Тақырып Күрделі сөздің жасалуы және оның түрлері

Тіл білімінде ұғымнан сөзді және оның мағынасын ажырататын басты белгілер деп мынандай ерекшеліктерді көрсетеді.

1. Сөз біткеннің бәрінде белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігі болады. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстық құрылымының бірлігі туралы заңдылықты қазақ тілінің фонетикасы үйретеді. Тілдегі екпін ұғым да сөздің фонетикалық белгісіне жатады.

2. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігіне ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағынаны білдіреді. Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағына болады, ал фонемада еш мағына жоқ тек сөз құрамында мағына ажыратушылық ролі бар.

3. Әрбір сөз сол тілдің грамматикалық заңдарына бүтіндей бағынып соған тән тұлғаларға ие болып солардың түр-тұрпатының біреуінде ғана көріне алады. Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмасы бар. Еркін сөз тіркесі де тұрақты сөз тіркестер де біртұтас грамматикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды.

4. Дербес сөз болу үшін оның құрылымы құрылысына ешбір өзгеріс енгізуге басқаша өзгертуге келмейтіндей болу қажет. Сөздің құрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Мысалы: базар базарлық, қазан қазандық, құлақ құлақшын, көз көзілдірік тәрізді сөздердің құрылымына басқаша бір дыбыс қосылса онда бұл сөздердің дыбыстық құрылымының бірлігіне нұқсан келіп сөз ұғымын өзгертіп жіберуі сөзсіз. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды. Мысалы: колхоз-колхоз мүшесі, колхоздың озат мүшесі, колхоздың озат қарт мүшесі.

5. Морфема және сөз тіркесі мен сөйлемнен сөздің енді бір өзгешелігісөз белгілі бір сөз табына телінді болады.

6. Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйіндегі тұтас дүние ретінде пайдаланады.Еркін сөз тіркесі мен сөйлем нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз керісінше тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді.Сөз өзіміз қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ белгі ретінде жұмсалады. Мәселен нан сүт ет су деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бақша-бау суаратын суды да сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық, біткеннің суын да атай беруімізге болады. Сөз қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер,көмекші сөздер және одағай сөздер деп ең алдымен үш топқа бөлінсе бұл топтың әрбіреуі іштей лексикалық- грамматикалық белгілеріне қарай тағы да жіктеледі. Атауыш сөздердің өздері өзара есімдер мен етістіктер болып бөлінсе есімдердің өзі атауыш есімдер және үстеуіш есімдер болып екі топқа бөлінеді. Ал атауыш есімдер зат есім, сын есім, есімдік, болып ажыратылса, үстеуіш сөздердің өзі іштей үстеу сөздер және еліктеу сөздер әр алуан болып ажыратылады.

Сөздер құрамына қарай жалаң сөздер және күрделі сөздер деп топтастыратынын білеміз. Біз жеке, жалаң сөзге қатысты сипаттар мен белгілерді айтып өттік. Енді күрделі сөздерге сөз тұрғысынан қысқа түрде тоқталайық, ол туралы да түсінік берейік.

Жалаң сөз түбір мен қосымшалардың қосындысынан құралса, күрделі сөз түбір мен түбірдің бірігуінен, қосарлануынан немесе тіркесінен құралады. Мысалы: 1) қолқап, 2) ұзынды-қысқалы, 3) кәрі жілік. Алдыңғысы түбір мен түбірдің (қол+қап) бірігуінен, екіншісі негіз бен негіздің (ұзынды және қысқалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен түбірдің (кәрі және жілік тіркесуінен жасалған. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлар жеке тұрғандағы мағыналарынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз-күрделі сөз- ретінде ұғынылады.

Күрделі сөз құрылымы жағынан синтаксистік сөз тіркесімен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де ұқсас келіп, солармен астарласып жатады. Алайда мұндай ұқсастық оларды біртектес ете алмайды. Олар әр басқа құбылыстар.

Күрделі сөздердің түрлерін анықтауда, әдетте, оларды сөз тіркестерімен салыстыра қарастыру назарда болады. Себебі-күрделі сөздердің шыққан тегі, жасалу жолы сөз тіркесіне барып тіреледі.

Тарихи тұрғыдан күрделі сөздер кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Даму барысында біртұтас сөзге (күрделі сөзге) айналу процесі бола береді.

