Фторидтерді жүйелі қолдану
Жүйелі алдын-алуда фторидтерді кең қолдану негізіне 1950 жылдары пайда болған және 1990 жылдардан бастап стоматологиялық ғылымда таралған тіс жегісіне резистенттілік парадигмасы жатады: ағзаға фторидтердің оптимальды түсуі кезінде ағзаға тістердің қалыптасу мен преэруптивті жетілу кезеңінде тіс жегісіне резистентті эмаль қалыптасады.
«Фтор тіске, темір қанға, кальций сүйекке» деген тұжырым тұңғыш рет Эрхардпен 1874 ж. басылып шығарды. 1902 ж. Данияда « Фторидте» деген мақала жарияланды. Онда «тіс жегісімен бұзылған тістерді қалай емдеу туралы» айтылған. Сол кезден бастап 1930жылдарға дейін дәріханашылар кальций фториді препараттарын тұрғындарға ұсына бастады, бірақ олардың ғылыми негізгі болмады. Тіс жегісіне резистенттілік парадигмасының негізін зерттеуші-американ дантист - Дин қалады, ол 1939 ж. эмальдың қалыптасу сапасының 0,6-6,0 мгF/л бар ауыз суындағы фторидтерге байланысты екенін анықтады. Тістердің қалыптасу патологиясы – флюороздың - тұрғындар арасындағы таралуы бір жағдайдан 100%-дейін өсті. 1942 ж. Дин ауыз судағы фторидтердің құрамы мен КПЖ арасындағы байланыс бар деп айтты: ол ауыз суы құрамында [F]=1,0 мг/л болатын сумен қамтамасыз етілген қала тұрғындарының тістерінің жағдайы (тіс жегісі минимумы, тістер қалыптасуының патологиясы – флюороз минимумының) ең жақсы деп тапты және 1946 ж. ауыз фторидтер құрамын [F]=1,0 мг/л жоғарылатқанда жасөспірімдердің КПЖС 50% төмендегенін бекітті. Эпидемиологиялық мәліметтерге зертханалық зерттеулерден ғылыми түсініктер алынды: ауыз судағы [F] жоғарылағанда эмальдағы [F] өседі (Брудвольд, 1956), яғни гидроксиапатиттер бөлігі фторапатиттермен алмастырылады, өйткені ОН−-ке қарағанда F- электронегативтілігі артық, ал Са++ F--мен гидроксил топқа қарағанда күшті байланысқан (Кей,1964ж) бұл фторапатит кристалын гидроксиапатитке қарағанда компактты және тұрақты етеді, сәйкес жегіленген шабуылға төзімділік жоғары (Уолкер, 1939; Браун, 1977).
1981 жылы Фейерскоу парадигманы қайта қарауды ұсынды: жүйелі фтор алдын-алудың сөзсіз жетістіктерін, фторидтерінің жергілікті постэруптивті, ауыз сұйықтығы мен тіс қағын толтыратын, тіс тіні минералдарының преципитациясы мен еру динамикасына әсерімен түсіндірді.
Жүйелі фтор алдын-алудың жаңа пайда болған кезінде және соңғы жылдары басылып шығарылған келесі деректер парадигмалар ауысуына негіз болған:
· суда төмен және оптимальды фторид мөлшері бар аумақтарды дентин жегісінің интенсивтілік көрсеткіштері екі есе өзгереді, ал бастапқы деңгейдегі барлық жегіленген зақымдануларын қарастыратын көрсеткіштер өзгермейді (Дин, 1946; Арнольд, 1956; Грюнвальд, 1985);
· фторы аз аумақтардан фторид құрамы оптимальды болып келетін аумаққа көшкен балаларда тіс жарып шыққаннан кейін, әрі қарай да өздерінің құрдастары- аборигендер сияқты төмен ∆КПЖС-ға ие болды;
· жүйелі фтор алдын-алуда фторидтер апатиттердің аз ғана бөлігіне кіреді: гидроксил топтарын фторидпен толық алмастырған кезде бұл элементтердің эмальдағы құрамы 4% құрауы керек, ал мұнда ең ауыр флюорозда [F]=1% екені табылған;
· суда фторидтердің оптимальды құрамы бар аумақтарда КПЖС мен кпжс төмен деңгейлері байқалған, бұл кезде уақытша тістердегі эмальдың құрамы тұрақты тістердегіге қарағанда аз болады;
· фторидтердің жегіге тұрақты әсері эмальдағы фторидтер құрамының жоғарылауынсыз көрініс береді;
· орта рН-ы төмендегенде байқалатын кальций қосылыстарының ерігіштігін фтор іздері төмендетеді және олардың преципитациясын индуцирлейді.
