Тақырыбы: Кәсіп субьектісінің кәсіби даму кезеңдері
Сұрақтары:
1. Кәсіп субъектісі және оның құрлымы.
2. Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы.
3. Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов көзқарастары
4. Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері.
Еңбек субьектісінің кәсіби даму деңгейін анықтау өте жауапты және күрделі мәселе. Субьектінің кәсіби дамуын дайындық процесі кезінде болашақ маманның кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір мамандыққа қажетті қасиеттер арнайы дайындық пен кәсіби біліктікті жетілдіру мен қалыптастыру негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады:
-Жеке тұлғалық қатынас
-Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві
-Еңбектік ұстаным
-Өзіндік баға
-Талаптану деңгейі
Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады.
Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес-психологиялықдеп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі.
Кәсіби маңызды қасиеттердің әрқайсысын қарастыра отыра, біз ең алдымен бұл қасиеттің қаншалықты тұрақты екендігі, оқу мен кәсіби қызмет кезіндегі оның қаншалықты дамуы мен компенсацияға берілетіні туралы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Белгілі бір қасиеттің қандай кәсіби міндеттермен байланысының маңызын, оның дербес айырмашылықтарының диапазонының қандай екендігін, және, ақыры, берілген қасиеттің қызмет етіп жүрген жеке тұлғаның құрылымына қалай қосылатынын түсіну маңызды және қызықты. Қазіргі кезде бұл сұрақтардың барлығын еңбек психологиясы ғылымы әлі де шеше алмай жатыр, алайда олардың көбіне деген жауабын біз біздің психологтар еңбегінде тауып жатырмыз. Мектептерде оқушылардың тез арада әлеуметтік жағынана дамуына жағдай жасау және мамандық таңдау маңызды мәселеге жауапкерлікті қалыптастыру керек. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру, бұл жүйені мемлекеттік тұрғыда мен және жоғарғы оқу орындарында арнайы кадрлар даярлаумен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында (оның ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысын да) кластан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыругшы, техникалық творчество үйірмелері жетекшілерінің қызеттері енгізіледі. Мұғалімдерге еңбек оқуын. Кәсіптік бағдар мен оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлей басталғалы бері кәсіптік бағдар беру жұмысы жаңа сапалық өзгерістер ұшырады.
Жастарға кәсіптік бағдар беруді басқару мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешу үшін идеалы саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету қажет. Басқарудың кез келген процесі екі жақты болады, ол басқару жүйесімен басқарушының өзара әрекетін айқындайды. өз мүмкіндігімен ортаның жағдайына қарай оқушының мамандық таңдауға көз қарасын қалыптастыру ісінде педагогикалық ұжым зор ықпал етеді. Жасөспірім мақсат-мүддесіне, кәсіп таңдауына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Осыған байланысты жастарға кәсіптік бағдар беру процесі өзара байланысты екі жүйеден басқарушы және басқарылатын жүйелерден тұрады. Кәсіптік бағдар берудің қорытындысы оқушылардың мамандық жағынан айқындалуы болып табылады.
Дәріс