Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері

Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.

Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы М.И.Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.

Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.

Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.

А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді.

Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.

Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды.

Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.

Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.

Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.

Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: «Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады».

Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау).

Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады. А.С. Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының органикалық қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А.С. Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М.И.Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа - баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М.И.Лисина қарым-қатынастың әсерін ғана зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды.

Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы - қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М.И.Лисина қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды.

М.И.Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін бөліп көрсетті:

1) үлкенге деген қызығушылық,

2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,

3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,

4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе сезімталдылығы.

Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:

I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)

II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)

III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)

IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары деңгей).

Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес орнығады. Бала өскен сайын барлық коммуникативтік құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет жағдайына қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады.

Қарым-қатынастың дұрыс дамуы - әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен орындалғанда ғана жүзеге асады.

Зерттеулер көрсеткендей үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі құрылымын (А.В.Болбочану, Г.И.Копчеля), оның эмоционалды қобалжу сферасын (С.Ю.Мещерякова, А.И.Сорокина), танымдық белсенділігін (Е.О.Смирнова, Т.А.Землянухина), еріктілігі мен өзін-өзі бағалауы мен саналылығын (Н.Н.Авдеева), құрбылармен қарым-қатынасын (Л.Н.Галогузова) анықтайды.

Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен қарым-қатынас қана әсер етіп қоймай, құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие болады.

1970-80 жылдары А.Г.Рузскойдің басшылығымен жүргізілген зерттеулер үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін құрбылармен қарым-қатынастың спецификалық ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:

I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.

II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.

III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.

Мектепке дейінгі шақта құрбылармен қарым-қатынас үлкендермен қарым-қатынас сферасына пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)

2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)

3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)

Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы балалардың қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші бағдарламалары жасалынды.

Балалар ұжымынан оқшауланған балалармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған келіспеушілікті шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мәселеге тереңірек тоқталайық.

Психологиялық келіспеушіліктің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай келіспеушіліктерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмысты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.

Зерттеу негізінде балалардың психологиялық келіспеушілігін шешу міндетті түрде сол ойынның барысында жүзеге асыру қажеттігі тиімді.

Үлкендердің балаға берген бағалық қатынасы олардың келіспеушілікті шешуіне біршама әсер етеді. Көп жағдайда мақтау, яғни әлеуметтік-психологиялық бағаның орны ерекше.

Келіспеушілікті шешуде балалардың басқа балалар алдында беделін көтеретін жағдайларды қарастырған жөн. Коррекция кезінде тек қолдаумен ғана шектелуге болмайды, ол баланың басқа балалармен бірге ойнауында серіктестік ролінде сәйкестенетіндігіне көзін жеткізу қажет.

Тәрбиешідер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.

Тағы бір методикалық тәсіл - ойынға қосымша тағы бір материал қолдана отырып, балалардың бірлескен ойынын ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың арасындағы туындайтын келіспеушіліктерін түгелдей болдырмауы мүмкін емес. Мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы балалар арасындағы келіспеушілігінң интенсивтілігін өзгертуге болады.

Келіспеушілігін алдын алу жолында маңызды роль алатын -тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқшауланған баланың басқа балалармен араласуы қылықтарына тәрбиешінің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, тәрбиешінің басқа балаларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады.

Екіншіден, тәрбиеші балалар арасындағы болып жатқан келіспеушіліктергі араласуға міндетті. Бұл, әрине, келіспеушілігін басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелер балаларына олардың қарым-қатынасын жақсартуға арналған арнайы оқылатын бағдарламалардың оқшауланған баламен жұмыс жүргізуде үлесі зор. Ендігі кезекте осы бағдарлама туралы айта кетейік.

Мектепке дейінгі мекемелер жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепке дейінгі мекемелерте философияны оқыту програмаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады: «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау.

Келіспеушілікті түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж.Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында келіспеушілікті шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет дейді. Сұрақтар, бір шетінен, келіспеушіліктіні пайда болуымен, ал екінші жағынан келіспеушілігін алдын-алумен, шешумен және оны басқару мен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте келіспеушіліктінің түсіндірмесінін айқындалуынан және әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтарының сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай келіспеушіліктің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын комуникация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. лардың келіспеушіліктік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, келіспеушілікті шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рольдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, т.б. қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, балалардың бір-біріне көмек беруі).

Наши рекомендации