Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары
Тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу.Өзіндік бағалау тұлға дамуында орталық орынды алады, ол әлеуметтік адаптацияға, дезадаптацияға I байланысты, тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Әрине ол адамға басынан-ақ берілген. Социум өзіндік бағалауға әсер етеді. Тағы да педагогикалық іс-әрекетке келеміз, жеткіншектер жасы, егер оның өзін бағалауы социумда тіреу таппаса, оны басқалардың бағалауы өзін бағалау шкаласымен салыстырғанда ылғида төмен болса, онда фундаменталды қажеттіліктердің бірі өзін силату қажеттілігін тарату жабылады (блокируется) бірден өзін дискомфорт сезімінде сезінеді.
Ал тұлға үнемі дискомфорт пен дистресс жағдайындаболуы мүмкін емес, ал жеткіншек болса өзі бұл психологиялық жағдайдан шыға алмайды, жолын өзі таба алмайды. Оның өзіндік бағалауы әлеуметтік кеңістікте адекватты тіреу табуы керек. Осы мәселені психологиялық шешудің бір жолы жеткіншектің өзіндік бағалауын адекватты қабылдайтын топқа кіруі, жеткіншек осы топта өзін комфортты сезінеді, силауға деген қажеттіліктері қанағаттандырылады (гуманистік психология, гештальт терапия).
Мұнда мына модельжұмыс жасайды топ ішінде «шестерка»,ал басқа бөтен жеткіншектер үшін авторитет. Гуманистік теорияда (Маслоу) өзін силатуға деген қажеттілік адамның фундаменталды қажеттіліктерінің бірі деп санайды.
Тұлғаның акцентуациясы.Акцентуация терминін бірінші рет неміс психиатры, Берлин неврология клиникасының профессоры К.Леонгард кіргізді. Кеңес психологиясында балалар психиатры А.Е.Личко акцентуацияның басқа типтерін ұсынды. Акцентуация деген ол мінездің дамуының дисгармониясы, кейбір мінез қырларының ерекше көрінуі (гипертрофты), тұлғаның кейбір ситуацияларға адаптациясын қиындатады. Леонгардтың жұмыстарында тұлға акцентуациясы және мінездің акцентуациялы қырлары деген түсініктер үйлесіп беріледі, ал Личко тек мінез акцентуациясы деп қарайды.
К.Леонгардта демонстративті тип,педантты тип, тұрып қалған (застревающий) тип, қозғыш тип, гапертимді тип, дистимді, циклотимиді, экзальтирлі тип, эмотивті тип, мазасыз тип. Личко да орнықсыз тип, конформды тип, шизоидты, эпилептоидты, истериодтты, астено неврология, сенситивті, психоастеникалық, гипертимді. Циклоидты, лабилді, аралас типтер бар.
Орнықсыз тип еңбекжасағысы келмейді, мейрамға, қыдыруға әуес, ерік күші әлсіз, егерде парыз деп санасада еркі оған жетпейді, байланысқа үстірт түседі, романтикалық ғашықтық жоқ, болашағына қам жемейді, жоспар құрмайды, бүгінмен ғана өмір сүреді.
Конформды типнегізгі мінез қыры «барлығы» сияқты болуға ұмтылу киім кигеннен тамақ ішкенге дейін, қоршағандардан позициясы, мінез-құлқы пікірлері қатты тәуелді болады. Өз ортасының «Жақсы» ортасында тырысып оқиды, жұмыс жасайды, «жаман» ортада олардың дәстүрлерін, әдеттерін тез үйренеді. Мінез-құлықтың топтық эталондарын, информацияларды құндылықтарды қабылдауға сынмен қарамайды. Жеке бастама қажет болмағанда жақсы жұмыс жасайды.
Шизиодты тип.Негізгі қыры қарым-қатынаста тұйық, сезгіштігі кем байланысқа түскенде тез айнып тіпті тез өзіне кетеді, басқалардың қайғысын түсінуге сезімтал емес, эмпатиясы төмен, партнердің ойларын, тілектерін ұқпайды. Әуестенуі өте күшті, тұрақты, ешкімге ұқсамайды. Эротикалық фантазиялары бай болады, жиі асексуалды, эмоциялық контактілерге түсуі өте ауыр.
