Тарих пәнін оқытудағы шығармашылық ізденіс пен топтық жұмысқа негізделген инновациялық технологиялар

Бүгінгі таңда білім беру технологияларының көлемді қорын зерделемей педагогикалық тұрғыдан сауатты маман болу мүмкін емес. Мұғалім заманауи инновациялық технологиялар, ой-пікірлер, мектептер мен бағыттардың саналуан әлемінде бағдар ала білуі қажет. Г.К.Селевко педагогикалық технология ұғымына ғылыми негіздеме бере отырып, оның жіктемесін ұсынумен қатар, жинақталған түрде 50-ге жуық технологияларды көрсетеді. Бұл тізімге ол қолданылу деңгейін есепке ала отырып, жалпыпедагогикалық, жеке пәндік технологиялармен қатар, дербес немесе модульдік технологияларды да қосады. Мен тарих пәнін оқытуда жиі қолданылып жүрген екі технологияға тоқталғым келеді.

Әдіскер-ғалымдар ұсынып отырған инновациялық технологияның бірі – «Тарихты балалар жазады» деп аталады. Оның тұжырымдамасының мәні, оқушылар деректі-әдістемелік кешендермен (ДӘК) жұмыс істейді және өздерінің тарихи оқиға туралы белгілі бір өз нұсқаларын ұсынады – тарихты өздері жазады. Мысалы, 5-сыныпта балаларға елтану бойынша өз оқулығын жазу ұсынылады, ондағы барлық мәтін, сұрақтар мен тапсырмалар, иллюстрациялар, карталар, сызбалар – бәрі оқушылардың ұжымдық еңбегінің жемісі. ДӘК белгілі бір талаптар бойынша құрастырылады және алуан түрлі, соған қарамастан біртекті интерпретациялар мен оқылымдардың тұтас өрісі сияқты шытырман шығарма ретінде қызмет етеді. Бұл, Ю.Л.Троикийдің пікірінше, негізгі белгісі танымдық әрекеттегі әрбір келесі қадамын болжауға болмайтын шынайы оқу диалогын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Егер ДӘК дұрыс құрастырылса, онда белгілі бір тарихи оқиғалардың өзара бірін-бірі жоққа шығаратын нұсқалары пайда болуы мүмкін. Түсіндіру немесе әңгіменің орнына әңгімелесу туады; мұнда, тіпті кейде одағайға дейін ықшамдалған, кейде ұзын-сонар диалогқа жайылған ілікпе сөз (реплика) ерекше маңызға ие болады, ол бөгде ілікпе сөзге жауап болып табылады және әңгімелесу-шілердің тілдік реакциясын сезіп қоюдан тұрады. Бұл технологияның негізінде оқушыға белгілі бір құбылыстардың интерпретациясын өз бетінше құрастыруға, мифтуындатушы тетіктерді анықтау және мифтердің қақтығысы арқылы мифтудырушы тарихнаманы жеңуге мүмкіндік беретін ойлау стратегияларының топтамасы деп қабылданған тарихи ойлауды дамыту жатыр. Бағдарламаның құрылымы сюжеттік-тақырыптық жоспарлаумен емес, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырумен байланысты.

Төрт рубрика ұсынылады: тақырыбы, тақырыптың негізгі мәселелері, мәтіндер (ДӘК), оқушылардың ойлау және тәртіп стратегиялары Тақырып – бағдарлама рубрикасы ретінде – дәстүрлі оқытудағы рөлін жоғалтады. Оқып-үйренуге арналған тақырыптар топтамасы жылжымалы және мұғалімнің сюжеттік қалауына қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Мұғалім тарихи сюжеттер мен тақырыптардың өзінің қызығушылығына сәйкес келетін жиынтығын ұсына алады. Бұл білімнің гуманитарлығының көрінісі. Технологияда «Тақырыптың негізгі мәселелері» рубрикасы ерекшеленеді. Бұл рубриканың міндеті – мұғалімді тарихнамалық жағдаятқа ендіру. Мектеп мұғалімінің ғылыми ортадан оқшаулығы оған тарихшылар не жайлы таласып жатқандығын хабарлауға деген қажеттілікті тудырады. Бағдарламаның бұл рубрикасы үнемі жаңартуды талап етеді. Оқушылардың қызықты ілікпе сөздері тарихшылардың интерпретацияларымен салыс-тырылады. Мәтіндер (ДӘК) сыныпта диалогты іске қосуды қамтамасыз етеді. Технологияның басты қағидаты – оқып-үйренетін дәуірдің түпнұсқа мәтіндерімен жұмыс. Мұнда «мәтін» семиотикалық мағынада: тұрғын жайлардың қалдықтары, тұрмыс заттары, тасқа қашалған суреттер және т.б. қабылданады. Өткен дәуірдің түпнұсқа қалдықтарымен жұмыста ғана тарихи шындық мәселесі жасалады. Мәтіндерге қойылатын сұрақтар екі: репродуктивті (жауап құжаттың бетінде жатады) және шығармашылық (оқушы жасырын дәйектерді көре білуі, құжаттың уақытын қоюды, мүмкін авторларды анықтай білуі тиіс) деңгейде жасалады.

