Иял – баланың барлық танымдық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.

Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мүғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардьщ қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен үстағандай, қүлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — үшан-теңіз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы аитып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мөселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнышай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, үйымдасып музыка тыңцау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт киялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жүмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылыктарды жеңе алуға баулу т. б. осындай өдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Оқушылардың танымдық әрекеті,белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады.Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсетті.Оқытуды күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде , сонан соң И.Г.Песталлоци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі.

Оқушының оқу танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, С.Смаилов еңбектері маңызды.

Танымдық әрекет – шәкірттің білімге өте белсенді ақыл- ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады.

Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқушылардың оқу –танымдық қызметін арттыру, дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады.

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

1 – дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады.Белсенділіктің 1 – дәрежесіндегі көрсеткіш - оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.

2– дәреже - түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.

3– дәреже - шығармашылық белсенділік – оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандығы.

Танымдық іс - әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу -әдістемелік, психология – педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен [19].Оқушының оқу танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы,өздігінен білім алу әрекеті жайлыТ.С.Сабыров,А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова, М.А.Құдайқұловтардың еңбектері маңызды.

Таным теориясы - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыңқа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Бастауыш сынып оқушысының танымдық белсенділігін дамыту

Мектеп табалдырығын 6 –7 жастан аттаған баланың жаңа іс -әрекет түріне үйренуіне тура келеді. Бастауыш сатыдағы баланың белсенді әрекеті – оқу. Ол алдын – ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады. Сондықтан, оқу басқа іс -әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте –бірте қалыптастырады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Балалардың бір нәсені құмартып білуге талпынуын таным ынтасы дейді.Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар.

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазігі кезде кез –келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:

- мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсін-дірмейді;

- қалыптасқан мақсаттарға жету үшін әдістерді мұғалімнің өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады;

- жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;

- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білімінтексереді;

Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат — мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Бұл алты жасар балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. Танымдық белсенділікті педагогикалық-психологиялық құбылыс ретінде анықтау алты жасқа дейінгі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі теория мен тәжірибеде жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайда ол өзіндік анықтаушы мағынаға ие. Әсіресе, балаларды мектепке дайындауда баланың бойында оқу қызметін меңгеруіне қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу және баланың толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасының өзіндік маңызы зор.

Даму ортасының негізі ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу-оқыту үрдісінің негізгі ұстанымдары мыналар болуы тиіс:

- әр баланың тұлғасының өзіндік қалпын мойындау;

- әр баланың тұлғасының ерекше болуын есепке алу;

- әр баланың дамуын ең жақын аймағына бағдарлау, оның қабілетінің барынша көп дамуын қамтамасыз ету.

Мұнда оқыту өзіндік мақсат емес, ол дамыту құралы ретінде тұлғалық дамудың үстемдігі болып есептелінеді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде даму ортасын құрудың негізгі мақсаты қалыптасып келе жатқан тұлғаға әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да алты жастағы балалардың танымдық дамуы төмендегідей сипатталады:

— сұрақтар қойғанды ұнатады;

— жаңа ойындар мен идеяларды жақсы көреді;

— сурет салғанды, бояғанды қалайды;

— драмалың рөлдерді орындай алады;

— арнайы және қызметтік байланыстарды жақсы түсінеді, т.с.с.

Ең бастысы мектепке дейінгі мекемелердің педагог-тәрбиешілері баланың таным белсенділігін қалыптастыруда даму ортасын ұйымдастырып, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сай оқуды бастау жасында да ол өз жалғасын табуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшелігі

Мектепке түскен жеті жасар баланың бойы әрі қарай өсе береді, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Біраз уақыт шаршамай жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-тұрысы онтайлана, жылдамдыққа бейімділігі бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы келеді. Осы жастағы балалар қимыл – қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындалуына ылғи да мүмкіндік беріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен кеиін де жүгіріп ойнауына тиым салуға болмайды. Мұғалім мен әрбір ата-ана жеті жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де болса, тәртіпке түспегендігін ескеруі тиіс. Мәселен, олардың жүгіріп ойнап жүріп, бір-бірімен соқтығысып, не болмаса сүрініп, құлап қалатындығы да осының салдары. Мұғалім баланың шамадан тыс ойындарына басшылық жасауы, әсіресе ептілікке, қимылының дәлдігіне тәрбиелейтін қысқа уақыттың ойындар ұйымдастыру жағына ерекше қөңіл бөлуі қажет. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда миының дамуы да жедел жүріп отырады. Мәселен, сегіз-тоғыз жасар балалардың миы анатомиялық жағынан ересек адамның миының структурасына жақындайды. Мидың мандай тұсы жедел өседі, онда нервтін жаңа жолдар пайда болады. Жоғары нерв жүйесінің процестері нақтылана, тәртіпке түсе бастайды, екінші сигнал жүйесінің мәні артады, мидың анализдік, жетлуздік қызметі күрделенеді, тежелу процесі нығая түсетін болды. Осы айтылғандардың бәрі оқушылармен оқу процесін күрделендіре жүргізуге болатындығын жақсы көрсетеді. Мектепке жаңадан түскен баланың психикасы алғашқыда әлі мектеп көрмеген баланың ерекшеліктеріне ұқсас болып келеді. Өйткені аз уақыт ішінде бала психикасында қауырт өзгерістердің пайда бола қоюы қиын.Дегенмен мектеп есігін ашуаннан-ақ бала психикасы белгілі арнамен дами бастайды. Бала психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.

