Ажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзарабайланыста дәлелдеңіз
Қажетілік – тірі организмдердің белсенділігінің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі организмдердің денесінде әрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға болады.
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі . Мотивацияның негізгі міндеттері:
- Әр жұмыскерде жұмыс процессінде мотивация мағнасы құрылу;
- Жұсыкерлер мен бастықты фирмаішіндегі негізгі психологиялық әнгімелесуге үйрету;
- Әр бастықта қазіргі мотивациялық әдістерімен жұмыскерлерді басқару пайда болу.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның " ішінде " болады , “ арнайы ” мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады , сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алад, ол оны көтемелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
Қажеттілік пен іс-әрекеттің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің даму процесінде екі кезеңді бөлу қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.
Әдетте бірінші кезеңде субъект үшін қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екененіне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.
Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.
Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі әрдайым жетекші, ал екіншісі –тұрлаусызболады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.
Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. Келесі классқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез-келген мотивтер санасыз болып келетін айта кету керек.
Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың формасы екеу: эмоциялар және тұлғалық мағына.
Іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З.Фрейд, У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған болатын.
Тұлғалық мағына – мотивтердің санада көрінуінің басқа формасы. Дәл осы жетекші мотивте мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру-мотиві мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін атқарып, эмоцияны тудырады.
Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы мен іс-әрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу және оның заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің еркше түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.