Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяқка құйылған болса, маймыл оны саптаяқтап, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердін тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды-жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың, қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастың және құралдың әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы-игерген -зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-құралдан оныңөзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.
Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілғен қателіктердің орнын толтыру ете қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстіпде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардыц ар жағында тұрған ақикат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірініңбірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей езіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тындай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдаланура мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек колданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады, сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі, екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500 - те дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен кабылдайтын болса, екінші жылдың соңына карай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дү-рыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін — түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеіңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Балапың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатка ие болып, заттық дүниедегі көптеген карым-катынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру балапың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық катынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға қойды», «Балғамен сокты» дұрыс колдануды игере отырып, мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға стереотипті түрде көшіреді: «пышақпен», «қасықмен», «күрекпен» және т. б. Тілдік қарым-катынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін менгеру жағынан оның негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалықк формалары және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады.
Ерте сәбилік шақтық басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардық арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилі шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жақа түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастың іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшек-терін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т. б.) жасалынған. Мұндай ойыпшықтарды автодидактыкалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.
Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.
Көзбен қабылдауымен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне {ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әре-кет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л. С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. Өзінің ақыл-ой шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағ-дар алады. Үлкендердіц заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып, бала практикалық заттық іс-әрекеттік адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла алатынын ашады.
Мұндай жаңалықтар ұқсас заттарды («қайсыбір белгілері бойынша) ғана жалпылап қоймай, сондай-ақ іс-әркет тәжіриесін жалпылауға да алып келеді.
Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа қатысты қолданыла отырып, құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы болады.
Бада дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ойлаудың сапалық өзгерісі оның практикалық заттық әрекеттің адамзаттық формаларын игеруіне және баланың адам тіліне біртіндеп тартылуына байланысты. Ең мол тәжірибелі бала үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасау арқасында алады. Бала адамзат жасаған ұғымдарды, ойлау тәсілдерін игереді. Үлкендерге еліктей отырып, ол дұрыс пікірлер құрастыруға жәде ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Баланың ақыл-ой дамуын қарастыра отырып, И. М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен де, сөзбен де өзгенің тәжірибесінің даяр формалары беріледі деп жазды.
Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе алмаса, үлкендер. «Қорапты төңкер, сонда ол өтеді»,— деп кеңес береді де баланың тиісті әрекетін туғызады.
Ерте сәбилік шақта бала іс-әрекеттің орындалу барысында сөйлеп отыра алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу гәуелсіз процесс тәрізді болып көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-әрекеттер бірігеді.
Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар мадызды ұмтылыс болып өтеді — сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану — адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.