Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама –бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория- бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным– бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс -біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме -методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы –бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
1. философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
2. жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;
3. жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;
4. нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.
Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері.
1. Зерттеу бағдарламасын талдау:
2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:
Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары: 1. әдіснамалық тарау – ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.
Таңдау тобы -эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.
Психологияда адамның психологиясын зерттейтін негізгі әдіс деп айтады. Психологияда адамның психикасын зерттейтін бірнеше әдістер бар. Оның бірінші тобы негізгі әдіс, екіншісі қосалқы әдіс.
Байқау әдісі- белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Бақылау әдісі арқылы жекелеген психологиялық қасиеттерді, ерік пен сезімді психологиялық жағдайды байқап көруге болады. Сонымен қатар зерттеушынің қимыл қозғалысы, мимикасы, сөз реакциясы, мінез-құлқы түгелдей байқалады. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады. Жаппай бақылау кезінде жалпы психологиялық процестер мінез-құлқының көптеген жақтары қамтылады. Әсіресе бақылаушыға маңызды назар аударлық болып есептелетін баланың жаңа сапалары мен мүлігі жазылып отырады. Бала қалай киінеді, жазады, ойлайды осының бәрін тіркеп жүріп мінездеме жасағанда тіркеуге болады. Ішінара бйқауда баланың мінез-құлқының бір жағы ғана немесе іс-әрекет кездегі қарым-қатынас және бала мінез-құлқы есепке алынады. Ол үшін дәптерді бөлімдерге бөліп, бірін құрдас қатынас, 2-нін үлкендермен қатынасын, 3-іне семьядағы қатынасын жазады.
Бақылау күнделігінің үлгісі мынадай:
1. Баланың аты жөні
2. Бақылау кезіндегі жағдайлар
3. Баланың мінез-құлық жағдайына сипаттама
4. Педагогикалық психикалық қорытынды
Бақылау нәтижелі шығу үшін мынадай шарт қажет.
1. Бақылау ұзақ уақыт жүргізіліп бір факт өзі бірнеше қайта тексеріледі.
2. Зерттелетін обьектін ойланып бақылау жүргізбес бұрын, мақсат қойып, мақсат мәнін түсініп жоспар құру керек. Мысалы: Байқау обьектісіне нашар оқитын баланы алсақ, байқау мақсаты сабаққа дайындық кездегі ойлау жұмысының кейбір ерекшелігін білу.
3. Байқаған фактілерді сол сәтте жазып алып, зертелуші сөзін магнитафонге стенографиллап кейін мұқият талдап, фактілерді реттеп отыру қажет. Кейде бақылау әдісінің көңілсіз жері де бар:
а) зерттеуші өзіне тән қажетті құбылысты керек уақытта зерттей алмай уақыт өткізіп алады.
б) байқауды ойдағыдай өткізуге мүмкідік болмайды, яғни зерттеп жүрген бала келмей қалады немесе зерттелуші іс тәжірибесі жетіспеушілігінін нәтижелі қорытынды шығара алмайды. Кейінгі кезде байқаудың ғылыми түрінде ұйықтап жүргізеді. Мысалы: зерттелуші обьектіні суретке түсіреду, зерттейтін адамның сөзін жазу үшін магнитафон қолданылады, пленкаға түсіреді. Бақылаудан кейінгі көп қолданылатын әдіс-эксперементтік әдіс. Бақылауға қарағанда біраз артықшылығы бар. Эксперименттік зерттеу адамның психикалық әрекетін бірнеше құбылтып, өзгертіп кейде жасанды, жағдайда зерттеулерді айтамыз. Эксперименттік әдістін 2 түрі бар.
1) Табиғи эксперимент
2) лабараториялық эксперимент
Арнайы лабараториялық апараттармен жабдықталған қабинетте өтілетін зерттеу лабараториялық эксперимент делінеді. Лабараториялық эксперименттің ерекшелігі – тек онда адам сөзі қимыл қозғалысы, сыртқы ым-ишарасы байқалып қана қоймайды, адам ішіндегі көрінбей тұрған жастын физиологиялық ерекшеліктерін айтады.Мысалы: күрделі эмоциялық өзгерісте қан тамырының соғуы, жүрегінің жұмысы, арнайы апараттармен жазылып отырады.
