Тақырыбы: Денеге бағытталған терапия.
Сабақ жоспары:
1. Дене терапиясы
2. В. Райхтың үлесі
3. Дене терапиясының бағыттары
Мақсаты:Студенттерге денеге бағытталған психотерапияның теориялық негізі және техникасының қолданылу ережелері мен ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.
1. Денелік бағдарлы терапия - Психологиялық – денелік кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін терапия. Денеге бағытталған терапияның негізін салушы В.Райх. Денеге бағытталан психотерапияда Райхтың «биоэнергетикалық» әдісі Лоуэн әдісі, Фельденкрайс қолданылады.
Мақсаты дене бұлшық етіне түскен психологиялық күштенуді дене жаттығулары арқылы шығару. Денелік – бағдарлы психотерапиядағы негізгі ұғым - Бұлшықет сауыты. Денелік терапияның шаралары- денелік жағдайды бағалау, тыныс алу. Денелік – бағдарлы психотерапияда «алғашқы терапия» ұғымын енгізген ғалым - Артур Янов. Көңіл-күйге әсер ететін химиялық және электрлік алмасулардың жиынтығы - биоэнергетикалық мұхит деп аталады.
2. Артур Янов, Райх т.б әдістері.
Сабак барысы:
Адамның психикасы және денесі бір, психикалық әлемінде болып жатқанның барлығы адамның денесінен көрініс табады. Адам денесімен жұмыс істегенде, дәлірек айтсақ, онда толып жатқан психикалық қысымнан оны босаңсыту, терең талдаумен айналыспай жеке тұлғаның психологиялық мәселелерін шешу энергиясымен байланысты босаңсыттуға болады. Денеге байланысты өзінің денесін және сезімін түсіну сферасын қарапайым кеңейтудің өзі күрделі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкін.Вильгельм Райх (1897-1957) дене психотерапиясының негізін салушы деп есептеледі,хатха-йогамен басқа да шығыс әдістерді есептемегенде, ол өзінің жұмысын «үшінші» толқынды психоаналитик ретінде бастады.Райх оргонды энергиятуралы айтқан, ол денеде еркін қозғалады, сау ағза мен психиканың негізгі функциясы болып табылады. Оргонды энергия бүкіл космостан өтіп, тірі ағзаларда ең бірінші ауамен демалған кезде жиналады. Дем (оның шәкірті А. Лоуэн жазғандай) дененің қозғыш жағдайына тікелей байланысты. Біз тыныш және босаңсыған күйде болғанда, біздің деміміз еркін және тыныш болады. Күшті эмоционалды жағдайда денеден жылам және екіпнді болады. Қорқу күйінде болағнда, біз қатты және демді тоқтатып демаламыз. Қысым күйінде болғанда дем үстірт болады. Кері пікірде орынды: терең дем алу денені тыныштандырады. Терең демалу дегеніміз – терең сезіну.
Бұл энергияны жинау үшін және адамды сауықтыру үшін Райх оргонды аккумуляторды ойлап тапты. Оргонды аккумуляторды жәшік түрінде болады, ол бірнеше қабат ағаштан, металлдардан, арнайы құбырлардан тұрады. Олар қазіргі кезде де АҚШ-та, Германияда жасалынады.
Райх бойынша оргонды энергия омыртқа бойымен жоғары-төмен, орталықтан периферияға қарай және кері ағады. Жағымсыз уайымдардан қорғанысы болып табылатын оргонды эенргияның денеден еркін өтуін бөгейтін бекіген бұлшықет қысымы белгілі бір тұлғаның невротикалық згерістерге әкеледі. Бұл бекіген бұлшықет бөгеулер «бұлшықеттің қабатын» немесе «мінез қабатын» құрады. Адамның мінезі бұлшықет қысымына сәйкес келеді, бұл оның денесінде болады және қоршаған ортаға өзіне тән стереотипті реакцияларды анықтайды.
Адам бұлшықет қорғаныс қыртысымен шектелген кезде, ол қабіеттілікті және шынайылылықты жоғалтады, оның қоршаған ортаға реакциясы шаблонды және механикалық бола бастайды, ол терең және шынайы сезіну, өзінің сезімдерін ашық білдіру, біреуге шынайы жақындық сезімін бастан кешу, өмірден және сексуалды қатынастан ляззат алу қабілеттерін жоғалтады. Ол өзінің бұлшықет қыртысының құлына айналады, және оның өмірі әр түрлі қорқыныш сезімдеріне тола бастайды.
Райх бұлшықет қабатын жеті сегментке бөледі, олар көз, ауыз, мойын, кеуде, диафрагма, іш, бөксе аймағында орналасқан. Олардың әрқайсысы белгілі бір сезімдер мен іс-әрекеттерді бөгейді немесе басып тастайды. Мысалы, көз аймағында қорқыныш, ашу сезімдері, жас т.с.с. бөгеу, қатты қысымдар кезінде маңдай жансыз қозғалыссыз болады.
