Тақырып Геодезия пәнi және оның мiндеттерi. Жердiң пiшiнi мен көлемi. Геодезияда қолданылатын проекциялау әдісі

Дәрістердің қысқаша жазбасы

Дәрістер жоспары

1. Геодезияның негізгі ғылыми және техникалық міндеті

2. Геодезияның қысқаша даму тарихы

3. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік

4. Жергілікті жерді горизонтальды жобалау- жобалаудың негізгі әдісі

Геодезия - жер туралы өте ежелгi ғылымдардың бiрi. Адам­заттың бағзы заманда жер бетiнде қашықтық пен ауданды өлшеудегi ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде­ дуниеге келуiне негiз болды. Грек тiлiнен аударғанда «геодезия» сезi «жердi бөлу» деген мағынаны бiлдiредi. Қазiргi заманғы геодезияның жердi бөлу мағынасы шеңберiнен әлдеқашан шыққаны түciнікті.

Геодезия - жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пi­шiнi мен көлемiн, жердi карталар мен пландарға түcipy, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.

Адамзат қоғамының дамуына жане ғылым мен техниканың өcyiнe байланысты, геодезияның мазмұны да өзгерiп отырды. Соның нәтижесiнде өзiнiң даму процесiнде геодезия бiрсыпыра дербес ғылыми жане Fылыми-техникалық пәндерге белiнедi:

1. Жоғарғы геодезия - жердiң және планеталардың фигура­лары мен көлемдерiн зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негiзгi Tiрек жүйелерiн құру женiндегi мiндеттердi шешедi. Жоғарғы геодезия мiндеттерiн шешу әдiстерiн егжей-тегжейлi зерттеу үстiнде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео­дезиялық гравиметрия жане Fарыш геодезиясы бөлiнедi.

Геодезиялық астрономия - геодезиялық Tipeк жүйелерi үшiн аспан шырақтарын бақылау негiзiнде координаталық бастапқы мәлiметтердi анықтап беру мәселелерiмен айналысады.

Геодезиялық гравиметрия - жер бетiнiң жекелеген нукте­лерінің ауырлық күшiн арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер­дiң фигурасын зерттеумен шұғылданады.

Fарыш геодезиясы - Жердiң жасанды cepiктepiнің көмегімен жер бетi нүктелерiнiң геометриялық арақатынастарын зерт­тейдi.

2. Геодезия немесе топография жер бетiнiң бiршама шағын учаскелерiн Tүcipүмен байланысты мәселелердi зерттейдi.

3. Картография жер бетiнiң едәуiр территорияларының кес­кiндерiн әртүрлi мақсаттары карталар түрiнде жасау әдicтерi мен процестерiн, оларды жасау және кебейту технологиясын зерттейдi.

4. Аэрофототопография жердiң карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тycipген фотосуреттер бойынша жа­саудың әдiстерiн талдаумен айналысады.

5. Теңіз геодезиясы мухиттар мен теңiздер түбiнiң табиғи қорларын барлау мен картағра түcipyгe байланысты арнайы өл­шеу әдiстерiн талдап жасайды.

6. Қолданбалы геодезия iздеулер, құрылыстар мен инженерлiк Fимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды мон­таждау, сонымен қатар елiмiздiң табиғат байлықтарын пайда­лану кезiнде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзiнiң жұмыс барысында геодезия әдiстерiн кең пайдаланады, ал кейбiр жағ­дайларда оны өз тәсiлдерi мен құралдары арқылы шешедi.

Геодезия мен топография пәнiнiң негiзгi ғылыми-техникалық мiндеттерiне мына төмендегiдей жұмыстар жатады:

а) жер бетiндегi жекелеген нүктелердiң орындарын таңдап алынған координаталар жүйесiнде анықтау;

б) ар турлi инженерлiк ғимараттарды жобалау және салу кезiнде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде, жер бетiнiң және қойнауының табиғат байлық тарын пайдаланудақажет болатын түpi, сипаты, дәлдiгi жағынан алуан түрлi өл­шеулердi жер бетiнде немесе жер астында атқару;

в) елiмiздiң қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәлiмет­ термен қамтамасыз ету.

