Дәріс. Юнгтың аналитикалық психологиясы және Адлердің индивидуалды психологиясы
Аналитикалық психология (Юнг)
Юнг бойынша, адамның психикалық болмысының құрылымына екі түбегейлі сала енеді – сана және психикалық бейсаналылық.
Юнг санада бағдарлардың эктопсихикалық және эндопсихикалық қызметтерін ажыратқан. Автор сананың эктопсихикалық қызметтеріне сезім мүшелері арқылы алынған сыртқы факторлармен жұмыс жасайтын бағдарлар жүйесін жатқызған; эндопсихикалыққа – сана мазмұны мен бейсаналылықтағы үрдістердің арасындағы байланыстар жүйесін жатқызған. Эктопсихикалық қызметтерге мыналар жатады: 1) түйсік, 2) ойлау, 3) сезім, 4) интуиция. Юнг эктопсихикалық қызметтердің бір-біріне бағынуларының заңдылығын анықтаған: ойлау қызметі басым болғанда сезім қызметі бағынышты болады, түйсік басым болғанда интуиция бағынышты болады, және керісінше. Басым функциялар әрқашанда дифференциацияланған, біз оларда «өркениеттіміз» және таңдау еркіндігіне болжамдық ие боламыз. Бағынышты функциялар, керісінше, тұлғадағы архаикалықпен, бақылаусыздықпен ассоциацияланады.
Эктопсихикалық функциялар психикалықтың саналы сферасын жоққа шығармайды; оның эндопсихикалық қырына мыналар жатады: 1) есте сақтау, 2) саналы функциялардың субъективті компоненттері; 3) аффектілер, 4) инвазиялар, немесе басып кіру. Есте сақтау бейсаналылықты қайта өндіруге, сана астына енген – бастырылған немесе лақтырып тасталынған нәрселермен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Субъективті компоненттер, аффектілер, басып кірулер эндопсихикалық функцияларға берілген рөлді үлкен дәрежеде атқарады – бейсаналы мазмұнның сана бетіне жетуіне көмектесетін құрал болып табылады.
Тікелей бақылауға келмейтін психикалықтың бейсаналы сферасы сананың табалдырығынан өтетін өз өнімдерінде көрінеді, оларды Юнг 2 классқа бөлген. Біріншісіне терең тұлғалық негізден шыққан танылатын материал жатады. Юнг мазмұндардың бұл классын адамның тұлғасын бүтін ретінде ұйымдастыратын элементтерден тұратын сана астындағы ақыл немесе тұлғалық бейсаналылық деп атады. Жеке шығу тегі жоқ мазмұндардың келесі классын автор ұжымдық бейсаналылық деп анықтаған. Бұл мазмұндар жеке психикалық болмыстың қасиеттерін емес, қандай да бір жалпы бүтін ретіндегі бүкіл адамзаттың қасиетін көрсететін типке жатады, және ол табиғаты бойынша ұжымдық болып табылады. Осы ұжымдық паттерндерді, немесе типтерді, немесе үлгілерді Юнг архетиптер деп атаған.
Юнг бейсаналылық сферасына қол жеткізу үшін 3 түрлі әдіс ұсынған: сөздік ассоциациялар әдісі, түстерді талдау және белсенді қиял әдісі. Бейсаналықтың тереңдеріне ену жазылуға алып келеді.
Негізгі еңбектері: «Метаморфоздар мен либидо символдары» (1913), «Психологиялық типтер» (1921), «Естеліктер, түс көрулер, ойлар» (1961).
Индивидуалды психология. Адлер ұсынған индивидуалды психология адамды, оның айрықша өмірлік жолының қайталанбастығын түсінуге жасалған ірі қадам болды.
Индивидуалды психологияның құрамына мынадай түсініктер енеді: өмірлік мақсаттар, өмір стильі, апперцепция сызбасы, қоғамдық сезімі және оған байланысты әлеуметтік кооперацияға деген қажеттілік, өздік. Адлер адамның жүріс-тұрысын осы шақта мотивтендіретін, оны болашақта дамуға және тілектерінің орындалуына қол жеткізуге бағдарлайтын өмірлік мақсаттар оның өткен тәжірибесінен тамырланған, ал осы шақта қауіп-қатер, қорғансыздық сезімдерінің өзектенуінің көмегімен пайда болады деп есептеген. Әрбір индивидуумның өмірлік мақсаты оның жеке тәжірибесінен, құндылықтарынан, қатынастарынан, тұлғаның өзінің ерекшеліктерінен қалыптасады. Көптеген өмірлік мақсаттар ерте балалық шақта қалыптасқан және белгілі-бір жағдайға дейін саналанбайды. Адлердің өзі, оның дәрігер кәсібін таңдауына бала кезіндегі жиі ауруы және оған байланысты өлім қорқыныштарының әсер еткендігін айтады.