Бірінші деңгейдің сұрақтары оқушыларға мәтінді меңгеруге, оған бойлай енуге жәрдемдеседі. Құжатпен жұмыстың шығармашылық деңгейі мәтіннен тыс ақпаратты белсенді қамтуды, зерделенетін құжаттардың формулярлық, этикеттік, лингвистикалық, стильдік және басқа да астарларын есепке алуды қамтиды.Қазіргі мектепте топтық технология кеңінен тараған. В.К.Дьяченко оқытудың топтық тәсілдерінің ұйымдастырушылық құрылымы құрамдасты-

рылған сипатта болуы мүмкін, яғни онда топтық, жұптық және жеке жұмыс формалары жүреді.Оқытудың топтық тәсілі сыныптық-сабақтық жүйемен ұтымды үйлеседі.Топтық технологияда топтық (саралауға негізделген) және топаралық (жалпы мақсаттың ішінде әр топтың өз тапсырмасы бар) жұмыстарды бөліп қарауға болады. Оңтайлы педагогикалық жетекшілік пен басқаруда бұл формалар ұжымдық жұмыстың негізгі шарттары: жалпы мақсатты түйсіну, міндеттерді дұрыс бөлу, өзара байланыс пен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаппай жұмысқа қарағанда, жұмыстың бұл формасы оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алуды қамтамасыз етеді, бірлескен, ұжымдық танымдық әрекеттің пайда болуына арналған үлкен мүмкіндіктер ашады.Бұл технология үлгерімі жоғары ғана емес, төмен оқушыларды да оқытуға мүмкіндік береді, өйткені оның балаға қатысты тәсілі негізінде ынтымақтастық жатыр. Ол оқыту үдерісінің белсенділігі мен сабақтың мазмұнын меңгерудің жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, баланың дамуына мықты ынталандырушы ықпал етеді. Топтық технологиялар ұжымдық іс-әрекет ретінде: топтағы оқушылардың білімдермен өзара толығуы, оқу-танымдық үдерістердің белсендендіруге жетелейтін бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру, бастапқы әрекеттер мен тапсырмаларды бөлісу, бөлісу, алмасу және өзара түсінуге мүмкіндік беретін коммуникациялар дегенді білдіреді, бұлардың арқасында оқу тапсырмасына сәйкес іс-әрекеттердің шарттары жоспарланады және тиісті ірекет тәсілдері таңдалады, мәселені шешуге арналған жұмыс әдістерімен алмасады, оқушылардың бірлескен іс-әрекетке араласу сипатымен басқарылатын өзара түсінігі, оқушының өзінің іс-әрекетіне қатысын бекітетін және сол әрекеттің тиісті түзеуі қамтамасыз етілетін рефлексиясы жүзеге асырылады.

Сабақ үстіндегі оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшелігіне мыналар жатады:

- біріншіден, сынып нақты оқу тапсырмаларын орындау үшін топтарға бөлінеді;

- екіншіден, әр топ белгілі бір тапсырма алады (не бірдей, не сараланған) және оны топ көшбасшысының немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен бірлесе орындайды;

- үшіншіден, тапсырмалар топта топтың әр мүшесінің сіңірген еңбегін есепке алуға және бағалауға мүмкіндік беретін әдістер арқылы орындалады; - төртіншіден, топтың құрамы тұрақсыз болады, ол топтың әрбір мүшесінің оқу мүмкіндіктері жасалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына қарай барынша тиімді жүргізілуін есепке ала отырып іріктеледі. Топ басшылары мен олардың құрамы оқу қабілеттері, тарихтан хабары, үйлесімділік деңгейі әртүрлі оқушыларды біріктіру қағидаты бойынша іріктеледі, ал бұл өз кезегінде оқушыларға бір-бірін өзара толықтыруға мүмкіндік береді. Біртекті топтық жұмыс – барлығына бірдей тапсырмаарды кіші топтарда орындауды, ал сараланған топтық жұмыс – түрлі топтардың әртүрлі тапсырмалар орындауын білдіреді. Жұмыс барысында жасалатын жұмыс барысы мен қорытындысын бірлесе талқылау, бір – бірінен көмек сұрау құпталады. Сабақ барысындағы оқушылардың топтық жұмысында әрбір көмекті қажет ететін оқушыға мұғалім немесе өз достары тарапынан жеке көмек көрсетудің пәрменділігі артады. Кеңес беруші оқушының өзінің тарих пәнінен алған білімдерін өзектендіру және нақтылай түсу мүмкіндігі артады, сонымен қатар өзінің сыныптасына түсіндіру арқылы білімдері бекітіле түседі.