Табиғи эксперимент-зерттейтін адам өзін күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында оқу, ойын, еңбек, әрекет үстінде зерттеп біледі. Бала өзін зерттеп жататын білмегендіктен, табиғи жағдай көреді. Өйткені бала өзінің сөзін жазып жататын біледі. Немесе зерттеуші мен зерттелуші ортада қабырға айнана тәрізді. Эксперименттің мынандай тиімді жерлері бар зерттеуші өзіне қажетті құбылысты қашан пайда болған деп сырттан бақылауын күтпейді. Қажет процесті өзіне қажет уақыт арасында жасауды қолданатының тудырыды. Мысалы: математикадан бала есіне түсіру үшін жеке сұрақ қолданады немесе белгілі қысқа мерзімде есеп шығартады, тақпақ жаттатқызады, оны қайта айтады. Зерттеуші зерттеу барысында психологиялық процестер үстінде мақсатты түрде жағдайларды өзгертеді. Балаға практика жүзінде ортаға тапсырма береді. Зерттеу мен бетпе-бет әрекет жасайды. Бір эксперимент өзін бірнеше қайталынады. Ал эксперименттің тиімді жері- бала өзінің зерттеп жататын біледі де жасанды қылық көрсетеді. Эксперимент жүргізудің өзі үш түрде жүзеге асады.
1)Констанциялау эксперимент. Мұның мақсаты тексеретін жұмыстың мақсатын бағытын алдын-ала біледі. Мысалы: педагогика білгермеу себебін білген соң, оқу, тәрбие жұмысын жоспарлы ұйыптап, соған қатынас әдіс тәсілі іріктейді.
2) Қалыптастыру экспериментте арнайы ұйымдасқан оқу-тәрбие жұмысында жеке адамға тән салаларды қалыптастыру барысында жүреді. Ол үшін арнайы програмаға сәйкес, оқу программалары беріледі.
3) Қорытынды эксперимент- бірінші және екінші эксперимент нәтижесін қалпын ілгері басу нәтижесін байқатады. Оған көз жеткізу үшін бастапқыдай эксперимент жасайды. Әңгіме әдісі қосалық әдіс деп есептеледі. Бұл да алдына мақсат қойып жоспарлы түрде дұрыс жауап алу үшін күні-бұрын сұрақтарды дайындайды. Көбінесе баланың білімін, қызығушылығын әрекетке бей-гі үшін жүргізеді. Әңгіменің барысында негізгі мақсаты көздей отырып сабақтың мазмұны мен болғанын сақтап берген жауапқа қарай сұрақтарды түрлендіруге болады. Әңгіме барысында зерттеуші өзін жайма шуақ еркін ұстауы керек. Әңгімелесудің бір кемшілігі сыналатын адамның психикалық ерекшелігіне қорытынды жасау өзі берген жауабы негізінде жүзеге асады. Сондықтан да әңгімелесу әдісінің жеке түрін жүргізеді, басқа әдістер арқылы алынған мәліметтермен толтырылып отырады. Әңгіме барысында қолданылатын сұрақ қою тәсілі пайдаланады. Ондағы мақсат бала шындықты келмесе де қолданылған сұраққа қалай жауап беретінін білмегені қалады. Әңгімені әңгіме барысында бала жауабы түгел жазылады. Соған орай зерттеуші қорытынды жасайды.
Анкеталық зерттеу әдісі. Зерттелетін адамға арнап құрылған бірқатар мазмұнды сұрақтарға жауап жаздырады да, сол жазбаша жазылатын жауаптарға белгілі қорытынды жасап тиянақты пікірге келуге болады. Бұл әдістің бір ерекшелігі сұрақты құрмас бұрын баланың жас ерекшелігін ескеру керек және сұрақтың мазмұнын айқын дұрыс жауап беретіндей құрылуы керек. Анкетаны жазбас бұрын қалай толтыру керегі жөнінде, балаға нақты түсінік беру керек. Артықшылығы бірнеше сұрақтар беріліп тсол сұрақтарға алынатын жауап көп сол заңдылықтармен алдынғы және көлемі үлкен материал алуға болады. Ал қиынғы алынған деректегі баламен кездесіп отыратын сапалық жағынан талдау қиындайды және баланың берген жауабын мінез-құлықымен тікелей салаларға мүмкіндік алмайды.