Бала мектепке дейін де (үйді, балалар бақшасында) – оқиды. Бірақ мектептегі оқудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу бала үшін негізгі әрекет болып саналады. Оқу материалдарын орындау оған арнауы міндет болып жүктеледі. Оқушының жаңа міндетін түсінуі, сабақты жақсы үлгеруі оның жеке ісі болмай,қоғамдық маңызы бар, негізгі мотив екендігін балаға түсіндіру мұғалімге оңайға түспейді. Өйткені бала мектепке түрлі дайындықпен келеді. Бір баланың оқу жөнінде бұрыннан жақсы түсінігі болады. Ол үйінде қалам, қарындаш ұстауды үйренеді, екінші бала мұндайды білмейді, яғни ол бұған психологиялық жағынан дайындалмаған болады. Бірінші сынып оқушылары көбінесе сабақта өздерін ұстай алмайды, кейде дауыстап сөйлеп жібереді,не қатты күледі, оның жылауыда мүмкін, басқа балалардың үстінен шағым айтқыш келеді.Кейбір мұғалімдер сабақ үстіндегі осындай айқай – шуды басамын деп балаларға ұрсып – зекиді. Бұл осы жастардың психикалық ерекшеліктерін білмеуден туған қателік. Мұнымен мұғалім сыныпта тәртіп орнатудың орнына балаларды өзінің айқайына еліктесіп, шуды бұрынғысынан бетер көбейтуі ықтимал.Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте жақсы оқуға талаптана түсуіне жағдай жасауы қажет.Сынып ішіндегі қоғамдық жұмыстарды балалардың икемділіктеріне қарай бөлу де өте ойластырып істелген мақұл.Мұндайды барлық балаға бірдей тапсырма беріп, соны жақсы орындағандарына ғана аталған қоғамдық жұмыстарды бөліп берген дұрыс. Қалған балалардың талабы мен иницативасын басып тастамау жағын да мұғалім ойластыру қажет.

Оқу әрекеті баланың тану процестерінің дамуына зор ықпал жасап отырды.Мектепте бала түйсік, қабылдау процестері арқылы өзіне бұрып мәлім емес көптеген нәрселерді біледі. Бірақ осы жастағылардың көбі әлде де заттар мен құбылыстарды талдауға, зерттеуге шорқақ. Баланың орнықты зейінін дамыту түрлі жолдармен жүргізіледі. Көрнекті құралдарды дұрыс пайдалана білу – осындай тәсілдердің бастысы. Мәселен, бірінші сынып оқушыларын санаттырып үйретуде таяқшалар пайдаланды. Таяқша – тапсырманы орындауда бала психикасына әсер ететін көрнекті тірек. Заттың нақты бейнесіне сүйену – осы жастағы бала психикасының басты ерекшелігі.Сабақты, ылғи көрнекілікке негіздеуге де болмайды, сондықтан сөз бен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс.

Бастауыш сынып оқушылары оқығанын, көрген – білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе оның баяулы қимыл – қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Екінші сыныпта оқушылар әдейлеп есте қалдырудың жолын білмегендіктен, материялды түгелдей жаттап алады. Мұндай жаттап алушылық – оқу тәсілін білмегендіктен, нені қалайша есте қалдыру қажет сезінбегендіктен туындайтын қажет.