Бұлшықет қабатын босаңсыту адамды оның алғашқы табиғи жағдайына әкеледі, онда ол шынайы рахат жағдайды бастан кешіреді, өмір күшінің тасуы еркін және ашық, толық сексуалды ляззатқа бөлену қабілетті бола бастайды. Адамның бұлшықет қыртысы жағдайға стереотипті емес, аяқ асты жауап береді.
Райхтың пікірінше мінездің қыртысы жалғыздықтың, әлсіздіктің негізі болады. Оның шәкірті А. Лоуэн бұл көзқарас бойынша бес мінезді сипаттап береді.
Шизоидті типмінез ойлары сезімдермен айқын емес байланыста болатын, өз-өзіне кетуге тырысатын, шынайылылықпен қатынасты жоғалтатын адамға тән. Олардың энергиясы дененің ортасында орналасқан және периферияға бармайды, оның бет, аяқ, жыныс мүшелеріне еркін өтуіне бекіген бұлшықет қысымы бөгет болады. «Шизоидті» жеке тұлғада аяқ асты іс-әрекеттерде қиындықтар болады, әрекеттері икемді емес. Олардың өз-өзін бағалауы төмен, дене пішіндері қысылған, жіңішке болып көрінеді. Мимикасының жоқтығы оның маска киіп алған тәрізді етіп көрсетеді.
Оральді мінездіадам басқа адамдардың қолдауын қажетсінеді және тұлға аралық қатынастарда тәуелділікке бейім. Олардың энергиясы орталықта бекімеген емес, бірақ периферияға әлсіз өтеді. Денесі және қол-аяғы ұзарған, бұлшықет жетілмеген. Мұндай типтегі адам өз аяғында нық тұра алмайды, бұл тура мағынада және ауыспалы мағынада айтылып тұр. Негізгі қажеттіліктері қанағаттанбағанда оларда депрессияға бейім.
Психопатикалық типтегіадамда басқару және билік ету қажеттілігі айқын көрінген, олардың өзінің әлеуметтік имиджімен естері шықан. Мұндай доминанттылыққа қажеттілік олардың денесінің жоғарғы жағының аса дамығанында көрініс табуы мүмкін. Энергия көбінесе басқа қарай өтеді, ал белден төмен қарай өтуін бұлшықет қысымы бөгейді.
Мазохистік типмінезіндегілер мәселені белсенді шешу кезінде әлсіздігін білдіреді. Олар толығымен эенергиямен зарядталған, бірақ сезімдерін ашық білдірмеуге тырысады. Мұндай адам бұлшықет қысымын басқарады, жаратылысты болдырмау үшін тәрізді. Денесі әдетте қысқа, тығыз және бұлшықетті. Өз-өзін бекіту өте шектеулі.
Регидті типөзімшіл, жеке тұлғаның шындығына бағытталған, функционалдылығы жақсы, бірақ өзінің қылық-әрекетін тым қатты қадағалап басқарады. Олар қатынаста өздерін алшақ ұстайды, рахатқа толық берілуге қорқады. Биоэнергетикасы қоршаған ортамен байланыс үшін периферияда бар және сонымен қатар орталықта да бар. Сезімдері еркін өтеді, бірақ олардың көрінісі шектелген. Әдетте мұндай типтегі адамдар қозғалмалы, денелері пропорционалды.
Райх терапиясында бұлшықет қыртысын алып тастау үшін әдетте келесі қолданылады:
1. Терең дем алу арқылы денеде энергияны жинау;
2. Бекіген бұлшықет қысымын босаңсыту үшін оған тікелей әсер ету;
3. Арнайы қимылдар (әдетте ритмдік), мысалы кушетканы теуіп велосипедті қозғалыстардай аяқты қозғалту;
4. Бұлшықет қысымына белгілі бір әсер ету арқылы анықталған эмоционалды шектеулер мен қарсыласуды клиентпен бірге ашық қарастыру;
5. Клиенттің шығарған дыбыстар, айғайлар білгілі бір блокпен байланысты эмоционалды күйді көрсетеді;
6. Гримасничандылық немесе кейбір сезімдерді дене қылық-әрекеттері арқылы көрсету;
Қазіргі дене тераписында бұл реестрге тағы мыналар қосылған:
7. Терең дем алумен бірге арнайы қысымды дене тұрыстары;
8. Ерекше денені ұқалау (рольфинг), оның мақсаты бұлшықет қыртысын (фасции) босату.