Тестілік әдіс- тесталық сынау, яғни тексеру, көру мағынасын береді. Бұл арқылы тексеріп отыратын адамның билігін, іскерлік жағынан, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестердей сапаларын қатынасын анықтау үшін мамандыққа деген қабілетін арнау үшін жүргізуге болады. Яғни мұнда белгілі жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын арнайы есеп немесе бір топтама мазмұнды сұрақ белгілі біруақыт аралығында беріледі де, соған жауап алу жұмысы жүгізеді. Әр тапсырманы орындағаны үшін белгілі мөлшерде балды есептеп баға береді.
Әр тапсырманы әр түрлі вариантта орындауға болады. Өйткені кейбір балалар кейбір себептермен тапсырманы орындай алмай қалуы мүмкін. Оның орындалу уақыты, сапасы, қабілеті мен сапалық қасиеті уақыт мөлшері негізінде айтады. Көптегенжолда баланың білімі көлем сапасын анықтау үшін жүргізеді. Дұрыс ұйымдастырған тесталық әдіс арқылы адамның қабілетіне, бейімділігіне қарсы белгілі мамандыққа бейімділігін анықтап, әр класқа бөледі де әр қайсысының программалық өтуіне қарай оқу программасын зерттеп бөлді. Тесталық әдіс арқылы баланың сабаққа немесе жұмысқа құлқы әзірлігі, білім деңгейі анықталады.
Қызмет нәтижесін зерттеу әдісі.Мұнда әр адамның шама-шарқы, ептілік дағдысы, жұмысқа құлқы, қабілеті мен білім деңгейі психикалық процестің өзгешеліктерін ашуға мүмкіндік болады. Мұнда оқытудың әр түрлі іс-әрекеті қорытындысынан көруге болады. Оқушының іс-әрекетін, шығырмашылығы, бақылау жұмысы, сызған чертіждері мен суреті еңбек сабағы ағаштан, темірден тастан құрастыра, жаппау илеу жұмысы нәтижесі, қыздардың тіккен кестесі. Осылардың орындау нәтижесінен баланың психикалық дәрежесі туралы белгілі қорытындыға келуге болады.
Социометриялық әдіс Бұны әлеуметтік өлшемі әдісі деп те атайды. Бұл тарихи жағдайдағы эксперименттың бір түрі. Мұнда адамның жеке бас ерекшеліктері мен колектив мүшелерінің арқасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Қолданылатын негізгі тәсіл-өзара таңдаудың әр түрлі формалары қолданылады. Зерттеудің барысында зерттелетін адам өз пікірін жасырмай айтуы керек. (Не коллектив мүшелері мүшелері қалағанын) Ол үшін әдісті табиғи жағдайда жүргізеді. Ол үшін жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Әр сұрақ қатан зерттеу жұмысын жүргізгенде социаграммалақ таблица, карта жасалады. Осы картаға түскен таңдау санының қорытындысына қарай топ ішінде кімнің беделі жоғары немесе кімнің төмен себебін анықтап, топтағы баламен әр түрлі жұмыстар жүргізуге болады.
Биографиялық әдіс- биографиялық әдістің мәні жеке адамның психологиялық ерекшелітерін бейнелеп көрсетуге болатын өмірбаянның өзгешеліктерімен талдау жасап жинап қорытынды жасаумен күнделік жазбалары, хаттарының өмірбаянын анықтайтын мәліметтер, оны танитын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүсеге асады. Биографиялық әдістің ерекшелігі бақылауды сырттай білу үшін іс қағазға, өмірбаянына сын көзбен қарап, тереңірек ұқыппен қарауды талап етеді. Жеке адамның психологиялық ерекшелігін зерттеп білу үшін сол адамның өз өмірбаяны туралы, жазған мәліметтерін пайдалануға болады. Сонымен, қатар бақылау және эксперимент әдісі арқылы алынған мәліметке де сүйену.
Диагностикалық мектептегі психологиялық қызметтегі негізгі, басты міндеті – балаларды бір –бірімен салыстыру емес (бірақта бұл өте қажет), тек нақты бір баланың ішкі әлеміне енү, кіру керек. Практик психологтың алдында мындай міндет тұр, ол нақты бір баланың танымын және қиын білім әлемін қабылдауын, әлеуметтік қарым – қатынасын, басқа адамдарды және өзін қабылдауы, қалай мектеп оқушысының нақты қарым – қатынасының, оның индивидуалдылығының дамуын зерттеу болып келеді.
