Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 2 страница

Дәрігерлер мен педагогтардың айтуы бойынша, жыныстық өмірді тым ерте бастамау керек. Өйткені, жас азаматтар толыққанды жыныстық қатынастарды құра алмайды. Ерте (әсіресе зорлықтан кейінгі) жыныстық қатынастар бүкіл өмір бойы сақталып қалатын жан дүниесінің жарақатына алып келеді. Ал егер де ерте басталған жыныстық қатынастың нәтижесінде жүктілік дамыса немесе жыныс жолымен берілетін белгілі бір ауруды жұқтырса, ол екі жұптың олар туралы білмегендігінен дамиды.

Есте сақтаңыздар: ерте жаста дамыған жүктілік ауыр өтеді, босану қиын болады, нәресте әлсіз немесе туа пайда болған ақаулармен туылады! Бірінші медициналық түсіктер жиі бедеулікке, жыныс мүшелерінің басқа да көптеген ауруларына алып келеді. Ерте жыныстық қатынастардан ұлдарға қарағанда жиі қыз балалар зардап шегеді.

Жақын достарын тастап кетсе, ата –аналары түсінбеген жағдайларда секс бір құтқаратын амал секілді болып көрінеді. Есте сақтаңыздар: мұндай жағдайда секс- сабын көпіршігі секілді. Ешқашан секстің өзі ешкімге көмектеспеген. Бірінші мықты сүйеніш нүктесін тауып алыңыз. Бақытты секс тек бақытты адамдарда ғана болады.

Сексуалды қатынастарды басынан өткізіп жүрген достарыңның әңгімесіне қарап, сіз өзіңізден басқалардың бәрі бос уақытында сексуалды қатынаспен айналысады деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ мүлдем ондай емес. Секс – бұл көбінесе фантазия. Мұндай кезде адамдардың жыныс мүшелеріне қарағанда құлағы мен тілі көп қызмет атқаратынын айтқымыз келеді.

Егер де сіз бізге сенсеңіз: секс сізден ешқашан айналып өтпейді. Секстің сізді басқарғанын қалайсыз ба? Немесе сексті өзіңіз басқарғыңыз келе ме? Егер де сізге ол мүмкін болса, оның сізге нағыз керек болған жағдайда сізде болатынына күмәнданбаңыз.

Рас, бүгінгі ұрпақ барлығынан ха­бардар. Алдыңғы буын аға-әпкелеріміз жақ ашып, айта алмаған кейбір мәселелер жастардың арасында кеңінен талқыланады екен. Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулықты сақтау ассоциациясы арнайы зерттеу жүргізіпті. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жастардың 46 пайызы жыныстық һәм репродуктивтік денсаулық хақындағы ақпаратты бір-бірінен естиді-міс. Осы жайтты ескерген ассоциация жаңа жобаны қолға алып отыр. Бұдан былай 15 және 25 жас аралығындағы жас­тар «жас еріктілер мектебінен» репро­дуктивтік денсаулық жөніндегі арнайы ақпараттарды біліп, өмірлік тәжірибе жинайды екен. Әлбетте, мұндай тәрбиені мектеп мұғалімдері үйрете бермесі анық. Сол себепті бүгінгі жас ұрпақ жыныстық қа­тынастар һәм репродуктивтік ден­сау­лықты өз арасында еркін талқыға салуы тиіс деп санайды ассоциация қызмет­керлері. Жаңа жоба алдымен Алматы, Қостанай, Шымкент қалаларында жүзеге асырылады.

«Қазақстанда жастардың жыныстық қатынасқа түсуі 14 жастан басталады. Дей тұрғанмен, жастардың көбісі сақтану жолдары мен шараларынан мүлдем бейхабар. Жастардың 40 пайызы алдымен жеңіл жүрісті аруларға барады екен. Ал қа­зақстандық ЖҚТБ орталығының мәлім­деуінше, қауіпті дертке шалдық­қандардың басым бөлігі - 15-25 жас ара­лығындағы азаматтар. Ал жалпы жүк­ті­ліктің 11-16 пайызы ерте жүктілікке тие­сілі» дейді жоба жетекшісі Карина Сағитова. Міне, сандар осылай «сай­райды». Жасыратыны жоқ, ерте жастан от басып, артынан бармақ тістейтін жаста­ры­мыз шын мәнінде аз емес. Тіпті ішке біткен шаранадан оңай «құтылатын­дар­дың» да басым бөлігін 14-18 жас ара­лығындағы қыздар құрайды.

