КЕСТЕ №3 САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
КЕСТЕ №2 ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРЛАУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?
Оқуды және оқытуды басқару | Пәнге қатысты мәнмәтін |
Мен оқушыларды қалай қарсы аламын? Мен сабақты қалай бастаймын? Мен оқушыларды топтарға қалай және неліктен біріктіремін? | Осы сабақтағы ең басты сұрақ? Неліктен біз осы сұрақты қарастырамыз? |
Оқушылардың барлығына бірдей мақсат қойылды ма? | Сыныптағы оқушылар осы тақырып туралы нені біледі? (диагностикалық бағалау және/немесе стартер жаттығу) |
Мен оқыту үшін бағалауға оқушыларды қалай қоса аламын? | Осы сабақтың мақсаты қандай? (оқушылар нені біледі және нені үйренеді/нені жасай алатын болады? |
Тілдік кедергісі бар оқушыларға идеяны қалай түсіндіре аламын? Жылдам және қандай да бір кедергісі бар оқушыларды дамыту үшін не істеуім керек? | Осы тақырыпты тұжырымдамалық түсінуде қандай кедергілер бар? Оқу мақсаттарына жету үшін тұжырымдамалық кедергілерді қалай жоюға болады? Оқушылардың барлығының белсенді қатысуын мен қалай қамтамасыз ете аламын? |
Менің өзімнің жеке міндеттерім | Мен оқушыларға неліктен және қандай қосымша тапсырма беремін? |
КЕСТЕ №3 САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Сынып: | 1 «Ғ» | ||||||||
Пәні: | Дүниетану | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Отбасы | ||||||||
Оқу мақсаты: | Мәтіннің мазмұнын түсіну, «қамқоршы» сөзінің мағынасын ұғыну. | ||||||||
Табыс критерийлері | |||||||||
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: | |||||||
а) Мәтінді мәнерлеп оқиды ә) Мазмұнын түсінеді. | Тақырып бойынша өз ойын айта алады және сұрақтарға жауап береді. Мәтінді талқылайды. | Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра алады. | |||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Ресурстар | |||
3мин | Ұйымдастыру. Топтастыру | Оқушылар түрлі түсті лентаны таңдап алады, сол арқылы топтарға бөлінеді. (бір үстелде екі бердей түс кездеспейді) | Оқушылар арасында жылы достық қарым-қатынас қалыптастыру | Оқушыларға таңдауды ұсынады. Орындарына отыруды бақылайды. | Өзіне ұнаған түсті таңдайды да топтасып отырады. | Топтастыру түрлі түсті лента, дөңгелек. «Шаңырақ» | |||
2 мин | Психологиялық ахуал | «Сәлемдесу». Шаттық шеңбер. | Оқушылардың көңіл-күйін көтеру | «Сәлемдесу» ойынның шартын түсіндіреді. Сынып оқушыларының бір-біріне жақындай түсуге, тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. | Оқушылар әртүрлі іс қимылдар жасайды. | Музыка «Ассалаума ғалейкум!» | |||
3мин | Ой қозғау «Алтын ұя», «Берекелі отбасы» «отбасы жарастығы» , «отбасы бақыты», «отбасы қуанышы» әр топтың аттары. | Интербелсенді тақтадағы бейнероликпен жұмыс | Оқушылардың ойларын білу. Тақырыпты ашып алу. | Бейнероликті көрсету. «Жетімдер» филмнен үзіңдң ең бақытты сәтін көрсету. Мұқият бейнероликке қарайықшы. Бейнероликтен не байқадыңыздар? Бір сөзбен қалай айтуға болады? Қандай отбасы бейнеленген? | Оқушылар өз ойларын айтады. | Бейнеролик, әр партаның үстіне топтың аттары жазылған парақшаны | |||
5мин | Мағынаны ажырату | Мәтінді топтарға тізбектеп оқыту. | Мәтіннің мағынасын ұғындыру | Мәтінді абзац бойынша әр топтан бір оқушыға тізбектеп оқытамын. | Аталған оқушы мәтінді дауыстап оқиды. | Оқулық | |||
