Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу

Сұрақ:

1. Уақыт нормасы түсінігі

2. Өнім өндіру нормасы

Уақыт нормасы (Нвр) - белгіленген ұйымдастыру – техникалық жағдайда жұмыс бірілгін орындауға бекітілген уақыт шығындары.

Уақыт нормасын адам-минут немесе адам-сағатпен есептейді.

Уақыт нормасы. Нвр =t шт + tпз

Жұмыс бірлігіне даналық уақыт

tшт = tо+ tв + tобс+ tотд + tлн + tпт

Техникалық негізделген уақыт нормасы

Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru

Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Дайындау қорытындылау. Даналық уақыт ШТ

уақыты ПЗ

Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru ОП ОБС ОТД ЛН ПТ

Тақырып 7. Еңбек нормалары, түрлері, жіктеу - student2.ru О В

Өнімді жекелеген партиямен дайындау кезіндегі уақыт нормасы былай анықталады.

Нвр.п = tшт * n + Тп.з

n – партиядағы өнім саны.

Тп.з - өнімдер партиясына жұмсалған дайындау қорытрындылау уақыты мин (сағ)

Өнім өндіру нормасы (Нв) – белгіленген ұйымдастыру–техникалық жағдайдағы уақыт бірлігінде жұмысшы немесе олардың топтары орындауы қажет жұмыс көлемі. Уақыт нормасын өлшеудің натуралды бірліктерімен өлшейді.(дана, м, м², м³, т, кг, және т.б)

Өнім өндіру нормасы Нв = Тр * r / Нвр

Тр - өнім өндіру нормасын есептейтін уақыт ұзақтығы (сағ, смена, тәулік, ай)

r – жұмысты орындауға қатысатын жұмысшылар саны.

Кәсіпорындарда көптеген жағдайларда өнім өндіру нормасын сменаға есептейді.

Нв = Т см/Нвр

Тсм – сменалық уақыт.

Өндіріс процессінің ерекшеліктеріне байланысты өнім өндіру нормасы былай анықталады.

Нв = (Тсм –Тп.з – Тобс – Тотд – Тлн – Тпт) / tоп

немесе Нв = (Тсм – Тп.з) / tшт

Уақыт нормасымен өнім өндіру нормасы кері пропорциональды, яғни уақыт нормасы азайса, өнім өндіру нормасы көбейеді және керісінше.

Нв = 1 / Нвр Нвр = 1 / Нв

Уақыт нормасы мен өнім өндіру нормасы негізінде кесімді расценканы есептейді. Расценка өнім бірлігіне тариф бойынша қойылатын ақы.

Р = Тст.ч / Нвр Р = Тст.д / Нв

Тст.ч, Тст.д – сағаттық және күндік тарифтік ставка.

Бірнеше операцияға бекітіліген уақыт және өнім өндіру нормасын іріленген деп атайды. Нормаларды маусым (сезон) аралық кезеңде жалпы өндіріс көлемінің азаюына байланысты, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасын енгізу кезінде ірілейді.

Іріленген өнім өндіру нормасын сменаға анықтайды және бригаданың өнім өндіру нормасын бекітуге қолданады.

Бірнеше операцияға өнім өндірудің іріленген нормасы Нв = Т / ΣНвр

Т – жұмыс уақыты қоры мин. сағ.

Σ Нвр – біріктірілген операцияның уақыт нормаларының сомасы адам – сағ, адам – мин.

Мысалы. Малды сою және ұшаны бөлу цехында сезонға байланысты өндірістің азаюынан келесі операциялардың нормалары ірілендірді. Боксқа малды айдап кіргізу, элеваторға ілу (0,48 адам-мин Ун), ұшаны қансыздандыру, басын бөлу (0,98 адам-мин Ун). Іріленген өнім өндіру нормасын анықтау қажет. Біріктірілген операциялардағы өнім өндіру нормасы бірдей өлшеу бірілігімен берілгендіктен Нв = 420 / (0.48 + 0.98) = 400 / 1.46 = 288 бір жұмысшыға 288 бас сменасына.

Өнім бірлігіне іріленген расценка – нормаланатын операциялардың белгілі мөлшерінің орындалуына тариф бойынша еңбек ақы.

Ірілеген расценканы анықтағанда барлық операцияларға тарифтік разрядтар бекітіледі, тарифтік разрядтар негізінде операциялар бойынша сағаттық тарифтк ставкаларды анықтайды. Расценканы әрбір операция бойынша сағаттық тарифтік ставканы нормативті уақыт шығындарына көбейтіп есептейді. Іріленген расценканы барлық операциялар боыйнша расценкаларды қосып анықтайды.

Наши рекомендации