Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан кімдер кімдер? Олардың қандай еңбектері бар?
Абай Құнанбаевтың шығармашылық. Өмірбаяны.
Біздер, қалың қазақ оқырмандары, Абайдың ғылыми өмірбаянын М. Әуезов 1924, 1940, 1944, 1951 жылдары, яғни төрт рет қайта толықтырып жазған нұсқаларынан оқу арқылы меңгереміз. Бұған қоса XX ғасырдың ұлы жазушысы атанған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын оқу арқылы да таным нанымымызды кеңейтіп тереңдете түсеміз.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10.08.1845-05.07.1904 Семей обл., Абай ауд.) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе 3 жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.
Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Азақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасуы.
Қазақ әдебиетiнiң аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңiн үш салаға бөле қараудың қажеттiлiгi туды:
Бiрiншi кезеңi яғни абайтанудың алғашқы дәуiрi ресми түрде баспасөз бетiнде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
Екiншi кезеңi 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдардың заманымен аяқталады.
Үшiншi кезең 1961 жылдан кейiнгi Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуiрiмен жалғасады. Яғни ұлы ақын мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы деп аталатын екi ғылыми арнаның пайда болуын көрсетедi.
Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан кімдер кімдер? Олардың қандай еңбектері бар?
Мұхтар Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолында жарты ғасырға таяу толассыз ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері абайтанудың қолы жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын іргелі де көрнекті саласы абайтанудың негізін салушы әрі ол мұраны ғылыми творчестволық жолмен бүкіл әлем халқына таныту арқылы да әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды. Абай мұрасын терең бойлай танып білу мен насихаттау жайында атқарған ұлан-ғайыр еңбегі қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ ұлттың рухани қазыналы байлығына айналып та үлгерді.
«Абай» журналының ұлы ақын мұрасын жөнінде мақалалар жазып, Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына орай ақын мұрасын жинастырып, өмірі мен творчествасын зерттеуге кіріскен М.Әуезов ғұмырының соңына дейін толассыз іздену үстінде болды. Абай мұрасын зерттеу – автордың дем беру үшін рухани қайнарына айналды. Ол мұра жөнінде жазылған М.Әуезовтың жазылған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері мен көп томды ұлы эпопеясын жазуы- ғылыми творчествалық зор мақсаттың шын мәнінде жүзеге асуын бұлтартпас дәйекті айғағына айналды. Тек қана бір ақынның мұрасы жайында бір ғана зерттеушінің соншалықты зор көлемде зерттеу жұмысын жүргізумен бүкіл әлем оқырманын табындырған көркем шығармалар жазуы әлем әдебиеті тарихында кездесе бермейтін бірегей құбылыс.
М.Әуезовтың ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғарғы оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын. Өйткені осы монографиялық еңбегіне дейін мұрасының әр түрлі салаларын өз алдына жеке сөз етіп, ізденісте жүргізіп келсе, сол жан-жақты ізденіс үстінде туған ойлары мен танымдарын түгелге жуық қамти отырып, ғылыми негізде хронологиялық желіге түсіріп, баяндап берген. Мұнда көзделген басты міндет – Абай мұрасының сырын, болмысын танып білумен қалың оқырман қауымға таныту болуы себепті де, ол ақын мұрасын тұтас қамтып, көптен бері айтып, жазып келе жатқан ой танымдарын өзі ұстанған хронологиялық желісіне шебер түрде сіңімді өріліп, үйлесім тапқан табиғи тұтастықты көреміз.
Абай мұрасын тұтас қамтып зерттеу нысанын алғанда хронологиялық желіне қолдану мақсаты – Абайдың ақындық өнері мен дүниетанымындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп рухани қорлаудың эволюциялық даму жолын көрсетуде.
Еңбектегі назар аударарлық ерекшелік – Абайдың мәдени мұрасын тұтас қамытылып, ақындық мәдениеті мен көркемдік шеберлігінің даму жолдары, дүниетанымы мен рухани өсуінің эволюциясын хронологиялық желіге сүйене отырып, әрі ақын творчествосындағы өзгерістер мен бетбұрыстардың себебін сол дәуірдің тарихи шындығы мен сабақтастыра қарап, сырын ашып саралауда жатыр.
Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерде М.Әуезов Абай мұрасы жайында кейбір талас тудырған күрделі мәселелерге көңіл аудара бастады. Әсіресе, Абайдың әдеби мектебі немесе Абайдың шәкірт ақындары туралы қолдан қоздырылған, бірақ ғылыми ойдан тыс, саяси идеологиялық мақсат көздеген теріс бағыттағы ой-танымдары мен пікір таластырып, өз көзқарасын қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да ұтылыстар да болып жатты. Бұл салада күресте ақыры шындық жеңді. Бірақ кешігіп келді ...
