Ысқақов шығармашылығы

Ысқақов Қалихан туралы қазақша реферат (1935), жазушы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақов 1935 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Үлкен Нарын ауданындағы (бұрынғы) Жұлдыз ауылдық орта мектебін бітірген соң, Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетің журналистика факультетін 1957 жылы аяқтаған. Университетті бітіргеннен кейін республикалық мерзімді баспалар редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі кызметтерін атқарды. 1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған. 1967-1972 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағы үшінші творчестволық бірлестіктің бас редакторы болды. 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында істейді. Қ. Ысқақовтың творчестволық қызметі 1957 жылдан басталдьі. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың , драматургиялық киносценарийлердің авторы. Алғашқы әңгімелері «Жол басы» (1961) жинағында жарияланды. Оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен және өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай — жармай қағаз бетіне түсіре салғандай әсерге бөлейді. Повестегі бізге таныс интернат өмірі бар шындық қалпымен көзімізге елестейді. Мұнда сезім мөлдірлігі, жан тазалығы және турашылдығымен есте қалатын шыншыл да бірегей бейнелер кездеседі. Қасым , Алтын , Қомшыбай бейнелерін сомдағанда , қаламгердің шын сыры , ой — арманының гуманистік сипаттары жарқырай көрінетіні айқын. Шығармасында осындай бейнелердің жиынтығын жасаған Қ. ЬІсқақов , бұлардан да зор тұлғаларды жасауға бой ұрды. Өзінің «Қоңыр күз еді», «Сыр» повестерінен жазушы өз өмірінің шырармашылық жетілу кезеңін қалыптастырды. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың, драматургиялық шығармалардың авторы. Жазушы өз шығармаларында шебер суреттілікке , адамдар тағдырын дөп басатын мінез құбылыстарына ерекше мән берген. Сондай бір шабытты шағында жазушы «Менің араларым» (1965) мен «Бұқтырма сарынын» (1967) жазып, содан соң «Тұйық» (1975) романын , «Қараорманның» (1980) қанатын кеңге жайғызып , «Ақсу — жер жаннатына» (1989) ұластырды. Бұл шырармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. » Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қ. Ысқақовтың қаламынан туындаған шығармалардың қай — қайсысын алмайсың , көз алдымызға бүкіл Алтай өңірі өзінің ғажайып тұтас тұлғасымен, әсем табиғатының көрінісі тұра қалады. Жазушының үздік шығармалары орыс , украин , өзбек , татар, чех , словак , неміс тілдеріне аударылып басылуы жазушының рухани әлемінің кеңейгенін танытады. Жазушының тағы бір ерекше еңбегі классикалық аударма саласында да шоқтығы биік келеді. А. Чехов , И. Буниннің әңгіме — повестері ана тілімізде тамылжып сөйледі. Қ. Жұмаділов жерлес жазушымыздың шырармашылырына : «Алтайдың тұмса табиғатын , шулаған қара орманы мен Бұқтырманың булыққан сарынын көркем прозада бірінші рет бейнелеген — Қ. Ысқақов.»- деп жоғарғы бара берген. Қ.Ысқақов- идеялық, адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер.

Алпамыс батыр эпосы

“Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы.[1] Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5-7 ғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17-18 ғ-ғы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Зерттеушілер (В.М. Жирмунский т.б.) “Алпамыс батыр” жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. Жыр дәл қазіргідей класик. бүтіндікке замандар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе, жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты ең байырғы туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мыс.: жырда қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманнның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып өзі таңдап жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі; өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар жырда мейлінше анық және толық көрсетіледі. Алпамыс жау зынданында жатқан кезінде оның қалыңдығы Гүлбаршынды Ұлтақұлдың зорлықпен алуға ұмтылуы, батырдың өз әйелі “тойының” үстінен шығуы бұл эпосты ертедегі гректің “Одиссеясымен” үндестіреді. Әлбетте жырдың ең қызықты тармағы қазақ халқының бертіндегі тарихи өмірінің сипатын беретіндігі. Қазақ халқының 17-18 ғ-да қалмақ жаулаушыларына қарсы күресі көптеген жырларда фабулалық шынайы көрініс береді. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі — Жиде байсын, нақтылы тайпасының аты — қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан-дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілқазақтық көлемге көтереді. “Алпамыс батыр” жырының халықтың есінен мәңгілік ұмытылмастай орын алу себебі тарихи әлеум. шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән мейлінше етене жәйттер. Байбөрі мен Байсарының бір-бірімен уәде байласып құдандалы болуы, қадым замандағы нағыз қазақтың шындығы. Құдалардың көкпар үстінде бір-бірімен өкпелесіп, Байсарының жат елге көшіп кетуі, барған жерінде зәбір көруі, ақырында Гүлбаршын сұлуды Алпамыс батырдың іздеп тауып, көп қиыншылық, азапты оқиғалардан соң алып қайтуы ұзақ жылдарға созылған жаугершілік заманның елестері. Әлбетте Алпамыс та, Гүлбаршын да мейлінше әсіреленген. Идея, мұрат дәрежесіне көтерілген бейнелер. Батырға тән ерекше қасиеттер: жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқорлық Алпамыстың басынан табылса, әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді. Бұндай бейнелер халықтың ең ізгі адамдар туралы ұғымына, арманына сәйкес келеді. Эпостың қай заманда да халық көңіліне дөп келетін қасиеттері мұнда болғанды ғана емес, болуы мүмкіннің де жинақталып берілуінде. Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар

ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында елеулі кезең болғандығы белгілі. Ол қазақ халқының ойы озық, көкірегі зерделі көрнекті өкілдері ел тағдырына, өткені мен болашағына ой тербеген кезең болды. Сол кезең қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінде болып жатқан өзгерістер мен адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеялардың жаршысы болды. Қазақ халқы өзін іргелі ел болуға, өнер – білімге шақырған демократ ақын – жазушылардың шығармаларына құлақ түріп, зейін қойды. Өйткені олардың үні сол заманның талабына сай, халық тілегіне жауап беретін еді.

Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті С. Торайғыров, М. Сералин, М. Дулатов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. сияқты көрнекті ақын – жазушылардың талантты тобына аса бай әдебиет болды.

Осы кезеңдегі ақын – жазушылардың ерекше назар аударған негізгі мәселелерінің бірі – қазақ әйелдерінің аянышты тағдыры болды.

Ғасыр басында осы тақырыпқа жазылған шығармалар қатарына М. Сералиннің « Гүлкәшима », С. Торайғыровтың « Қамар сұлу », Б. Майлиннің « Шұғаның белгісі », М. Дулатовтың « Бақытсыз Жамал », Ж. Аймауытовтың « Ақбілек » т.б. көптеген шығармаларды жатқызамыз.

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде әйелдердің бас бостандығы мәселесінің айрықша үлкен тақырып болғандығы белгілі.

Бұл кезең әдебиеті сол дәуір алға тартқан идеялардың жаршысы болды. Қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті сол кезеңнің алға ұмтылуымен, рухани жағынан ояна бастаған халықтың азаттыққа ұмтылған күресімен тығыз байланысты болды.

XX ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктеген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол заманның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлік пен бейнеленген қаламгердің бірі - Жүсіпбек Аймауытов еді. Ол қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы және ұлттық тәуелсіздік үшін күресі идеясымен сусындап, әдеби шығармашылығын революцияқарсаңында бастады да, оны Кеңес өкіметі орнаған тұста айрықша дамытып жетілдірді.

Ақын, драматург, публицист, прозашы, сыніііы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытұлы бұл кезде әдебиеттің көптеген жанрларында өнімді қызмет істей отырып, осы жанрлардың ұлттық әдебиетімізде орнығуына ерекше еңбек сіңірді. Сөйтіп азаттық, бостандық ұраны астында туған жаңа әдебиеттің негізінқаласқан талантты топтың алдыңғы легінде болды. Жүсіпбектің қоғамдық, әдеби көзқарасы XX ғасырдың алғашқы ширегінде іске асқан Ресейдегі саяси - әлеуметтік өзгерістердің әсерімен қалыптасты.

XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды.
Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған Оян, қазақ! (М.Дулатов), Тілек батам , Жұбату (А.Байтұрсынов), Бостандық (М.Жұмабаев), Алаш ұраны (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты.
Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.
Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың ұстанған бағытын, әдебиеттегі орнын анықтау. Осы мақсатты орындау үшін жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:

- елдегі тарихи жағдайлар мен саяси-әлеуметтік ахуалды қарастыру;

- Алаш әдебиетінің негізгі идеясын анықтау;

- сол кездегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттарды айқындау;

- ұлттық әдебиеттің көтерер жүгін саралау;

- жаңа реалистік әдебиеттің, ағартушылық-халықтық бағыттағы әдебиеттің ерекшеліктері мен жаңашылдық сипатын көрсету.