Эпилептоидты типкөңілі толмайды іші пыса береді, соған байланысты ашуланшақ, сол ызасын төгетін объектіні ылғи іздеп жүреді, аффективті жарылғыш, аффектілері өте күшті, ұзаққа созылады, махаббатта өте қызғаншақ, құрбыларына келгенде лидер, билікті алғысы келіп тұрады, қатал тәртіп жағдайына жақсы бейімделеді, бастықтың алдында бәрін орындап, жағдайын түзеткісі келеді, ұсақшыл ұқыпты, барлық ережелерді дәл сақтайды,тіпті олары іске кесірін тигізеді, реттілікті ұнатады, педант.
Истериодты типнегізгі белгісі өте эгоист, өзіне елдің бәрі көңіл бөлсе дегенге қатты алаңдайды, бәрі маған таңқалса, қызықса деп ойлайды, жалғандығы және фантазиясы өзіне назар аударту үшін жасайды, театралды бастан кешіру, өзін көрсете береді. Жұмысқа қабілеті төмен, өзін көрсететін жерде ғана қимылдайды.
Астенико невротикалық типтез шаршайды, ашуланшақ, ақыл ой жұмысында тез шаршайды, болар болмас нәрсеге аффективті.
Сенситивті типөзінің әлсіздігіне жоғары сезімталдық, өзінен көп кемшілік көреді, физикалық меніне көңілі толмайды, тұйық, қорқақ, ұялшақ, танымайтындармен қарым-қатынасты орнатуы қиын.
Психастеникалық типшешімге келе алмаушылық, мазасыз, кінәмшіл, жақын туысқандарын көп ойлайды, мінез қырлары бастауыш мектепте-ақ көрінеді, өзі үшін, басқалар үшін жауап беру ең қиын тапсырма болып табылады. Қиялында қорқынышты көп ұстайды.
Гипертимді типкөңіл күйі ылғида жоғары, лидерлікке жету ылғида белсенділік көрсетеді, жаңаға тез назар салады, бірақ қызығулары тұрақсыз, таңдаусыз әркіммен таныса береді, таныс емес ортаға тез бейімделеді, бірақ жалғыздықты көтере алмайды, тәртіпке жоқ өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды, болашаққа оптимист көзқарас, ашуы тез тарайды.
Циклоидты типкөңілі біресе жоғары біресе төмен тез ауысып тұрады, жұмыс қабілеті де соған байланысты болады, сәтсіздіктерді өте қиын бастан кешіреді, суицидқа жақын.
Лабильді типкөңіл күйі тез алмасады, соған қарай белсенділігі де өзгереді, қарым-қатынасы да өзгереді, сезімдері терең, шын болады, сезімтал, лидерлікке ұмтылмайды, өз мінезін адекватты эмпатияға бай, бағалайды.
Аралас типтеракцентуациядан басқа екі қыр анық көрінеді, жартысы акцентуациялы болады, мысалы конформды гипертимді тип болуы мүмкін.
Тұлға теорияларына байланысты соңғы кезде көп айтылып жүрген А типтітұлғалар және А типті мінез-құлық модельдері. Бұл ұғымдарды тұлға психологиясына психосоматикалық медицинадан М.Фридман, Р.Розенман әкелді. Бұл типтегі адамдар нәтижесінде психоэмоциалы дистресске әкелетіні дәлелденді.
Негізгі белгілері біріншілікке күшті ұмтылады, әлеуметтік басымдылықты жақсы көреді, өмірді бәсекелес күрес деп ойлайды, барлық жерде бірінші болғысы келді, жәй нэрселердеде бірінші болу тілегі басын ауыртады, амбициялы болады, шыдамсыздықты жиі көрсетеді, қайсар, мақсатқа жетуде өте шыдамсыздық көрсетеді, агрессияны жиі білдіреді, алайда осының бәрін әлеуметтік бәсекелесуде ғана көрсетеді.
