Гіме жанрының даму сипаты
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар.
Қазақ әңгімелерінде жазушылар жаңа ғасырдағы қазақ қоғамының тағдыры тақырыбына ана-әйел-қайраткерді, өнер адамдарын, зиялыларды, тағдыры ерекше жандар мен қарапайым еңбек адамдарының болмысын танытуды басты тірек еткен: «Жазушы шығармаларының кейіпкері әр алуан: кәрі-жас, жесір-кембағыл, талайсыз қыз, құзғын еркек, дәлдір бастық, дана қария» [1, 130]. Дәуір шындығын әр қырынан бейнелейтін әңгімелерде қазақ елінің жай-күйі, тұрмыс-тірлігінің барынша айқын көрсетілуі қаламгерлеріміздің күрделі жанрды жетілдірудегі мақсатты, шығармашылық ізденістерін көрсетеді. Әңгіме – көркем мүмкіндігі бай жанр. Проза жанрының µз тарихы, даму жолдары бар және оныњ µмірге келуі, ќалыптасуы әр ел әдебиетінде әрқилы. Жалпы әлем әдебиеті қисынында (оған дейін «новелла» деп келген, кейінгілер бірде әңгіме, бірде новелла деп алмастыра айтып кету себебінің бір ұшығы осыдан болса керек, әрі бұл жөнінде қарастырылған) «єњгіме» термині [3, 9] өз құқығын 1830 жылдан бастап алѓан болатын. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқышында» ұсақ әңгіме деп бөліп атаған. Қоғамдық сананы айықтыруға қазақ әңгімелерінің күші, мәні өте қажет етілді. Зерттейтін әңгімелерде сын заманның кейіпкерлері орын алады. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Б.Майлиннің өзгеше мұрасынан танылатын» [4, 476]. М.Әуезов мұны қазақ әдебиетіне енген әңгіменің жаңа үлгісі ретінде атап отыр. Шағын жанр кішілігі, шағындығына қарамай өмірдің үлкен мәселелерін көтерді. Көркем мәтіннің композициялық құрылымын анықтау бірінші міндетіміз болса, келесі міндет – үнемі мазмұн мен көркем пішіннің жаңалығына зер салу. Ә.Е.Құлымбетова [5, 9] еңбегінде 1917-1980 жылдарға дейінгі жазылған қазақ әңгімелері кешенді жүйелі талданған. Мұнда, жазушы кейіпкері қазіргі уақыт баяндауымен танылғанымен, қаһарманның өткені және болашағы қоса салыстырыла, композициялық бүтіндік аясында шешілетіні дәйектелген. С.Қасқабасовтың: «Сөз жоқ, әр жанрдыњ ќалыптасќан, тұрақталған белгілері болады. Ол кµп жаѓдайда шыѓарманыњ композициясында, сюжеттік ќ±рылымында, баяндау пішіні мен кµркемдеу ќ±ралдарында саќталады» [6, 15],- деуі Чеховша айтќанда, єњгіме ќ±рылысында сюжет желісі, баяндау айрыќшылыѓы, кейіпкерлерді даралауда тепе-тењдік ырғағы саќталу жєне µте таныс кµркем мєтінніњ µзін оќи келе жања ќырларын тануѓа м‰мкіндік, Ќабдоловша т‰йіп ескерсек, єњгіме – єсем жанр екендігі мен жазушы-єњгімешіге берілген талап биігінен шыѓу сыны т±рады. «Єњгіме кµркемдік ќиюы оњайшылыќпен табылмайтын ќиын жанр» және «Єњгіме жазу да жеке дауыста єн салуѓа ±ќсас µнер ...єњгіме жанрында да жазушы жетістігі мен кемістігін жасыра алмайды» [7, 229]. Жалпы алғанда, әдебиетші, сыншылардың єњгіме жанрын, жазушы-єњгімешілердіњ табысын айрыќшалауда «єсем єуен», «ән», «жеке дауысты єн» т‰сініктемесі жасалуынан жанр табиѓатын аша т‰скендей пікір т‰йіледі. Байымдасаќ:әңгіме – жазушы жан айқайының әуенді тербелісі, шығармашылық өмірінің тұғыры. Єњгіме шеберлігі жазушылардың жан-жақты жаңалыққа бейімделуінен байќалады. Б.Майтановтың: «...