Жеті – сегіз жасар баланың ойлау қабілетінің де шеңбері тар. Оның айналасын қоршаған дүние (үй, көше, мектеп) шағын, тәжірибесі аз. Сондықтан бала алыстан орағытып ойлай алмайды. Баланы ойлатып үйрету үшін төңірегін тереңірек білуге жағдай туғызу қажет. Ол әр нәрсені атқаратын қызыметін, не тұрған орнын («балта мен ағаш жарады » , «отын сарайда тұрады») ғана білмесін, өзіне таныс нәрселерді суреттеп, салыстырып айтып отырып беретін болсын. Өйткені ойлау бір нәрсені екіншісімен салыстыруды, оларды жіктеп жүйелеуді, бір – бірімен байланыстыру қажет етеді.Оқушының бір зат жөнінде нақты елесі, дұрыс қабылдауы болмаса, ол оны өмірден көрмесе, бұл зат жөніндегі оның ұғымы да саяз болады. Бала осы ұғымның негізгі ерекшелігін жай сөзі деп түсінеді де, оның басты белгісін, кездей соқ белгісінен ажырата алмайды.Өйткені баланың ой - өрісінің тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған осы ұғымның мазмұнына ететін негізгі белгілерді қамтуға мүмкіндік бермейді.

Танымдық процестердiң iшiндегi ең күрделісі — ой. Қабылдау арқылы бiздiң санамызда сезiмдiк түйсiну арқылы заттар мен құбылыстар бейнеленетiн болса, ой арқылы қабылдап, еске сақтаған заттардың немесе қубылыстардың жалпы ортақ белгiлерiн, тiптi көзге көрiне бермейтiн ерекшелiктерiн санамызда елестетiп, абстракциялаймыз. Ойлау арқылы заттар мен құбылыстардың болашақ дамуы, өзгеруiн болжаймыз. Жекелеген фактiлердi, оқиғаларды дуниедегi құбылыстарды қабылдай отырып, ой процес арқылы олардың өзара байланыстылығын, оның себебін шешуге тырысамыз.

Ой-танымның ең жоғарғы сатысы. Ойдың тілдік формасы — сөз. Сондықтан да ойлау мен сөйлеу біртұтас процесс.

Сондықтан да оқу процесiнде оқушының басқа психикалық процестерiмен бiрге өзiндiк ой, қиялың дамытып отыру қажет. Оқу процесiнде оқушының ақыл-ой қасиеттерін тәрбиелеп, дамытып отыруда мына мiндеттер жүзеге асырылуға тиiс.

1) баланың әралуан ақыл-ой әрекетiн, проблемалык, шығармашылық iзденiстерiн дұрыс уйымдастыру;

2) баланың ақыл-ой жұмысына деген дұрыс мотивтерiн (бiлiмге құмарлық айнала қоршаған дуниедегi, қоғамдық өмiрдегi жаңаны байқай бiлуге, оны түсiнуге ұмтылу, т. 6.) қалыптастыру;

3) баланың ақыл-ой мәдениетi дағдыларың меңгерүiн қамтамасыз ету;

4) әр оқушының өзiнiң ақыл-ой ерекшелiгiн бiлу;

5) оқу материалын баяндауда оқушылардың бұрынғы бiлiм қорларың фактiлердi әр жолы жаңаша көре бiлүiн ұйымдастыру, бұрын таныс нәрсенi байқаған сайын жаңадан көрiп тұрғандай сезiм тудыра бiлу, сөйтiп, олардың ерекше сезiмталдығын тәрбиелеп отыру қажет.

Оқу процесiн саналы ұйымдастыруда баланың ерiк-жiгерiн, көңіл-күйiн тәрбиелеп отырудың маңызы зор. Бұл үшiн муғалім оқышуның өз iс-әрекетiн саналы, мақсатты турде ұйымдастыруын, тиiстi мақсатқа жету жолында қиындықты жеңiп отыруын қадағалау жөн. Оқу процесiнде әр түрлi дәрежелi, әр сипатты қиындықтарды жеңу үстiнде оқушының, ерiк-жiгерi шынығады ол жетiстiктер оқушыны жаңа мақсатқа жаңа әрекетке итермелейдi, сөйтiп оқушы ақыл-ой ерiк-жiгер, моральдың дамудың жаңа дәрежесiне көтерiледi.

Көңiл-күй арқылы адамның сыртқы дуниеге, әсерлерге деген ой-пiкiрi байқалады Көңiл-күйi адамның бiр нәрсеге уақиғаға қуануы, ренжуi, жақсы көру немесе жек көру, қанағаттану, немесе қанағаттанбау, т. 6. сезiмiн керсетедi.

Оқу үрдісінде танымдық қызығушылықтың құндылығы

Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыс-тары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды. Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістерімен сипатталады. Баланың мектеп жа-сына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жүмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдас-пауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда "білуге құмарлық, әуестікте" байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратын-дықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуының мынадай көрсеткіштері байқалады:

-Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

-білім алуға және оны меңгеруге тырысу;

- таным үрдісі мен танымдық іс-әрекетінің эмоционалдық көрінуі;

- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

- бос уақытын пайдалана білу сипаты;

- танымдыц белсенділігінің жалпы сипаты;

- жаңаны білуге ұмтылысы;

- мектепке және оқуга жағымды қатынасы.

Наши рекомендации