Параграф. Өңеш обыры және асқазан обыры скринингін жүргізу алгоритмі
56. Өңеш обырына және асқазан обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады.
57. Өңеш обыры мен асқазан обырына скрининг дайындалған кезеңнен, скрининг жүргізуден, қорытынды кезеңнен тұрады және мыналарды қамтиды:
Өңеш пен асқазанды эндоскопиялық зерттеу (эзофагогастродуоденоскопия);
оларды анықтаған жағдайда жүргізілетін өңеш пен асқазан сілемейінің патологиялық учаскелерінің биопсиясы.
58. Дайындық кезеңі мыналарды қамтиды:
КДБ/КДО эндоскопия бөлімшелерін/кабинеттерін жабдықпен, персоналмен, КДБ/КДО өткізгіштік қабілетінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі кезінде өңешке және асқазанға эндоскопиялық зерттеу жүргізу үшін, бейнеэндоскопиялық зерттеу жүргізу үшін бейнеэндоскопиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, ДБ осы тізіміне қосылуы мүмкін:
нысаналы топтарды қалыптастыру;
ақпараттық сүйемелдеу, скринингке, соның ішінде атаулы шақыруларды, электрондық және басылымдық ақпараттық құралдарын пайдаланумен скринингке шақыру.
Бұл ретте МСАК ұйымының/ МСАК ұйымының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің медицина қызметкері:
халықтың нысаналы тобының тізімін қалыптастырады, әрбір пациент үшін зерттеп-қаралу күні мен уақытын белгілейді және зерттеу жүргізілетін күні КДО, ДБ эндоскопия бөлімшесіне пациенттің келуін қамтамасыз етеді;
зерттеу жүргізудің қажеттілігін түсіндіреді, скрининг емшарасын өткізуге пациентті дайындайды;
МСАК ұйымының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің, дәрігерлік амбулатория, ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың дәрігерімен Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) бекіткен жоспарға сәйкес эндоскопиялық зерттеуге жіберу кестесін қалыптастырады және келіседі.
59. Скрининг жүргізу кезеңдері:
онкологиялық сақтық шараларын арттыру және өңеш обырын және асқазан обырын ерте диагностикалау мәселелері бойынша оқудан өткен эндоскопист дәрігер жүргізетін эзофагогастродуоденскопияны қамтиды. Эзофагогастродуоденоскопия Басқарма бекіткен эндоскопиялық зерттеу жүргізу кестесіне жүргізіледі.
60. Эндоскопия бөлімшесінің дәрігері:
өңеш және асқазанды эндоскопиялық зерттеу нәтижелерін (тікелей эзофагогастродуоденскопиядан кейін және гистологиялық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін) хабарлайды және бланкке енгізеді;
эндоскопиялық зерттеуден өтетін адамдардың Helicobacter pylori жұқтыруын болдырмау мақсатында қауіпсіз эндоскопиялық емшара жүргізу жөніндегі санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың кешенін жүзеге асырады.
Бір эндоскопиялық аппарат қолданылған жағдайда алдыңғы және одан кейінгі эндоскопиялық зерттеудің арасындағы интервал эндоскопиялық жабдықты автоматты өңдеу аппаратын пайдалан отырып эндоскопқа тазалау жүргізуді, жоғары деңгейлі дезинфекцияны, жуу және үрлеуді ескеріле отырып кемінде 20 минутты құрайды.
61. Эндоскопия кабинетінің мейіргері:
скрининг кезінде жасалған өңеш және асқазанды эндоскопиялық зерттеуді тіркеу журналында зерттеу жүргізілген күні, пациенттің тегі, аты, әкесінің атын, жасын, мекен жайын көрсете отырып, зерттеу жүргізуді тіркейді;
алынған биопсиялық материалды таңбалайды, тіркейді және белгіленген қағидаларға сәйкес сүйемелдеу бланкінде «Скрининг бойынша материал алынды» белгіні көрсете отырып, ДБ патоморфологиялық зертханаға/ патологоанатомиялық бюроға жібереді;
эндоскопиялық зерттеу нәтижелерін МСАК ұйымына жібереді;
ДБ патоморфологиялық зертханада/ патологоанатомиялық бюрода жүргізілетін өңеш және асқазанның сілемейлі биоптатының гистологиялық зерттеуін жібереді. Биоптаттың морфологиялық интерпретациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жалпыға ортақ халықаралық стандарттары мен жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.
62. Қорытынды кезең өзіне толық зерттеп-қарауды, патология анықталған адамдарды диспансерлік есепке алуды, есепке алу-есептілік статистикалық құжаттаманы ресімдеуді аяқтауды қамтиды.
63. Бұл ретте эндоскопиялық зерттеу нәтижелерін алу кезінде МСАК ұйымының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері:
Зерттеп-қаралған адамдарға ES 1, GS 1 (патологиясыз) 2 жылдан кейін келесі эндоскопиялық зерттеу жүргізу ұсынылады;
ES 2-4, GS 2-4 (тұқым қуалайтын аурулар, даму аномалиясы, қабынған аурулар, ойық жара) пациент КДБ/КДО гастроэнтерологына жіберіледі;
ES 5, GS 5 (өңеш, асқазанның сілемейлі қабықасты ісігі), ES 9-12, GS 8-14 (морфологиялық верификациясыз қатерлі ісіктің эндоскопиялық картинасы, морфологиялық верификацияланған обыр) - пациенттер тұратын жері бойынша аудандық онкологта одан әрі динамикалық бақылаумен ДБ жіберіледі;
ES 6 (Баррета өңеші), ES 7-8, GS 6-7 (өңеш және асқазанның сылып тасталған полипозды ісігі) пациенттерге тұратын жері бойынша аудандық онкологта динамикалық бақылау ұсынылады.
64. Эндоскопиялық скрининг нәтижелері өңеш обыры және асқазан обырының скринингіне жататын пациенттерді есепке алу журналына, Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушы паспортына, 025-08/е нысанына енгізіледі және есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайын аумақтық ақпараттық-талдау орталығына беріледі.
65. тереңдетілген диагностика тағайындалған жағдайда 025-08/е нысаны толтырылған деп есептеледі және КДБ/КДО, ДБ-ден барлық тағайындалған зерттеулердің нәтижелері алынғаннан кейін ғана статистикалық өңдеу үшін берілуі тиіс.
Зерттеп-қарау нәтижелері және пациентті одан әрі бақылау ұсынымдары учаскелік дәрігерге/ жалпы практика дәрігеріне жіберіледі.