Индивидуалды психологиядағы психотерапиялық үрдістің даму сызбасы мынадай: 1) психотерапевттің эмпатиялардың, қайрымдылықтың, қолдаудың көмегімен пациентпен байланысқа ену; 2) пациенттің емдеудің сәтті болуына жауапкершілігін қалыптастыру; 3) пациенттің өмірлік стильді және өздік мәселелерін когнитивті саналау; 4) эмоциялық әсерлену және бұрын саналанбаған сезімдік тәжірибеге кездесу; 5) жаңа тәжірибені шынайылықта тексеру.
Негізгі еңбектері: «Индивидуалды психологияның практикасы мен теориясы» (1927), «Өмір ғылымы» (1929), «Өмір бейнесі» (1930), «Өмірдің мәні» (1931).
№ 7 дәріс. Мультимодалды кеңес беруе (Лазарус)
BASIC ID сызбасын қолдана отырып жүріс-тұрысқа талдау жасаутерапияның мақсаттарын анықтау, жүріс-тұрыстарды талдау және сызбаның әрбір бөлімі бойынша терапиялық іс-шараларды таңдаудан тұрады. Нәтижесі, сызбаның әрбір элементіне сәйкес келетін бөлімдерден тұратын терапиялық араласулардың кешендік жоспары болуы тиіс. Бұл элементтер әртүрлі терапиялық және психологиялық модальдықтарға ие болғандықтан, нәтижесінде туындайтын терапияны Лазарус мультимодалды терапия деп атаған.
Жүріс-тұрыс (В - behavior). Клиент болашақта қандай әрекеттерді немесе реакцияларды жиі жасағысы келеді, және қандай әрекеттерден ол аулақ болғысы келеді? Әдетте жүріс-тұрыс деңгейінде белгілі-бір оқиғалар нақты қалай көрінді немесе көрінеді?
Аффект (А - affect). Клиентте қандай сезімдер бәрінен де жиі пайда болады? Қандай сезімдер оған жиі кедергі жасайды? Оның жүріс-тұрысымен бірге жүретін қандай сезімдер?
Қабылдау (S - sensation). Клиент қандай жағымсыз түйсіктерді бастан өткереді (қысым, ауыру, мазасыздану)? Оның жүріс-тұрысымен бірге қандай түйсіктер жүреді?
Қиял және елестетулер (I - imagery). Клиенттің ойына өткен шақтан немесе осы шақтан көбінесе қандай сценалар келеді? Әдетте және қиын жағдайларда «оның көз алдында не тұрады»?
Когнициялар, ойлар (С - cognition). Клиенттің басына өзіне немесе қоршаған әлемге қатысты қандай ойлар келеді? Ол ойлар оның жүріс-тұрысына, сезімдеріне, қиялына, басқа адамдарға деген қатынасына қалай әсер етеді?
Әлеуметтік байланыстар, қатынастар (I - interpersonal relationships). Клиенттің жақын адамдарымен қарым-қатынастарында немесе жұмысында қандай мәселелері бар? Бұл оның жүріс-тұрысына, хал-ахуалына және т.б. қалай әсер етеді?
Физиологиялық айнымалылар (D - drugs and biological factors). Клиенттің физикалық денсаулығы қай деңгейде, бұл оның жүріс-тұрысына қалай әсер ете алады? Ол үнемі немесе қажет болған жағдайларда қандай да бір дәрі-дәрмектер қабылдай ма?
Әртүрлі әдістердің нақты ретін және олардың комбинацияларын таңдау үшін Лазарус «аңду» әдісін ұсынады.
Аңду әдісінің мәні, психотерапевт клиенттің өз мәселелерін баяндауына тән модалдықтардың ретін тіркеп отыратындығында. Модалдықтардың ретін білу психотерапия әдістерінің комбинациясын таңдауға және оларды пайдалану ретін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Әдістерді пайдаланудың реті оқиғаларды сипаттаудағы модалдықтардың қатаң индивидуалды ретіне сәйкес болуы тиіс.