Науқасты ылғалды сүрту.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде.
Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқастың астына клеенканы төсеңіз.
4. Шылапшынға жылы су құйыңыз.
5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
6. Салфетканы, сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
10. Қолдың тырнақтарын алыңыз.
11. Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
12. Қолғаптарды шешіңіз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
7. Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу.
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.
Дайындаңыз: ішінде жылы ( t 37-380С) әлсіз калий перманганаты ерітіндісін, фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, дәрет ыдысын (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді,кермені,штативті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.
4. Қолыңызды ІІ жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.
5. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне дәрет ыдысын қойыңыз.
6. Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, аз ғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
7. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.
8. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфеткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфеткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.
9. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.
10. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын шат іркілістеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.
11. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, зарарсыздандырыңыз.
13. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.
14. Кермені жинап алыңыз.
15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
8. Ер адамның жыныс мүшесін жуу.
Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, кермені,судноны, жылы суды (t37-38°С)немесе фурациллин ерітіндісін.
Іс-әрекег алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Қолыңызды ІІ деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.
6. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.
7. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.
8. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.
9. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.
10. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.
11. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.
12. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият
тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.
13.Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды зарарсыздандырыңыз.
14.Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
15.Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз.
16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
17.Кермені жинаңыз.
9. Дәрет ыдысын (судноны) беру.
Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішетін және қуығын босату кезінде қолданылады.
Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет ыдысын (судноны), клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.
4. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
5. Қолыңызды жуып,қолғапты киіңіз.
6. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.
7. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.
8. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет ыдысы тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.
9. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.
10. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет ыдысын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.
11. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет ыдысына салыңыз.
12. Дәрет ыдысын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.
13. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.
14. Дәрет ыдысын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.
15. Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.
16. Дәрет ыдысын зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз.
17. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
10. Зәр қабылдағышты беру.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.
Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка ашуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.
5. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.
6. Қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.
7. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.
8. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.
9. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.
10. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.
11. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып,
кермені жинап алыңыз.
12. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.