10 мин | Мағынаны тану | Топтық жұмыс. I топ. Отбасы мүшелерінің міндеттерін ата. (кесте толтыру) ІІ топ. «Менің отбасым» Оң жақта берілген сурет бойынша отбасы мүшелерін дастархан басына бағдар арқылы орналастырыңдар. ІІІ топ. Отбасына сендер қандай көмек көрсетесіңдер? IV топ. «Бақытты отбасы» моделін салу. V топ. «Отбасы» постер жасау. Жұптық жұмыс. Үлгі бойынша «Отбасы» тақырыбына диалог құру. | Мәтіннің мазмұнын ашу, отбасы деген сөздің мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру, ойлау қабілетін дамыту. | Топтарға тапсырма жазылған парақшаларды береді. Әр топтың қалай жұмыс жасап жатқанын бақылап, бағыт беріп отырады. І топқа бағыт-бағдар беремін. ІІ топтың талқылауын, ІІІ топтың тақырыпты аша алуын. IV топтың қорғауын. V топтың постер жасалуын қадағалау. | Әр топ өз тапсырмасымен оқып танысады. Алдымен жеке ойланады. Топқа өз ойын айтады. Топ мүшелері талқылап, дұрыс шешімге келеді. 1-топ отбасы мүшелерінің міндеттерін кестеге жазады. Қысқаша мазмұнына шолу жасайды. 2-топ сурет бойынша жұмыс жасайды, дұрыс орналастырып, қағазға желімдейді. Оны қорғайды. М: Төрге кімді орналастырар едің? • Есік жаққа кім отырады? • Қонақ келсе қайда отырады? – деген сияқты сұрақтар қоя отырып, әңгімені құрастыру. Себебін түсіндіру. 3-топ ақ параққа жазып, ауызша қорғайды. 4-топ «Бақытты отбасы» моделін салады және қорғайды. Мейірімді, бақытты, әке, ана, бала, жарасымды, өнегелі, тату, ауыз біршілігі мол, толық, үлкен, тәрбиелі.т.б. Соны қағазға жазады. Жұптық жұмыс. Сенің атың кім? - Менің атым ... . - Атаң мен әжең бар ма? - Олар не істейді? - Олар – зейнеткерлер, құрметті демалыста. - Әкең неше жаста? - Әкем 45 жаста. - Ол қайда жұмыс істейді? - Ол зауытта жұмыс істейді. - Анаң неше жаста? Оның аты кім? - Анам 42 жаста. Оның аты ... . | Топтық тапсырмалар жазылған парақшалар, ақ қағаздар, маркерлер, стикер лер. | |||
2мин | Формативті бағалау | Әр оқушы өзін-өзі смайликтер арқылы бағалайды. | Оқыту үшін бағалау. | Қаншалықты әділ бағалап жатқанын бақылайды. | Әр оқушы өзіне баға береді және қойған бағасын дәлелдейді қажет болған жағдайда | Смайликтер түрлі | |||
10 мин | Ой толғаныс | Тест тапсырмасын орындау | Өз бетінше жұмыс жасау деңгейін анықтау | Тест тапсырманың орындалу шартын түсіндіремін. Сабақ үстінде тест тапсырманың орындалуын тексеріп шығамын. | Тест тапсырмасын жеке орындайды. | Жеке парақ тест | |||
5 мин | Қорытынды | «Қорытынды ғажайып алтылық» ойын | Ойынның мақсаты оқушылар сабақты қаншалықты түсінгенін анықтау | Ойынды түсіндіру. 30 (оң жақтағы) - Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсінік беру. 30 (сол жақтағы) – “Үлкенге көмек” дегенді қалай түсінесің? 20 (оң жақтағы) – Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? 20 (сол жақтағы) – Отбасының барлық міндеті кімдерге негізделген? 10 (оң жақтағы) – Отбасын кімдер құрайды? 10 (ортадағы) – Отбасының басшысы кім? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. (үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер кішіге ақылшы, кішіге - көмекші) (Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын орындау қажет) (қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні) (Ата - анасына) (Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні) (Әке) | Слайд, гипперсылка | |||
Үй тапсырмасы | Үйдің макетін жасау. | Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау. | Үйге тапсырма бердім | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды. Үйдің макетін жасайды. | |||||
Рефлексия | Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс смайликтер таратылады. Өз көңіл-күйіңе сәйкес смайликті таңдап, атынды жаз. | Оқушылардың сабақ барысы туралы пікірін білу | Үлестірмелі қағаздарды таратып беру | Смайликті таңдап, атын жазады. | Үлестірмелі қағаздар Үш түрлі көңіл-күйдегі смайликсты Шаңырақтың астына жабыстырады. | ||||
5 мин | Бағалау | Алдын-ала берілген тест парақшалары бойынша бағаладым | Тест парақшаларында қойылған бағаны тыңдау. | Бағалау | |||||
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: | |||||||||
Не сәтті болды? | |||||||||
Не сәтті болмады? | |||||||||
Нені жақсартуға болады? | |||||||||
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |||||||||
Нені өзгертуге болады? | |||||||||
Тест жұмысыБалаларға арнайы берілген уақыттың ішінде, орындалатын тест жұмысы беріледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, бағалайды.
Т Е С Т