Қарап тұрсақ, жастар көп ақпарат­танып, көп білген сайын тыйым салынған әдетке үйірсек боп барады. Бір қарағанда, жастардың бір-бірін тәрбиелегені дұрыс-ақ. Әйткенмен, «Еріктілер мектебіне» ба­рып, жыныстық мәселелер жөнінде ақ­параттанған бала әлдеқайда сорақы қателікке бой алдырмай ма?» деген де үрей бар.

Психолог Нұржан Нұрпейісовтiң айтуынша, балалар арасында жыныстық тәрбиені мұншалықты насихаттауға да болмайды. «Әрине, жастардың басым бөлігі бұл жөнінде көшеден, даладағы достарынан біледі, үйренеді. Десек те, жетілу кезеңіне енді аяқ басқан 13-14 жа­сар жеткіншекке «былай жасайсың, қор­ға­насың» немесе «мы­нау дұрыс болар» деп үйретсек, олар­дың қызығушылығы арта түсуі де әбден мүмкін» дейді Нұржан Нұрпейісов. Расында, жастарға еркін тілдесудің алаңын ашып бергеннен не ұтамыз?

Қалай десек те, жас ұрпаққа жыныстық тәрбие беру мәселесі әлі де нақты шешімін таппай отыр. Қоғамымыздың орыстілді өкілдері «Бұл дұрыс. Жастар ерте жастан мұндай іске барады. Мұны біледі екен, онда қорғансын» деген шешімге де келген. Бірақ қазақ қоғамына бұл қаншалықты ке­рек? Апа-әжелеріміз, әпкелеріміз жы­ныстық тәрбие дегенді естімей-ақ ақ, адал, пәк қалпын сақтаған еді. Бәлкім, мұндағы мәселе тәрбиеде емес, дұрыс тыйым салуда болар?! Қалай олайсыз?!

№8-дәріс тақырыбы:БАЛАЛАРҒА ЕРТЕ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (ТУЫЛҒАННАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН). БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ІШКІ КАРТИНАСЫ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ.

Мақсаты: Балалар мен жасжеткіншектердің денсаулық ахуалын қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Балалар денсаулығы ұғымы

2. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығының жалпы көрінісі.

3. Ұрпақ денсаулығы – ұлт саулығы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3.Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Дәріс тезистері.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, психология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:

1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;

2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.

3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:

Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;

Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;

Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;

Тамақтану жағдайы;

Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;

Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.

Бұлай топтастыру Әлеуметтік гигиенаның ғылыми зерттеу институтында және Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарында жасалған. Көрсетілген факторлардың ішінде, әсіресе, жүктілік пен босанудың нәтижесінде, жаңа туған нәрестенің денсаулығына және сәбидің алғашқы жылғы өміріне әсер ететіндері тереңірек зерттелген. Мысалы, балалардың дене салмағының аз (2500гр төмен) болып туатыны көбінесе жас (18 жасқа дейінгі) және кәрі (35 жастан жоғары) аналарда болатыны байқалды. Оларда перинаталдық өлім саны мен жүктіліктің асқынуларының көрсеткіштері де жоғары болып келеді. Балалардың дене салмағына, мезгілінен бұрын босануына және іс -жүзіндегі өлім санының көбеюіне аналардың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы да әсер етеді.

Анасының шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы нәрестенің құрсақта жатқандағы өсуіне ғана емес, одан кейінгі дамуына да зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмасына екі рет 100 гр. артығырақ арақ ішуі, салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауыптілік факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Ата-анасының білім деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық статусының балаларының денсаулығына тигізетін әсері туралы көптеген мәліметтер бар.