Бұл тұста кейбір зерттеушілер тарапынан Абай ақындығының алғашқы жылдарындағы шығармалары ешбір ғылыми дәлелсіз сыңаржақтылықпен терістеле бастады. М.Әуезов бұл мәселеге де ерекше көңіл аударып, алғашқы жылдардағы ақын шығармаларының сыры мен қырын ғылыми тұрғыдан тереңдей аша отырып, пайдасынан зияны басым ғылыми ойға жат нигелистік пікірдің жалғандығын батыл әшкереледі.
Ұлы ақын мұрасы жолындағы ізденістері мен жиырмасыншы ғасырдың ұлы туындысы аталған «Абай жолы» эпопеясы – қазақ елінің өткені мен бүгінгі дәуірінің рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналуда. Енді Абай мұрасының сыры мен қырының мән-мағынасын М.Әуезовтың абайтану саласындағы ғылыми еңбектері мен «Абай жолы» эпопеясы арқылы танып білетін рухани ғажап құралға ие болудамыз.
М.Әуезов- ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі. Оның көркемдік әлемі мен жарты ғасырға жуық Абай мұрасы туралы ғылыми зерттеу еңбектерін танып білу жолында ғалымдар тарапынан атқарылар көп салалы аумағы мол арналы міндеттерді алға тартады. Айтулы дарын иелерінің творчестволық өмірінде құлай берілген әрі ұзақ ізденуден туатын жан сыры ретінде жазылатын бас шығармасы болмақ. М.Әуезовтың мұндай туындысы – «Абай жолы» эпопеясы.
М.Әуезовтың жиырма томдық шығармалар жинағында абайтану саласында жазылған еңбектері түгелге жуық беріліп, олардың бәріне де арнайы ғылыми түсініктемелер жазылды.
«Абай» энциклопедиясында да М.Әуезовтың абайтану саласындағы еңбектері мен зерттеулері өз көрінісін толық тауып, оқырманға келгелі отыр.
М.Әуезовтың абайтану тарихындағы орны мен сол жолда жазылған ғылыми зерттеу еңбектері жайында осы жолда автор тарапынан 1982 жылы «Ғылым »баспасына «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген көлемді монографиясында қамтылған болатын. Абайтану тарихы саласында М.Әуезов атқарған тарихи еңбектің желісін танып білуді қалаған оқырманының назарына сол басылымды ұсынады. Осымен абайтану тарихындағы М.Әуезов дәуірі аяқталады. Ол кезең 1965 жыл мен 1995 жылдар аралығын қамтып, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын қамтумен шектеледі.
Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін 100 жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғаш зерттеушілердің аты-жөні менен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайын да ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.
Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам - Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуде ол «Қырғыз поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты атауға болады, ол поэтикалық түр мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы. «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерін жақсы аудармаларын жасаған да сол»-деп жазған. 1905 жылы «Абай Құнанбаев» атты мақала жазған. Мақалада автор Абайдық шыққан тегі, өмірі, шығармашылығы жөнінде тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп, ол «өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қазақ ақынын осы кезге шейін болған емес, жылдың төрт мезгіліне арнаған тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды»- деп қорытынды жасайды.
Абайдық ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – Ахмет Байтұрсынов еді. Ол «Қазақтың бас ақыны»атты мақаласында «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп түйін айтты. Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең» жырларының шығуы жайларында әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жағдай халық жырларына Абай сөзін қарсы
қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.
Тағы да Ахмет «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған »- деп жазады.
Ахметтен кейін Абайтану саласында бағалы ой айтқан адам – М.Дулатов. Оның «Абай »атты мақаласы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына арнап жазылған. Ол да Абайдың жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет жасаудағы орнын айрықша атайды. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып, оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол»- дейді.
Бұл әрине Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару емес, ақынның дүниежүзілік биік үлгіге сүйенген жаңа әдебиет жасаудағы еңбегін бағалау. Оның жырларының халықтың жүрегіне «Сәуле беріп», «Алғашқы атқан жарық жұлдыздай» еткен әсерін Міржақып айрықша атайды.
Сонымен қатар мақалада Абай өлеңдерінің қолжазба күйінде тарауы тарихынан мәлімет беріледі. 1904 жылы мұндай жинақты Ахмет Байтұрсыновтың көріп оқығанын Ә.Бөкейхановтың оны бастыру жөніндегі талабын Петербург басылымының жайында әңгімелейді.