Дәрісті оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Дәрісбілім беру бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі бөлім болып табылады.
Оқытушыныңбасты міндетімемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген материалдардың барлық деңгейлерін игеру барысында таным процесін ұйымдастыру болып табылады.
Осыған сәйкес дәріс оқытушысы мыналарға міндетті:
1.Әр дәрістің мақсатын құрылымдау;
2.Дәрістің құрылымы мен оның жоспарын нақтылау;
3.Білім алушылардың білім деңгейі мен дағдыларын ескере отырып, таным әрекетін белсендендіру әдістерін ойластыру;
4.Дәрісті оқыту барысында басқа да пәндер мен тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
5.Білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін мен сілтемелерді ұсыну;
6.Дәріс материалдарына сүйене отырып, семинар мен білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын құрылымдау.
Дәрістің жеке міндеттері:
1. Білім алушыларға білім беру және оларды қолдану үшін дағдыларды қалыптастыру;
2. Оқытылып отырған пәннің басқа пәндермен өзара байланысын анықтау;
3. Білім алушылардың пәннің әртүрлі бөлімдерін, сонымен қатар оның оқу процесі құрылымындағы рөлін оқыту барысындабілімі мен дағдыларын бағалау;
4. Пәнді өзіндік оқу үшін білім алушыларға ақпараттық-анықтама жүйесіне сілтемелер ұсыну;
Дәрістің мазмұнына талаптар:
- Пәннің тақырыбы мен мазмұны пәннің силлабусына сәйкес анықталады;
- Дәріс логикалық құрылымданған болуы керек;
- Дәрістің құрылымы бағытталған болуы тиіс және аудиторияның дайындық деңгейін де ескеруі керек;
- Дәрісте теория мен тәжірилік білімдерді біріктіре оқыту.
Дәрісті өткізу процесі– мазмұн, логикалық және дәйектік кешенді оқыту. Дәріс дидактикалық принциптерге негізделе отырып құрылуы керек:
- Берілетін мәліметтердің ғылыми негізделуі;
- Мәліметтердің жүйелілігі (қарапайымнан күрделіліге қарай);
- Теория мен тәжірибенің байланысы;
- Ғылыми білімнің қолжетімділігі;
Дәрістің нәтижелілігібілім алушылардың алған сапалы және сандық ақпараттарымен сипатталады. Оны жетілдіру үшін:
- Нақтылық: дәріс оқыту барысында дұрыс қойылған дауыс ырғағы, үзінділер, мимика, жест арқылы аудиторияға сезімдік әсер ету мүмкіндігі жоғары; Осы жағдайда білім алушылардың назарын аударудағы бірінші дағдарыс 15-20 минутта, ал кейінгісі 30-35 минуттан соң болатынын ескеру керек.
- Иллюстрациялау мүмкіндігідәрісті оқыту барысында кестелер, сонымен қатар тақтаға, плакаттарға түсірілген сызулар, компьютерде безендірілген слайдтар мен статистикалық және динамикалық диаграммалар, интерактивті суреттер қолданылады;
- Икемділігі – білім алушылардың дайындығын ескере отырып, дәрісті ұйымдастыру;
- Дәрісті оқыту барысында білім алушыларға ғылымның осы саладағы жаңа жетістіктерін ұсыну;
- Бақылау сұрақтары арқылы білім алушылардыңбелсенділігін жоғарылату;
- Білім алушыларға дәріс барысында оқытушыға сұрақ қою мүмкіндігін беру.
Әр дәрісте алдын ала дайындалған дәріс конспектісі мен оны өткізу жоспары болу керек. Дәрістің конспектісінде оның тақырыбы, мақсаты және мазмұны көрсетіледі. Оқытылып отырған материалдың иллюстрациялануына көмектесетін құралдар:
- Тақта және онымен жұмыс істеу;
- Плакаттар, сызулар, кестелер;
- Көлемді құралдар, модельдер;
- Оқыту диафильмдері;
- Электронды оқу құралдары.
Дәрісті оқыту әдістемесі:Дәрісте теориялық сұрақтар қарастырылады. Дәрісті оқыту барысында білім алушылардың көңілі мәселелі аспектілерге аударылады, осы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылады. Дәрісте қарастырылатын сұрақтар мен оларды талдауға бөлінетін уақыт аралықтары анықталады.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Психология: Адамзат ақыл- ойының қазынасы. 10 томдық. - Алматы, 2005.
2. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы. - Алматы, 2012.- 492 б.
3. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы. - Минск, 2001.
4. Кулюткин Ю.Н. Психология обучение взрослых. – М.,1985.
5. Психологическая служба в вузе / И.А. Абеуова, Г.А. Дусманбетов, М.Н. Махаманова, Х.Т. Шерьязданова – Алматы, 2004.
6. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. -Алматы, 2008.
7. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. - Алматы, 2008.
8. Зеер Э.Ф. Психология профессионального образования. – М.-Воронеж, 2003.
9. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996.
10. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.- М., 2004.
11. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М., 2000.
12. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М., 2004.
13. Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В. Петровского. – М., 1996.
14. Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.
15. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая школа, 1991.
Осымша әдебиеттер
1. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. – М., 2000.
2. Современный психологический словарь / Под ред. Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. – Владимир: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2006.
3. Акопов Г.В. Социальная психология студента как субъекта образовательного процесса. – Самара, 2003.
4. Слуцкий Е.Г. Ювенология в XXI веке. Комплексное междисциплинарное знание о молодом поколении. - М., 2012.
5. Соломатина Т.Б. Социальная адаптация студенческой молодежи в процессе профессионального образования. - М., 2001.
6. Ремшмидт X. Подростковый и юношеский возраст: проблемы становления личности . - М.: Мир, 1994.
7. Щуревич Г.А. и др. Адаптация молодежи к высшей школе / Г.А. Щуревич, А.В. Зинковский, Н.И. Пономарев. - СПб.: Нева, 1994.
8. Ерментаева А.Р. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау: методология, теория, практика. - Өскемен: С.Аманжолов ат. ШҚМУ баспасы. – 2008. – 410 б.
9. Посталюк Н.Ю. Педагогика сотрудничество: путь к успеху. – Казань, 1992. – 108 с.
10. Вопросы практической психодиагностики и психологического консультирования в вузе / Под ред. Н.Н. Обозова. - Л., 1984.
11. Журавлев В.И. Основы педагогической конфликтологии. - М., 1995.
12. Зимняя И.А. Педагогическая психология. - М., 1999.
13. Клюева Н.В. Педагогическая психология. - М.: Владос-пресс, 2003.
14. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. - М.: Просвещение, 1990.
15. www.mirknig.ru
16. www.kniga.ru
17. www.psi.ru