А типті тұлға атауы жиі түрде А типі және оның жүрегі немесе коронарлы тип деп аталады, себебі бұл типтегі адамдар инфаркт, инсульт аурулары жиі кездеседі, психоневрологияға тәуекел көп болады. Әлеуметтік бәсекедегі сәтсіздіктер оларды психоэмоциялы тәуекелге, дистресске тез әкеледі.
Тұлға феноменіөте күрделі және уникалды, типологиямен тұлға теориясының көрнекті өкілдері Юнг, Айзенк, Фромм, Кречмер, Шелдон, Лазурский, Павлов, Кант, Декарт және т.б. айналысты. Психоанализдегі тұлға теориясына бағытталған тұлғалар типологиясы, психоаналитикалық типология.
I. Оралды типбасқалардан қатты тәуелді болады, ішкі бағдары енжар, арам немесе шектен тыс ақкөңіл болады.
II. Аналды типұқыпты, бірбеткей, тәртіпшіл
III.Уретралды типдаңқты жақсы көреді, ұялшақ бірақта бақталастыққа жақын болады.
IV.Фалии тип(өз жыныс мүшесіне қызығудың басталуы) шешім қабылдағыш, өзіне сенімді, мақсатқа ұмтылғыш.
Ү. Гениталды типтеңгерілген тұлға.
Хейманспсихологиялық характерологиясын француз мектебінің өкілі Ле Сенн аяқтаған типологиясы.
Эмоциялық тип,белсенді тип, біріншілей және екіншілей тип осылардан сегіз мінез сипаттамасы шығады. Жүйкесі жұқарған, сентименталды, өте әрекетшіл, қызба, ынтыққыш, сангвиник, флегматик, аморфты қамсыз, апатиялы.
Психологиялық әдебиеттерде адамды белгілеу үшін, сипаттау үшін үш термин қолданылады индивид, индивидуалдылық, тұлға, олар адам түсінігін ерекше көрсете отырып, өздерінің мазмұндары әртүрлі болады. Адамның дамуы жайлы, меңгерген индивидуалды ерекше психологиялық, рухани және әлеуметтік сапалары туралы айтатын болсақ, онда жоғарыдағы үш түсінікті талдауымыз керек.
Қайтадан бізді қорқыту үшін немесе таныс бет бейнелерді неге қайталайды.Сондай-ақ ұқсас дауыстар да бар. Алайда олар тек сырттай ғана ұқсас, ал ішкі әлемдері жатқан бір жұмбақ. Тарзанды шал ретіңдеелестету мүмкін емес ғой, адам деген бір уникумм. Нақты бейнелер мықыт торстарды жасайды, біз оларды басқаша қабылдай алмаймыз. Дон Кихоттың, Алпамыстың сыртқы бейнелерін ауыстырып көріңіз.
Балалар өздеріне таныс мультфильмдерді жақсы көреді, кейін олардың персонаждарын басқаша ауыстырғанда, олар көрмей қойған. Жаңа геройларды таныс еместер деп қабылдаған, бұрынғы геройлар тек бет әлпеті өзгерілген.
Индивид тарихтың алғы шарты. Мен өзімді көргім келсе, көз алдыма келтірсем, алдымен физикалық бейнені кез алдыма келтірем, алайда ол ауысады ғой, жылдар өтеді, қатты өзгерістер байқалады, дауыс өзгереді тағы басқалар. Ішкі темір бездерінен (внутр.желез) жұмбақ секрециялар ояна бастайды. Таң қаларлық энергиялар туындайды. Мен өзімді жанымнан бақылаймын, шынында мен бе, депрессияға ұшыраймыз. Сұрақтар көп.
Индивид биологиялық сипаттамалардың жинағы болсада ол әлеуметтік тірі жан, сондықтанда оған тек тәнге қатысты және жалды психологиялық қасиеттер ғана тән деп ойламау керек. Сондықтанда индивидті «қоғамға» абстракция ретінде қарсы қою керек, яғни адам қоғаммен қалай арақатынаста болады сол мағынада түсінеміз.
