Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 3 страница
Денсаулықты, негізінен, сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы, денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілуі керек. Осы түсініктерге байланысты балалардың денсаулық жағдайына денсаулыққа анықтама бере алатын негізгі 4 белгіні есепке ала отырып баға беріледі. Олар:
Тексеру кезінде созылмалы аурушаңдықтың бар, жоғы. Маман-дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.
Организмнің негізгі жүйелерінің қызмет жағдайы. Клиникалық тәсілдер арқылы, қажет болған жағдайда функционалдық сынамаларды пайдалану арқылы анықталады.
Организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсыласу мүмкіндігі. Өткен жылғы жедел аурулардың санына байланысты анықталады.
Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділігі. Психикалық даму деңгейі. Физикалық даму антропометрлік өлшеулер жүргізіп, стандарттар және бағалау таблицаларын қолдану арқылы анықталады. Психикалық даму деңгейін психоневрологиялық тексеру кезінде анықтайды.
Денсаулық топтары - Жоғарыда айтылған төрт белгіні есепке ала отырып, баланың немесе жасөспірімнің денсаулығына кешенді баға берілген соң, төменде көрсетілген 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады:
Бірінші топ - дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі органдар мен жүйелердің қызметі қалыпты жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер. Яғни, бұл топқа жататын балалардың созылмалы аурулары жоқ, ешқашан ауырмаған, немесе бақылау мерзімінде жеңіл аурулармен науқастанып, жылдам жазылған, дене бітімі мен психикалық дамуы өзінің жасына сәйкес үйлесімді жағдайдағы балалар.
Екінші топ - дені сау, бірақ, функционалдық немесе кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсыласу мүмкіндігі азайған балалар. Яғни, созылмалы аурулары жоқ, бірақ жиі (жылына 4 реттен көп) және ұзақ (бір аурумен 25 күннен көп) ауырған балалар.
Үшінші топ - созылмалы аурулары компенсация сатысында, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары немесе туа пайда болған потологиялық ауытқуларының қабынулары сирек болатын және жеңіл өтетін, жалпы денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар.
Төртінші топ - созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары мен туа пайда болған дамудағы ақаулары субкомпенсация жағдайындағы, олардың қабыну, асқынулары жиі болып тұратындықтан денсаулық жағдайы нашарлаған, жедел аурулардан жазылу уақыты (реконволесценция) ұзақ болатын балалар.
Бесінші топ - созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, оганизмдерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар мен жасөспірімдер. Бұл топтағы балалар негізінен жалпы профильдегі балалар мекемелеріне бармайды және жалпы бақылауға алынбайды.
Мұндай топтастыру, белгілі дәрежеде шартты түрде болғанымен, қандайда бір факторлардың әсер етуін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар, салауаттандыру шараларының тиімділігін бағалауда да, балалардың санитарлық жағдайын сипаттауға да мүмкіндік береді.
Дені сау балалар мен науқас балалардың арасындағы шекара болып саналатын, денсаулықтың 2-ші тобын бөліп көрсетудің іс-тәжірбиелік үлкен маңызы бар. Бұл топқа жатқызылған балаларға емдеу-салауаттандыру шараларын жүргізбесе, аздаған функционалдық ауытқулары аурушылдыққа айналып кетуі мүмкін, сондықтан бұл денсаулық тобын "қауыптілік" тобы деп те атайды.
Бұдан гөрі әділірек топтастыру үшін, және әртүрлі мекемелердің мәліметтерін үйлестіру үшін "Балаларды жаппай дәрігерлік тексеруден өткізген кезде, денсаулықтарындағы таралған кейбір ауытқулардың дәрежесі мен сипатына қарай денсаулық топтарын анықтау кестесі" өңдеп шығарылды. Бұл анықтау кестесі бойынша, әлі ауруға айналмаған кейбір функционалдық ауытқуларды анықтауға болады, яғни денсаулықтың екінші және үшінші топтарын ажыратуға болады.