Тақырып Геодезия пәнi және оның мiндеттерi. Жердiң пiшiнi мен көлемi. Геодезияда қолданылатын проекциялау әдісі - student2.ru Жердiң физикалық бетiнiң жалпы ауданы 510 млн км 2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пiшiнi күрделi. Орасан кеңiс­тіктi (жер бетiнiң 71%-iн) мұхиттар мен теңiз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдiгi 11000 м-ге дейiн жетедi. дүниежүзi­лiк мұхиттың орташа тереңдiгi - 3800 м-ге жуық. Сонымен, құрлықтың көлемi дүниежүзiлiк мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандық­тан, сондай-ақ құрлықтық мұхит тереңiндегi кыраттармен са­лыстырғанда онша биiк болмайтындықтан, мұхит деңгейiн жер­дің фигурасы ретiнде қабылдауымыз қажет. Осын­дай тұйық бет өзiнің әрбiр нүктесiнде вертикаль бағытқа яғни ауырлық күшiнiң бағытына перпендикуляр бо­лады, ал ол деңгейлік бет деп

1- сурет. Жер пішінінің фигурасы

аталады. Осы деңгейлiк бетпен шектелген дененi геоид дейдi.

Геоид пiшiнi күрделi, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа жақын. Эллипстiң кiшi oci төңiрегiнде айналуы­нан шығатын айналу эллипсоидына жақын.

Экватордың OQ1 =а радиусы және ОР=b кесiндici сфероидтық үлкен және кiшi жар­тылай остерін құрайды. а=(а- b)/а шамасы сфероидтың сығы­лушылығы деп аталады. а, b және α шамаларын градустық өл­шеулер арқылы анықтауға болады

Жер эллипсоидының көлемiн әлденеше рет әр түрлi елдердiң ғалымдары анықтады. 1945 жылдан бастап геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшiн Ф. Н. Красовскийдiң референц-эллипсоидының мынaдaй көлемдерi бекiтiлдi: а=6378245 м, b=6356863м, а=1:298,3.

Кеңiстiктегi әр түрлi бейнелер мен заттарды қағаз бетiнде кескiндеу үшiн проекциялау әдici қолданылады Жердiң физи­калық бетiндегi нүктелердiң орны эллипсоидтың бетiне нормаль болып есептелетiн тік сызық арқылы проекцияланады. Осы про­екциялау нәтижесiнде нүктенiң тiкбұрышты (ортогональды проекциялары алынады.

Жер бетiнiң едәуiр территориясын кескiндеу жердiң деңгей­лiк бетiне жасалынады, бұл жағынан оған тік сызықтар нор­маль болып есептеледi.

Деңгейлiк беттен жердiң физикалық бетiндегi нүктелерге дейiнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктеннің абсолют бuiктiгi деп аталады (мысалы, Н ). Кез келген басқа Р1 жазықты­рына параллель шартты деңгейлiк беттен берiлген нүктеге дей­iнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенiң шартты бuiктiгi деп аталады. Бiр нүктенің екiншi бiр нүктенiң деңгейлiк бетiнен бiршама қашықтығының айырмасы салыстырмалы бuiктiк (h) деп аталады.

Қазақстанда абсолют биiктiктiң бастапқы саны ретiнде Кронштадт футоштогының нөлi қабылданған. Футшток дегенiмiз бөлiктерi бар мыс тақта, осы белiктер бойынша оқтын-оқтын теңiз деңгейi есептелiп отыра­ды. Кронштадт футштогының нөлдiк белiгi шамамен Балтық теңiзiнiң орташа деңгейiмен дәл келедi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.[1] бет 4-6

2.[1] бет 6-8

3.[1] бет 9-10

4.[1] бет 11-13

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]

1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.

2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.

Наши рекомендации