Бекітілген халық тіркелімі» порталында халықты тіркеу

5. Халықты тек бір МСАК субъектісіне тіркеу БХТ порталында халықты бекітуді тіркеуге қойылатын негізгі талап болып табылады;
Халықты МСАК субъектісіне бекітуді өзгерту болған жағдайда:
1) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, оқуын немесе жұмысын өзгерткен кезде;
2) МСАК субъектісінің қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайларда;
3) халық дәрігер мен МСАК субъектісін еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;
4) МСАК ұйымдарына халықты бекіту жөніндегі науқан кезенінде;
5) 18 жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдері, жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі әйелдер дәрігер мен МСАК субъектісін еркін таңдауы кезінде жүзеге асырылады.
БХТ порталын жүргізу жүктелген МСАК субъектісінің жауапты адамы мынадай құжаттар болған жағдайда өтініш жасауларына қарай азаматтарды бекітуге арналған сұратуды:
1) өтініш берушінің паспорттық деректерін (ТАӘ, ЖСН, туған күні, азаматтығы) және тұратын жерінің мекенжайы көрсетілген ерікті нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік) оралманның жеке куәлігі болған жағдайда тіркеуді жүзеге асырады.
6. БХТ порталындағы МСАК субъектісінің жауапты адамының іс-қимылы:
1) БХТ порталына бекітілген халық тіркелімі деректерінің құрылымына сәйкес жолдарды толтыра отырып, бекітуге (бекітуден шығаруға) арналған сұратуды қалыптастырады;
2) МСАК субъектісінде сақталатын «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген 0/57е нысаны бойынша медициналық ұйымға бекіту талонын (бұдан әрі – бекіту анықтамасы (талоны)) толтырады және МСАК ұйымын еркін таңдауға ниет білдірген адамға қол қою үшін береді;
3) МСАК субъектісінің жауапты адамы қол қойған және МСАК субъектісінің мөрімен бекітілген бекіту анықтамасының (талонының) көшірмесін бекітілетін адамға береді;
4) мынадай жағдайларда бекітуден шығаруға арналған сұратуды:
қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде бекітілген адамның қайтыс болуы фактісі белгіленгенде;
бекітілген адам оның жеке өтінішінің негізінде «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген 0/57е нысаны бойынша медициналық ұйымнан бекітуден шығару талонын рәсімдеумен елдің шегінен тыс тұрақты немесе уақытша нақты тұру жерін өзгерткен кезде тіркейді;
5) «РЭДО» ШЖҚ РМК мен оның аумақтық филиалдарының бекітуден (бекітуден шығаруға) арналған сұратуларды өңдеу үшін жауапты қызметкеріне мынадай растаушы құжаттардың көшірмелерін қағаз немесе электрондық түрде жібереді:
бекіту үшін: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, (оралман статусы бар – оралманның жеке куәлігі), бекіту анықтамасы (талоны);
бекітуден шығару үшін: өтініш, медициналық ұйымнан бекітуден шығару талоны;
6) тіркеуге арналған сұратуларды қалыптастырмай учаскелердің арасында МСАК субъектісінің ішінде халықты бекітудің өзгеруін тіркейді.
7. МСАК субъектісінің жауапты адамы нәрестелерді бекітуге арналған сұратуларды тіркеуді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) медициналық босандыру ұйымының жауапты адамы нәрестені шығарғаннан кейін бір күннен кешіктірмей БХТ порталында туу туралы медициналық куәлігін тіркеуді жүзеге асырады;
2) МСАК субъектісінің жауапты адамы:
туу туралы куәлікті кейіннен тіркей отырып, медициналық босандыру ұйымы берген туу туралы медициналық куәліктің негізінде;
әділет органдарында тіркелген туу туралы куәліктің негізінде нәрестелерді бекітуді жүзеге асырады.
8. МСАК субъектісінің, стационарлар мен сот-медициналық сараптаманың жауапты қызметкерлері қайтыс болу және перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктердің негізінде адамды бекітуге қарамастан куәліктерді жаздырып алғаннан кейін бір күннен кешіктірмей БХТ порталында қайтыс болу фактісін тіркеуді жүзеге асырады.
9. Бекіту анықтамасы (талоны) халықты МСАК субъектісіне бекіту туралы куәландыратын құжат болып табылады.
Бекіту анықтамасы (талоны) БХТ порталында қалыптастырылады және МСАК субъектісінің жауапты адамы оны қағаз нысанында әр адамға қол қою үшін береді.
БХТ-ға рұқсат болмаған кезде бекіту талоны (анықтамасы) МСАК субъектісінің жауапты адамы қағаз нысанында толтырады, кейін БХТ-ға енгізіледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы адам электрондық нысанда бекітуге арналған сұрату жіберген жағдайда МСАК субъектісінің жауапты адамы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған мерзімде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекіту туралы ақпарат бар оң жауап не дәлелді бас тарту жібереді.
