Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт

Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия , теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олардың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеек индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән ңперсонаң ңанимусң.

ңПерсонаң (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

ңАнимусң (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі ,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

1. Саналы бөлім.

2. Индивидуалды саналы бөлім.

3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.

Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады).

Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.

Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа біткен типтер.

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі – А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны “қоғамдық сезім” деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғанынан агрессивті, оның дамуы биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.

Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға дамуындағы детерминантылығы – адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебінен немесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігіне адам өзінің кемтарлығын сезіне бастайды. Осы тәріздес сезімдерді жою мақсатымен сан алуан компенсация түрлеріне жүгінеді.

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі:ңклиникалықң американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: ңмотивациялықң өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.

1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды –ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.

3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.

Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.

1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.

2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.

3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.

4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.

Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.

Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.

Тұлға теориясындағы іс-әрекет теориясы

Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар ішінен мыналарды атауға болады. А.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, К.А.Абулханов-Славская, А.В.Брушлинский.

Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы осының әсерінен адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы болашақта басты адамға әсер ететін күш болып қалады. Іс-әрекет және мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі :бұл жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал интерериозация механизмі басты рөл атқарады. Іс-әрекеттің басты принципі субъектілік және заттылық болып табылады.

Іс-әрекет теориясын қалаушылар жеке тұлға бүкіл өз өміріндегі өмір сүретін ортасына және сол қоғамдағы әлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуында оның балалық және жастық шағндағы өмірі өз әсерін тигізеді. Осы теорияны қалаушылардың тұлғаның позитивті өзгеруін оның әлеуметтік өсуіне байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша адамға сана туылған кезде берілмейді, ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық қарым-қатынастар мен нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі бұл төрт компоненті тұлға моделі болып табылады. Бұл моделде басты орынды қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін-өзі бақылауды негізге алады.

Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.

Қабілеттілік- тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқталуына әкеліп соғады.

Мінез- тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

Өзін-өзі бақылау- тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте тығыз байланыста.

Тұлғаның когнитивті теориясы

Когнитивті теория гуманистікке жақын, бірақта кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Когнитивті теорияның негізін салушы американдық психологы Дж. Келли. Оның ойынша, адам өмірде қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді.

Когнитивті жеке теория интелектуалды процесіне адамның мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.

Басты түсінік ңконструктң (ағыл. consturkt- құру,салу). Бұл түсінік өзін қосқанда барлық танымал танып білетін процестер. Конструктінің арқасында адамда тек әлемді ғана мойындайды. Сонымен бірге қарым-қатынас орнатылады. Осы қарым-қатынастағы конструктілері тұлға конструкті болып табылады. Конструкт- бұл өзгеше жіктелінетін үлгі біздің басқа адамдарды және өзімізді қабылдау.

Келлидің ойынша біздің әрқайсымыз болжам орнатып, оны тексеруге, бір сөзбен айтқанда мәселені шеше алуымыз қажет. Тұлға шек қойылған еркіне ие болады. Конструктивті жүйе адамда құралған өмірдің аз уақытында өзіне танымал шектер қойған.

Мінез-құлық теориясы

Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы және әлеуметтік бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон және Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура және Дж.Роттер.

Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді.

Скиннер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.

Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып келеді.

Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады.

Тұлға теориясындағы диспозиционалдық бағыт

Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт «жұмсақ», «өткір» және аралық немесе формалды динамика.

«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни, жүйке жүйесі және ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.

«Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады.

Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы ңменң деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен, адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумі бар адамды ңкемелденген тұлғаң деп атады.

Формалды-динамикалық бағыт негізіне отандық психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі ерекшеліктері: әр тұлғада екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі- формалды-динамикалық және мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тәрбиенің, білімнің, іс-әрекеттің ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі дүние байлығының интеллект, мінез-құлық көріністерінің жемісі болып табылады. Диспозионалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Оның ішінде тұлғаның жастық шағымен қоса, жыныстық жетілуі де маңызды болып табылады. Бұл теория адамның өзін-өзі ұстамдығы, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі негізінен темпераменті және индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

V ТАРАУ. МОТИВАЦИЯ

Наши рекомендации