Пәндер атауы мен әр түрлі даму кезеңдері

Сурет: Әлеуметтік тәжірибе ұсыныстары, еңбек психологиясының басқа аралас пәндермен хронологиялық және қызметтік байланысы.

XIX ғасырдың басында Ф.Тейлор, Г.Мюнстернберг, В.Штерн, А.Бине және т.б. жұмысшылардың маңызды табыс сапалығын бағалайтын тестология, эксперименталдық әдістерді қолдануының негізін қалаған. Бұл ойлар бастауыш мектептерде кадрларды (педология ) дайындайтын бірініші кезең ретінде де тарады. Адам қасиеттерінің тұарақтылық мәселесін ғылыми зерттелуі, психометрика, психодиагностика, дифференциалды психология, ал кейінен дифференциалды психофизиканың, психогенетика сияқты пәндердің дамуын белсендірді. Кешенді амалдың қажеттілігін түсініп 1920-1930 жылдары әлеуметтік еңбек, еңбек гигиенасы, өндірістік санитарияның қалыптасуына алып келді. Осыған медициналық білімі бар (В.М.Бехтеров, Н.А.Бернштейн, А.А. Богданова) сияқты ресейлік ғалымдардың үлесі зор.

1930 жылдардағы басқарудағы дағдарыс және экономикалық депрессия өндіріс пен адамдарды басқаруға, әлеуметтік - психологиялық факторларға көңіл аударылды, сондайақ әлеуметтік - психологиялық басқарудың дамуын жеделдетті. Екінші дүниежүзілік соғыс адамдардың экстремалды жағдайдағы техниканы басқара алуындағы көп мәселесін жасырды. Біріншіден ол авиацияға байланысты, флоттарға кадрларды дайындауға қатысты ғылыми-тәжірибелік міндеттердің нақтылығы инженерлік психологияның қалыптасуына алып келді. Осы пәннің дамуы мен кешенді арнайы міндеттердің қалыптасуының арқасында 1950-1970 жылдары одан авиациялық және космостық психология бөлініп шықты.

1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революцияның арқасында адамдардың техникаға бейімделуіне, жаңа жұмыс орындарының қызметтік ерекшеліктеріне, жұмыс бригадаларының құрылуы пайда болды. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «эргон» - жұмыс және «номос» - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді, оның психолгиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық құрал – жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сипаты зерттеледі.

Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы.Қазіргі еңбек психологиясының бірінші атрибуты ретінде- белсенді революцияна санасақ, екіншісін- методикалық еркіндік кезеңдерінің жаңа методологиялық қабілеттіліктерін меңгеру, жаңа кеңістікке, жаңа өлшемге шығу қабілеті, жаңа міндеттер класын шеше алатын қабілеті деп есептейміз.ьПәнаралық матрицаның негізгі компоненттері болып:

-символдық обобщения- көріністер мен қатынастар ғалымдармен сенімсіз және келісімді қолданылады;

-метафизикалық парадигмалар- сапалы шешім қабылдауға көмектесетін., спецификалық моделдердегі сенім;

-құндылықтар- бірлікті қалыптастырушы.

Ғылымдағы жалпы салыстырмалы дамуды теоретикалық білімді ұйымдастырудың ғылыми пәнін қарастырамыз. Оны атақты кеңес методологының ғалымы В.С.Степинаның құрылымы арқылы қарастырамыз. Жалпы ғылыми білімнің құрылымын бірнеше иерархиалық деңгей арқылы белгілеуге болады: белгіленген бақылау- эмпирикалық фактілер, һ-теоретикалық білім.Сонымен қатар, теоретикалық білім спецификалық құрылымнан тұрады: фундаментальды және арнайы теоретикалық схемалар, арнайы және негізгі заңдылықтар, идеалды обьектілер, ғылым негізі.Идеалды обьектер екі түрлі болады: эмпирикалық обьектер өзарсында абстрактілі болып келеді. Теоретикалық обьектілер, эмпирикалық обьектілерге қарағанда идеалданған болып келеді.

Теоретикалық обьектілердің байланысы арқылы ғылыми спецификалық теорияда фундаментальды теоретикалық схемаларды анықтайды. Теоретикалық заңдылықтардың тұжырымы теоретикалық құрылым (абстартілі обьектілер) жүйесі негізінде анықталады. Заңдылықтар - шындыққа сай келетін тұрақты байланыстар, оларды анықтауға, түсіндіруге, ойластыруға келетін ашылулар. Олар анық теория аясында қалыптасады. Теориялар - заңдылықтар мен қалыптасқан қаситтердің заттық мәнін анықтауда қалыптасатын, гипотеза негізінде құралады. Гипотеза ғылыми қасиеттер мен байланыстарға қатысты сөйлемдер. В.С.Степин ғылымдар негізін бейнелейтін маңызды компоненттерді келесідей көрсеткен:

1) өмірдің ғылыми суреті (пәнаралық онтология);

2) ғылыми танымның идеалдары мен қалыптары;

3) ғылымдардың философиялық негізі.

