Тұлғаның дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы туралы сіздің пікіріңіз.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)— арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық са­ланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.

Ресейлік ғалым Л.Зазнобина тулга пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын өзекті мәселе ретінде қарастырып, бұл мәселеде мемлекеттік көзқарас қалыптаспайынша, оң нәтижелерге қол жеткізу қиын деген тұжырым жасайды. Ол өз зерттеулерінде Ресей мектептерінде оқу, тәрбие үрдісінде БАҚ әлеуетін үзік-үзік түрде ғана пайдаланылатынын, жалпы алғанда мектептер БАҚ-тың жасөспірімдерге ықпалын ескере бермейтінін айтады.

Жалпы қағидаға сүйенсек, оқушы үшін ақпарат алу көздері – газет, журнал, радио, теледидар, оқу әдебиеттері және ең басты білім тұрғысында ақпарат беруші мұғалім болып есептеледі. Балалар аталғандардың ішінен теледидарды ең негізгі ақпарат көзі деп санайды. Жүргізілген сауалнама көрсеткеніндей, балалардың көпшілігін БАҚ ақпараттарының мазмұнынан жаңа білім алу емес, оларды көңіл көтеруге бейімделген бағдарламалар көбірек қызықтырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының адамдарды сендіру ықпалы жоғары, соның нәтижесінде ізгі қасиеттерді қалыптастыру мүмкіншіліктері бар. Әзірге жеткіншектер тәрбиесінде олар толыққанды пайдаланылмай келеді. Оның бір себебін бұл мәселе болашақ мамандарды дайындау барысында ескеріле бермейтіндігінен аңғаруға болады. Сондықтан болашақ мұғалімдерді бұған арнайы дайындап, ал бүгінгі күні білім беру мекемелерінде қызмет жасап жүргендер үшін кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстары кезінде мұғалімдердің БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы бойынша білімдерін жетілдіру керек деп қорытынды жасауға болады. Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап мемлекет өз тарапынан адам факторын басты нысанға алуды міндет етіп қойып келеді. Осыдан келіп, қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні – балаға деген субъектілік қатынас екені шығады. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейде қаулы-қарарлар, тұжырымдамалар мен заңдар жарық көрді.

Қорыта келе айтар ұсынысым:

1. Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты тәрбиелеу үшін «мұны білуге саған әлі ерте, оған тыйым саламыз» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетелеудің бір арнасы деп ұғу абзал.

2. Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды-жансыз жаратылысты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнің қадір-қасиетін танытқан дұрыс.

3. Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп шындықты үйрету мектебі болуы тиіс.

Наши рекомендации