Балалардың денсаулық көрсеткіштері әсіресе ерте жастағы балаларддың, жанұя жағдайына байланысты. Толық емес жанұялардағы балалардың аурушаңдығы толық жанұяларға қарағанда сенімді түрде жоғары және оларда жиі ауыратын балалар саны да басым келеді. Мұндай айырмашылық жас өскен сайын тереңдей түседі. Некеге тұрмаған ата-аналардың балаларының денсаулығы нашарлау келеді, олар көбінесе айы-күні жетпей шала туады, аяқтануы, сөйлеуі уақытынан кешірек қалыптасады, осындай балалардың арасында жедел және созылмалы аурулардың жиірек болатынын байқауға болады. Үйлесімсіз тұратын жанұялардағы балалардың созылмалы ауруларының асқынулары жиі қайталанады және олар ауыр түрде, ұзақ жүретіндігі байқалады.

Балалардың денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын корреляциялық байланыс бар екені анықталған. Ұйқысы қанбаған оқушылар арасында денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз болатын оқушылар көз рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен, зат алмасу бұзылыстарымен,басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға қарағанда жиірек зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар арасында таралуы, негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің ауданының жеткіліктілігіне, желдетілуіне және сонымен қатар, ғимараттың жоспарлануына тікелей байланысты болып келеді.

Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді “бала-қоршаған орта” жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің әсері анықталған.

Мұнда оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі факторлар анықталды: жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп сиымдылығының жоғарылауы, екі сменде сабақ оқу, оқу бөлмелерінің ауданының жеткіліксіздігі т.с.с.); жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы; анасының жұмыс бастылығы; мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы, бастауыш сыныпта ұзартылған күн тәртібінде болуы; әкесінің маскүнемдігі; мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы; күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы;

Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:

Қолайлы факторлар:

а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;

б) шынығу;

в) дұрыс, балансты тамақтану;

г) рационалды күн тәртібі;

д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.

Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):

а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Туып-көбеюшілікті жасанды реттеуге болатындықтан және оған этникалық ерекшіліктер әсер ететіндіктен денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға болмайтын сияқты. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азайту, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Және керісінше, кейбір этникалық топтардағы туып-көбеюдің жоғары болуы, денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге кешенді түрде қараған дұрыс.

Халықтардың денсаулығына сипаттама беруде кейбір авторлар өлім көрсеткішін пайдалану мүмкіндігін қолдамайды. Бұл пікірде негізгі аргумент ретінде аурушаңдық пен өлім саны арасындағы сәйкестіктің болмауы алынады, бірақ, өлім ешуақытта аурусыз келмейді. Бұл көрсеткіштердің арасында қатал түрде пропорция болмаса да бір бағытта өзгеріп отырады. Жас кезеңдері бойынша ер адамдардың арасында өлім көрсеткіші жоғары болатындығы олардың өмір сүру мүмкіндіктерінің төмен екендігін көрсеткенімен, денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға келмейді.

Б.Н.Ильиннің пікірі бойынша да өлім саны адамдардың биологиясына ғана емес, көптеген жағдайларда әлеуметтік факторларға да байланысты болғандықтан денсаулықтың белгісі ретінде алуға келмейтіндігін айтады. Бірақ, автор "халықтың (жеке адамның) денсаулығы медициналық (биологиялық) - әлеуметтік түсінік" екенін мойындайды. Ю.П.Лисициннің пікірі бойынша денсаулықты тек қана әлеуметтік және биологиялық қатынас тұрғысынан қарау керек, сондай жағдайда эндогендік және экзогендік себептерден болған өлім саны биологиялық факторларды да сипаттайды. Олай болса, өлім көрсеткішін халықтардың денсаулығының белгісі ретінде алуға болады. Әсіресе, бұл жағдайда балалар өлімі ерекше орын алады.

Наши рекомендации