Адам табиғи негіздерді бөледі, индивид әуелден-ақ әлеуметтік, алайда әрбір адам өзінде керемет индивидуалды байлықтарды ашады деп ұқпау керек, белгілі бір деңгейде ол табиғи негізгілік, социумға енген деп түсініледі. Социумда адам не ашылады не жабық әлеуметтік атом ретінде қалады. Фантастикалық әдебиетте минимум адам деген бар, ал адамдар минимумға емес максимумға ұмтылу керек, әлеуметтік процестер индивид, оның байланыстары арқылы таратылады. Біз индивидте әлеуметтік және психологиялық байлықтарды ұйғарамыз.
Индивидтті түсіну үшін оны қоғамна тыс қабылдай алмаймыз, себебі ол сол қоғамда өмір сүреді. Индивид өзіндегі шарттанған биологиялық қажеттіліктерді тарату үшін қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі. Ендеше индивидті бөлуге болмайды, бір жағынан тек биологиялық әлемін, бір жағынан тек әлеуметтік әлемін, қоғамды бөлек көре алмаймыз, себебі қоғам оларды не қанағаттандырады не басып жоқ қып жібереді.
Американдық психоаналитик Фромм өзінің тұлға жайлы теорияларында көрсетеді, адамның әлеуметтік тарихы адам өзін табиғатпен бірлікте болған күйінен бастап шықты, ол өзінің жеке тірі адам екенін, басқа адамдардан айырмашылығы бар екенін түсінгенде пайда болды. Соған қарамастан индивид табиғаттың бір бөлшегі екенін үнемі сезінеді. Адам табиғаттан бөліне отырып, индивидке айналып, өзін адам ретінде бірінші рет сезіне бастады деп жазады ол.
Тұлға деген кім.Санкт-Петербургта сот процесі жүріп жатыр, адам өлтірген қылмыскер жетондармен ойнап отыр, көзін жартылай ашып шешім оқыған прокурорға қарады. Сонда оның санасында не өтті, қорқыныш, ұялу, өкіну әлде агрессия ма. Осы адамға өлім жазасы туралы үкімді оқығанда мен оған қарадым, оның көзкарасы мәнсіз, нейтраль, әрі тоқтап қалған сияқты көрінді. Соңғы сөз оқылғанда залдағылар қатты қол шапалақтады.
Мені осы жағдайда не таңқалдырды, жауыз кылмыскер емес, үкімді оқып жатқандағы өлі тыныштық орнамаған жағдай емес, прокурордың қаталдығы емес, мен күтпеген залдағы адамдардың қол соғуы болды. Залда бір жын күш пайда болғандай, елесі көз алдыма келді.
Адамның өмірі зорлықпен тоқтатылды, әрине менікі дұрыс емес шығар, қылмыскерге жақ тартуға болмайды, егерде адамдар осы процесті үнсіз бақылап, оны ойша талдаса ғой, бірақ олар бәрі ешнәрсе болмағандай есікке асықты, күнделікті тіршіліктеріне асықты, ешнәрсе болмағандай. Алайда олардың ең куанғандары басқаша болды, олар өлім жазасын қол шапалақтап қарсы алып, қуаныштарын соған шығарды, есіктің сыртында күтіп тұрған тіршіліктеріне емес.
Енді қылмыскерге оралайық, қандай суыққанды адам, мен ойладым қандай ерекше тұлға, ерік импульсі қандай күшті, онда не деген күшті қайталанбастық және жауыздық бар, қандай өзіндік ерекшелік, әрине сіздерге бұл ой ұнамайды, мен әдейі істеп тұрмын, әрине оны тұлға деп айту қиын, адам өлтірген адамды қайталанбас керемет деп айту логикаға сыймайды.
Бізде коллективті сана деген мүлдем деградацияға ұшыраған, құндылықтар өзгерген, оқушыларға арналған әдебиеттерді қарасақ бұрынғы өмірдегі жағдайларды керемет тұлғалар жасаған, бірақ қиналмаймыз, олардың бірі ұрлықшы, сатқын, интриган, екіншілері қылмыскер екені бізді қинамайды. Біз бәрібір ойлаймыз қандай керемет тұлға деп, теориялық тұрғыдан жамандар да адамдар, әрине тарихты солай жаман деп көрсетуге болмайды.