Жоғарыда айтқандай, тіл білімінде лексика-грамматикалық тұлға ретінде қаралатын сөзге (соның ішінде күрделі сөздерге де) тән және сөзді (күрделі сөздерді) сөз тіркесінен, фразеологиялық оралымдардан ажырататын жалпылама белгілер бар. Олар: 1) семантикалық тұтастық, 2) морфологиялық тұтастық, 3) синтаксистік тұтастық.

Жалаң сөз түбір мен қосымшалардың қосындысынан құралса, күрделі сөз түбір мен түбірдің бірігуінен, қосарлануынан немесе тіркесінен құралады. Мысалы: 1) қолқап, 2) ұзынды-қысқалы, 3) кәрі жілік. Алдыңғысы түбір мен түбірдің (қол+қап) бірігуінен, екіншісі негіз бен негіздің (ұзынды және қысқалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен түбірдің (кәрі және жілік тіркесуінен жасалған. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлар жеке тұрғандағы мағыналарынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз-күрделі сөз- ретінде ұғынылады.

4. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, тіркескен күйінде бір бүтін (тұтас) лексикалық мағынаны білдіреді. «... Кіріккен сөздердің ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысының өз алдына жеке мағынасы болмай, бәрі бірігіп барып бір-ақ мағына береді деп осындайды айтамыз»,-деп Қ. Жұбанов «қолғап» сөзін мысалға келтіреді. Семантикалық тұтастық – күрделі сөз атаулының барлық түрлеріне де тән ортақ белгі. Мағынаны өлшеу қылуға алып тұрып, бірақ жалғыз мағынаның өзіне ғана сүйенбей, басқа өлшеулерді де қосып қарау керек болады, өйткені семантикалық белгіден әлі де болса анықтық таныла қоймайды.

5. Күрделі сөздер де жалаң сөз тәрізді түрленеді, көптеледі, септеледі. Күрделі сөздердің сыңарлары бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Күрделі сөздер тұтасқан күйінде ғана парадигмалық қатарға мүше ретінде ене алады, мұның өзі күрделі сөздердің морфологиялық тұтастығын көрсетеді. Жалпы сөз атаулыға, соның ішінде күрделі сөздерге, өте-мөте тән белгілердің бірі-құрылымдық тұтастық. Бұл белгі басқа белгілермен: семантикалық тұтастық пен синтаксистік тұтастық белгілерімен ұштаса келіп, күрделі сөздерді фразеологиялық оралымдардан, ЕСТ-нен ажыратады.

6. Күрделі сөздердің синтаксистік тұтастығы оның бөлшектенбей, сөйлемде бір ғана мүше болуынан көрінеді. Бүтіндей сөз де, күрделі сөз де, тұтасқан күйінде сөйлем құрамында басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түседі.

Осы құрамдағы үш белгінің негізінде сөздердің күрделі түрлері төмендегідей топтасады.

5. Қос сөздер.

Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылған күрделі сөздердің түріне қос сөздер жатады. Бұлайша жүйелеу дәстүрге айналғанымен, мамандардың қос сөздер туралы пікірлері бір жерден шықпайды. Мысалы: «Қалыптаспаған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер болады»,-дейді І. Кеңесбаев. Ысқақов А.: «... Сөзді қайталап қолданудан... лексикалық түсінігі өзгермейді, демек жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады»,-дейді. К. Аханов қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқасын күрделі сөз деп қарайды. Ж. Шәкенов: «Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әр түрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың барлығын да бекерге шығаруға болмайды. Ондай ортақ белгілерге, біріншіден, құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымның болуы; екіншіден, белгілі сөз табына жатуы; үшіншіден, сөйлемге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады».

6. Кіріккен сөздер.

Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгеріске ұшырауынан, әрі ықшамдалуынан жасалған (білезік, бүгін), өзін құраушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер жатады, олар тарихи тұрғыдан кірігіп кеткен.

7. Біріккен сөздер.

Семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұтастықтарымен сипатталатын, біріктіріліп жазылып жүрген: асқазан, қосаяқ, әркім т.б. тәріздес сөздер біріккен сөздер тобына енеді.

8. Күрделі құрама сөздер.

Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша құрастырушы сыңарлары бөлек жазылып жүрген: ит аяқ, қара торғай, көк жөтел, ит жуа т.б. тәрізді күрделі сөздер.

5. Күрделі сөздердің бір түрі-күрделі-қысқарған сөздер.

Наши рекомендации