№9-дәрісі тақырыбы: КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ. КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ: ТАРИХИ АСПЕКТ. КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. ӨЗІН-ӨЗІ КӘСІБИ АНЫҚТАУ. КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ. КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУ. КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ СЕНІМДІЛІГІ. КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ СТРЕСС. ЕҢБЕКТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ.
Мақсаты:Кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесін денсаулық аясында қарасытыру.
Дәріс жоспары:
1. Кәсіби денсаулық жан рахаты
2. Өзін-өзі кәсіби анықтау жайлы
3.Кәсіби күйзеліс көзі
Тақырыптың негізгі ұғымдары:кәсіби өзіндік орнын анықтау, профессиограмма, мамандық таңдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
2. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы - 1981
Дәріс тезистері.
Кәсіби денсаулық ұғымы қазіргі уақытта қолданып жүр. Кәсіп игеріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақталу қажет.
Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:
· Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.
· Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.
Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.
Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.
Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
· Психофизиологиялық аспект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
· Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
· Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады.
Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.
Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
· Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
· Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
· Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
· Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
· Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;
· Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;
· Аттенциондық-мнемикалық - көңіл аудару, есте сақтау.
Санитарлық дәрігер, басқа мамандармен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының денсаулық жағдайына, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты, мамандыққа бағыт беру жұмысын дұрыс қалыптастыруы керек. Бұл саладағы санитарлық дәрігердің негізгі міндеттері:
1. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындайтын мамандықтардың санитарлық сипаттамасын (профессиограммасын) жасау;
2. Таңдалған мамандықтың өсіп келе жатқан организмге тигізетін әсерін алдын-ала болжау;
3. Еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау;
4. Мектепте дәрігерлік-мамандық консультацияның толық және уақытында жүргізілетіндігіне бақылау жүргізу;
5. Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және педагогтардың арасында мамандыққа бағыт берудің медициналық аспектілері жөнінде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Дәрігер жасөспірімдердің жас ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері туралы мәліметтермен қатар, әртүрлі мамандық факторларының организмге тигізетін әсері және мамандықтың түрлеріне байланысты жұмысшылардың функционалдық жағдайына қойылатын мәліметтермен кеңінен таныс болуы керек. Ол үшін, өсіп келе жатқан организмге өндіріс орындарының тигізетін әсерін болжап, білуге мүмкіндік беретін, мамандықтардың санитарлық сипаттамасы (профессиограмма) жасалады.
Кәсіби өзіндік орнын анықтаудың өмірлік өзін анықтау ішінде өзіндік орны бар, ол өмірлік өзіндік анықтау үдерісінің бір бөлігі. Терең өзін-өзі танусыз, өмірлік жолды саналы түрде таңдаусыз, кәсіпті саналы таңдау мүмкін емес. Алдымен оқушылар өзі үшін мынандай мәселелерді шешулері қажет: қалай олар өмір сүргілері келеді? – міне, содан кейін өмірлік стратегияныжүзеге асыра кәсіпті таңдаулары қажет.
«Өзіндік орнын анықтау» сөзінде ізденіске бағытталған іс-әрекет ықпалдасқан. Анықтау - қандай да бір болмыстың немесе объектінің маңызды белгілерін табу, нақтылау. Яғни, ізденіс үдерісінің нақты нәтижесі. «Өзіндік» дегеннің өзі ізденіс үдерісінің ерекшелігін көрсетеді. Ол саналы (адам субъект ретінде алдына мақсат қойып, жүзеге асырып, реттеп, бағалайды) және өздігінен (адам жеке жетістіктеріне сүйенеді) жүзеге асырылады. Осындай ізденісте өзіндік бағдар негізгі құрал болып табылады. Объектісі ретінде, жалпы мағынада адамның өзін қоса отырып, оның әртүрлі жағдайдағы барлық өмірі болып табылады. Оған әлеуметтік құндылық та, идеалдар да, дүниетанымдық сұрақтар да, өзін-өзі тану (жалпы адамзаттық, азаматтық, этникалық, діни, тарихи, рухани, кәсіби, жыныстық және т.б.), қоршаған ортаға қарым-қатынасында өзіндік анықтауға тура келеді.