Сол кездің адамдары да өздерінің ынтығуларымен, қорқыныштарымен, өз әсерленулерімен өмір сүрген. Неге біз адамдардың ерекшелігі жайлы нәрсені солармен байланыстырамыз, бәрібір оларды тұлға деп мойындаймыз. Патша тойға адамдарды өлтіретін пирогты комплексіз, қиналмастан апарды, бәрібір жауыздық болсада адам тұлғасы жайлы айтамыз.
Ресейден шыққантоғызыншы сыныпқа арналған Я.Соколовтың «Азаматтықты тану» (граждановедение) кітабында жазылған «Иә, қылмыскерде, ереже бойынша тұлға, да, осыны оқыған бала қиялында тұлғалар парады өтеді өкіметті тонаушылар, бұзықтар, ұрлықшылар... Бәрі абсурд... Философия тарихында индивидуалдылық пен тұлға түсінігіне байланысты Н.Бердеявтің мына сөзін айтуға болады: «человек может иметь яркую индивидуальность и не имет личности».
Карл Роджерс: ЖТ феноменологиялық теориясы | Басты орында – адам қылық-әрекетін тек қана оның субъективті әсерленушіліктің терминдерінде ұғынуға болады. Адамның барлық мотивтері бір мотивке ғана - өзін-өзі актуализациялау тенденциясына ұмтылады. Басты принциптер: позитивті зейін қажеттілігі, құндылық шарттары және шартсыз позитивті зейін. Мен-концепциясы. | Фрейдтен басқа Роджерс сияқты ешкім психотерапия практикасына мән берген жоқ. ЖТ-ға орталықтанған тәсілі әр түрлі салаларда қолданылады. Адамның толыққандығы мен бірегейлік концепциясы қазіргі психологияның теориясы мен практикасына үлкен әсерін тигізді. | ЖТ қалыптасуындағы қылық- әрекеттегі өзгерістер тек ішкі әсерленуден болады. Тек қана жалғыз болмыс – субъективті реалдылық (адам әсерленулерінің жеке әлемі) бар. |
Гуманистік психологияда тұлға ұғымын өзін түсіне алатын қабілетке ие, творчестволық қабілеттерін аша алады деп түсінді. Адамның өмірде алған негативті тәжірибелері өз мүмкіндіктерін ашуға, қабілеттерін ашуға кедергі жасайды. Психотерапевт психологиялық көмек сұраған адамның «үсті» деген позицияны алмай-ақ мәселені шешпей-ақ, сұрақтарға жауап берсе, қабылдау мен ашықтықты жасайтын пихологиялық кеңістік орната алады, онда адамның өзі қабілетін тарата алады, өзін түсінеді, өз мәселесін өзі шешуге келеді.
К.Р.Роджерс айтқандай қоршағандардың әсерінен адам өзіне қажет емес, түсініксіз болғандарды, оның дамуын қамти алмайтындарды сол міндет, мақсаттардан «тыс» қояды. Өз тілегін және өзін, мақсатын түсінуге қабілетті, алайда ол үшін басқаларды қабылдау мен түсінуде қажетті шарт қажет болады. Осы жағдай психотерапияның мәнін құрайды.
Бұл бағытты жақтаушылардың ойы бойынша, кез келген адамның тума актуалдануға деген қабілеті бар және ол талпыныстардан көрінеді деп есептейді:
- қоршаған ортаға бейімделу;
- өзінің ішкі ұйымдасуының дамуы мен күрделенуіне;
Кез келген адамның тума ерекше патенциалы бар, ол өзін актуализдаған кезде жүзеге асырады.
Адамдар дамудың белгілі бір сатысында қоршаған ортаның көзқарасы мен бағалауымен кездеседі. Қоршаған адамдардың көзқарасы мен бағалауы тұлға үшін өте маңызды. Соның негізінде ішкі өзін-өзі қадағалаудың органы-өзін-өзі бағалау қалыптасады.