Қазіргі тұжырымдамада ағзаға фторидтердің оптимальды мөлшері түсіп тұрғанда эмальдың өсуші кристалдарына кіреді, апатиттегі иондарды ОН-, немесе алмастырады, бұл оның қасиеттеріне едәуір өзгертуі мүмкін. Фторапатит гидроксиапатит және карбонапатитке қарағанда тығыз торға ие, әрі тұрақты және қышқыл ортада аз ериді. Бірақ кристалды құрылымның тереңінде орналасқан фторидтер, онда кристалдар қанша ұзақ болатынына байланысты сонша ұзаққа қалуы мүмкін, сондықтан олардың беткейінде тіс жегісінің инициациясына қарсы тұра алмайды. Қандағы фторидтер құрамын оптимизациялағанда ол фолликулдардың фторидтерді әкелетін-препульпарлы дентинде және сыртқы эмальдың ең ерте қабатында сұйықтармен жанасатын аралықта бәрінен көп артатыны байқалған. Осының негізінде жүйелі алдын-алу преэруптивті әсерлері тістердің жарып шығу кезеңінде үлкен маңызды ие болуы мүмкін: оптималды жағдайларда қалыптасқан эмальдың окклюзионды және контактты беткейлері эмальдың постэруптивті пісіп жетілуін тосып, жегіленген шабуылдарға жақсы қарсы тұра алады. Әрі қарай жалаңаштанған эмаль, цемент және түбір дентині тағдырын фторидтердің жергілікті әсері артықшылығын анықтайды. Жаңа парадигмаға сай тіс жегісі өсуінің редукциясы үшін ауыз сұйықтығында фторидтер құрамын тұрақты өсуі маңызды, бұл тіс тканьдерінің фторид құрамының (0,2-1,0 мгF/л дейін) біршама преэруптивті жоғарылауынан гөрі, жүйелі де, жергілікті де фторидтер препараттарымен/тасымалдаушылармен қамтамасыз етіледі (Фейерскоу, 1981).
Парадигма ауысуы жүйелі және жергілікті фторидтерді бірегей тағайындау және олардың арасынан таңдаудың қауіпсіз жағынан көрініс тапты. Осы кезде жергілікті фтор алдын-алуды потенциалды қауіптілігі аз ретінде қарастырады, жүйелі алдын-алу бірқатар аумақтарда да өзінің ұстанымын сақтап, популяциялық деңгейде ең тиімді (медициналық жағынан да, экономикалық жағынан да) болып келеді. ДДҰ осындай жобаларға тән максимальды пайдасы мен минимальды қауіптілікті қамтамасыз ету қажеттілігін бөліп ажырататын тістер жегісінің жүйелі фтор алдын-алуын жүргізуді ұстанады.
Жүйелі алдын-алу бағдарламаларының негізгі мақсатына орташа климаты мен [F]=1,0 мг/л құрамды суы бар аумақтардың тұрғындарына шамамен бейімделген оптимальды фтор жүктемесімен тұрғындарды қамтамасыз ету болып табылады. Фторидтер тірі ағзаға мөлшерге тәуелді позитивті және негативті әсерлерді тигізетіндіктен, жүйелі немесе жергілікті фтор алдын-алуының қолдануын насихаттайтын әрбір стоматолог өз науқасының табиғи және ятрогенді фтор жүктемесінің деңгейі туралы түсінігі болып, оны түзете алуы керек.
Фторидтердің тәуліктік түсу оптимумының шекаралары 1989 ж. АҚШ Ұлттық комитетінің зерттеулері бойынша ұсынылып, 1945 ж. Макклюрмен анықталған: ол орташа алғандағы еркек адам ағзасына фторид құрамының 1,5-тен 4,0–ке дейін мгF/тәул. болғанда, оның түсуі мен шығарылуы арасындағы тепе-теңдік бар екенін дәлелдеген. Соңғы уақытта нормативтер ретінде фторидтің түсуінің одан да «консервативті» деңгейлері ұсынылады: 1,45–тен ([F]=0,6 мг/л құрамды суы бар аумақтағы тұрғындардың фтор жүктемесіне сәйкес) 2,90 мгF/тәул. дейін (табиғи деңгейі суда [F]=2,0 мг/л болғанда). Марталер есептеуі бойынша қолжетімді тәуліктік фтор жүктеменің үлестік консервативті көрсеткіштері: 0,02-0,04 мгF/кг және 0,11-0,23 мгF/МДж. Әр түрлі жастағы және жыныстағы адамның қабылданған дене салмағы мен энергошығынын есепке алып, фторидтердің тәуліктік түсуі бойынша тиянақты ұсынымдар көрсетілген (табл. 5.18).
Таблица 5.18