Сілекейдің қорғаныш қасиетін анықтау.
1. Сілекей бөлу жылдамдығы бұл зерттеуді жүргізу үшін градуирленген пробирка және секундомер қажет. Науқасқа басын игізіп, аузын жартылай ашып отыруын сұраймыз. Төменгі ерінге қойылған пробиркаға қойып сілекей ағуын қадағалаймыз. Сілекей жиналуының уақытын анықтаймыз (әдетте 5–15 мин). Сілекей бөлу жылдамдығы мына формуламен анықтайды:
Сс = V/t,
Сс – сілекей бөлу жылдамдығы; V- бөлінген сілекей көлемі (мл), t – сілекей бөлу уақыты (мин). Қалыпты сілекей бөлу жылдамдығы Сс = 0,03 – 0,3 мл/мин гиперсекрецияда Сс =0,61 -2,40 мл/мин.
2. Сілекей тұтқырлығы. Бұны анықтау үшін 1,0 мл–дей микропипетка және секундамер.
Зерттеуден бұрын микропипетканы суға енгізеді:
1. Вертикальды орналасқан пробиркадағы белгіге дейін 1,0 мл суды сорып алады.
2. Саусақты 5 сек жіберіп пробиркадағы судың шығуына мүмкіндік береді.
3. Пробиркада қалған судың мөлшерін белгілейді ( негізінде 0,08 мл).
Осылай 5 сек ішінде пробиркадан қанша судың шыққанын анықтайды.
Сілекейдің тұтқырлығын анықтау үшін калипроландалған пробирканы зерттелетін сілекеймен толтырады, сосын пробиркадағы сілекейді 5 сек ағуын қамтамасыз етіп, осы уақытта ағып кеткен сілекейдің көлемін өлшейді. Сілекейдің тұтқырлығын мына формуламен есептейді:
VB - аққан судың көлемі (мл), VC – аққан сілекейдің көлемі (мл), BC - сілекейдің тұтқырлығы, BB - судың тұтқырлығы.
Сілекейдің тұтқырлығы егер 1,0-4,0 бірлік болса қалыпты, 6,0-9,0 бірлік болса қалыпты емес.
3. Сілекейдің қышқылдылығын анықтау. Тәжірибе жүзінде индикатор әдісін қолданған ыңғайлы. Стандартты қағазды индикатор жолаққа сілекейді жағып, кептіріп, салыстырмалы шкалада оның рН-ын анықтайды.
Сілекейдің рН-ын дәл анықтайтын әдістердің бірі – ионометриялық әдіс, оған иономер, пробирка, микрокювета және фосфаттық буферлік ерітінді (рН= 6,86). Зерттеу үшін пробиркаға 2-3 мл сілекейді жинайды, микрокюветаға буферлік ерітіндімен қосады. Иономер арқылы көрсеткішті бағалайды. Егер рН=6,7-7,7 болса, онда қалыпты болып есептеледі.
4. Сілекейдің буферлік сыйымдылығын анықтау. Стоматологиялық клиникада қышқылды негізді индикатормен дайындалған арнайы тестті қағаздан жасалған жолақтар қолданылады. Сілекейдің тамшысын пипеткамен алып, оны қағазды жолаққа тамызады. Сол кезде сілекей қышқылды бейтараптап, қағаз жолақты түсін өзгертіп жібереді. Көп жағдайда қышқылды рН=4,5 – сары-қоңыр түс береді, әлсіз қышқылды рН=4,5-5,5 – жысыл түс, бейтарап рН - көк түс береді.
5. Сілекейдің минералдық потенциялын анықтау. Сілекейдің минералдық потенциалын анықтау сілекей тамшысының кепкен кездегі кристаллдардың пайда болуына негізделген. Зерттеу жүргізу үшін пипетка, әйнек және микроскоп қажет. Ауыз қуысының түбінен пипеткамен сілекей тамшысын алып, заттық әйнекке жағамыз. Сілекей термостатта немесе бөлме температурасында кепкеннен кейін микроскоппен қараймыз. Әйнекте пайда болған суретті төмендегі балл бойынша бағалаймыз:
1 балл – себілген біртекті емес форма.
2 балл – бүкіл көру алаңында жұқа тор тәрізді жолақ.
3 балл – әртүрлі формадағы бөлшектелген кристалдар.
4 балл – орташа мөлшерде ағаш тәрізді кристалдар.
5 балл – айқын, үлкен, папоротник тәрізді кристалдар.
МПС көрсеткіштері: 0-1-ге дейін өте төмен; 1,1-2,0 дейін төмен; 2,1-3,0-ге дейін қанағаттанарлық; 3,1-4,0-ге дейін жоғары; 4,1-5,0-ге дейін өте жоғары болып табылады.
6. Эмальдың реминерализация жылдамдығын анықтау (сілекей арқылы). Зерттеу жүргізу үшін эмаль тазалайтын зат, мақталы валиктер тістен оқшаулау мақсатында, стандартты қышқылды ерітінді, бояғыш зат (2% метилен көгі ерітіндісі) және секундомер. Эмальды тазалап, басқа заттардан оқшаулап, кептіріп, үстіне 60 с-қа қышқылды ерітінді тамызады. Сосын оны шайып, қайтадан кептіріп, бояғыш зат тамызады. Бірнеше минуттан кейін бояғыш затты мақтамен сүртіп алып, бояудың қарқындылығын типографиялық 10 баллдық шкаламен анықтайды. Эмальдың зақымдалған аймағын сілекей біртіндеп реминерализациялайтындықтан, бояудың қарқындылығын анықтайды, күнделікті қайталайды. Егер де көрсеткіш тәулігіне 1-3 болса жақсы, тәулігіне 5 болса, жаман деп есептеледі.