Диагностика жұмысын жүргізгенде, психологияның проблеманы аңықтау ептілігі болу керек, дұрыс сұрақ қою керек, қатысушылардың, яғнимуғалімдерден, ата – аналардан керекті ақпарат алу керек және сол ақпараттын анализ жасап тұжырымды қортынды шығару керек.
Мектеп психологиясының диагностика – коррекциялық іс-әрекетінің процедурасы өте әлсіз өңделінеді. Мұндай процедураны бірінші рет Л.С: Высотский педогогиялық зерттеу жүйесі ретінде, қиын тәрбиеленетін және қалыпсыз балаларды зерттеу жұмысында алған. Осы жүйе – негізінде Й. Шванцара өзінің эксперементалды – психологиялық тәсілін өңдеп шығарды, тұлға даму дианостикасында. Американ әдебиетінде де мектеп психолоының диагностикалық жұмыс қадамы көрсетілді.
Психологиялық кеңес беру - Консультативті қызмет-мектеп психологының жұмысына тән бағыт. Кеңес беру мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар үшін жүргізіледі. Олар: индивидуалды және топтық болуы мүмкін. Психологиялық кеңес беру өзінің тапсырмалары бойынша психопрофилактикалық жұмысқа қосылады. Бірақ та, олардың арасында өздеріне тән айырмашылықтар бар. Егер де біз психопрофилактикалық жұмысты психологиялық проблеманың әлі пайда болмаған кезінде бастасақ, онда кеңес беруді проблемасымен келіп отырған адамға береміз. Мұғалімдерде, оқушыларда немесе ата-аналар да өздері шеше алмайтын қандай да бір проблема туындайды. Дегенмен, оларды осы проблемалар қобалжытады, мазасыздандырады. Сондықтан да олар мектеп психологына көмекке барады.
Психологиялық қызмет көрсетудегі іс-әрекетің дәстүрлі бір түрі психологиялық кеңес беру болып табылады.
Психологиялық көмек беруде психологиялық кеңес беру, психотерапия және психокоррекция моделдері бір-бірімен байланыста қолданылады. Олар жалпыланған әлеуметтік, клиникалық, дифференциалдық тұлға психологияларының, тестологияның ториялары мен әдістеріне негізделеді. Практик-психологтың қандай да бір концепцияны тұтасымен және өзіндік интеграциялау мен саналы түрде, біртіндеп қолдануы психологиялық көмектің адекваттылығын бірден-бір кепілі болып, табылады. Мысалы; жеке дара кеңес беру студенттің жаңа ортаға бейімделу мәселесіне қатысты берілетін бір ғана нұсқау жастық шақтағы дамудың бір моделі, студент тұлғасының қандай да бір психологиялық және әлеуметтік нормасы, тұлға құрылымдарына қатысты алынған бір модуль, мәдени және ұлттық құндылықтарға қатынастар жайлы көзқарастар жүйесі негізінде беріледі.
Психологиялық кеңес беру, психокоррекция және психотерапия салалары бойынша аса кең тараған концепцияларға З.Фрейд психоанализ, К.Г.Юнгтің аналитикалық психологиясы, В.Рейхтің тәндік психологиясы, Ф.Периздің гештальтерапиясы, Б.Скиннердің бихевиоризмі, К.Роджерстің гуманистік бағыты, С.Гроф пен К.Уилбергтің трансперсональды психологиясы және т.б. жатады. Практик-психологтердің қандай да бір психологиялық бағыттың идеялары мен әдістеріне арқалана отырып немесе оларды өзінше комбинациялап, кәсіби психологиялық көмек бере алады. Тіпті кейде психологиялық кеңес беру, психокоррекция және психотерапия салаларын мамандар ажыраты қоймай, біртұтас психологиялық көмек ретінде қолданылады. Біз оларды шартты түрде ғана бөлумен шектелеміз. Психологиялық кеңес берудің тиімділігі оны ұйымдастырудың кеңістігіорны мен уақытына тікелей байланысты болады.
Практик-психологтің клиентті арнайы жабдықталған, тым жарығы мол емес бөлмеде қабылдауды психологиялық әсер етудің ең қолайлы жағдайы болады. Кеңес беру орны басқалардың кедергі жасауына, клиент зейінінің бөлінуіне жол бермейді; сұхбаттасуға қолайлы, оқшау, комфортты жағдайды қамтамасыз ететіндей болып ойластырылады.
