Азақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары

Тіл саясаты және тілдік жағдаят

Тіл және оның өмір сүру формалары

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1.Типологиялық тіл білімі, өзекті мәселелері.Лингвистикалық типология (гр. typos - таңба, форма, үлгі, logos сөз, ілім)— туыстық тегіне байланыссыз, тілдердін құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология үшін екі жақты сәйкестік (форма мен мағына түрінде) болуы міндетті емес, салыстырылатын тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты – барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ универсал, типтік белгілерді ашу. Зерттеу объектісіне байланысты типология функционалды типология (әлеуметтік тіл білімі) және құрылымдық типология болып бөлінеді. Функционалды типологияның қарастыратыны тілдің әлеуметтік салада қолданылу қызметі. Құрылымдық типологияның қарастыратыны — тілдін ішкі жүйелік құрылымы типологияның ең басты ұғымы — тілдердін типтерін түсіндіруге байланысты әр түрлі болады. Мәселен, грамматикалык формалардын күрылымдык белгілеріне карап, аморфты (даралаушы), агглютинативті, флективті сиякты дәстүрлі типологиялық топтастырулар бар. Тұтас тіл жүйесіне емес, оның шағын жүйелеріне, категорияларына арналған бұл сияқты көптеген топтастырулар бір тілдің өзін әр түрлі топтарға жатқызуға себепші болды. Тілді типологиялық жағынан зерттеуді ұсынған ғалым Ф.Шлегель. Қазір типологиялық беогілердің негізгілері ретінде сөз құрылымын, сөздердің тұлғалық түрленісін, сөз жасайтын, сөз түрлендіретін тұлғаларды, синтаксистік қатынастарды алады.

2. Семантикалық бағыттағы зерттеулер. Семантика (гр.Sёmапtіkоs-белгілеуші) деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды (ХХғ. 60ж), ал түркологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де семасиологияның негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар. Ол — түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып, айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Негізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын біріктіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі — олардың екеуі де объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракциялау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның ең басты айырмашылығы — олардың абстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында. Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байланыстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі — дүниедегі тілдердің бәріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т. б. Кей тілдерде бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кең не тар мағынада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны да осы мағына болады. Салыстырыңыз: қаз. адам,өзб. инсон,орыс. человек,нем. der Мапп,т. б. Сөздердің барлығында да осы типтес мағына бола бермейді. Екінші бір топ сөздер сол тілде сөйлеуші халықтардың әлеуметтік жағдайы, ұлттық ерекшелігіне байланысты мағынаға ие болады. Бұл түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып саналады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу жолы арқылы ғана беруге мүмкіндік туады. Салыстырыңыз: қазақ тілінде арқансөзі қолданылады. Орыс тілінде осы сөзге мағынасы жақын веревкасөзі қолданылады, бірақ екі сөздің мағынасы тең болмағандықтан, арқансөзінің мағынасын бере алмайды. Сондай-ақ, сыбаға, құда табақ, жая, қазы-қарта, құртсияқты сөздер — тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін халықтарда қолданылатын тағам атаулары. Оны басқа тілге аударғанда түсіндіру жолымен ғана береміз. Домбырамузыкалық аспап ретінде қазақтарға тән болса, қомузқырғыздарға тән, шертерөзбектерге тән музыкалық аспап. Бұл музыкалық аспаптың атаулары басқа түркі халықтарында да қолданылуы мүмкін, бірақ мағыналарында не қолданылуында ерекшелік бар. Тілдерде кездесетін үшінші бір мағына сөздерді қолдануға байланысты туады да, ол жеке ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың еңбектерінде, тілінде кездеседі. Үшінші мағынаны көпшілік ғалымдар жеке мағына ретінде санамайды. Оразов М.О. Қазақ тілінің семантикасы, Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект.

3.Машиналық аударма тарихы, өзекті мәселелері.Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты. Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды. Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді. Бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалы машиналар кез келген мәтінде адам сияқты өте сапалы және мазмұнды аудара алмайды. Оның үстіне машинамен аудара тек үш жағдайда ғана жүзеге асады. 1) бағдарлама тек өте қысқа мәтінді аударуға жасалады, стандартты формада, оның өзі лексикалық және грамматикалық құрамы шектелген мәтіндер. 2) машина үлкен көлемді мәтіндерді сапасыз аударып береді, содан кейін бұл мәтіндердің көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін және сапалы да нақты аударма беру үшін аудармашыға қайтадан жұмыс істеуге тура келеді. 3) бұл жұмысқа редактор қосылады, ол мәтінді аудармаға дайындайды, машинаға қиындық келтіретін жерлерін өңдейді, немесе машина аударған аударманың қатесін жөндейді, нақты емес жерлерін түзетеді. Сөйтіп редактор-аудармашы аудару үшін уайымдайды, ойланады, толғанады.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Наши рекомендации