Өзіндік анықтау жеке өздігінен бола алмайды: жеке ішкі дүниесі бар субъект - адам өзін-өзі анықтайды. Адамды өзіндік анықтау субъектісі ретінде жалпы тіршілік әрекеті мен нақты қатынас контекстінде қарастыру қажет (Анцыферова Л.И., Абульханова-Славская К.А., Леонтьев Д.А. және т.б.). Даму – тұлғаның жеке өмірінің барлық кезеңіндегі тіршілік әрекеттінің негізгі жолы екенін ескерсек, өзіндік анықтауды динамикалық білім ретінде қарастыру қажет.
Өзіндік анықтау адамның детерминанттық дамуы ретінде көрінеді (В.И. Слободчиков, Е.И. Исаев). Оны көбіне жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі дамуымен байланысты қолданады.
Көптеген ғылыми әдебиеттерде жоғары сыныптық оқу кезінде адамның уақытша мәртебесі және рөлдік анықталмағандылығы, «Мен» тұжырымдамасының тұрақсыздығы, сезімнің амбиваленттілігі, әлеуметтік мінез-құлықтың әртүрлі үрдістерінің болуы, жоғары сынып оқушыларының өзіндік орнын анықтау үдерісі, оның жас және тұлғалық дамуының қажетті бөлігі ретінде көрсетіледі.
№10-дәріс тақырыбы:АИТВ/ЖИТС МӘСЕЛЕСІНІҢ КЕҢ БЕЛ АЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ. НАРКОТИЗАЦИЯҒА ИКЕМ БОЛУ. (О. П. ИСАКОВА)
Мақсаты:Заманауи індет қатарындағы ЖИТС түсінігімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. ЖИТС түсінігі
2. ЖИТС-пен ауырғандардың психикилық күйзеліске ұшырау себептері
3.Наркомания сауықпас әлеуметтік қатер.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: ЖИТС, індеттің алдын-алу, жұғу жолдары, наркомания.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Котова А. Л., Құдайбергенұлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД – ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым, 2000
2. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
3. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы - 1981
4. http://www.astana-aids.kz
5. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
6. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы - 1981
Дәріс тезистері.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.
Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.
ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет.
АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзінді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді.
Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес.
Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.
АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайда-анғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұкпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.
Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.
Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке үқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.
ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?
Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр.
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Профилактиканын. басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.
Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды.
Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы
бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тексерілуіне болады.
Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру.
ЖИТС — көп жағдайда өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.
Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады.
«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады.
Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жүққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.
ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы.
ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.
Есіңізде болсын: Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда!
ИТВ-ның таралуын ескерту жөніндегі негізгі іс-шаралар АИТВ жұқтыру мәселесінде тұрғындарды қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету болып табылады. Белгілі бір ерекше мінез-құлықты немесе өмір салтымен ерекшеленетін кейбір тұрғындар тобы АИТВ жұқпасын анағұрлым жоғары қауіпті жұқтыруға тап болуы мүмкін.
АИТВ жұқпасынан вирустың қасиетін, оның берілуі мен алдын алу шараларын біле отырып, өзіңді қорғауға болады.
Вирус сыртқы ортаның белсенді факторларының әсеріне аз тұрақты, мысалы 56°С температурада жарты сағат,100°С-та 1-2 сағат ішінде белсенділігі жойылады.