Кеңес беру сұхбат жасауға арналған арнайы бөлме болмаған да, консультант басқа ыңғайлы орында клиентпен жұмыс жүргізуне болады. Онда, таңдап алынған бөлменің бұрыш жақтары пайдаланылады. Кеңес беру кезінде клиенті елеңдетуіне жол бермей, бар назарын консултантқа аудару үшін оның есік жаққа арқасын беріп отыру жөн болады. Сонымен қатар консултант пен клиент орындықтары немесе жайлы креслолары бір-бірінің бет-әлпеттерін көріп отырулары, ал қажет болса, өздерін жеңіл тайдырып әкетулері үшін сәл қиғаштай бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Кеңес беру сұқбатында консултант пен клиент бір-біріне тым жақындамайтындай, оларды өз орындарынан отырып-тұрулары еркін, аяқтары бір-біріне кедергі жасамайтындай қашықтық алынады. Г.С.Абрамова консултант пен клиент арасындағы қолойлы ара қашықтық деп 1,5 метрдей өлшемді алады. Консултант пен клиент ыңғайлы, жұмсақ бірдей креслоларға (болмаса орындықтарға) отырып, ал араларында шағын журнал столы (әйтпесе, дөңгелек биік стол) болса, әңгімелесуге тіпті қолайлы болады.
«Кеңес беру» ұғымы бірнеше мәнге ие болады. Бұл маманың кеңесі, қандай да кеңес беру функциясын жұзеге асыратын мекеме, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, қарым-қатынас үрдісінде жақын-туыстардың, дос-жарандардың және т.б. бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Ал практик-психолог кеңесі – нақты бір жағдайлардағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру де түсіндіріледі.
Сол сияқты, «психологиялық кеңес беру» ұғымы кәзіргі кездегі жантану ғылымдарының салаларында бір мәнді анықталмайды. Қалай болған да, психологиялық кеңес беру маманың қандай да бір тұлға мәселесі бойынша беретін кәсіби кеңесі, яғни психологиялық көмек көрсету мақсатындағы іс-әрекет деп жалпылауға болады. Г.С.Абрамова (1994), Н.Н.Обозов (1998), В.Н. Карандешев (2000) психологиялық кеңес беру практикалық психологияның бір бағыты, психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп сипаттайды. Ю.Е.Алешина (1993, 2000) психологиялық кеңес беру әр түрлі мәселелерде шешуге бағытталған адамдар мен тікелей жүргізетін жұмыс пен анықтайды. Британдық кеңес беру ассоциациясы психологиялық кеңес беру үнемі немесе уақытша консултант ролінде адамның нақты бір мерзімде уақытша клиент роліндегі адамдарға назар аударып, құрметтеп қарау үрдісі деп қарастырады. Ғалым-зерттеушілер психологиялық кеңес беру ұғымын әр тұрғыдан қараса да, оның қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтарды шешеуге бағытталытындығын көрсетеді. Жарты ғысыр медицина саласына іс-әрекет жасаған психолог-ғалым В.Н.Мясищев, адамның басқалармен, әлеуметтік орта мен өзара қатынас жасаудың бұзылуын немесе қиыншылықтарын невроздық әрі физиологиялық, әрі психологиялық көзі деп санаған (1972). Сонымен қатар, арнайы әңгіме (сұқбат) психологиялық кеңес беру негізгі әсер ету құралы деп қарастырылады.
Психологиякоррекциялық жұмыс: мектеп психологының хабардарлығы мен міндетіне, баланың психикалық даму ерекшеліктерін білу кіреді, яғни баланың психологиялық жаңа білулерінің анықтамасын қалыптастыру, жастық бағдар бойынша білімнің, дағдының, тұлғалық даму білімділігінің сәйкес келу деңгейі. Сондықтан дәл осы психодиагностика іс-әрекет ретінде, психологиялық проблемаларды, яғни олардың ерекшеліктерімен қабілеттілктерінің дамуымен, мектептегі психологиялық қызмет, айналысу центірі ретінде жұмыс жасайды. Психодиагностиканың мақсаты ретінде, К.М. Гуревичтің анықтамасы бойынша балалардың индивидуалды- психикалық ерекшеліктері информация ретінде жиналуда, яғни өздері үшін және олармен жұмыс жасау үшін пайдалы.