Топтық жұмыстың технологиялық үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады, олар: тапсырманы орындауға даярлық, топтық жұмыс және қорытынды бөлім.Тапсырманы орындауға даярлық танымдық тапсырманы (проблемалық жағдаятты) қою, жұмыс реті жайлы нұсқаулық, топтарға дидактикалық материалдарды таратудан тұрады.

Топтық жұмысқа материалмен танысу, топтағы жұмысты жоспарлау, топ ішіндегі міндеттерді бөлісу, тапсырманы жеке орындау, жеке жұмыс қорытындыларын талқылау, топтың жалпы тапсырмасын талқылау (ескертпелер, толықтырулар, нақтылау, жинақтау) және топтық жұмыстың нәтижелерін шығару жатады.

Қорытынды бөлімде, сабақтың соңғы кезеңінде топтардағы жұмыс нәтижелері хабарланады, танымдық тапсырма сарапталады, топтық жұмыс пен қойылған міндеттерге қол жеткізудің жалпы қорытындысы жасалады. Мұғалім топқа қосымша ақпарат ұсынады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім түрлі қызметтер атқарады, олардың қатарында: топтардағы жұмысты қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, жұмыс тәртібі мен дау-дамайларды реттейді, қажет болса жекелеген оқушыларға немесе топқа көмек көрсетеді. Сабақ барысындағы топтық жұмыс барлық негізгі дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолданылуы мүмкін. Топтық технологиялардың бір түріне – топтық жауап алу жатады, ол белгілі бір тақырыпты немесе бағдарламаның тарауын аяқтаған соң материалды қайталау және бекіту мақсатында жүргізіледі. Топтық жауап алу барысында кеңесші сұрақтар тізіміне сай өз тобының әр мүшесінен сұрайды. Мұнда әр оқушы өз жауабында түсініктеме береді, толықтырады және топтың барлық мүшесі бірлесіп бағалайды. Сұрақтар мұғаліммен құрастырылады. Мұндай, сыныпта ұйымдастырылған сұрау барлық топта бір уақытта жүргізіледі. Әңгімелесу жарты дауыспен жүргізіледі, өйткені топтар бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс.Сабақ барысында оқушылардың барлығының білімдерді қаншалықты меңгергендігін анықтауға мүмкіндік беретін топтық жауап алу, сонымен қатар ұжымдық әрекетті ұйымдастырудың осы формасы оқушыларда өзара талап қою мен оқу үшін жауаптылық сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етеді.Топтық танымдық әрекеттердің алуан түрлері жүйесінде білімдерді байқау ерекше орын алады. Оны ұйымдастыруда даярлық кезеңін дұрыс өткізген аса маңызды. Дайындық уақыты байқаудың мазмұнына, күрделілігіне, оқушылардың білімдері мен біліктерінің деңгейіне байланысты болады.

