Сөздіктердің түрлері.
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді. Орыс тілінде түсіндірме сездік жасаудың мол тәжірибесі бар. Сөздіктердің ішінен В. И. Даль құрастырған «Толковый словарь живого велико-русского языка» деген сөздік айрықша орын алады. Бұл сөздік нормативті сөздік емес, онда халықтың ауызекі тілінін, ерекшеліктері молынан қамтылған. Сөздікте этнографиялық материалдар (халықтың тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, өндіріс құралдары. және т. б. жайында мағлұматтар), 30 000 шамасында мақал мен мәтелдер және т. б. фразеологизмдер берілген. Түркі тілдерінің әрқайсысының түсіндірме сөздігін құрастыру жұмысы қолға алынып, олардың алғашқылары кейінгі жылдары жарық көре бастады. «Қазақ тілінің түсіндірме сәздігінің» I томы 1959 жылы, ал II томы 1961 жылы жарыққа шықты. Бүл «Сөздік»- қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалык және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы да көрсетіледі. Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылған. Мысалы: зат. (зат есім), сын. (сын есім), ес (есімдік), ус. (үстеу) т. б. Архаизмдер мен историзмдерден кейін осы сөздердің бірінші буынынан құралған белгілер (арх., ист.) қойылған.
Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме беріліп, тиісті белгі қойылады.
Сөздікке енген әрбір сөздің лексикалык мағынасы (немесе мағыналары) түсіндіріліп, оған анықтама беріледі. Сөзге берілген анықтаманың түсінікті және тұжырымды болуы көзделеді. Кейде сөзге анықтама оның синонимі арқылы беріледі. Мысалы, алысдеген сөз оның синонимдері қашық, шалғайдеген сөздермен түсіндірілсе, ажарлы деген сөз көркем, әдемі, сұлудеген сөздер арқылы түсіндіріледі. Сөздің синонимі болмаған жағдайда оның мағынасы түсіндірме сөздердің тізбегі арқылы анықталады. Мысалы, етікші деген сөзге аяқ киім тігетін адам деген түрде түсіндірме анықтама беріледі.
Сөздің анықтамасынан кейін әдебиеттен мысалдар, цитаталар беріледі. Мысалдар берілгенде, олардың сөздің белгілі бір мағынасын ашып айқындайтын болу жағы көзделеді. Сөздікте көп мағыналы сөздің ең алдымен негізгі номинативті мағынасы, онан кейін туынды номинативті мағыналары және келтірінді мағыналары беріледі. Қөп мағыналы сөздің әрбір мағынасы араб цифрымен көрсетіледі. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (I том, 1959) көп мағыналы басу деген сөз бен айнала деген сөздердің мағыналары төмендегі түрде талданылып түсіндірілген.
Басует. 1. Қозғалып жүру, адымдау. Жанат жай басып, колхоз кешін байыпты көезінен өткізіп келеді (Мұстафин). 2. Бір нәрсенің үстіне күш түсіру, аяқ астында қалдыру. Біздің елдің туы көкте жайнайды. Басып өәтті фашизмніц белінен (Саин).3. Газет, журнал, кітаптарды баспадан шығару. Аз уақыттың ішінде «Күрес одағы» жұмысшыларға арнап ондаған үндеулер басып шығарды. 4. Қөңілін аулау, жұбату, ақыл айту. Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма (Абай). 5. Жер әлемді алып қаптау, бір нәрсенің бетіне жайылу. Жер - дүниеиі шаң, тұман басып, Ойнақ қагып, құтырып дауыл кел-ді (Абай). 6. Бір нәрсенің жер бетін қаулап қоршауы. Алдымда ашылады әсем аспан, Тулайды асау толқын алып қашқан, Жер жәннат жасыл шөбі толықсиды, Кеудесін көк алады орман басқан (Шипин). 7. Дақ түспеу, кір шалмау. Семсерін Аманкелді тот баспасын! Ел қорга, ұлы күннің туса шағы (Жамбыл), 8. Ашуды тарқату, жадырату. Екеуің де бүгін ашулы екенсің ашуларыңды бас, - деп күлімсіреді (Мұстафин). 9. Күшпен тоқтату, тойтару. Бұл ереуіл қарули күшпен басылып тасталды. (БК(б)П тарихы). 10. Ілгері өрлеу, алға басу - қарқындау, екпіндеу. Зырылдап станоктар заводтарда, Заманның қарқынымен басады алға (Шипин). 11. Әнге салу марш, күй ойнау, Ей, алдағы жас командир, Бас маршқа, жарқылда! (Саин), 12. Қағаз немесе басқа бір нәрсенің бетінде із қалдыру. Хат білмесең, бармағыңды бас, - деді Медведев Мықтыбайға (Ақынжанов).
Сөздікте омонимдес сөздердің әрқайсысы рим цифрымен беріліп, жеке-жеке реестр сөздер ретінде қаралады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» омонимдес сөздер былайша түсінділген:
Жас I зат, Жылағанда көзден шығатын мөлдір су. Көзге жас іркілді (Кө-беев).
ЖасII зат. Адамның өмір мезгілін белгілейтін уақыт, жыл саны, өмір. Елу жастан асқанда, Правомды теңгерді (Әзірбаев).
Жас II сын. Жаңа өсіп келе жатқан, кәрі емес. Анау шетте жас солдат, Қасетіне үңілді (Саин).
Жастық I зат. Бас астына салынатын бұйым, көпшік. Төр алды сірескен, көрпе, жастық (Сыланов).
ЖастықII зат. Жас кез, жас шақ. Жастық шағы есіне түскендей Дәмелі ойлы пішінмен Күнтуар сөзін қайта жалғады (Омаров).
Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді. Фразеологиялық сөздікте фразеологиялық оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданады. Бұл сөздікте фразеологиялық оралымдар оларды құрастырушы сыңарлардың алфавит тәртібі бойынша тізіліп, белгілі бір фразеологиялық оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып беріледі. Сөздікте фразеологиялық оралымның мағынасы түсіндіріледі де, ол мағынаны ашып айқындайтындай әдебиеттен мысал беріледі.
Дәріс №12