тұлғаның қысымға ұшыраған өзіндік ерекшелігі ескерілді; дәстүрлі сюжеттік-композициялық сызбадан құтылу мүмкіндігі туды» [8, 57],- пікірі нақтылайды. Қазақ әңгімелері негізінен өзара қарым-қатынастан өткен кейіпкер арқылы әлеуметтік-қоғамдық ортаның қандай екенін танытатын өзгерістерді бейнелеген. Қазақ әңгімелеріндегі кейіпкерлер тұлғалық жағынан табиғатпен егіз жұптастырылған. Әсіресе, бұлт пен қардың табиғи қалпы Абай, Әуезов тәсіліндей, кейіпкердің ішкі күйзеліс қабаттарын суреттеуде ұтымды пайдаланылған. Қазақ әңгімелері, яғни ауыз әдебиетінің табиғатты кіріктіру арқылы образ туындату тәсілі жағынан даралық көркемдікте алдыңғы әдебиеттен кем қалмаған. Кейіпкер мінез-құлқы табиғатпен, табиғатқа тән құбылыс бейнеге телінуі – жазушы мұратын ашудағы басты бейнелеу құралы болып қалыптасқан тәсіл. Ал, оның меңгерілуі проза жанрларының бір-бірінен қисындық өзгешелігін белгілетеді. Көркем әңгіменің тас-түйіндей кіріге түсуі, жинақылануы, солай бола тұрып көркемдеу әлемінде жаңаша болуға ұмтылуы анықталды. Жазушы байқаған нәрсесіне «жан» береді, қайтадан бейнелеу арқылы екінші өмір сыйлайды. Сан қилы тағдыр болатыны сияқты тақырып та сансыз. Сөз өнерін бағалай алатын жазушы, тақырып көздегенде айтылар көркем ой мен көркем суретті арнайылап әлеуметтік, тұрмыстық, тарихи, саяси деп емес, басқаша таңдайды. Себебі, адам өмірінің түпсіз сыры өзіне беймәлім болғанымен, бақылаушы ретінде жазушы жүрегіне жақын келеді. Жазушы әңгімелерінің тақырыбы осылай шығармашылықпен ойлаудан туындайды. Қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы, теңсіздігі, қоғам арасындағы тартыс, отаршылдық, ағарту т.б. тақырыптары дер кезінде көтерілді. Мұнымен қатар адам жан-дүниесіне үңілген терең де мазмұнды психологиялық мәселелерді қамтитын тақырыптар кең құлаш жайды. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде өмірдегі шындықты контрасты күйінде Ғазиза трагедиясы мен Ақандардың «өмір сүру мақсатының» деңгейі суреттелген. Сондықтан қазақ әңгімелерінің тақырыптары табиғаттың, кейіпкердің алай-түлей сан қырлы жан дүниесі арқылы өрнектелген. Ғасырдың ұлы оқиғалары қаншама болса, әңгіме жанрының тақырыптары да соншама дейтіндей. Б.Майтановтың «Қорғансыздың күнінде» тұжырымдаған қазақ әңгімелеріндегі модернистік дәстүр сипаты кейінгі жазушылардан О.Бөкейде, А.Кемелбаевада көбірек байқалады. Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің бірі – «Сөз жоқ, соның іздері». Символ әңгімелердің қатарын көбейтті. Әңгіме жанрының тақырыптарының толығуы жастар жайына қатысты ой-дүниелерді, жастар бойындағы оң өзгерістерді дәріптей түссе, сонымен қатар сынау арқылы өзекті мәселелерді шешті. Көбіне отбасы тағдыры: махаббат, әке мен ананың бала тәрбиесіне дәрменсіздігі әдеби көкжиекке көтерілді. Қазақ әңгімелерінде адам санасының «елу жылда ел жаңа» бағытымен жалғасуы психологиялық тақырыптарды жаңалай түскен. Ғасыр басындағы шығармашылық тәсіл жалғастығын байқататын белгі ретінде жазушы Ғ.Мүсірепов аударма әңгімелердің пайдасын ескерді және қазақ әңгімелері қатарын байытудың бір жолы деп қарады. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінен басталған (прозада «Абай жолы») тақырып, Ғ.Мүсіреповте «Атақты әнші Майра» әңгімесімен жалғасты. Өнерпаздар тақырыбындағы Т.Ахтановтың «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы» әңгімелері қатарын кейіннен Б.Нұржекеұлының заман өзгерісімен қабат өрілген тақырыптағы әңгімелері толықтырды. Сондықтан, қазақ әңгімелерінің 1961 жылдардан кейінгі тақырыптарында қазақ халқының қастерлісі өнер, өнерпаздар турасына қарай ойысуымен, зиялылық тақырыптарының көкейтестілігімен ерекшеленді. Сол сияқты, 1961 жылдан кейін дүниеге келген әңгімелер М.Әуезов, Б.Майлин дәстүрінің тақырыптық жалғастығында көрінгенімен ауыл мәселесі әр жазушыда әрқилы қырынан байқалды. Т.Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі көптеген жазушыларға ой салды, кейінірек А.Кемелбаевада «Жан иесі» секілді әңгіме тақырыбы сана мен қиял құпиялығы меңдеген пішіні бөлек кейіпкерлерді әкелді. Осы тұста бұл жазушылардың әлемдік әдебиетпен еркін таныстығын ескерсек, алдымен американдық жазушы Эдгар Поның «Лигейя» новелласындағы фантастикалық сюжетті, психологиялық жәйттерді, айшықты әсем өрнектерді шебер пайдалану қолтаңбасын көреміз. Жазушылар әңгімелерінің тақырыбы американ әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де мистификациялық әдісті қолдану арқылы ашылды және қоғамдағы адамдардың пәк, мөлдірлікті қастерлеуге үндеуі біріктіреді. Жаңалық – бұрынғы бар тамаша дәстүрді меңгеруден, игеруден басталды. Классик жазушы Б.Майлин әңгімелерінің тақырыптарында Н.Гогольдің, А.Чеховтің, М.Горькийдің, татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтың ықпалы болды және Ғ.Мүсірепов Чехов, Горький, Мопассан, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығынан дәстүр қабылдады деген академик М.Қаратаев пікірі кейінгі жазушылардың Мүсірепов мектебінен тәлім алды деген пікірімізді салмақтай түседі. Әңгіме жанрында еңбегі еленген жазушыларымыз С.Мұратбеков, Ә.Тарази, О.Бөкей, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Сараев, Т.Ахтанов, Д.Исабеков, Т.Әлімқұлов, Т.Әбдік, М.Мағауин, Ш.Құмарова, А.Алтай, М.Әбдіқалықов, Д.Досжанов, Қ.Жұмаділов т.б. қазіргі талдауымыздағы Т.Жармағамбетов, М.Байғұт, Ә.Орынбаева, А.Кемелбаева, Н.Ораздың әдеби үрдісте жанр мен тақырыптың дамуына үлестері мол. А.Бочаровтыњ «Әңгіме – прозаның ең қажетті, бөлінбес бөлігі» [3, 13],- дегені кµп маѓына береді. Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртазаның әңгімелері (Т.Ахтановтың «Жоғалған дос», «Тауап» әңгімелері т.б.) «Жүнді барақ», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны» соғыс салған зардаптың он бес жылдай уақыт өтсе де жан жарасы жазылмағанын көрсетті. Сонымен қатар Отан тағдыры поэзияда жаңа сипат алған болатын, мұның да әсері болмай қалмады. Себебі, көптеген жазушыларымыздың шығармашылық жолдары өлең жазудан басталған. «...