Дәріс.психологиялық консультациядағы психодинамикалық бағыт

Жоспар:

1. Психодинамикалық бағыттың даму тарихы, оның іргетасын қалаушылар.

2. Психодинамикалық теория.

3. Психоаналитикалық консультация.

Психологиялық консультацияның компетентті жүргізілуіне консультанттың қандай да бір танымал теориялық бағытты пайдаланып, өзінше интеграциялай алу ерекшелігі кепілдік болады деген едік. Психолог қолданатын теориядан консультацияны ұйымдастыруға қажетті принциптер, психологиялық әсер ету формаларының бар түрлеріне қатысты этикалық талаптар шығады. Сондықтан, психологиялық консультацияның теориясы мен тәжірбиесінде концептуалды және процессуалды жақтарынан құндылығымен танымал бағыттарға қысқаша сипаттама береміз.

Қазіргі психологияда негізгі үш тұрғы: псходинамикалық, бихевиористік және гуманистік бағыттар жетекші адамдарға айналып отыр.

Психологиялық көмек көрсету тәжірибиесінің тарихында психодинамикалық бағыт алғашқы болды. Ол XIX ғасырдың соңында пайда болып, ХХ ғасырдың басынан-ақ танымал болып, өрістей бастады. 1950-ші жылдардың соңына дейін клиникалық психология мен психотерапияда, тіпті психиатрияда да психоанализ жалғыз ғана ықпалды бағыт болды. Психодинамикалық бағыт австриялық психиатр Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психоанализімен бастау алады. Қазір аталмыш бағыттың көптен пайда болған модификациялары А.Адлер, Э.Эриксон, Э.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх, Ж.Лакан, Э.Бордин және т.б. еңбектерінде анықталған. Сонымен қатар, Э.Берннің транзактілі анализі, Р.Перлздің гештальттерапиясы, А.Лоувеннің биэнергетикасы сияқты танымал бағыттар Фрейдтің классикалық теориясынан бастау алады.

З.Фрейд концепциясы жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге қатысты екені белгілі. Психоаналиктер санасыздық ұғымы арқылы адам өмірінің небір күрделі де қақтығысты жақтарын сипаттайды. Сондықтан, адамды іштей билеп алып, санасыз қылықтар жағына ығыстырылған, түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалу, бір ойларды аңғармай айтып қалу сияқты құбылыстарды зерттеу – психоанализдің басты міндеттері.

Психоаналитикалық тұрғыдағы консультация клиенттің нақты бір актуальді жағдайына қатысты бола бермейтін, санасыз қылықтармен, шешімдермен байқалатын актуальді жағдайлардағы типтік ерекшеліктермен байланысты жан ауыруының бастапқы, әлдеқайда жалпыланған, ортақ себептерін аңғаруға концентрацияланады. Консультацияның психоаналитикалық моделі тұрақты тұлғалық қасиеттер тым ерте шақта қалыптасады, сондықтан санасыз үндістердің түп-тамыры клиенттің балалық тәжірибесінде деп қарастырылады. Бұл тұрғы бойынша ересек адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының әр түрлі варианттарында балалық стереотиптер қайталанып, жаңғыртылып отырады. Сонымен қатар маңызды, бірақ санасыз шешім қабылдауда жеткіншек кезеңнің де ерекшеліктері, адамның өзіне және ортасына жаңа шешімдер мәжбүр ететін дағдарыстар ролі адамның басқа да өмір фазасында бола беретіндігі жоққа шығарылмайды (Эриксон, 1968,1985). Бірақ фрейдизм бойынша адам өмірі шақпен емес, өткен шақпен анықталады.

Консультацияның психоналитикалық моделі бойынша клиент психикасының ішкі динамикасы: оның әр түрлі саналы және санамен аңғаруға болмайтын қажеттіліктері мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс мотивтерінің, ортаның қоятын талаптары арасындағы күрестер; оның психологиялық қорғаныс механизмдері, типтік көріністер мен қарсыласу сипаттары қарастырылады; бұлардың бір-бірімен байланысы тағайындалып барып, адамның балалық тәжірибесімен байланыстырылады.

З.Фрейдтеориясы дамуындағы дағдарыстық кезеңдерді қарастырады. Психолог клиенттің осы дағдарыстар мазмұнымен жұмыс жүргізеді де, оның интенционалдылыққа жетуіне жағдай жасайды.

Психоанализ бойынша адам үнемі өз-өзімен іштей қақтығыстық жағдайда болады, ал оның себебі өзі саналы түрде аңғармаған ниеттерден, мотивтерден және қанағаттандырылмаған қажеттіліктерден шығады. Психодинамикалық теория позициясынан консультация жүргізетін психолог, клиентті өзінің санасыз әрекеттерін саналы түрде аңғаратындай, оларға әсер ете алатындай дәрежеге жеткізуге ұмтылады. Тек сонда ғана психологиялық көмек көрсетудегі мақсат орындалады деп саналады.

Жеке адамның қорғаныс механизмдерін зерттеу арқылы эмоционалық және мінез –құлықтық стереотиптерді аңғарып, түсінуге мүмкін болады. Психодинамикалық теория қорғаныс механизмдерінің көпшілігі тұқым қалдыру және өмірді сақтау инстинктерін тұншықтыру үшін қолданылады деп қарастырады.

Қайталау сұрақтары:

1.Психодинамикалық бағыттың даму тарихы, оның іргетасын қалаушылар.

2.Психодинамикалық теория.

3.Психоаналитикалық консультация.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

Наши рекомендации