмкін еместігін ұғынады. Қол қысқалықтың қырсығынан ара-тұра кәсіп қуа жүріп (Баян, Семей, Омбы арасында), ол оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі қашқан ақ әскерлерінің қылықтары оның әділет, бостандық туралы ұғымдарын толықтырады. Осылардың нәтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді. Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, іске шақырады. Бұрын өз қамы, қара басының кедейліктен құтылуын ғана аңсаған, армандаған Қартқожаның халықты надандыққа қарсы, қара басының қамын ойлауға қарсы шақыруы - оның жаңа заман рухын қабылдағанының белгісі. Ескіні күштеп қиратып, жаңаны мықтап тындырып жаткан қаһарман әрекеті көрінбегенмен, Жүсіпбек Қартқожалардың өмір талқысынан өтіп, әділдік жағын табуын, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ әдебиетіне жаңа қаһарманның келгенін әйгілейді. Оның істейтін ісі әлі алда еді.

Қартқожа бейнесін жасауда Жүсіпбек кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашуға, оның басынан өткен жайлар арқылы күйініш-сүйініш сезімдерін суреттеуге көбірек көңіл бөлетіні жоғарыда айтылды. Романның соңғы бөлімінде де жазушы Қартқожаны революциядан кейінгі аласапыран оқиғалар легінде ұстайды. Өмір тартысы тудырған сұрақтарға тап етіп, оған жауап іздетеді. Мысалы, «разверстка» кезінде мал жинау ісімен байланысты жүзеге асқан зорлықты, асыра сілтеуді қоспасыз әңгімелей отырып, байлардың малын алу науқанын бүкіл халықты тонауға айналдыру фактісін көз алдына келтіреді. Белсенділердің қолымен жоспарсыз, ретсіз жүргізілген осы науқанның 1920-1921 жылдары елді аштыққа жеткізгені жайлы ойлатады.

Осының ар жағында Баяннан Семейге бара жатқан Қартқожаның көзімен жазушы сондай зорлықтардан кейін малы азайып, күн көрісі әлсіреп, жүдеу тартып қалған елдің суретін береді. Елдің малдан, жерден, көліктен айрылғанын көз алдынан өткізе отырып, Қартқожа ел, мал тағдыры туралы ойланады. «Қайтқан дәулет кайта тағына қонар ма? Төгілген шара кемеліне келер ме?.. Отырықшы болып, егін салып, кәсіпке көндігу қазаққа не берер екен? Отырықшы болған ауылдағы үйлер оған боқтың арасынан көзі жылтырап, еңсесін түсірген «тірі мола» сияқтанып көрінеді, Әрі малдан айырылып, әрі егіннің тілін біле алмай, әрі сайманға, көлікке жарымай, итшілеп, азып-тозып бара жатқан жоқ па? (131-6).

Қартқожа ойы арқылы жазушы сол кезде күн тәртібіне қойған бұл мәселелердің қазақ халқының кейінгі тағдырында талай талқыға түскенін, әлі де толық шешімін таппай талай елді ойландырып келе жатқанын ескерсек, Жүсіпбектің ел, жер тағдыры туралы ойлары көрегендіктен, ойшылдықтан туғанын аңғару қиын емес. зорлықпен малынан айрылып, малға сүйеніп өскен халықтың аштан қырылуы бір емес, екі қайталанғанын көрген ел - жазушы ойларының қазақтың болашағы үшін маңызды болғанын түсінеді. «Семейге таянғанда қалың-қалың мал ұшырай бастады: өңкей қара мал. Табыншылардан «бұл кімнің малы?»-деп сұрайды.. «Қазынанікі» дейді. Малдары мал сияғы жоқ. Арық, қотыр, жаман-жәутік.

- Малдарың тұра алмайтын арық. Күз болса - мынау, енді қашан оңалады? - деп сұрайды.

- Қазынаға осы да жетер, - дейді бақташылар.

....Қартқожа танымал ел кісілерінен сұрағанда айтатыны:

- Қазынаға тұяғы барса болғаны да. Елдің қуларынан малға басшы сайлаған соң мал оңушы ма еді? Семіз мал, ірі қараның бәрі айырбасталып біткен шығар, жұрт жаман-жәутігін сойып алып қалып жатыр.

