Сәбит зерттеген Абай шығармалары
Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген ақындардың бірі. «Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады:
«Қараңғыда туып ең,
Қара бетті жуып ең.
Таба қылмай дұшпанға,
Қолға ұстаған туымыз,
Қанат-құйрық, бойымыз.
Қонғанда да ұшқанда.
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды...»
Тұтастай алғанда бұл өлеңнен Сәбиттің Абай поэзиясының идеялық бағытын, әлеуметтік сырын дұрыс бағдарлағанын кереміз. Сонымен бірге Сәбиттің Абайдан тікелей үйренгендігінің де айғағы, яғни бұл елең Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде, соның өлшемін, ұйқас түрін сақтап жазылғандығы даусыз. Тек бүл емес, «Атылғандарға», «Жүрекке», «Ескі болыстың тәубасы», «Темірге», «Ерікті Айша», «Кемшілікте», «Бір жыл етті» тәрізді және басқа да көптеген өлеңдерін Сәбит Абай поэзиясындағы әр алуан формаларды пайдалана отырып жазған.
Ә.Бөкейхановтың әдеби-сыни мақалалары.
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. ААлтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы. Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды. 80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
ХХ ғ.б. әдеби жанрлардың дамуы.
Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
Әдебиеттің тарихы – осы уақытқа дейін әдебиеттің әр дәуірлерінде өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырған ақын-жазушылардың хронологиялық тұрғыдан жүйеге түскен шежіресі де. Шын мәніндегі әрбір дарын иесі бұрынғы ұлттық дәстүрді жаңаша жалғастырып, әдебиетке жаңа стиль, жаңа бағыт, жаңа форма, жаңа идеялар әкеліп, тұтастай бір әдеби мектепке айналады. Әдеби өмірде мұндай әдеби бағыттар бірнешеу болып, қатарынан қанаттаса дамып, не болмаса, араларында әдебиетке көшбасшылық үшін қым-қиғаш күрестер жүріп жатуы мүмкін. Сондықтан да әдебиет тарихшысы әдеби дәуірлерді зерттегенде, осы мәселелерге назар аударып, әдеби ағымдардың ішіндегі басты даму бағыттарын айқындай түсіп, соның басы-қасында жүрген көрнекті әдебиет қайраткерлерінің әдеби дамуға қосқан үлесін анықтауға күш салуы тиіс.
Әдебиет тарихын зерттегенде, ылғи да назарда болуға тиіс мәселенің бірі – әдеби жанрлар. Әдебиеттің бірден пайда бола салмағаны әлімсақтан белгілі. Әдебиет дегеніміз – жанр. Әдебиет ғасырлар бойы жанрлық тұрғыдан дамып, бүгінгі биікке жетті. Демек, әдебиеттің дамуы дегеніміз, оның жанрлық тұрғыдан жетілуі екен. Сондықтан да әдебиеттің тарихын зерттеуші қарастырып отырған дәуіріндегі әдеби жанрлардың жай-күйін барлық уақытта назарда ұстап отырғаны лазым.
Әдеби жанрлар бірден пайда бола қалған жоқ. Әдебиет тарихының ежелгі дәуірінің әдебиеті деп жүргеніміздің көпшілігі біздің бүгінгі әдебиет туралы ұғымымызға, әдеби қалыптарға сай келе бермейді. Сөз өнерінің ең көне үлгілері қатарында тасқа жазылған сына жазулары, шежірелер, шіркеулік жазбалар, хаттар, тарихи деректер сияқты үлгілер алынып жүр. Бұлар кейін ұзақ даму жолдарынан өтіп, бүгінгі профессиональды әдебиет дәрежесіне жеткен. Сондықтан да әдебиет тарихшысы белгілі бір дәуір әдебиетін зерттеу барысында оның жанрлық, яғни көркемдік жағынан қаншалықты деңгейде екенін анықтап отыруы лазым.
Тоғысовтың «Надандық құрбаны» атты пьесасы.
Қ.Тоғысовтың 1915 жылы басылып шыққан «Надандық құрбаны» пьесасына жазған алғы сөзі өзінің ағартушылық бағытымен де, өзіне-өзі пікір айтып, шығарманың мәнін түсіндіру ниетімен де, сондай-ақ дәйектеменің әдеби-сыни сипатын сақтап, пікір дәлелдеуге ұмтылу сыңайымен де көзге түседі. алайда оның негізгі салмағы өз шығармасының мән-жайын, қалай жазылғандығын әңгімелеу саласында болғандықтан авторлық сынның ауқымында қараған жөн.
Көлбай Тоғысов (1879, бұрынғы Семей облысы Зайсан уезді Шорға болысы – 1919, Омбы) – қоғам қайраткері, журналист, драматург. 1896 ж. Зайсандағы ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғандықтан отарлық билік орындарының ұйғарымымен Зайсан уездінің бітімгерлік сотының тілмашы болып қызмет етті. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев секілді қайраткерлермен бірге патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шықты. Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысты. 1906 ж. “Семипалатинский листок” газетінде патша өкіметінің қазақ халқына жасап жатқан қысымшылықтары жайлы мақалалар жариялады. Қазақ жеріне земство енгізу қажеттігін жақтады.
1909 ж. патша өкіметінің ұйғарымына орай “халықты бүлікке үндеуші” ретінде тұтқынға алынып, 1912 жылға дейін түрмеде отырды. Абақтыдан босағаннан кейін Семей өңірінде үш жыл мерзім аралығында тұру құқығынан айрылып, Қапалға жер аударылды. Ол Қапалда жүріп, “Айқап (журнал)” журналында қазақ халқы арасындағы халық ағарту ісінің ахуалы жайлы мақалаларын жариялады. “Мамания” мектебін ашқан азаматтармен және онда дәріс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болды. 1915 ж. “Надандық құрбаны” атты пьеса жазды. Оның бұл пьесасы Уфа қаласында басылып шықты. 1916 ж. Ташкентке келіп, сонда “Алаш” газетін шығаруды қолға алды.
Ақпан революциясынан кейін жергілікті халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға қызу ат салысты. Ташкентте құрылған “Шура и ислам” ұйымына мүше болып кіріп, Қазалыда осы ұйымның бөлімшесін ашуға қатысты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Осы жылы жазда Зайсан у-не оралып, онда қазақ еңбекшілерінің съезін өткізуді ұйымдастырды. М.Әйтпеновпен бірге Омбыда “Үш жүз” партиясын құруға басшылық етті. Осы партияның атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясына қарсы үгіт жүргізіп, кеңестік билікпен ымыраға келді. 1918 ж. 21 сәуірде В.И. Ленин мен И.В. Сталинге кеңестік билікті қолдайтындығы жөнінде жеделхат жолдады. 1919 ж. наурызда Омбыда А.В. Колчак үстемдігі орнаған кезде абақтыға жабылып, сонда қаза тапты
ХХ ғ.б. драмалық шығармалардың пайда болуы.
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтің “Екі заң”, т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан” және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.
20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің “Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы — отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің желісі — ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі — Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Айша”, “Сәлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері — скетч, водевильге тән түрлері кездеседі.
Мұсабек Байзақов шығармашылығы
Молда Мұса, Мұса Байзақұлы (1849, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Шоқытас ауылы – 1932, сонда) – қазақтың халық ақыны.
Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, ғ8). М.Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6-класқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізген (1937).