Әңгіме жанрына ықшамдылық жарасады. Соның өзінде етек жеңнің қысқалығы емес, бойға шақ қонымды болуы керек» [9, 38]. Тақырып деталға, деталь тақырыпқа айналуы табиғи жанрлық қалыпты тудырады. Қазақ әңгімелеріндегі тақырып өз замандастарына арналады. Өткені мен бүгінгісі, болашағы туралы толғансын мейлі, айналып келгенде философиялық көзқарасты замананың қазіргі өмір сүру қалпынан танисыз. Басты тақырып – Адам мен қоғам осыдан туындайды. Проза жанры қалыптасқан уақытқа бағытталсаңыз – әйел тағдыры. Одан кейін соғыс тақырыбы, ауыл тақырыбы, құндылықты бағалай білуге ұмтылдыру тақырыптары. 1960 жылдардан кейінгі дәуірде қажеттілік көбіне шынайы руханиятта жатты, яғни тіл тағдыры. Қазақ жазушылары көркем ойды қысқа мерзімде қабылдайтын ерекшелігіне сай әңгіме жанрына жүгінді. Тақырыптық мазмұнды топтастыра алғанымызбен әдіс т.б. әңгіме көркем өрнектерін бірыңғайлы топтастыра алмаймыз, мүмкін де емес. Тақырыптар өмір қозғалысына икемделетіндіктен сол қоғамда өмір сүретін адамдар туралы да таным береді. Тақырыптың түрленуі мен жаңалығы Жазушының белесін, ал жазушы белесі ұлттың болашағына болжал жасатады. Әңгіме жанрын байытушы арналар мен үлгілер туралы сөз болады. Кейінгі жазушыларға әрқашан жол болған М.Жұмабаев әңгімесі салыстырылады. «Бала үшін қандай ессіздік істемеді есті Шолпан» – суреткердің бар айтпағы осыған бағындырылған. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсіндегі» әйел табиғаты, қарым-қатынас туралы көркем ойлары кейінгі жазушылардан Б.Нұржекеұлы шығармашылығына көбірек тән. Қазақ әдебиетінің прозасының ғана емес, поэзиясының да даму бағыты қазақ әңгімелеріне әсерін тигізді. Қазақ әңгімелерінде соғыс тақырыбының махаббат иірімінде берілуі – Ә.Кекілбаевта «Ең бақытты күн» әңгімесіндегі Торғыны. 1961 жылдардан кейінгі жазылған әңгімелердің орталық діңгегі етіп Ғ.Мүсіреповтің стилімен қарасақ, көбінесе жазылған көркемдік ойға, суреттелетін жайға жазушының қатынасы көп маңыз атқарған. Мазмұнды ой авторлық монологтар, түсініктер, лирикалық шегіністер тәсілдері арқылы беріледі. Мұнда автордың мәнеріндегі әжуа, кекесін, мысқыл тура мағынасындағыдан гөрі ішкі астарлы мағынада жазушының азаматтық көзқарасын кіріктіре бейнелеуі дәстүрге айналды. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінің әдеби тәсілінде әжуалау шығарма мұратын әдемі өрнектеуге жетелейді. Сондықтан суреткердің «Жапон балладасы» циклындағы әңгімелерінің соғыс тақырыбы «күлдіре отырып» жылатады. Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетінің дәстүрлі мектебімен қатар аударма еңбектердің және әлем әдебиетінің тағылымын, амал-тәсілін үйрену қажет деген пікірінің жаны бар. Осы негізде мына жазушыларға назар аудардық: Э.По, Р.Тагор, Л.Стерн, Т.Манн, ақыннан Э.Юнг. Т.Манның «Венециядағы өлім» т.б. новелласында көтерілген өнер мәселесін Ә.Кекілбаев, Б.Нұржекеұлында өрнектелген қазақ өнері мен өнерпаздары табиғатымен салыстыра қарасақ, әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа ой-байлам, психологиялық талдаудың иірімделуі тұсын зерделеуге ұмтылдырады. Қазақ әңгімелерінің де басты көркемдік жетістігі – қазақы бітім-болмысты кейіпкерлер болуы. Оған қоса Э.Поның «Элеонора» әңгімесіндегі екі ғашық тағдырының тауқыметі Элеонораның көз жұмуымен аяқталатыны сияқты қазақ жазушысы Ә.