- Қазына біліп қойса, оңдыра ма?

- Қайдан білсін! Таңбаны өзінікіндей ғып жасатып алады, бір жақсы жері - қазына малдың ұлы-кішісін есептемейді екен, тұяғын есептейді екен. Өлген малдың терісін керсетсе, бүртокол қылса болады екен. Елден тері қоятын емес, былтырғы терілер жарап кетіп жатыр, Бүртоколге мөрін басып, ауылнайларға дач теріс болған жоқ»-деседі.

Малдың алуын білсе де, іс қылуын білмеген екен! Мал кім көрінгеннің қолында кетіпті. Не елге, не қазынаға пайда келтіре алмай есіл малдың бейберекет болғанына Қартқожаның жаны ауырады. Амал не?» (132-6).

Белсенділік, асыра сілтеу саясатының қазак ауылын жүдетуге жеткізгенін Жүсіпбек осылай нақты суреттер арқылы ашады. Алайда, ол бұрмалаушылықтарға карамастан елдің совет тілегінде екенін көре біледі. «Лауды, шығынды байларға салып жатыр. Кісідегі ақымызды алып, теңдік көрдік. «Соқырдың тілегені екі алаштыҢ алҒашҚы ҚҰрбанына 7 страница - student2.ru көзі» емес пе? Некен-саяқ жолсыздық болмай тұра ма? Не дегенмен, бұрынғы жоқ қой», - деп жұбатады ел өздерін. Жазушы жолсыздықтарды сынай отырғанмен, жаңа өкіметтің негізгі саясатын кедейлерді теңдікке қосқанын жақтайды.

Роман Омбыда оқуын жалғастырған Қартқожаның елге оралып ұстаздық қызметке жеткенін қуана суреттеумен аяқталады. Бала оқытып, елдің сауатын ашып, сүйген Гүлсіміне қосылған Қартқожаның бақытына ортақтас сезім білдіреді. Ол ауылды жаңарту жолындағы істің басында болады.

Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды-арты, өскен ортасы, айналасы тәп-тәуір ашылған. Өмір жолында, әр қилы жағдайларда Қартқожа кездескен, істес болған адамдар ішінде Дәрмен, Андрей, Хасен, Полидуб, Жайдархан, Біргебай, қойшы, Сұлтанмахмұт ақын сияқты кейіпкерлер эпизодтық суреттердің өзінде жанды әсер қалдырады. Дәрмен бейнесінде қазақтың ер жігіттеріне тән мінездер - серілік, әншілік, батырлық, әділетсіздікке қарсы күрескерлік түйіндескен. Ол- халықтың арман-мұңын арқалаған, соның жолында құрбан болған ер.

Андрей, Полидуб бейнелері арқылы жазушы қиын күндерде Қарткожаға қол үшын берген орыс халқының туысқандық сезімін бейнелейді. Окоп жұмысында бірге болған Андрей қазақ жігітінің оң-солын тануына, саяси сауатын ашуға көмектессе, Полидуб Омбыда қаңғып қалған Қарткожаны оқуға түсіруге, інісі мен қарындасын орналастыруға көмек береді. Қайырымды орыс адамын жазушы Жайдархан сияқты мейірімсіз қазаққа қарсы қояды. Ақшасын киімін ұрлатып, «оқыған жігіт қой, көмектесер» деген үмітпен барған Қартқожаны Жайдархан қуып шығады.

Сонымен қатар романда қазақ халқын бұратана санатып, оны қатарға алғысы келмейтін патшашыл орысшылдықтың өкілдері де кездеседі. Ауылдың надан қазағына әр нәрсенің жөнін түсіндіру орнына қол жұмсауды Қартқожа майданда да кездестірген еді. Қазак жерінде оның әріптестері Баянның казак-орыстары, Семей губкомының бастығы Иванов бейнелері арқылы көрінеді. Қазақтарды ығыстырып, шұрайлы жерлерді иемденген Баянның казак-орыстары қазақшаға судай бола тұрып, қулық-сұмдықты да көп білетіні, бәрі де байып, қазақтарды малайлыққа ұстап, ондағы он болыстың уряднигі, тілмашы, приставы, адвокаты солардан шыққаны жайлы деректердің тарихи негізі бар. Кейін революцияға қарсы болған осы топтың ұлы орысшылдық мінезін жазушы әдемі ашады. Қарткожаның «Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келетіні» осыдан. Бірақ ел «орыстан көрген жақсылығын да ұмытпайды, орысты бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтарға қазақтың неше Жайдархандарын кұрбан еткісі ке-леді» (142-6).

