БҰлшыҚ етке инъекцияны орындау
Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылган: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын 2 шприцті, инъекцияға арналған иненің ұзындығы 40-60 мм, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
2. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
3. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
5. Процедураның өтілуіне ақпараттандырылған келісімін алыңыз.
6. Бетперде киіңіз.
7. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
8. Керекті күтім заттарын жинаңыз.
9. Дәрігердің тағайындаған дәрілерін алу, дәрігердің тағайындауымен салыстырыңыз (дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз).
10. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
11. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара)
12. Шприцті орауға салыңыз.
13. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:-бөксеге енгізгенде - ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;-санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;-иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
14. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз.
15. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасында ұстаңыз.
16. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненің канюласына; II саусақпен шприцтің поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
17. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.
18. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприңті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,3 см кем қалдырмаңыз.
19. Сол қолдың бірінші саусағымен поршенді ұстап, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
20. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
21. Тері антисептигімен өңделген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
22. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.
23. Шприцтерді, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
24. Қолғапты шешіп, КЖАК тастаңыз.
25. Қолды жууып құрғатыңыз.
Ескерту:
- санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасаганда шцрицті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 45° бұрышпен енгізеді;
- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне козіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне козіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;
- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;
- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-38°С жылытыңыз.
Мүмкін болатын асқынулар: инфильтраты; абсцесс; иненің сынуы; жүйке жүйесінің зақымдануы; дәрілік затты қателесіп енгізу.
Мүмкін болатын жүйелі асқынулар: сепсис; майлы эмболия; дәрілік эмболия, аллергиялық реакция ; анафилактикалық шок; вирусты гепатит, ВИЧ инфекцияның жұғуы.
31. КӨК ТАМЫРҒА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дэрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (кок тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дэрлік затты қате енгізу, дэрілік жэне ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка , ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.
2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату
4.Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы ақпарат беру.
5. Процедураның өткізілуіне келісімін алу.
6. Керекті күтім заттарын жинау.
7. Дәрілік препаратты алып, дәрігердің тағайындауымен салыстыру.
8. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін
дауыстап оқыңыз.
9. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жуып, антисептипен өңдеңіз.
10. Медициналық қолғапты киіңіз.
11.Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
13. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.
14. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны)
орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).
15. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың
немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.
16. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
17. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).
18. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).
19.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.
20. Обработайте кожным антисептиком перчатки.
20.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
21.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз.
22.Оң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан ұстап V саусақ - шприцтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
23.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.
24.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
25.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
26.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
27.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз.
28.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.(шрицтің түбінде 0,5 қалу керек)
29.3алалсыздандырылған, тері антисептигіне батырылған үшінші мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.
30.Тесілген жердің толықтай қаны тоқтағанша тері антисептигіне батырылған мақта шаригімен басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.(жабысқақ жабыстырып қоюға болады.)
31. Шприцті инесімен, (қақпақшасын жаппай) мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.
32. Қолғапты шешіп ҚЖАК тастаңыз.
33.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
34.Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
35. Процедураның өтілгені туралы тіркеу.
Ескерту: Егер арнайы веноздық манжетканы қолданған болсақ, веноздық қан тоқтағанша клапанды басып ұстап тұру қажет.
Мүмкін болатын асқынулар:
- жергілікті асқыну: гематома, некроз, флебит, тромбофлебит;
- жүйелі асқынулар: дәрілік затты қателесіп енгізу, дәрілік және ауа эмболиясы, сепсис, СПИД, вирусты гепатит, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок.