Дәріс. Психологиялық кеңес беруде қолданылатын процедуралар мен техникалар
Жоспары:
- Кеңес беру жұмысының процедуралары
- Кеңес беру жұмысының техникалары
1- кезең. Жұмыс басы
Жоғарыда көрсеткендей бірінші кезең «жұмыс басы». Бұл кезеңде бірінші процедура клиенттің кеңес берушімен кездесуі. Техникасы: клиентті қарсы алу, оны орнына отырғызу.
Қарсы алу техникасы.
«Сізді көргеніме ырзамын ...», «Танысқаныма қуаныштымын...» деген сөздерден басталады.
«Клиентті орнына өткізіп салу» техникасы».
Әсіресе бұл техника клиент психологиялық кеңес алуға алғаш келген кезде орынды. Клиенттің орынды таңдап отыруы, қайда және қалай отыруы арқылы оған диагностикалық мінездеме беруге болады.
Бірінші кезеңнің екінші процедурасы.
Клиенттің бойында жағымды эмоцияны қалыптастыру. Оны жүргізуде мына аксиоманы пайдалануға болады: алғаш әсер алуға сіздің екінші мүмкіндігіңіз болмайды. Жақсы әсер алуға не көмектеседі? Таза сыртқы көрініс, мейірімді түр әлпет, қарым-қатынастың әлеуметтік аймағын сақтау. Әлеметтік аймақтың шегін сақтау жек тұлғаның ерекшелігіне байланысты (ұлты, тәрбиесі, тұратын жері).
«Психологиялық тосқаулардан арылту» процедурасы.
Әрине клиент толқуы мүмкін, сондықтан оған арнайы техникалар пайдалану арқылы көмектесуге болады. Біріншіден, клиентке жалғыз өзі қалуға кішкене уақыт беру. Мысалға, кешірім сұрап, бір жұмысты бітіру үшін (жұмысты өзі ойлап табу керек) уақыт табу. Тыныш музыка әуені де игі әсер береді. Клиенттің қолына зат (кітап, журнал, ойыншық) беріп немесе бір нәрсе жасауға көмектесуін сұраға болады.
2- кезең. Мәлімет жинақтау
Бірінші процедура: клиент тұлғалығының диагностикасы. Бұл процедура аймағында келесі техникалар пайдаланылады: әңгімелесу, бақылау, тестер.
Әңгімелесу - психолгиялық кеңес берудің ең негізгі әдісі. Психологиялық кеңес берудің әр кезеңінде қолданылады. Әңгімелесудің арнайы түрі сұхбаттасу.
Сұхбаттасу – ауызша сұрау арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу әдісі. Сұхбаттасудың екі түрі бар: еркін сұхбат және стандарттық сұхбат.
Еркін сұхбат әңгімелесудің формасына және тақырыбына тәуелді болмайды, қажетті ақпараттарды іздеуде клиентке ынтамақтастық ұсынады.
Стандарттық сұхбат - анкета формасына ұқсастау, сұрақтарға жауап беруде клиенттің еркінділігімен ерекшеленеді. Кеңес беру процесінің басында мәселеге бағытталу барсында тиімді. Артықшылығы: ақпараттылығы, уақыт үнемділігі. Кемшілігі: клиенпен эмоционалдық қатынасты жоғалту қаупінің болуы.
Бақылау – психологиялық зерттеудің эмпирикалық әдісі. Клиент жайлы мәлімет жинауға, маңызды оқиғаларды ашуға, кеңесу процесінің әр кезеңінде оның күйінің өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді. Кемшілігі: маманның субьективтілігі, клиенттің емес, кеңес берушінің позициясының басым болуы.
Психологиялық тестер – жеке адамның даму деңгейін өлшеуге мүмкінідік беретін әдіс. Психологиялық кеңес беру кезінде тестер қолданылады.
Екінші процедура: клиент мәселесінің мәнін түсіндіру. Негізігі техникалар: диалог, тыңдау.
Диалог. Екі немес одан да көп адамның арасындғы әңгіме.
«Тыңдау» техникасы. Тыңдаудың екі аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Вербальды аспект - клиент өз сөйлеуінде қолданатын сөз тіркестері, метафорлар.
Вербальды емес аспект:
Дене тілі (поза, жест, мимика);
Психофизиологиялық реакциялар (тері түсінің өзгеруі, тыныс алуының жиіленуі);
Дауыс ырғағы (тон, тембр, темп, интонация).
Үшінші процедура: Клиент жадын (память )белсендендіру. Техникалар: сезімдерін анықтауға және оны сыртқа шығаруға көмектесу, психологиялық қолдау көрсету.
«Клиентке психологиялық қолдау көрсету» техникасы. Кеңес берудің барлық кезеңінде қолданылады. Вербальды және вербальды емес деңгейде клиентке эмпатия көрсету.
«Үзіліс» техникасы. Кеңес беру процесінде де барлық қатынаста керек болатын үзіліс қажет. Оны кеңес беруші бірнеше әдістер арқылы қолдануына болады: сұрақтар, метафора, «үзілісті ұстау».
3-кезең. Стратегиялық
Бірінші процедура: Мүмкін шешімдерді анықтау: Техникалар:
- «Клиентке ақпрат беру» техникасы ;
- «Сендіру» техникасы;
- «Түсіндіру» техникасы.
Екінші процедура: Әрекет ету жоспарын келісу.Техникалар: мүмкін шешімдерді іздестіру, ынталандырушы сұрақтар қою, күтілген нәтижені нақтылау.
Үшінші процедура: анықталған жоспарды жүзеге асырудың бақылау әдістері. Техникалар: «Клиенттің сенімін нығайту» техникасы және «оған жетуге дайындығын қалыптастыру».
Психологиялық кеңес берудің кезеңдері
Кеңесшінің кеңес беруге дайындалуының ерекшелігі
Клиентпен кездесуге дайындық келесі кезеңдерден тұрады.
Клиент және оның мәселесі жайлы алдын ала көзқарасы
Кеңес берушіге бұндай мәлімет кеңес беруге дайындықтың келесі кезеңдерін жүзеге асыру үшін қажет. Оны кеңес беруші мынадай деректерден алады:
тіркеу журналы;
алдын ала қабылдауға жазылуы арқылы клиент жайлы кеңес берушінің әсері (сыртқы көрінісі, дауыс ырғағы)
есеп карточкасынан алған клиент жайлы мәлімет
Тіркеу журналы
Тіркеу журналының жобалап алынған құрылымы
Мерзімі | Клиенттің аты-жөні | Білімі (жоғары, орта) | Мәселесі (клиенттің анықтауы бойынша) | ПК уақыты | Психологтың аты-жөні | Қосымша мәліметтер |
13.3.4. | Алиев М.Т. | Жоғары техникалық | ажырасу | 13.00 | Петров Н.Н. | Дауыс ырғағы әлсіз, кекештенеді |
Кеңес берушінің қалауы бойынша тіркеу журналына есеп құжатын құруға жеңіл болу үшін реттік номер графасын да енгізуге болады. Осы соңғы графа екі түрлі мағынада болады: егер де клиент кеңес берушіге қайта жүгінген болса, есеп карточкасын тез арада табуын оңайлатады және өз өмірінде қандайда бір нақты өзгерістерді қалауын түсіндіреді.
Ерекше көңілді «қосымша мәлімет» атты соңғы графаға бөлуі қажет.
Бұл графа клиенттің нақты мінездемесін жазуға арналған. Мысалға: «киімі лас, шашы ұйпаланған».
Клиенттің жеке карточкасында келесі графаларды қарау керек.
Клиенттің аты-жөні;
Туылған жылы;
Жынысы;
Білімі;
Кеңес беруді соңғы рет кім және қашан жүргізді;
Клиенттің мәселесі;
Кеңес берушінің шешімі;
Мәселені шешудегі алгоритм;
Қосымша ұсыныстар;
Ескерту.
«Ескерту» графасында кеңес берушінің көзқарасы бойынша маңызды деген ақпараттар жазылады: біріншіден клиенттің кеңес алар алдындағы және алғаннан кейінгі психологиялық күйі, екіншіден берілген ұсыныстарды орындауы бойынша шешілген мәселені қабылдау деңгейі.
Есеп карточкасын рәсімдеуді таблица түрінде және кәдімгі реттік түрде құруға болады.
Мысал. «Сидоров Петр Игнатьевич , еркек, 1956 жылы туылған. Кеңесуге алғаш жүгінген кезі 13.03.2003. Білімі-жоғары техникалық. Кәзіргі уақытта құрылыс фирмасының директор орынбасары болып қызмет атқарады. Клиенттің мәселесі: әйелім ажырасуды талап етіп жатыр, оны қалай жұбатуын білмеймін». Кленттің шешімі: «Түсініспеушіліктің арқасында қарым-қатынастың бұзылуы. Ұсыныс: Отбасылық кеңес алу. Кеңес алудың мерзімі белгіленген. Кеңес алуға клиенттер келмеді».
2. Клиент өзіне қажетті ақпартты жинап алған соң, бар болған мәселе бойынша білімді жүйелеу атты екінші кезеңге көшуіне болады. Осы кезеңде кеңес беруші пайда болған мәселе бойынша әдебиеттерді қарастырады, әріптестерімен кеңеседі және жаңа зерттеу жұмыстарымен танысады.
Кеңес беруді жүргізу жоспарын өңдеу кезеңі. Бұл жоспарды өңдеудің жағымды және жағымсыз жағы болғандықтан абай болу қажет.
Психодиагностикалық құралды іріктеу.
Егер де пайыздық жүйеде қарастырсақ, маманның кеңес беруге дайындалу мен жүргізу барысындағы уақытының көп бөлігі ақпараттарды жинақтауға арналу қажет.
Қолданылатын әдебиеттер:
- Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
- Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
- Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
- Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:
Владос,2001
- 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –
Алматы.,2005 .