Орынбаеваның «Қос қайыңындағыдай», «Хадишаның қара тасындай» сенгіш, пәк адам, оның ішінде махаббатқа есі кеткен әйелдің жан дүниесі өте сезімтал, нәзік болатынына көңіл сендіртуге бұл жазушылар еңбек ете алған. Тіпті жазушылар қолданған кейбір стильдік бірлік тұтастай шығармада болмаса да көркем ой бөлшегінде кездеседі. Л.Стерннің, он сегізінші ғасырдағы Батыс Европа әдебиетіндегі көркемдік бағыты қазақ әдебиетінен де табылады. Оның «Шенди-безрассудный» қалпының өзі қатал өмірге икемсіз аңқаулығын сүйкімсізден гөрі сүйікті ете түскен. Қазақ әдебиетінде Майлин кейіпкерлері мен Ж.Молдағалиевтің Тумырзасы т.б. сияқты «қожанасырларымыз» халық ауыз әдебиетінен нәр алуымен қатар, стиль ұқсастығы жағынан әлем әдебиетінің қалам қуатын тарата алған. Ж.Аймауытов келістіре суреттеген, Ақбілекті еркелете алған Марқакөл мен Марқакөлге бала болып кіріп, ана болып шығатын Оралхан Бөкейдің Ардағында ілік-жалғау жоқ емес. Оралхан жазушының:«Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл»,- деп табиғатты жандандыруы арқылы Ардақты аялата білуі осының айғағы дейтіндей. А.Кемелбаеваның «Күміс инелер» атты әңгімесі пішіні жағынан, көркемдігі жағынан сәтті жазылған. Кемелбаеваның кейіпкерінің түсі бұған дейінгі түс көру, оны жорудан бөлегірек, көркем ойы түс көру тәсілінің жалғасы, жаңарған түрі. Қазақы болмыс пен ұлттық психологиялық иірім кіріге жымдасқан суреттеуге назар Кемелбаеваларға үлгі болған әдебиет туындылары көп десек те суреткер Ғ.Мүсірепов стилі қайта ойға келе береді. Ол қоғамдағы жанды жараны түбінен аршу тәсілі. Дәл осындағы – жалғызбасты мүгедек балалы әйел, оған қоса өнері орта жолдан қиылған әнші тағдыры. Кейіпкерді кісікиік еткен мәселе көтерілген. Жазушыларымыздың жаны мүгедек, тәні сау кейіпкерлерді бейнелеу арқылы адамдардың қоғамдағы өзгерісіне және бұғауланған сананың босауына жол көрсетуі, А.Кемелбаеваның жаны сау, тәні мүгедек кейіпкер Қоңырқазысына тән періштелік қасиет сирек белгі, адамдардың адамына ғана лайықты деп саналады. Зерттеу бағытында, сана әлемі кәдімгі адамдардан өзгерек келген кейіпкерлер туралы әдебиетімізде көп қарастырылмаған. Осы кейіпкерлердің қатарын терең құпиясымен қызықтырған Ә.Кекілбаевтің «Жүнді барағындағы» Ажарды, А.Кемелбаеваның «Қоңырқазындағы» Қоңырқазды, «Жан иесіндегі» мысық асыраушы әйелді әрқайсысын бөлек бейнелі дара кейіпкерлер дей тұрсақ та, ортақтастыратын тұсы бар. Ол – сана әлемінің түсініксіздігі. Суреткердің ой-көрік ұстаханасының әлемдік әдебиеттегі озық көркем дүниелермен деңгейлес-иықтас екендігін әркез танып білуден жалыққан емеспіз. Себебі, қазақ әңгімелерінің санына қарай сапасы да айтып ауызға толтырарлықтай болуы әуезовтік көркемдік тәсіл – Адам мен Тіршілік дүниесінің бір бүтіндігі қалыптасқан тамаша дәстүр жалғастығының бар болуы. Қазақ әдебиетінде бала мінезі арқылы, бала әрекеті арқылы қоғам шындығын көрсететін С.Дөнентаев дәстүрінің әдемі жалғасы М.Иманжановта, Б.Нұржекеұлында бар. Нұржекеұлының жазушылық тәсілінде әлеуметтік жайт Бағжан, Әлкен әрекеттері нәтижесінде қозғалған және ол замана өзгерісін байыптататын ұтымды қабат. Алтай Асқардың көркемдік ізденісінде – адам мен тұлпар қатынасының бейнеленуі қазақтың жанымен кіріктіріліп, адам мен адам қарым-қатысындай етіп ұсынған