В.С.Степинаның теоретикалық білім құрылымы концепциясына қосымша ретінде кеңес психологиясында, оның салалары шегінде ғалымдар ғылыми методологияның төрт деңгейін көрсеткен:

1) Жалпы методология – зерттелушіден қабылданатын бірнеше жалпы философиялық амалдар, жалпы түсіну тәсілдері (мысалға, диалектикалық және тарихи материалдар, жүйелі амал). Философиялық методология білімнің қалфптасуы болып табылады.

2) Жалпы ғылыми принциптер мен зерттеу формалары- қазіргі ғылыми білімның аймағын өзіндік көрсететін, методологиялық рефлексияның деңгейі. Бұл деңгейге жалпы ғылыми концепциялар мазмұны жатады (теортикалық кибернетика, ноосфера концепциялары т.б), универсалды концептуалды жүйе (А.А.Богданова тектологиясы, П.К.Анохинның функционалды жүйе теориясы), өзіндік методологиялық немесе локиго-методологиялық концепциялар (білім туралы құрылым, әлеуметтенудағы жүйелі-құрылымдық талдау, жүйелі талдау, логикалық талдау).

3) Тура ғылыми методология- берілген аймақтағы методологиялық білім мен методологиялық принциптердің обьект класстары мен міндеттерінің шектелуінің спецификалық қолдануы.

4) Зерттеу әдістері мен техникасы- ақпараттар жиынтығын қолдануын қалыптастырады, ақпараттар жиындығы процесін талап ету. Бұларға Кеттелдің 16-факторлық стандартты тесті немесе, белгісіз жануардың суретін қолдануға болады.

Еңбек психологиясына тән негізгі парадигамалардың сипатын көрсетуге болады: пәндердің заттық ерекшеліктерден тығыз байланыстылығы, адам еңбегінің құралдары мен шарттары; пәндердің тез даму қабілеттіліктері, басқалармен араласуы, әлеуметтік ұсыныстарға сәйкес нақты және қоғамдық ортадағы тәжірибеге бағытталған дамудың өзіндік амалдарының дифференциалануы; ғылыми және тәжірибе мәселелерін шешуге басқа ғылым өкілдерінің белсенді енуі (медецинаның, физиология, әлеуметтену, техниканың). Өкінішке орай, қазіргі кезде еңбек психологиясының контуры – еңбек ғылымының кешені ретінде ғана анықталады. Қазіргі еңбек психологиясның жағдайы, 1990 жылдардағы шетелдегі дамуы тез өзгерді (уақытша тоқтатылуына, дағдарсы, тәжірибе байланысының үзілуімен, жаңа методологиялық критерилердің еңгізілуімен, методикалық этолондар мен мамаман-тәжирибеші эталондарынынң өзгеруінен болды).

Барлық осы беталыстар пәннің өткені, келері, болшағына әсер етеді. Т.Кунның енгізген парадигама түсінігі бізге қазіргі еңбек психологиясының бастапқы талдау жағдайын адекватты түсінуге алып келді. Пардигма түсінігі кең мағынада – әртүрлі түрдегі шешілетін міндеттердің тарихи жинақталған көрінісі, оның мәнін анықтаудағы, методологиялық амалдардың қолданылуы, этикалық дәстүр мен тарихи практикада қолдану.

Еңбек психологиясында эмпирикалық обьектіні анықтауға болады (еңбек, субьект, мамандық, еңбек посты, жұмыс орны). Бұл типке барлық сыртқы көрсеткіштер ретіндегі, физикалық шынайылылық, барлық шындықтар мен пәндерден басталған барлық түсініктер енеді. Бірақ өзінің даму процессі кезінде бұл зерттеулер басқа типке, теоретикалық обьектіге өзгерді (кәсіби қажеттіліктер, маңызды кәсіби сапалар мен кәсіби оқыту). Теоретикалық обьектілер психологияның концептуалды схемасында өзінің табиғатына тән басқалармен байланыстырылады. Мысалға, басқа елмен байланыс, физикалық шындық (еңбекке қабілеттілік, өндірістік, травматизм, сәтсісдік) үшін, басқаша- психологиялық абстракция (қажеттілік, компетенттілік, дағды).

Еңбек психологиясының жалпы әдістері өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда.

Герменевтикалық әдістің психологиялық модификациясы

· Биографиялық әдіс

· әрекет нәтижесін талдау

· психоаналитикалық әдіс

Еңбек психологиясы әдістерінің мәселері жекелеген жағдайларда еңбек етуші адамның сана – сезіміне үстемдік етуде туындайды, еңбек етуші адамның мамандық саласында орын тауып, өзін - өзі анықтау үшін көрсетілетін психологиялық көмек бейімделу жолдары:

- өндірістік – бейімделу (техникалық - бейімделу) деңгейі. Негізгі мақсат адамға өндіріс құралына қатысты салаларға тезірек бейімделуге көмектесу.

- әлеуметтік – бейімделу деңгейі, мақсаты – еңбек ортасында табысқа жетуіне әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу.

- мақсатты- құндылықтың деңгейі, мақсаты – жеке өмірі мен мамандық саласында өзін-өзі бағдарлай алуына, өз орнын табуына, тірлігі мен кәсібінің мәнін – мазмұнынтүсінуге көмектесу.

Дәріс

Наши рекомендации