Қартқожаның Сұлтанмахмұтпен кездесуі де тартымды суреттелген. Бұл - Сұлтанмахмұттың Семейден кетіп, Баянға келген, науқас кезі. Қартқожа келердің алдында Керекуге барып келген ақын большевиктерді көргенін әңгімелеп, олардың тұтынған жолын, идеясын, кедейге қамқорлығын ризалықпен әңгімелейді. Сұлтанмахмұт әңгімелері Қартқожаға рухани демеу болғаны байқалады.

Жүсіпбектің реалистік өнері романдағы халық тұрмысының кең жасалған суреттерінен танылады. Қартқожа өмір кешкен ортаны ашу мақсатымен қазақ аулы тұрмыс-тіршілігінің әр қилы көрінісін ұсынады, әрбір құбылыстың, суреттің артында автордың қоғам мен адам жайлы ойлары тұрады. Сол арқылы ол өз кейіпкерін ойландырады, оқырманды да толғанысқа жетелейді. Тіршіліктің қиындығын жазушы адамдардың әрекетсіз бос белбеу өмірімен байланыстыра қарайды.

Кедейдің барлы-жоғын жұтатқан қыс суреті жазушының шебер қолымен жасалған. Ол жайсыз табиғат көріністерін көз алдыңа жайып салады. «Күн құлақтанып,. шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста күн батыстан шатынаған, шақиған, жалғыз кәзді жан алғыштай жаман, жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап кәкке өрлейді, жел қасарып, темір қазықтан таймай, ызғырады да тұрады» (35-6).

Жазушының жұт боларын алдын-ала болжаған халық бақылауын суреттеуі де қызғылықты. «... Шөптің шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бидай бас, көті бас қаптап кетті. Тышқанның шеп жинауы бұзық, іннің төңірегін тап-тақыр қып тастапты. Қүмырысқаның илеуі ортасы шұқырайып кетіпті. Сиыр далаға түнеп жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. Жылқы аңырайып тыраңдап жатпайды. Малдың ындыны құрып барады... «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты» (Сонда).

Жүсіпбек реализмі ел тіршілігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттеуіне негізделеді. Қартқожаның көтерілісшілер ортасын-да болған кездегі көргендері, жасақтың жиналып тау арасында босқа жатқан күн көрісі жалпы көшпелі елдің бейжай, берекесіз тіршілігін еске салады. Біреулер уақытты қалай өткізерін білмей ұсақ-түйекпен алданса, енді біреулер тамақ аңдып таласып-тармасып жатқаны, өз басымен ойлап, жоспарлы күрес жүргізіп, ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Жиналғандар не істерін білмейді. Осындай берекесіз тіршілікке, рулық талас-дауларға алданған жұрттың жеңіске жете алмай, ыдырауы да заңды еді. Қартқожа осыны көреді. Ыдырыс қажы аулында да ол дағдарған елдің «тасаттық» беріп, босқа шығынданып жатқанына, молданың өз құлқынын көздеген шариғаттың алдамшылығына куә болады. «Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың «жақсылардың», «адамдардың» түрі анау, мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп барады. Жүздеген жауыздар масайрап, тамақтаи басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды қүрбан етеміз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Әділет, теңдік, адамшылық қайда?» - (87-6) деп ойлайды Қартқожа.