Сынып топ басшысымен қоса, 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Егер сыныпта топтар (топтық сабақтарға) қалыптасқан болса, онда оларды сол құрамда қалдырған жөн. Байқауға дайындық осы топтарда жүргізіледі. Мұғалім алдын-ала оқушылар топта сыныптан тыс уақытта қайталауы тиіс сұрақтар, тапсырмалар, практикалық және басқа жұмыс түрлерінің тізімін жасайды. Даярлық кезеңінде мұғалім негізінен топ басшыларымен (кеңесшілермен), солар арқылы топтардың жұмысын басқара отырып, жұмыс істейді. Әдетте, білімдердің қоғамдық байқауын әділ-қазылар алқасы ашады. Байқауға салтанатты сипат беріледі. Оқушылар сәнді киініп келеді, бөлме безендіріліп, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының (тарихи шығармалар, эсселер, рефераттар, т.б.) көрмесі ұйымдастырылады. Сыныпта парталар бөлектеу орналастырылады. Әділ-қазылар тақта мен сыныпты көрінетіндей етіп отырады. Алдыңғы қатар – өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар үшін бос қалдырылады. Олар топтар бойынша өз топбасшыларымен (кеңесшілерімен) отырады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін өз қызметіне қолында жұмыс түрлері (жазбаша, ауызша, кесте, құжат мәтіндері бойынша тапсырмалар және т.б.) көрсетілген байқау жоспары бар жүргізуші кіріседі. Оқушылардың бір бөлігі тапсырманы (хронологиялық, мәтіндік кестелер және т.б.), келесі бөлігі – бөлек солдарға жайғасып (құжат мәтіндерімен жұмыс) орындайды, енді бірі орнында отырып, жауап береді Әр жауаптан кейін оқушылар орнында отырып, жауаптарды толықтырады және нақтылайды. Барлық жауаптар мен түзетулер есепке алынады. Егер әділ-қазылар қажет деп тапса, жауап берушіге сұрақтар қояды. Қоғамдық байқауда жалпы жұмыс та қарастырылуы мүмкін, ал байқау бағдарламасына ойын-сауық элементтері, үйден дайындалған әзірлемелер (КТК, «Не? Қайда? Қашан?» ойындары сияқты) енгізуге болады. Байқау қорытындысын бүкіл сыныптың алдында қазылар алқасының төрағасы хабарлайды, жекелеген бағалармен қатар, топ жұмысына түсініктеме береді. Білімдердің қоғамдық байқауының қорытындысы жарияланып, мектептің педагоги-калық кеңесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында талқынады. Топтық технологиялар зерделенетін материалды сабақта, сабақтан тыс уақытта қайталау мақсатында оқу кездесулерін өткізуге де мүмкіндік береді. Оқу кездесуі параллель сыныптар немесе бір сыныптың екі тобы арасында ұйымдастырлуы мүмкін. Кездесу тақырыбын мұғалім анықтайды. Оны ұйымдастыру дайындық кезеңінен және кездесудің өзінен тұрады. Оқу кездесуін мұғалім өзі жүргізеді. Кездесу байқауға ұқсас жүргізілгенімен, оған жұмысшы сипат тән. Кездесудің мәні, топтық жұмыс қолданылатын білімдердің ағымдық бақылауы.Оқу кездесуінің бір түріне пікір-талас жатады. Пікір-таласты ұйымдастыру барынша таласты тақырып бойынша түрлі пікірлердің тоғысына негізделеді. Пікір-таластың табыстылығы көбіне ең кемі екі кереғар пікір бар тақырыпппен анықталады. Мұғалім пікір-таластың міндетін, жүргізілу барысын, талқылау нәтижесінде оқушылар келуі тиіс мүмкін нұсқаларды, қорытындыларды мұқият ойластырады. Пікір-таласты жүогізу ережелерін сақтау керек. Пікір-таластағы маңызды рөл – жүргізушіде. Ол талапкерлерге сөз беріп, күн тәртібінің қатаң сақталуын, сөйлеушілердің ретін бақылап отыруы және кездесудің қызу ахуалының соңына дейін бәсеңдемеуіне күш салуы керек. Пікір-талас баға қоюды, шешім қабылдауды қажет етпейді. Оның мақсаты – өз пікірін қисынды, дәлелді қорғау, ашық дауда оқушыларға белгілі бір көзқарастың дұрыс екендігін көрсету.Топтық технологияларға сыныпты белгілі бір топтарға бөлу жүретін көптеген дәстүрлі емес сабақтардың технологияларын да жатқызуға болады. Мысалы: конференция-сабақ, сот-сабақ, саяхат-сабақ, театрландырылған сабақ және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.М.:1998.-256 с.

2.Н.Ю.Никулина Методика преподавания истории в средней школе. Калининград, 2000.

3. Бардин К.В. Как научить детей учиться. - М., 1987.

4. Берне Р. Развитие Я-концепции и воспитание.- М., 1986.

5. Газман О.С. и др. Новые ценности образования. Вып.2.- М., 1996.

6.Селевко Г.К. Саморазвивающее обучение. - Ярославль: ИПК, 1996.|

7. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе.- М.: Просвещение, 1988.

8. Троицкий Ю.Л. Новая технология исторического образования//История.

Еженедельное приложение к газете «Первое сентября» - 1994-№45 с.2-5.

9. Троицкий Ю. Л. Нужен ли школе учебник истории?//Полемика.№41

Конец формы

Конец формы

Наши рекомендации