Сонымен қатар АИТВ мұздатылған жағдайда бірнеше жыл сақтала береді. Инелер мен шприцтердегі кеуіп қалған қан, сондай-ақ наркотикалық дәрі-дәрімектердің ерітіндісінде өзінің белсенділігін 3 аптаға дейін және (бөлме температурасында) одан көп сақтауы мүмкін, тіпті айға дейін cозылуы мүмкін оқиғалар қатары бар, оның таралуы есірткіні инемен тұтынушылар арасында таралуына себепші болған маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бар болған жағдайда, АИТВ жұқпасының берілу қауіпі жыныстық байланыс кезінде 2-5 есеге артады. Ашық жарасы бар (мысалы, ұшық) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болған кезде, тіпті қауіпті.
Егер қанмен, ұрық сұйықтығымен, жатыр секретімен байланыс болмаса, АИТВ жұқпасының болу мүмкіндігі жоқ.
АИТВ жұқпасының бірнеше берілу жолдары бар:
- қорғалмаған жыныстық қатынас (презервативсіз);
- шприц, ине және басқа да егу құралдарын бірлесіп немесе қайтара қолдану, татуировка және пирсингке арналған залалсыздандырылмаған құрал-жабдықтарды пайдалану, бөтен адамның қырыну құралдарын пайдаланғанда, қанның қалдығы қалған тіс щеткасын пайдаланған кезде;
- АИТВ жұқтырған ана жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде балаға жұқтыру.
АИТВ мына жағдайларда берілмейді:
- жәндік шаққанда;
- құшақтасып, қол алысқанда;
- монша, ванна, бассейн, әжетхананы бірлесіп қолданғанда;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп қолданғанда;
- түшкіргенде және жөтелгенде;
- достастық сүйісулерде;
- қауіпсіз жыныстық қатынаста.
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу
Кепілденген сапалы презервативтер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ-дан қорғану үшін қазіргі уақытта бірден бір қол жетімді өнім болып отыр.
Жыныстық байланыс кезінде үнемі презерватив пайдалану қазіргі уақытта гомосексуальды, сонымен гетеросексуальды байланыс кезінде де жұқтырудан сақтайтын ең сенімді тәсіл болып табылады.
Анальды жыныстық қатынас кезінде, жыртылу қауіпі жоғары болатын, презерватив көбіне механикалық әсерге түсу барысында, неғұрлым төзімді (көбінесе арнайы белгісі болады) презервативтер және майлағыш заттарды (любрикант) пайдалану ұсынылады.
АИТВ-ны жұқтыру қауіпін парентеральды жолмен (қан арқылы) азайтуға болады:
- дәріні енгізу кезінде бұрын ешкім қолданбаған шприц және инені қолдана отырып, егер бұл мүмкін болмаса, ешкім қолданбаған «дербес» тек қана өзіңнің шприцің мен инеңді пайдалану арқылы;
- басқа адамның қаны араласпаған жағдайда дайындалған дәрінің ерітіндісін енгізу үшін пайдалану арқылы;
- өзіңнің жеке шприціңді бір ыдыста басқа адам қолданған шприцпен бірге жумай, дәрі ерітіндісін енгізу алдында тікелей қайнату арқылы;
Жыныстық органдардың талаурау ауруларының алдын алу және емдеу
Жыныстық жолмен берілетін және де басқа жыныстық талаурау ауруларын жұқтырудың алдын алу, АИТВ-ның берілу қауіпін арттыратын жыныстық органдардағы талаурау процестерінің санын төмендетуге әкеледі.
ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу АИТВ жұқпасының алдын алуға: серіктестердің санын азайту және презерватив қолдануға бағытталған білім беру әдістері арқылы жүргізіледі.
Инфекция көзіне бағытталған індетке қарсы іс-шара ретінде көптеген жыныстық инфекцияларда жұқтырылған адамды санацияға әкелетін этиотроптық емдеу тиімді.
Жыныстық инфекцияларды жүйелі түрде емдеу, талаурау процестерінің жиілігі мен қарқындылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ АИТВ-ның берілу қауіптілігін әлеуетті азайтады.