Шәді Жәңгіров шығармашылығы

Шәді төре Жәңгірұлы 1852 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» секілді шығыс ертегілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкентте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев әскері басып кірген соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді де ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтады. Жеті жылдан соң әкссі қайтыс болады. Осы уақыттан бастап бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазды. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған «Сияр-шәріп», «Фех-қайдан», «Ахуал-қиямет», «Назым Ахмет Жами», «Назым Ибраһим Халиолла», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Мұсаның таурат алғаны» т.б. дастандары бар. Ол Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де діни мәтіндегі дастандарын жазуын тоқтатпады. Осы себепті 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, жер аудартты.

Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса-дастандарын жетік білген және діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп ұстады. Ол дінді – ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді. Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ. с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос, кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті, мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді, қанша рет некеленді, әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады . /2.211/
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар. Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе, екіншіден, мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басы­нан-ақ «Нұр» сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек. Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып, әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пай­ғам­бардың нұры десе, кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді.
Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де «Назым сияр Шәрифтен» оқимыз:


Ғабдолла Әмина атты әйел алды,
Ибраһим тәртібімен некеленді.
Әуелі кездескенде Ғабдолламен,
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті,
Пайғамбар тумай жатып өліп кетті.
Алланың әмірімен Мұхаммедті,
Құрсақта анасының жетім етті.


Ақынның мәліметі бойынша, соңғы пайғам­бар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсіндіріп айтқан емес. Шәді Жәңгірұлының «Назым сияр Шәриф» атты дастанында пайғамбарымыздың жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша ат­ты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды. Қаншама кәпірлерді ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел, әр қырынан жырлапты.

Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шәриф» дастанынан басқа, оның Ислам ғазауыттарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Хайбар – жердің аты. Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл соғыстың Ислам тарихында алар орны ерекше. Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пай­ғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қана­тына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын.

ХХ ғ.б. кітаби ақындар. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының екі кезеңге бөлінуінің себептері. Әр кезеңнің өзіндік сипаты.Қазақстан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.

Қазақ ақын-жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси-әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан» т.б. басылымдардағы әдеби ой-пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларындағы дәуір шындығын суреттеудегі ізденістер.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.

Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.

Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңіндегі ақын-жазушылар шығармашылығы. Нұржан Наушабаев (1855-1919). Шәді Жәңгіров (1855-1933).

Нұржан Наушабаевтың діни-ағартушы бағыттың көрнекті өкілі екендігі. Жазба әдебиеттің қалыптасуына қосқан үлесі. «Манзүмат қазақия», «Алаш» кітаптарының ХХғ.б. әдебиетіндегі орны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны. Нұржан «назымдарының» дарынды ақынның өзіндік ізденістері екендігі. Шығармашылығының өнбойына діндарлығының арқау болатындығы. Н.Наушабаев шығармашылығындағы жетістіктер мен кемшіліктердің ара салмағы.

Шәді Жәңгіров – шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір», «Назим Шоһир дәуіріш», «Қисса Болғәм Бағур», «Хайбар қиссасы», «Халифи һәрун Рашит») мән-мазмұны.

Шәдінің өзіндік төлтума шығармаларының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хүкмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Келіннің бетін ашатын терме», «Хикаят Орақ- Күлше», «Қарынның жер жұтқан отағасы», т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екендігі. Мәшһүр Жүсіптіңталай тарихи кезеңдерді басынан өткізуі. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі.

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімес», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.

Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы.

М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы», «Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз», «Насихат қазақия», «Бар оқиға», «Тура жол» атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сүк» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.

Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі. Шығыс, Батыс шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екендігі. Мұсылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түркі халықтарының тарихын жақсы білген, діни, тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі», т.б.) ғұлама ғалымдығы.

Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бар саласын қамтуы. Әсіресе, Абай үлгісін насихаттауда үлгілі еңбек еткені. Алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» өлеңдері қамтитын тақырыптарының бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық категориялар болуы. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдерінің молдығы. («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақын», «Адамшылық», «Адам немене», «Көңіл», «Тәңірі мен жан», т.б.) өлеңдеріндегі ой тереңдігі мен ақындық танымның кеңдігі.

Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмалары жазба әдебиетке тән тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық талаптарға толық жауап беретіндігі. Поэмаларына айрықша шырай беріп, оның соны сипатын танытатын басты ерекшелік – тарихи дерек пен көркемдік шешімнің үйлесіп жатуы екендігі. Жалпы поэмаларында жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықтың биік деңгейде ашып көрсетілуі.

Мұхамеджан Сералин (1872-1920) қазақ халқының ХХ ғ.б. үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған», «Гүлкәшима» поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы», т.б.).

«Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығының көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жек кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі.

Наши рекомендации