Психологиялық коррекция психологиялық көмек көрсету аясына Ресей ғалымдары анықтап, қолданылатын психокоррекция ұғымы да енді. Кейбір ғалымдар психокоррекция мен психоперапия терминдерін синоним ретінде қолданып та жүр. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да көрсетіледі. Психотерапия потологиялық бұзылуларды жойып, емдеуге бағытталған. Ал, психокаррекциялық әдістер қандай да бір психикалық ауытқуларды түзетуде, яғни коррекциялауда, потологиялық компенсациялауда қолданылады.
Сонда психокоррекция мен психотерапия психикалық және тұлғалық дамудағы ауытқуларды түзету, адамның ішкі дүниесінің дискретті сипатамаларына негізделген әсер ету болып табылады.
Психика мен непросаматикалық функцияларды қалыпты етуге немесе жақсартуға бағыталған психологиялық әсер психотерапия мен психокоррекцияның ортақ мақсаттары болып табылады.
Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне:
1. аутогенді жатығулар;
2. психологиялық тренинг түрлері;
3. психотехникалық тапсырмалар мен ойындар;
4. дәстүрлі пән бойынша оқытудың әр түрлі формалы (мәтінді жылдам, мәнерлеп оқуға, жаттығуға т.с.с.) үйрету жатады.
Психологиялық әсер ету қаламдары:
1) алдымен міндетті түрде психодиагностикалық ақпаратар ескертіледі;
2) психодиагностикалық ақппараттар жас ерекшелікке байланысты психика дамуының заңдылықтары жайлы теориялық негіздерге сәйкестендіріледі;
3) нақты бір адаммен немесе топпен коррекциялық жұмыс жүргізудің бағдарламасы жасалынады.
Психокоррекция адамның ішкі потенциялына, қуатына бағытталып жүзеге асырылады.
Сонымен, қазіргі кезде психологиялық көмек беруде бір-бірімен мазмұндас үш ұғым – психологиялық кеңес беру, психотерапия және психокоррекция негізге алынады. Психологиялық әсер етудің әр түрлері психологиялық көмектің әр сатысында қолданылады. Тіпті, психологиялық кеңес беру, психотерапия және психокорррекция бір үрдістің сатылары болуы да әбден мүмкін.
Енді психокоррекцияның басты формасы психологиялық тренинг қолдану мәселесіне тоқталамыз.
Әлеуметтік-псизологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-ші жылдары енеді. Ал әдебиеттерге жасаған таладаудан біздің еліміздегі психология, педагогика саласына топтық тренинг тым жаңа технлология болып табылатыны анықталды.
Ю.Н. Емельянов тренингі жеке тұлғаның оқуға қабілетін дамытуда немесе кезкелген күрделі іс-әрекеті, соның ішінде, қарым-қатынасты меңгеру құралы, әдістер жүйесі деп анықтайды. Біз өз зерттеулерімізде әлеуметік-психологиялық тренингті жаттығулар жүйесі арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі тану процесіне және қарым-қатынасты жасау позициясына онды психологиялық әсер ететін әдіс тер деп қолданамыз.
Әдебиеттеде әлеуметтік-психологиялық тренингтің жеке тұлға құрылымдарының әр түріне әсері сипаталады. әлеуметтік-психологиялық тренингтің мәні, жеке тұлға мен қарым-қатынасты маңызды қасиеттердің дамуына ықпалы Г.М.Андреева, Н.Н.Богомолова, Ю.Н.Емельянов және т.б. ғалымдар еңбегінде келтіріледі.
Тренинг нәтижесінде ашықтық, үйірсектік, тәуелсіздік, идентификациялық, өзін-өзі сенімділік қасиеттері жетіледі; адамның өзіне және басқаға қатынасы өзгереді; өзін-өзі бақылауда адекваттылық болады (И.Л.Блинова, В.И.Натаров, В.Э.Костецкий және т.б.). Ғылыми зерттеулерде топтық жұмыстың қарым-қатынас компетенттілігінің артына, мазсыздық деңгейінің төмендейтін эффективтісі тағайындалған (Ю.М.Жуков, Л.А.Петровская, П.В.Растянова және т.б.). А.С.Золотнякова, Е.В.Кузнецов, Л.И.Новикова, Г.А.Филатова және т.б. алған нәтижелер топтық тренингке қатысушылардың рефлексиялық, аффилиативтік, эмпатиялық, децентрациялық тенденциялардың артуын көрсетеді.