Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан кімдер

Абайдың дін, мұсылманшылық туралы өлеңдері

Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.

Абайдың ұғымынша құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш,

«...жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес...».

"...Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?!..."

Екіншіден, құдай - жазалаушы күш, адамгершілік заңымен өмір сүрмегендерді құдай атады, ант ұрады. Абайдың түсінігінде құдай жауыз, сұм, екіжүзді, арамтамақ адамдарды жазалаушы. Отыз бесінші сөзінде ол құдайды құлқынның құлы болған, халыққа зәбір көрсеткен, екіжүзді қажылар мен молдалардың «адамның сайтаны - монтаны сопылар» мен мейірімсіз мырзасымақтардың мақшарға барғанда зауалын тарттырушы ретінде суреттейді. Абай құдайды залымдардың жазалаушысы деп түсіндіріп, қарапайым деистік бағыт ұстағанымен, өмір сүрген заман тұрғысынан қарағанда дін иелеріне, оны дұрыс ұстай алмай отырғандарға сын көзбен қарағаны анық. Үшіншіден, құдай - махаббат пен әділдіктің ерекше көрінісі, адамды адалдыққа бастайтын қамқор да жебеуші күш. Мұнда Абай алланы дәріптеуді емес, құдайдың жақсы қасиеттерін адамның бойына сіңіруді мақсат етеді. Сондықтан да «құдай» деген ұғымды адам бойындағы асыл қасиеттер - адамгершілік, әділеттілік, шыңдық, тәрбие, махаббат сияқты мораль мәселелерімен байланыстырады, дінді адамгершілікке бағындырмақ болады:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...»

Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана нағыз адам. Адам жөніндегі Абайдың түсінігі патриархалдық-феоц. және діни түсініктерді жоққа шығарады.. Діни түсініктегі нағыз адам - құдайға құлшылық етіп, күніне 5 рет намаз оқитын, ораза ұстайтын, мешіттің, дін иелерінің қамын ойлап, зекет-ұшырын үзбей беріп туратын, қажыға барып, Меккенің қара тасына табынатын, мұсылманнан басқа халықтарды «кәпір» атап, жау санап, дін жолында «шейіт» болуға әзір, исламның бес парызын бұлжытпай орындайтын адам. Абай адам жөніндегі патриархалдық-феод. және діни түсінікті ағартушылық-демокр. тұрғыдан теріске шығарады. Оның адам туралы теориясы - адам табиғатын гуманистік тұрғыдан түсіндірудің бір көрінісі. Абайдың «өмір» мен «өлім», «жан» мен «тән» туралы түсініктері де діни қағидалардан басқаша. Абайдың айтуынша өмір дегеніміз тіршілік, ғұмыр сүру, алланың адамға берген сыйлығы, тартуы. Өмір уақытша нәрсе, өмір үнемі өзгерісте болады, ал Алла мәңгі.

«Күллі мақлұқ өзгерер, алла өзгермес,
Әһли кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес»

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»

-деп, ұжмақ, тозақ, ахиретті емес, кәдімгі дүниедегі тіршілікті сөз етеді. Жеке адамдар көзі жұмылып, жер құшағына кіргенімен адам баласының жасап кеткен іс-тәжірибесі, рухани және материалдық табыстары өмірлік жасай бермек. Абайдың «иман» туралы түсінігі де діншілдік көзқарастан көп алшақ, исламдық ұғымға жанаспайды. Исламда иман дегеніміз құдайға шексіз, шүбәсіз нанудың, сенудің символы, бүл дүниеде барлық ауыртпалыққа төзімділік жасап, рақатты о дүниеден, «ұжмақтан» күту, құдай біреу, ол - Алла, ал Мұхаммед құдай мен адамдарды байланыстырушы елші, пайғамбар екендігін шүбәсіз мойындау. Бүл дүниеде ауыртпалық біткенге, жоқшылыққа, бейнетке төзімділік жасап, исламның бес парызын өмір бойы орындағандар ғана иманды болады, ұжмақтың төрінен орын алады.

Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан кімдер

Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды

Әуезов ақынның өмір кешкен ортасы мен қалдырған мұрасына үңілген еңбектерінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі пікір айтып отырды. 1934 ж. «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласындағы ойын 1951 ж. жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, содан кейінгі «Абай Құнанбаев» деген монографиясында да өрбітіп, анықтап айтады.

Наши рекомендации