Дәріс 6. Кәмелетке толмағандардың жәбірленуші болғыштығының психологиялық және педагогикалық аспектілері

Жоспар:

1. Қылмыс жәбірленушісі туралы ілімнің психологиялық құқықтық негіздері.

2. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы.

3. Жәбірленушілердің классификациясы.

Дәріс тезистері:

Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім" дегенді [латын тілінің vikmima - жəбір (құрбан), грек тілінің Logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді. Жəбірленушіні зерттеумен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағынасында виктимология немесе криминалдық виктимология деп қылмыс жəбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет. Жəбірленуші болушылық немесе құрбандық бұл адамды қылмыс құрбанына айналуға бейім етуі мүмкін физикалық, пси- хикалық жəне əлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері. Виктимизация — жəбірші (құрбан) болушылықты игеру үдерісі. "Қылмыс құрбаны" ұғымы "зардап шегуші" ұғымына қарағанда кең. Қылмыс құрбаны заңды түрде зардап шегуші деп мойындалғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық əрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез келген адам. Басқаша айтқанда, "жəбірленуші" виктимологиялық ұғым, "зардап шегуші" - қылмыстық-процессуалдық ұғым. Бұл ұғымдар өзара сəйкес келмеулері мүмкін. "Жеке тұлғаның құрбан болуы ... қылмыстық əрекетпен жасалғаннан басқа, дəлірек айтқанда, белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болуға қабілеттілік, немесе, басқа сөзбен айтқанда, объективті түрде мүмкін болған жағдайдың өзінде болдырмауға қабілетсіздік". Соңғы жылдары криминалистикалық зерттеулер қылмысты ашу мен тексеруде қылмыс құрбанының рөліне баса назар аудара бастады. Виктимология — криминологияның маңызды бағыттарының бірі ретінде, зардап шегушінің жеке тұлғасын, оның таныстарын, қылмыскермен өзара қарым-қатынасын, қылмыскерді айыптау жағдайындағы құрбанның мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттейді. Виктимологиялық зерттеулерде қылмыс гене- зисіндегі құрбанның рөлі, оның қылмыскермен тұлғааралық байланыстары мен қарым-қатынастары маңызды орын алады. Салыстырмалы тұрғыда, виктимология өз алдына жеке ғылым ретінде жақында ғана, тек 1947 жылдан кейін ғана пайда болды (Л.В. Франк). Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның рөлі идеясы жаңа емес, көне дəуірден бастап, бұл идея көптеген заң жəне əдеби ескерткіштер мен басқа да дереккөздерде көрініс тапқан. Афиналық шешен жəне көрнекті саяси қайраткер Демосфен (біздің дəуірге дейінгі 384 —322 жылдар) өлтіру ісі бойынша сотта сөйлеген сөзінде былай деген: "Иə, менің ойымша, ең басында осы істер туралы құқықтық нұсқауларды бекіткен төрешілер, адамдар ең алдымен жалпы өлтіруді рұқсат етілмейтін іс деп есептеу немесе кейбір жағдайда оны əділ деп мойындау қажет деген сұрақпен айналысқан; бірақ, мына оқиғаны ескере отырып, Орест анасын өлтіргендігі үшін айыпты деп мойындалғанымен, оны бəрібір ақтады, құдайлар сотында, олар кейде өлтіру əділ іс болады деген тұжырымға келді...". Бұл мифта зардап шегушінің кінəсі айыпталушының жауапкершілігін жеңілдетеді немесе жояды немесе оның заңсыз əрекеті біріншінің мінез-құлқынан туындайды деген идея бар. Сонымен қатар, бұл жерде "қылмыскер-құрбан", "құрбан-қылмыскер" жай-күйінің динамикасы жақсы көрсетілген. Мифта сипатталған өлтіру жағдайы ең жақын туысқандардың арасындағы қарым-қатынастардан туындаған. Əкесі өз туған қызын құрбандыққа шалады..., əйелі күйеуін өлтіреді..., ұл өзінің ақ сүт беріп өсірген анасын өлтіреді. Басқа түрде виктимгендік жағдай Авельді ағасы Каинның өлтіруі туралы жалпыға танымал інжілдік аңызда "үлгіленген". Аталмыш жағдайда құрбан өзі қылмыстың жасалуына себепкер болады, ол бұл істі өз қалауынсыз, осы əрекетімен, белгілі бір жағдайда, ренішті ағасының қызғанышын тудырады, қызғанышқа бой алдырған ағасы өзінің ең жолы болғыш "бəсекелесін" өлтіруге шешім қабылдайды. Авель ағасы Каинның тұнжыраңқы көңіл күйін көреді, төніп келе жатқан қауіпті сезеді, ағасының алдында қандай да бір кінəсін сезеді, алайда өлім қақпанына оңай түседі. Озбырлық алдында болған, құрбанның жоғарыда суреттелген жай-күйі "Авель синдромы" деп аталады. Тек əдеби дереккөздерде ғана емес, заң саласының дереккөздерінде де, соның ішінде қарапайым заңдар дереккөздерде де құрбанға тікелей қатысты нормалар бар. Бірінші кезекте олар қанды кек, өзін-өзі қорғау, зиянның орнын толтыру секілді типтік құбылыстарды қамтиды. Қанды кек алғашқы қауымдық қоғамда жəбірленуші шыққан ру немесе тайпадан тыс тұрған адамдарға бағытталады. Бұл барлық отбасының, рудың немесе тіптен тұтас бір тайпаның ісі болып табылады. Бұндай кезде өте күрделі жағдайлар туындайды. Өйткені бұндай жағдайда адамдардың тұтас бір қауымы оларға тікелей зиян келмесе де өздерін жəбір- ленушілер деп есептеді, ал айыпкер немесе оның ұрпақтары даярланып жатқан кек алу əрекетінің ықтимал зардап шегушілеріне айналды. Жəбірленушінің сұлбасына, заң бұзушылықтың орын алуын- дағы оның рөліне, жəбірленушінің кінəсі мəселесіне баса назар аударған римдік құқық нормалары даусыз қызығушылық тудырады. ХΙΙ кестелер заңдарында былай жазылған: "Егер дене мүшесін зақымдаған болса жəне жəбірленушімен татуласпаған болса, онда оған да дəл сондай зақым келтіріледі". Римдік құқық жəбірленушіден де, заң бұзушыдан да қамқоршылықтың жоғары деңгейін талап етті. Римдік заңгерлердің дигесталарды басшылыққа ала отырып, төбелеске қатысушылардың кінəлеріне қатысы мəселелерді шешу тəсілі үлгі тұтарлық (Дигесталар - Римнің классикалық заңгерлерінің құқық мəселелері бойынша жəне заңдық күші болған шығармаларының жүйелі орналасқан жəне тақырыптар бойынша біріктірілген жинағы: арзан асхананың қасында болған түнгі төбелес туралы əңгіме). Қылмыстың виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М. Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар", Ф.Верфельдің "Өлтіруші емес, құрбан кінəлі", Л.Франктің "Себеп", Т.Драйзердің "Американдық қайғы" жəне басқалар туындылары. Көне заманның өзінде адамның тағдыры белгілі бір деңгейде оның өзіне байланысты екендігі анықталған. Бұл халықтық фольклорда көрініс тапты: "Əр адам өз бақытының ұстасы", "Батырдың қолындағы қысқа қылыш ұзарады" жəне т.б. Тарихта "мүмкін емес" деп ешқашан айтпайтын жəне əрқашанда орын алған жағдайдан басым түсетін адамдар болғандығы белгілі. Осымен бірге адамдардың басқа санаттары да бар: үнемі жолы болмайтын, əрқашанда ісі оңға баспайтын адамдар; жəне Н.В.Гоголь "тарихи адамдар" қатарына жатқызғандар: қашан болмасын жəне қайда болмасын, олар əйтеуір қандай да бір оқиғаға тап болады. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында құрбан тақырыбы əдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтардың жəне криминологтардың шығармаларында айқын көрініс тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің нақты санаты мен жəбірленушілердің нақты түрлерінің арасын- дағы тəуелділік туралы идеяны ұсынды. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың ішінде Ф.Т.Джас ["Өлтіру мен оның мотивтері"], ал 1958 жылы М.Е.Вольфганг "Өлтірудің түрлері" атты еңбек жариялады. Бұл еңбекте ғалым көптеген зерттеулердің нəтижелерін қорытып, өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады. Алаяқтық, қарақшылық шабуылдар, азаптау, бұзақылық, зорлау жəне тағы кейбір түрлері секілді қылмыстардың виктимологиялық аспекті- лері ғалымдардың назарын өзіне аудартты. 1967 жылы израилдық ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаят- тарды зерттеді ["Зорлау түрлері", 1971 жыл]. Ресейлік ғалымдар да (Ю.М. Антонян, А.П. Дьяченко, В.П. Коновалов, Л.Ф. Франк жəне басқалар) құрбан болушылықты зерттеуге белсенді ат салысты. 1972 жылы "Виктимология жəне құрбан болушылық" атты ғылыми монография жариялаған Лев Вольфович Франк кеңестік виктимологияның ақсақалы саналады. Л.В.Франктің ойынша, адамның мінез-құлқы қылмыстық қана болмайды, сонымен қатар оның құрбан болуына əкеліп соқтыруы мүмкін: қауіпті, аңғырт, ұяттан безген, арандататын, яғни өзі қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі виктимология бірнеше бағытта жүзеге асады:

1. Əлеуметтік қауіпті көрініс құрбаны құбылысын, оның социумға тəуелділігін жəне басқа əлеуметтік институттар жəне үдерістермен өзара байланыстарын суреттейтін виктимологияның жалпы "фундаменталды" теориясы. Осыған қоса, виктимология теориясының дамуы, өз кезегінде, екі бағытта жүзеге асады: Біріншісі, құрбан болушылық пен виктимизацияның тарихын зерттейді, девиантты белсенділік формасы ретінде құрбан болушылық құбылысының салыстырмалы дербестігін ескере отырып, негізгі əлеуметтік өзгерістердің ауысуының ізінше олардың пайда болуы мен даму заңдылықтарын талдайды; Екіншісі, жай-күйді орта деңгейлі теориялармен алынған мəліметтерді жалпы теориялық қорыту жолымен əлеуметтік үдеріс (құрбан болушылық пен қоғамның өзара əсерін талдау) жəне ауытқушы мінез-құлықтың индивидуалды көрінісі ретінде зерттейді.

2. Орта деңгейлі жеке виктимологиялық теориялар (криминалдық виктимология, шетін виктимология, зақымды виктимология жəне басқалар). 3. Қолданбалы виктимология - виктимологиялық техника (эмпирикалық талдау, жəбірленушімен алдын алу жұмысының арнайы техникасын, əлеуметтік қолдау технологиясын, қайта қалпына келтіру жəне орнын толтыру механизмдерін, сақтандыру технологияларын жасау жəне енгізу, тағы басқалар). Жəбірленуші дəрежесіне сүйеніп, оның төмендегі түрлері ажыратылады: а) Қауіптің жоғары қасиеттері бар құрбан əлеуметтік - өнегелі деформациямен сипатталады. Зорлық-зомбылық қылмыстар көбінесе девиантты ортада жасалады. Бұндай қылмыстардың мотивтері - пайдакүнемдік, бұзақылық, кек алу жəне т.б. болуы мүмкін, барлық жағдайда да олар тұлғааралық қарым-қатынастың ерекше- лігіне байланысты болады. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, заңсыз сауда, қылмыстың орта мүшесі болу жəне т.б. зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың ықтималды қаупін арттырады. ə) Қауіптің тым жоғары қасиеттері бар құрбан, оның əлеуметтік статусында шабуылға ұрыну қауіп-қатері бар. Оларға заң қызметкерлерін, бақылаушылар жəне кəсібіне байланысты құрбан болу қаупі жоғары адамдар, өзінің ерекше қылықтарымен жəне эстетикалық кейпімен қылмыскердің назарын аударуға қабілетті, сонымен қатар психикалық аурулар жəне психопатологиялық ауытқулары бар адамдар жатады. б) Қауіптің азғантай қасиеттері бар құрбан қарапайым жағдай- ларда жəне қауіп факторларында өмір сүреді, жоғары жəне тым жоғары дережелі құрбан болушылық қаупі бар адамдарға тəн арнайы жеке тұлғалық жəне мінез-құлықтық қасиеттер көрініс таппайды. в) Ықтимал (кездейсоқ) құрбан. Олар лаңкестік əрекеттің, өлтірудің немесе ерекше қауіпті жолмен ауыр зиян келтіру. Оларды орындау барысында үшінші адамдар зардап шегеді.

Индивидуалды құрбан болушылықты анықтайтын жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылық дəрежесі мен сипаттамаға сүйеніп, құрбанды бірнеше түрлерге бөлуге болады:

1. Əмбебап түрі. Бұл түрге олардың қылмыстың əр алуан түрлеріне қатысты потенциалды осалдығын анықтайтын, айқын көрінетін белгілері бар адамдар жатады. Бұл құрбандық бейім- діліктер иелері, аталмыш бейімділіктері əртүрлі қылмыс жағдайында жүзеге асуы əбден мүмкін. Бұл түрге жататын құрбандар өздеріне тəн құрбандық мінез-құлық белсенділігімен де, енжарлықпен де сипатталады.

2. Іріктеуші түр. Бұл түрге жəбірленушілердің кейбір түрле- ріне қатысты жоғары осалдығы бар, олардың субъективті жəне объективті сипаттамаларын ескеретін адамдар жатады. Құрбандардың əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша саралау:

- жыныстық ерекшелік бойынша; жас ерекшелігіне қарай;

- олардың рөлдік мəртебесіне байланысты; олардың қылмыскерге көзқарасына байланысты;

- келтірілген зиянға байланысты;

- өнегелік-психологиялық белгілер бойынша;

- келтірілген зақымның түрі мен еселігі бойынша;

- қылмыстың ауырлығына байланысты;

- "кінəнің дəрежесіне"; олардың мінез-құлық сипаты бойынша.

Қылмыстың жəбірленушісі болу ықтималдылығының дəрежесін бекіту жəне оның түрлерін анықтау тиісті органдардың ықтимал жəбірленушілерді іздеп табу жəне олармен жағымды белгілер мен қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізетін жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, жағымсыз жекетұлғалық қасиеттерді түп тамырымен жою бойынша істейтін əрекеттерін жеңілдетеді.

Наши рекомендации