Бекіту кезінде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы басқа МСАК субъектісінен бекітуден шығару автоматты жүзеге асырылады.
Халықты бекітудің (бекітуден шығарудың) даулы жағдайлары туындаған кезде «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның және (немесе) оның аумақтық филиалдарының БХТ порталын жүргізу үшін жауапты адамдары жеке тұлға туралы жазбаға оның өтінішінің сканирленген түрдегі сілтемесін тіркейді.
10. МСАК субъектілеріне халықты бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысымен бекітілген Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Бекіту қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
11. Әскери қызметшілер, сотталған адамдар болып табылатын, соның ішінде қатаң режимде жазасын өтеп жатқан тұлғаларды БХТ порталына бекітуді тіркеуді денсаулық сақтау басқармасының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған БХТ порталында МСАҚ субъектілеріне халықты бекітуді (бекітуден алуды) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі анықталған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) МСАҚ субъектісінде жүзеге асырады.
12. ЖСН жоқ адамдардың немесе БХТ порталында жоқ адамдардың БХТ порталында бекітілуін тіркеуді «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның және оның аумақтық филиалдарының БХТ порталын жүргізу үшін жауапты адамы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау субъектісінің жауапты адамы ЖСН-ның болмауы себептерін (адамның әлеуметтік мәртебе (тұратын жері белгісіз), құжаттарды жоғалту мен өзге себептер) көрсете отырып, ЖСН-ы жоқ адамдар мен БХТ порталында жоқ адамдардың тізімін (бұдан әрі – тізім) қалыптастырады және оны БХТ порталында тіркеу үшін «ДДРО» ШЖҚ РМК-на жібереді;
2) «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның және (немесе) оның аумақтық филиалдарының БХТ порталын жүргізу үшін жауапты адамдары денсаулық сақтау субъектісі ұсынған жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде «ЖСН-сыз» мәртебесімен ЖСН жоқ адамдарды және «ЖТ МДБ-да жоқ» мәртебесімен БХТ порталында жоқ адамдарды БХТ порталында тіркейді.
13. Медициналық-әлеуметтік ұйымдарда (қарттар үйі, балалар үйі, жетім балалар үйі) тұрақты тұратын адамдардың БХТ порталында бекітілуін тіркеу олардың МСАК субъектілерімен келісімі бойынша жүзеге асырылады.
14. «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның және оның аумақтық филиалдарының БХТ порталын жүргізу үшін жауапты адамдарының іс-қимылы:
1) «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның бекітуге (бекітуден шығаруға) арналған сұратуларды өңдеу үшін жауапты қызметкерлерінің электрондық мекенжайларымен МСАК субъектісін қамтамасыз етуі;
2) БХТ порталында бекітуге (бекітуден шығаруға) арналған сұратуды өңдеу кезінде қағаз немесе электрондық түрде ұсынылуы мүмкін бекітуді растайтын құжаттардың, оның ішінде бекітуден шығару анықтамасының (талонының) алынған көшірмелерге сәйкестігіне салыстыру жүргізу;
3) оны қалыптастырған күнінен бастап екі жұмыс күннің ішінде БХТ порталында бекітуге (бекітуден шығаруға) арналған сұратуларды өңдеуді жүзеге асыру;
4) растайтын құжаттардың көшірмесі болмаған жағдайда немесе егер құжаттар толық көлемде ұсынылмаса, МСАК субъектісіне тіркеуге (тіркеуден шығаруға) арналған сұратуды БХТ порталында растамау;
5) нысан бойынша «РЭДО» ШЖҚ РМК-ның аумақтық филиалы жетекшісінің мөрімен және қол қоюымен бекітілген МСАК субъектілеріне тіркелген халық туралы есепті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін денсаулық сақтау басқармасына жіберу;
6) денсаулық сақтау басқармасының халықты аумақтық қайта бөлу туралы шешімінің негізінде МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағын қайта қарау жағдайында МСАК субъектісіне еркін бекітілу құқығына ниет білдірмеген халықты БХТ порталында автоматтандырылған режімде қайта бөлуді жүзеге асыру.
15. Халықты бекіту бойынша деректерді БХТ порталына енгізу нәтижесі бойынша:
халық санының өзгеруі туралы есеп;
қызмет көрсету аумағының мекенжайлары мен бекітілген халықтың саны туралы ақпарат;
аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметінің) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат;
учаскеде бекітілген халықтың тізімі;
медициналық ұйым бойынша бекітілген халықтың тізімі;
бекітуден шығарылған пациенттердің тізімі;
халықты бекітуге (бекітуден шығаруға) арналған сұратуларды өңдеу нәтижелері;
азаматты бекіту тарихы қалыптастырылады.
16. МСАК субъектісіне бекіту туралы деректер, оның ішінде бұрынғы тіркеу туралы ақпарат үдеріске қатысушылардың қарауы үшін оларды БХТ порталында тіркегеннен кейін қолжетімді болады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Наши рекомендации