Роман жанрындағы алғашқы туындылардың бірі болғандықтан «Қартқожада» жазудың үйреншікті қалпы сақтала бермейді. Ол кезде үлкен прозада қалыптасқан стильдің өзі де жоқ болатын. Сондықтан Жүсіпбек қазақтың әңгімешілдік дәстүрін негізге ала отырып, құбылысқа жазушы көзімен, бейнелілікпен қарайды, көріністі суретке түсіреді, адам тағдырын қазық етіп ұстап, соның өсу жолын, ортасын кең суреттеуге ұмтылады. Кейіпкерлерінің күйініш-сүйініштеріне көңіл аударады. Мұның бәрі, түптеп келгенде, қазақ әдебиетіндегі романдық ойлауды қалыптастырады. Жазушы өмір қиындығын штампқа салмай, қарапайым, шынайы күйінде суреттейді. Оның кейде әңгіме тақырыбын екінші мәселеге бұруының өзінде «Елде ес жоқ. Ел мас. Маужыраған елдің ішіие кіріп не қыламыз! Ұйқымыз келер. Басымыз ауырар. Ардақты оқушылармен бірге серуендеп дөң басына шығып бой көтерелік» (40-6). Осыдан қазақтың қысқарта сөйлеу дәстүрінің әсері байқалады.

Жазушының бір кейіпкердің тағдырын, өмірін қуып кетуі ондағы бүкіл оқиғаға қатысушыларды кең, жан-жақты ашуға бөгет жасап, автор басқа әңгімені қысқа қайырып, негізгі жүйеге қайыра береді. Содан барып, Қартқожадан басқа кейіпкерлер эпизодтық тұрғыда көрінеді. Бұған кең салалы, көп жоспарлы роман жасау дәстүрінің әлі де қазақ әдебиетінде жетіле қоймағаны себеп. Қартқожаның шыққан ортасына байланысты суреттер болмаса, оларды езіп-жаншып, жоқшылыққа мәжбүр етіп отырған бай-болыстардың толыққанды бейнелері жоқ.

Романның тілі, суреттеу құралдары Жүсіпбектің суреткерлігін, тіл байлығын, өмір құбылыстарын бейнелеу жолымен танитынын көрсетеді. Мұны жоғарыда келтірілген үзінділерден көруге болады. Жазушының адамды суреттеуінде де, портрет жасау әдісінде де ұзак сүре баяндаушылық жоқ, қысқа жасалған портреттік суреттердің өзі характерді ашуға кемектеседі.

«Бетінен майы шыққан, ақ жарқын мес мұғалім облыстық комитетке ресми түрде қатынас қағаз жазып, сүзеген бұқа тәрізді, мұрты түксиген, жұқа қабақ мұғалім газет оқып отырғанда, қутыңдаған қунақы зиялы жігіт жайтаңдап кіріп келді» (110-6).

Сыртқы портреттік суреттерді автор олардың ұскынын ішкі ойларымен, іс-әрекетімен байланыстыра қаравды. Іс-әрекет ойымен, психологиялық күймен тұтастықта ашылады. Автор сонымен қатар, жеңіл әзілге шебер. Кейде әзіл кекесінге айналып та кетеді. Астарлап, тұспалдап сөйлеуді де пайдаланады. Эпизодтық кейіпкерлердің жазушы кейде аты-жөнін атамай, жоғарыдағыдай, сыртқы белгілерімен айыра суреттейді.

«Аласақал тасбиығын сыртылдатып, оң қолына ала жабағының ала жібін ұстап, ...«тәлел» оқи бастады» (39-6).

«Терезеден қараса, подвалға түсіп жатқан бір бөксені көреді. Үйден «қазақ, қазақ» деген дауыс шыққанда, бөксе басын суырып алды» (117-6).

«Бөксесі» - Қартқожа аулының болысы. Семейге большевиктер келіп, бай-болыстарды ұстай бастағанда, сонда жүрген болыстың тығылған түрі - осы.

Роман тілінде қазақ арасына сол кезде кіре бастаған орыс сөздері көп. Оны Жүсіпбек сол кездің атмосферасын беру үшін әдейі пайдаланады. Кейде ол қазақша баламасы бар орыс сөздерін де сол қалпында алады. Мысалы, оның ұғымындағы мектеп - ескі оқу орны да, үшкол (школа) - орысша оқыту орны. Мұғалім - қазақ оқытушысы да, ошител (учитель) - орысша оқытушы. Бүгін солардьщ бәрі бір мағынада қолданылғанмен, ол кезде екі түрлі ұғымды білдірген.

