Дәрігер – эпидемиолог қызметінде деонтологияның рөлі
Дәрігерлердің қоғамдағы алатын орнына байланысты өзіндік қасиеттермен ерекшеленеді. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру адамның өмірден үмітін үзбеу, аурудан айығып кететініне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай болуы заңды да. Себебі қай уақытта, жер шарының қай түпкірінде болмасын адам жанының арашалары болатын емшілерге қоғам мүшелерінің немқұрайлы қарауы мүмкін емес құбылыс. Ондай жандарға өзінің мұқтаж, зардапқа ұшыраған қандас бауырларына көмек көрсетуге итермелейтін күштің өзі олардың бойындағы абзал адамгершілік қасиеттер екені рас. Медициналық қызметкерлердің қызметтерін құқықтық және моральдық –этикалық реттеудің арасындағы ажырамас байланыс бар. Біздің елімізде медициналық қызметкерлердің қызметтерін құқықтық және моральдық-этикалық реттеудің арасында ажырамас байланыс бар. Мұның болуы медицина саласында алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының заңында қабылданған ережелерге сәйкес медициналық қызметкерлердің міндеттері көрсетіледі. Олар: ауру жайлы дәрігерлік құпияны сақтау; науқастың отбасы және интимдік өмірі жайлы мәліметтерді жарияламау; Дәрігер төмендегідей жағдайлар болғанда денсаулық сақтау, сот және тергеу органдарына хабарлауы тиіс: Аса жұқпалы аурулар анықталса; Уланулар; Дене жарақаттары; Жыныстық қылмыстар; Заңсыз түсік жасағанда. Мұндай жағдайларда тиісті шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметкерлердің қызметінің моральды-этикалық және құқықтық реттелуінің өзара байланысы денсаулық сақтау органдарының күнделікті тәжірибелерімен дәлелденеді. Медициналық қызметтің нашар көрсетілуі халықтың шағымдарын талдағанда кездеседі, мұның барлығы медициналық этиканы сақтамау, яғни медициналық қызметкерлердің қызметінің моральды-этикалық аспектілеріне негізделген. Бүгінгі таңда республиканың денсаулық сақтау жүйесі ауруханалардан, амбулаториялық-емханалық ұйымдардан, фельдшерлік-акушерлік пункттерден (әрі қарай — ФАП), медициналық пунктерден (әрі қарай — МП) құралатын емдік-профилактикалық ұйымдар желісінен тұрады. Тіпті емшаралар нәтижесі бұрыс болып шықса да, дәрігер медициналық этиканы сақтаса қайтыс болған адамның туыстары оны қолдайды, ал егер медициналық этиканы сақтамаса онда дәрігер мен науқас және оның туыстары арасында жанжал туады. Қателіктерге алып келетін медициналық қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі: Сасқалақтауы Аланғасарлығы Төмен моральдық қасиеттер әсерінен болады. Дәрігер қызметінің заңмен реттелуі Дәрігер қызметі кез келген мамандық секілді заңмен реттелуі тиіс. Өз ісіне адал дәрігерлер саны аз, өз қызметіне немқұрайлы қараған дәрігерді топ моральдық және әкімшілік емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Жағымсыз нәтижелерге байланысты ғалымдар көп дәрігерлердің барлық іс-әрекетін келесі үш топқа бөледі: Дәрігерлік қателіктер Абайсыз болған оқиғалар Қылмыстық тәртіпке сәйкес жазаланатын қателіктер Дәрігер қателіктерінін себептері жалпы 2-ге бөлінеді: Тура-деонтологиялық; Жанама- диагностикалық,тактикалық, техникалық. И. Ф. Огарков бойынша дәрігерлік қателіктерді 2 топқа бөледі: Ауруды диагностикалаудағы қателік Ем-шараларды жүзеге асыру мен тағайындаудағы қателіктер Краковский және Герцман хирургиялық қателіктер классификациясын ұсынады: Диагностикалық; Емдеу-тактикалық; Емдеу-техникалық; Ұйымдастырушылық; медициналық құжаттарды жүргізудегі қателіктер; Медициналық мекемедегі медициналық қызметкердің тәртіп бұзушылықтары Заңгер И.Ф.Крылов төмендегідей дәрігер қателіктерін топқа жіктейді: Диагностикалық, ауруды танымау не қате тану Техникалық,медициналық техниканы дұрыс пайдаланбау,сәйкес емес медикаменттер мен диагностикалық құралдарды қолдану. Деонтологиялық қателіктердің салдарынан болатын ятрогенді аурулар болады. Біздің ойымызша ятрогения емдеу мекемелерінің жұмысындағы өте маңызды ақау. Ол медициналық қызметкерлердің жоғары кәсіби дәрежесінің жетіспегендігін, ұжымдағы тәрбиелік шаралардың әлсіздігін көрсетеді. Халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылылығын жетілдіру үшін аурулардың диагностикасы мен емделуі, соның ішінде емдеудің амбулаториялық деңгейіндегі емделуі хаттамалары әзірленіп, бекітілді. Ортақ дәрігерлік практика енгізу мақсатында 2006 жылғы №124 «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы» бұйрық бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Осы бұйрықпен сол сияқты АМСК ұйымдарының үлгі штаттары мен штаттық нормативтері бекітілген. Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті органдар және денсаулық сақтау ұйымдары әлеуметтік маңызды және айналаға қауіп төндіретін аурулармен күрес жөніндегі мақсатты жүргізуде.
Блок