Райх бойынша бүкіл дене бұлшықет қабаты бойынша жеті сегментке бөлінген, әрқайсысы спецификалық сезімдермен және іс-әрекет импульстарымен басылып тасталынады.
Бұлшықет қабатының әр түрлі сегменттерінен жүргізілетін жұмыстарының кейбір нұсқаларын мысал үшін келірейік ([8] бойынша):
1. Көз.Көз аймағындағы қорғаныс қыртыс, ол маңдайдың қозғалмауында және «бос» көзқарасында көрініс табады. Көзді қолдан келгенше қатты үлкен қылып ашу (қорқу сезіміндей) арқылы оны босаңсыту, маңдай мен көз үстін мобилдеу үшін эмоционалды кейіптерді жасату, сонымен қатар көзді айналдырып және бір жақтан екінші жағына қозғалту арқылы көзді әр қабырғаға тоқтату.
2. Ауыз.Оған иек, мойын, желке бұлшықеттері кіреді. Жақ қысылып тұрғандай және шынайы емес босаңсыған күйде болуы мүмкін. Бұл сегмент жылау, айқайлау, ашу, тістеу, сору, гримасалау сезімдерін білдіру күйлерін ұстап тұрып көрсетеді. Қорғаныс қысымы жылаудың имитациясы, дыбыстарды шығару, ерінді қозғайтын әрекеттер, тістеу, құсу қимылары, арқылы және бұлшықетке тікелей әсер ету арқылы босаңсытуға болады.
3. Мойын.Бұған мойын және тілдің тереңде жатқан бұлшықеттер жатады. Оған негізінен ашу, айқай, жылау кіреді. Мойынның терең жатқан бұлшықеттеріне тікелей әсер ету мүмкін емес, сондықтан маңызды тәсілдері айқай, айқайлап сөйлеу, құсу қимылдары т.с.с. болып табылады.
4. Кеуде.Оған иықтың, жауырын, жалпақ бұлшықеттері, бүкіл кеуде клеткасы және қол бұлшықеттері жатады. Бұл сегмент күлкі, ашу, қайғы, құмарлық сезімдерін бөгейді. Кез келген эмоцияны басудың маңызды тәсілдерінің бірі демді кідіртіп шығару, ол көбінесе кеуде тұсында болады. Қабат дем алу арқылы, әсіресе толық демді алу арқасында босаңсытуға болады. Қол дәл соққы жасау, жұлу, қылқындыру, ұру үшін арналған.
5. Диафрагма.Бұған күн кеуде ортасы, әр түрлі ішкі мүшелер, төменгі омыртқалар бұлшықеттері. Қорғаныс қысымы омыртқаның алдыға қарай қисаю арқылы көрініс табады. Клиент жатқан кезде, арқының төменгі тұсымен жатқан жерінің арасында кеңістік болады. Демді шығару демді алуға қарағанда қиынырақ болады. Мұндағы қабат көбінесе ашуды бөгейді. Алғашқы төрт сегментті ашып алу керек, бұл құсу рефлексімен дем алумен жұмысы арқылы жүзеге асады (мықты блогі бар адамдар құсуға қабілетсіз болуы мүмкін).
6. Іш.Арқа мен іштің жалпақ бұлшықеттері кіреді. Белдегі бұлшықеттердің қысымы қорқыныш сезімімен байланысты. Бүйірдегі қорғаныс қабаты ашу мен ұнатпаушылықпен байланысты қытықтан қорқуды тудырады. Босаңсу жеңіл өтеді, егер де жоғарғы сегменттер ашылған болса.
7. Бөксе.Оған бөксенің бүкіл бұлшықеттері және аяқ бұлшықеттері кіреді. Неғұрлым қорғаныс қыртысы болса, соұрлым бөксе артқа қарай шығып тұрады. Бөксе регидті, ол «өлі» және сексуалды емес. Бөксе қабаты қозу, ашу және қанағаттануды басып тастайды. Қозу (немесе алаңдаушылық) сексуалды ляззатты басудан туындайды. Бөксе бұлшықеттердегі ашу толығымен кетпегенше бұл аймақта толығымен ляззат сезімін бастан кешу мүмкін емес. Бұл қысымды бөксе бұлшықеттеріне қысым өрсету арқылы, содан кейін аяқты сілку және бөксемен отырған жерді ұру арқылы босаңсытуға болады.
Сегменттерді босату босаңсыту әдетте жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі. Райхтың байқағаны, адамдар бұлшықет қабатын босаңсытқан сайын олардың өмір стилі, тұрмысы өзгереді, үлкен өзгерістер болады және соның ішінде мінезі де өзгереді. Оның алдында жоғалтып алған ашықты пен шынайылылық оларға қайта қайтып келеді. Олар өздерін қайтадан «тірі» сезінеді, жаңа энергиясын, өмірге қызығушылықтарын, қабілеттерін бағалайды және сақтайды.