Мұның бәрі - «Қартқожа» романының кезінде қазақ әдебиетіне жаңа құбылыс болып кіргенін, оның осы жанрдағы әдебиеттің төл басы екенін дәлелдейді. Романның жетіспей жатқан жақтары, олпы-солпысы оның сол төлбасы болуымен байланысты. Тыңнан жол салу, жаңаша іздену қашан да кем-кетіксіз болмайды.

«Ақбілек» романының идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде түскен сияқты. Романда азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай жылжыған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы - елді тонауы, қыз-келіншектерді жәбірлеуі суреттеледі. Семейге оқуға кетіп бара жатқан Қартқожа жол үстінде осындай оқиғалардың куәсі болады. «Иығында шені, сымбатты офицер солқылдақ арбада қазақтың сұлу қызын құшақтап, қос боз атпен Қартқожаның қасынан өте шықты. Қартқожаға түскен қыздың көзі жыпылықтап кетті»-дейді автор (120-6).

Мұндай оқиғалар - азамат соғысының аласапыраны тұсында момын қазақ елі басынан кешірген үлкен ауыртпалықтың бірі. Орталық Россиядан тыс жатқан қазақ елін оңтүстік шекараға қарай беталған ақ әскерлері баса көктеп тонап өтсе, оны қуған қызылдар да екінші жағынан шошытқан еді. Орыс біткеинен, әскер атаулыдан қорқатын момын, қараңғы ел олардың қайсы дос, қайсы қас екенін айыра алмай шатасты. Ақтар кейде қызылдардың киімін киіп келіп тонап, елді адастырды. Мұндай оқиғалардың қазақ-орыс қарым-катынастарына әсер еткені, халықтың дос орыс пен жау орысты біртіндеп айырғаны сол кездегі көптеген шығармаларға (Жүсіпбек, Сәкен, Бейімбет, Ғабит) арқау болғаны да сондықтан. Осылардың негізінде кеқ далада пана таппай сыртқы жаудың соққысына көп ұшыраған қазақ халқының жаңа дүрбелең тұсындағы қайғылы күйлері суреттеледі.. Әсіресе, әлділердің ойыншығына, ермегіне айналған қазақ қыздарының трагедиясы көбірек сөз болды.

Ақбілек трагедиясы - осы бүкіл халықтың трагедиясының бір ұшқыны. Ақбілекті ақтардың алып қашуы, оны қара мұрт офицердің әйел ғып ұстауы - бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың құтылуға ұмтылғанмен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің Ақбілектен қашкақтауы, атастырылған куйеуінің тайсақтауы, ел-жұрттың оған таңырқай да, аяй қарауы -- қызын алақанға салып, мәпелеп өсірген қазаққа өлімнен де ауыр. Ауыл жігіттерінің зорлығы ғана болса, еленбей де қалар еді, орысты «кәпір» деп қарайтын ескі ұғым қыз «күнәсін» ауырлата түседі. Романнан біз тұйыққа тірелген осындай халықтың психологиясын, қыз тағдырын еркіндікке алып шыққан - Октябрь революциясы, совет өкіметі екенін ұғамыз. Ел көзіне көріне алмай ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып, оқып, адам қатарына қосылып, жар табады, бақытты өмірге қадам басады.

«Қартқожа» мен «Ақбілек»- тақырыбы жағынан да, идеясы жағынан да өзара ұқсас шығармалар. Егер алдыңғы романда жазушы ескі құрылыс жағдайында теңсіздікте, жоқшылықта өмір кешкен қазақ кедейінің революциядан соң азаттық алып, оқып, қатарға қосылуын суреттесе, соңғы романда рушылдық-жікшілдік тартыстардың құрбаны болған (Мұқаштың Ақбілекті ақтарға шығарып беру себебіне ой салыңыз) қазақ қызының жаңа заманда оқып, бақытын табуы, ерлерімен тең азамат болуы бейнеленеді. Осы оқиғалар легінде Жүсіпбек сол аласапыран кездегі қазақ аулы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар - жазушы реализмінің байлығын, суреткерлік қарьшының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмайжатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға ұмтылысын аңғартады. Солардың алдыңғы легінде Ақбілек дегеніне жетеді.

Наши рекомендации