Реалды және қоршаған ортаның көзқарасының арасында конфликтінің бар екені анық. Көбінесе, қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасы адамды керісінше өзінің тума ерекше потенциалынан, өзін актуалдаудан кері қарай бағыттайды.
Егер адам қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасына ерекше көңіл бөліп, өзін актуалдаудан кері қарай жүретін болса, онда адамда невроз пайда болуы мүмкін.
Клиент-орталықтанған бағытының шекарасында жұмыс жасаудың мақсаты.Клиент күнделікті өмірінде қоршаған әлеуметтік ортаның көқарасынан гөрі өзінің тума тенденциясына бейімделуі керек.
К.Роджерс кеңес беруші психолог пен клиент арасындағы диалог жоғарыда келтірілген мақсатқа сай келуі үшін, үш негізгі қажетті жағдайларды көрсетті:
1. Кеңес беруші психолог клиентпен жұмыс жасағанда өз тәжірибесіне көнгруэнтті болуы керек. «Конгрентті» сөзі латынның congruens (congruentis)-сай келетін, өлшемі бірдей дегенді білдіреді. Яғни, кеңес беруші психолог өзінің тәжірибесіне сүйенеді ойлауына, сезінуіне, ол белгілі бір рөлді ойнамайды, оның артына тығылмайды, тек қана шыншыл болады. Тәжірибемен алмасу, тәжірибені талқылау, ішкі тәжірибеге деген қызығушылық – гуманистік салтқа тән құбылыс болып табылады. Кеңес беруші психолог клиентке өз-өзіне, ішкі табиғатына сенуіне үлгі береді.
2. Кеңес беруші психолог клиентке деген жағымды көзқараста болады.Яғни кеңес беруші психолог клиентке құндылықтың шарттарын көрсетпеуі керек. Мысалы: « Мен сені бұдан қатты жақсы көрер немесе сыйлар едім, егерде сен .... ». Клиент егер жағымсыз әрекет жасаған болса, онда ол өзінің тума табиғатынан ауытқуды дегенгеі, яғни бұл әрекетті клиент жасамағанына сенімді болады.
3. Кеңес беруші психолог клиентті эмпатикалық түрде қабылдайды. К.Роджерс эмпатикалық қабылдау деп, адамның ішкі жан дүниесін барлық эмоционалды және мағыналық сипаттарымен қабылдай алуын айтады. Эмпатикалық қарым-қатынастың төменгі деңгейінде, кеңес беруші психолог ақпараттың белгілі бір бөлігінің түсінікті екенін көрсетуге қабілетті. Эмпатикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейінде кеңес беруші психолог клиенттің ішкі жан дүниесін түсініп қана қоймай, оны толықтырады, яғни оған проблемаға басқа жағынан қарауға мүмкіндік беретін жаңа ақпарат береді.
Клиент-орталықтанған бағытында жиі қолданылатын амалдар:
1.Вербалдылық. Кеңес беруші психолог клиенттің айтатын сөз тіркестерін, сөздерін жиі қайталайды. Бұны, клиенттің өзі өзіне, сөзіне мән беріп, тыңдап, көңіл аудара бастауы үшін керек.
2.Кеңес беруші психологтың сөйлемей тыңдауы, соның негізінде клиент қабылдауды түсінеді. Егер кеңес беруші психолог клиентті қабылдайтын болса, онда оның өз-өзін қабылдауға деген мүмкіндігі көп болады. Клиентті қабылдай алмаған кеңес беруші, өз-өзін де қабылдай алмайды деген сөз. Мұндай кеңес беруші өз-өзіне деген құндылықтың көптеген шарттарын қояды. Соның негізінде фрустрацияға ұшырайды.
3.Эмоцияға акцентуация жасау. Әңгімелесу барысында клиенттің көңілі оның және қоршаған ортаның эмоциясына ауып кете береді. Бұны клиенттің эмоцияға деген көңілі арқылы оның ішкі, терең өзін актуалдаумен байланысты қажеттілікке бағыттау үшін керек. Көбінесе, эмоциялар санаға мінез және шығарылып тасталған қажеттілік туралы хабар береді.