Дене терапиясына әр түрлі бағыттар мен тәсілдер кіреді. Бұған: Александр Лоэннің биоэнергетикалық дене терапиясы, Фельденкрайздің әдісі, Александрдің әдісі, рольфинг, Артур Яновтың алғашқы терапиясы, сезіммен ұғынуға бағдарланған терапия. Сонымен қатар дене терапиясына хатха-йога, тай-цзи-цуань, айкидо және басқа да шығыс үйретулердің әдістерін жатқызуға болады.Александр Лоэннің биоэнергетикалық дене терапиясы, терең дем алуды, энергетикалық блоктарды ұғыну және бұлшықет қабатын әлсірету үшін арнайы дене тұрыстарын қолданады, сонымен қатар энергия ағымын мобилдеу үшн және «жасырылған» эмоцияларды босату үшін сөйлесу процедуралары.Фельденкрайздің әдісітиімсіз әдеттерді ұғудан, қарапайым әрекеттерде артық күштітөмендетуден тұрады. Ол тиімді әдеттерді және шынайы грацияны, еркін қимылдарды құруға көмектеседі. Өзіндік сананы кеңейтуге және қабілеттерді дамытуға көмектеседі.Александрдің әдісідене тұрыстарын түсінуге және оларды жақсартуға бағытталған. Адамға дене мүшелері арасындағы өзара гармониясын түсінуге көмектеседі.Рольфинг (Ид Рольф) қол бөліктері арқылы терең денені ұқалау, денені қайта құру, осанканы түзету, сол арқылы тұлғаны психологиялық жаңарту.Артур Яновтың алғашқы терапиясыбұрыңғы болғандарды бастан кешу үшін қиын болатындарды есіне түсіру, жаңғырту. Бұл өте маңызды, бұл арқылы жасырын қысымдарды анықтап, оларды жою.Сезіммен ұғынуға бағдарланған терапия– бұл процесс бала кезімізде болған, бірақ өмір барысында жоғалтып алған қабілеттерді қайтадан үйрену, денемен түйсіну.
Шығыс әдістер өте күрделі және көп қырлы. Хатха-йогастатистикалық дене тұрыстарына акцент қояды, оның негізгі мақсаты денені әр түрлі энергияның тасымалдаушысы ретінде тазалау және оны күшейту.Тай-цзи-цзуань дененің ішіндегі энергия жүйесін дамыту. Мұнда динамикалық жаттығулар қолданылады.Айкидокөбінесе қорғаныс жүйесі ретінде танымал, бұл жүйенің мағынасы - өзінің ішкі әлемінің гармониясы
Мақсаты: биоэнергетикалық терапияда тынысалу жаттығуы түрінде қолданылады. Қатынасушылар энергиялық балансын толықтырады және өзіндік денесін сезінуді күшейтеді.
Қажетті уақыт:15 минут.
Жүру барысы; Тынысалу топта синхронды, энергиямен және энтузиазмамен басталу керек. Біріншіден қатынасушылар шеңберге тұрады. Аяқтарыңызды 1 -метр алшақ ұстап ауырлық күшіңізді аяғыңыздың алдыңғы жағына түсіріңіз. Тізеңізді кішкене бүгіп, ал денеңізді бос ұстаңыз. Қолыңызды ішіңізге қойып қарсы тұрған адамның көзіне қарап визуальды контакт жасаңыз. Ауыз арқылы демалыңыз, деміңізді ішке жинаңыз.Содан кейін деміңізді сыртқа шығарыңыз, ол дыбыс аяқталғанға дейін созылуы керек. Қайтадан жай демалыңыз.Осылай 16-рет терең және жай демаласыз. Асығуға болмайды онда басыңыз айналуы мүмкін. Сіз дем алғанда не кедергі келтіреді, бәріне көңіл аударыңыз.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін сілкініңіз, қолыңызды төмен түсіріп түзеңізді бүгіп жазыңыз. Осыдан кейін тұрған орныңызда бірнеше рет секіріңіз. Секіру жоғары емес. Сәл ғана еденнен көтерілуі тиіс. Шаршағанша секіріңіз, сосын тізеңізді жазып демалыңыз.
Йқыдағы ару.
Бұл қатысушылардың дені қыз бала болғанда жүзеге асқаны абзал. Бір қатарға тұрып, аттарын айтады да, қолдарын кеудесіне қойып, көздерін жұмады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша қатынасушылар әр жерге бытырап кетеді. Қатынасушының біреуін түртіп, атын айтады. Ал ол осы әрекетті жалғастырады.Аты бір рет аталған ойыншы қайтадан аталмауы керек.Ойын қызықты болуы үшін уақыт белгілеуге болады.